Сот отырыстарына журналистерді қатыстырмау тәртібін мүлде алып тастау керек пе?

Сот отырыстарына журналистерді қатыстырмау тәртібін мүлде алып тастау керек пе?

Қазірде кейбір сот отырыстарына журналистер қауымы қатыстырылмай жатады. Прокуророр не болмаса, қорғаушы тарапынан өтініш түссе болды, судья журналистерді процеске қатыстырмау туралы шешім шығара салады. Осының салдарынан сот отырысы туралы қоғамда нақты емес, түрлі дақпырт, қауесеттер тарап кетеді. Сотқа журналистердің өзі тікелей қатыстырылмағаннан кейін журналистер ақпаратты әртүрлі  дерек көздерінен алады. Осылайша, қоғамда әртүрлі ақпарат тарайды. Сондықтан осындай олқылықтарды жою үшін «журналистерді сот отырысына қатыстырмау тәртібін мүлдем алып тастау керек» деген ұсыныстар айтылып жүр. Сонда тілшілер қауымы сот отырысына өздері қатысып, шынайы ақпарат тарататын болады. Заңымыздың өзінде сот ашық әрі жариялы болуы тиіс делінген емес пе? Бүгін «Алаш айнасы» осы ұсынысты мамандар талқысына салған еді.


Иә
Өмірәлі ҚОПАБАЕВ,
заң ғылымының докторы, профессор:
–Негізі қандай сот процестері болмасын, ол ашық әрі жариялы түрде жүруі қажет. Бұқаралық ақпарат құралдары мен бақылаушыларға да өз жұмыстарын толыққанды жүргізуге мүмкіндік берген жөн. Сонда сот отырыстары жөніндегі ақпараттар жалпақ жұртқа еш кедергісіз таратылады. Қарап тұрсаңыз, сот қызметкерлері мен ақпарат құралдары өкілдерінің басты міндеті – мемлекет пен қоғамға қызмет ету. Бірақ кейбір судьялар түрлі сылтаулар айтып, «сот процесін суретке немесе бейнетаспаға түсіруге болмайды» деп, журналистерді қатыстырмай жатады. Бұл дұрыс емес. Егер бұлай кете беретін болса, сот отырыстарына қатысты өзгелер тарапынан түрлі болжамдар мен жорамалдар жасалып, нақты ақпарат тасада қалатын болады. Оның үстіне қандай да болсын атқарылатын істің өзгелерге жария болып, өзгелер тарапынан бақылау болған жағдайда барынша таза болатындығы мәлім. Онымен қоса бұл жағдай өз ісіне немқұрайды қарайтын азаматтардың қызмет бабын пайдалануына жол бермейді. Мұны жұрттың бәрі жақсы біледі. Сондықтан сот отырыстарына журналистерді қатыстырмау тәртібін мүлде алып тастау керек деп есептеймін. Еліміздегі барлық судьялар барынша ашық болып, ақпарат құралдарының өкілдерімен барынша белсенді байланыста жұмыс істегені жөн. Сонда ғана судьялардың төрелігіне халықтың сенімі күшейетін болады.
Бұл ретте, әрине, қаралып жатқан іс мемлекеттік құпия болса, ол түсінікті. Сонымен бірге жеке адамның өмірінің құпиялылығына қол сұғылатын болса, оның абыройы мен ар намысын қорғау үшін жабық сот отырысын өткізуге болады. Оған дау жоқ. Бірақ кей жағдайда, прокурор немесе қорғаушы тарапынан өтініш түссе болды, судьялар ашық сот отырысының өзіне ақпарат құралдары өкілдерін қатыстырмай тастайды. Осының салдарынан қабылданған сот шешімдерінің, үкімдерінің және қаулыларының, сонымен қатар сот қазыларының бұл тұрғыдағы әрекеттерінің қаншалықты заң талабына сай келетіндігіне көз жеткізбей тұрып, ел арасында түрлі пікірлер қалыптасып кетеді. Міне, осының алдын алу үшін, болдырмау үшін сот қызметі ашық, әрі қарапайым халық үшін қолжетімді болуы керек.


Жоқ
Есберген АЛАУХАНОВ,
заң ғылымының докторы, профессор:
–Мемлекеттік құпия болмаса, қалған сот процестеренің басым көбіне журналистер қатысып келеді. Кейбір ақпарат құралдары бейнетаспаға түсіріп қана қоймай, сот отырысы кезінде тікелей хабар жүргізіп жатады. Тіпті кино түсіреді. Демек, бізде БАҚ құралдары өкілдерінің сот отырысы залына еркін кіруіне барынша жағдай жасалынған. Енді бұдан артық не керек? Әрине заңымызда «сот мәжілістері ашық әрі жариялы өтуі тиіс» делінген. Сот отырыстарының басым көбі ашық өткізіліп келеді. Дегенмен мемлекеттік құпия және Конституцияның 18-бабында көзделген тұлғаның жеке өмірінің, оның отбасының құпиясы жария етілмеуі керек. Адамның абыройы мен ар-намысын қорғау үшін, салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығын сақтау құқығын қамтамасыз ету мақсатында, ондай сот процесіне журналистердің қатыстырылмағанын құптаймын. Сондықтан сот отырыстарына журналистерді қатыстырмау тәртібін мүлде алып тастау керек деген ұсынысқа қосылмаймын. Барлық сотпен қаралатын істер заң шеңберінде өтуі тиіс.
Мәселен АҚШ-ты алып қарайтын болсақ, онда журналистер сот отырысы кезінде фото немесе бейнетаспаны пайдалана алмайды. Яғни бейне түсірілімге рұқсат жоқ. Олардың өздерінің сот репартерлері бар. Олар сот процесі кезінде репортаж жасап, оны журналистерге таратады. Дамыған АҚШ-тың өзінде, тіпті инновациялық технологияларды енгізуде алдына жан салмайтын елдің өзінде осындай жағдай қалыптасқан. Оларға қарағанда біздің еліміздегі судьялар журналистермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп келеді деп есептеймін. Сондықтан қазіргі таңда заңмен белгіленген кейбір жағдайларды айтпағанда, сот отырыстары қашан да ашық, жариялы түрде өткізіліп келеді. 

Бейтарап пікір
Ғабибен ЖАЙЛИН, заңгер:
–Қылмыстық іс жүргізу кодексінде: «Қазақстан территориясындағы сот мәжілістері ашық әрі жариялы түрде жүргізіледі» деп жазылған. Яғни, бұған қатысты арнайы бап бар. Сондықтан мемлекеттік құпияға жататын істер болмаса, қалған сот отырысының барлығына қоғамдық ұйымдар, БАҚ  өкілдерінің қатысуына толық құқы бар. Бірақ өкінішке орай, «бейнетаспаға түсіру, дыбыс жазу судьяның рұқсатымен ғана жүргізіледі» делінген. Сондықтан ашық сот отырысының өзіне кейде журналистер қатыстырылмай жатады. Бұл ретте Жоғарғы сот бұған қатысты мәселені нақты-нақты айқындап беруі тиіс. Ашық сот отырысы болғаннан кейін, жеке өмірдің құпиялылығына қатысты болып тұрса да, жәбірленген немесе айыпталып отырған тараптың өздері келісім берсе, журналистердің қатысуына қарсы болмаса, онда неге оны жариялы етпеске? Міне, осылайша бұл мәселенің нақты ара-жігін ажыратып алып, лажы болса, судьялар барынша журналистердің қатысуына өздері мүдделі болуы керек. Сонда ғана халықтың сотқа деген сенімі артатын болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста