Шетелдегі қазақ ғалымдарын Қазақстанға қайтарып, бір ортаға жұмылдыру мүмкін бе?

Шетелдегі қазақ ғалымдарын Қазақстанға қайтарып, бір ортаға жұмылдыру мүмкін бе?

Нарықтық қоғам бізге барды сатуды, делдал болуды, әуеден ақша жасауды үйретті. Осының салдарынан ғылымға деген құрмет кеміп, бірқатар әлемді мойындатқан ғалымдарымыз шекара асты. Енді, міне, етек-жеңімізді жиып, барлық мәселенің шешу жолы ғылымға келіп тірелетінін түсіне бастадық. Содан болар, қазір қоғам тарапынан «шетелдегі қазақ ғалымдарын елге қайтару керек» деген пікір жиі айтылып жүр. Біз сол қоғамдық пікірді мамандарға жолдап: «Шетелдегі қазақ ғалымдарын Қазақстанға қайтарып, бір ортаға жұмылдыру мүмкін бе?» деген сұрақ қойып көрген едік. Мамандар пікірі екіге бөлінді.


Камал БҰРХАНОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
иә
– Шетелдегі қазақ ғалымдарын елі­міз­ге қайтарып, бір ортаға жұ­мыл­ды­ру­ға әбден болады деп ойлаймын. Ол үшін мемлекетіміз екі шартты шешуі қажет. Біріншісі, ол ғалымның елге кел­геннен кейінгі жалақысы шет мем­ле­кет­тегі еңбек­ақы­сынан төмен болмауы керек. Мы­салы, Еуропа елдеріндегі ға­лым­дарымыз айына 5-10 мың дол­лар қар­жы табады делік. Біз ға­лым­дарды елге әкелген кезде дәл сондай ақшаны айлық есебінде бере аламыз ба? Бірінші мәселе осыған келіп тіре­леді. Себебі ғалым да – пенде. Бала-шағасын асырауы керек. Екін­ші шарт – шетелдегі ғалымдарды елге қайтару үшін сол елдердегі ға­лым­дардың жұ­мыс істеу тәсілін өзімізге ен­гіз­геніміз жөн. Мәселен, бас­қа мем­ле­кеттерде бір профессор жы­лына ең көп болса, екі беттік ғылыми есеп қағазын тол­тырады.
Ал біздің университетте жұмыс істейтін профессорларымыз әр пәнге 100 беттік есеп жазуға міндетті. Ол ғалым 10 ауди­торияға дәріс оқитын болса, 1000 беттік қағаз толтыруы керек болады деген сөз. Осы жайт елдегі ғалымдардың қаншама уақытын ысырап етіп жатыр? Осы екі мәселе шешімін тапса, ғалымдарымыз елге келуге асығар еді. Мұнан кейінгі мәсе­ле біздің оқу орындарындағы әкімшілік жұмыстардың көптігіне келіп тіреледі. Осының салдарынан ғалымдардың еңбегі көбіне әкімшілік тарапынан бағаланып жатады. Негізінен, ғалымға баға беруші де, бақылаушы да, сара­лаушы да ғылымы дамыған елдер­дегідей студент болуы керек. Ғалымның тағдыры деканат, рек­торат, оқу бөлімінің қолында тұрғандықтан, бюрократияға жол беріп отырмыз. Осы бюрократия жойылып, жалақысы жақсы болса, ғалымдар өздері сұранып, елге оралар еді деп ойлаймын. Енді ғалым­дардың тікелей ғылым жолында еңбек­те­нуіне мүмкіндік беретін жағдай­лар­ға келейік. Дамыған елдерде әр профес­сордың қасында көмекшісі болады. Ол көмекшілер ғалымның қағаздарын тол­тыру секілді ұсақ-түйек шаруаларын тап-тұйнақтай етіп, орындап отырады. Сонан кейін әр ғалым жеке бөлмемен қам­тыл­ған. Ол ғалым сол бөлмеде лекциясына дайындалады, студенттерді қабылдайды т.б. Ал бізде 30-40 ғалым кафедраға берілген бір бөлмеде отыруға мәжбүр. Яғни шет мемлекеттерге тарыдай шашы­лып кеткен ғалымдарымызды жинау үшін алдымен осындай ұсақ шаруаларды шешіп алғанымыз жөн. Сондықтан да «шетел­дер­дегі ғалымдарды елге қайтарғанда неден ұтамыз?» деген сауал әрдайым көкейімізде тұруы қажет. Мәселен, шеттегі ғалымдарды елге әкелу арқылы жастарға жүйелі білім беру тәсілдерін дамыта түсеміз. Универ­ситет­тердің беделін арты­ра­мыз. Олардың қазіргі реформалар арқылы енгізіліп жатқан білім беру жүйесін ілгерілетуге де септігі тиер еді. Бірақ бір мәселеге де назар салғанымыз жөн. Баға­надан бері айтып жатқан сөзіме қарап, қазақтың барлық ғалымы шетел асып кеткен екен ғой деген ой тумауы керек. Басқа мемлекеттерге қоныс аударған ғалымдарымыз бар бол­ғанымен, оларды шамадан тыс көп деуге келмейді. Яғни қазір біз басқа елдердің көптеген ғалымын мол қаржыға әкеліп, елімізде жұмыс істетіп жатырмыз. Шеттегі ғалымдарды елге әкелу ісі осы шаруамен бірге жасалғаны жөн. Шетелдегі өз ғалым­дарымызды әке­леміз деп, біздің елге келген шетел ғалымдарын шеттетіп, қалыптасқан үрдісті тоқтатып тастауға болмайды.


Досай КЕНЖЕТАЙ, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры, философия және теология ғылымдарының докторы:
жоқ
– Біздің бірқатар ғалымымыз ше­тел­ге неліктен қоныс аударды? Олар ғы­лым­ға деген қамқорлықтың бол­мауы­нан, жалақының аздығынан, халық үшін жасаған ғылыми жұмысының қадір-қасиетінің бағаланбауынан кетті. Мы­са­лы, Америка барлық саланың, гу­ма­ни­тарлық сала болсын, басқа сала болсын, көзге түскен мықты ғалымдарды ке­лі­сім­шартпен өз елдеріне көшіріп алды. Енді оларды елге қайтару оңай шаруа емес. Бәлкім, кейбірі сол елде жүріп, барлық жағдайын жасап, өлер шағында туған жерден топырақ бұйырсын деп келуі мүмкін. Өйткені олар Қазақстанда ғалымға деген құрметтің шамалы екендігін жақсы біледі. Қоғам үшін, ел үшін ғылыммен айналысқың келеді, бірақ біздің ел сол ғылыми жұмысыңды сұ­ранысқа ие ете алмай отыр.  
Мәселен, мен өз салам бойынша айтайын. Қазақстандағы діни ахуал туралы сараптамалық қорытындыларымызды өз еліміз игілігіне айналдыруға асығып отыр­ған жоқ. Жоғарғы жақтағылар, қолында билігі бар азаматтар, біз дайындаған ғы­лыми еңбектерге пысқырып та қарамайды. Біздікілер сонау Американың, іргедегі Ресейдің ғалымдары жасаған сарап­тамаларды сатып алуға құштар. Өйткені олар үшін сатып алған тиімді. Мысалы, 1 мың долларға сатып алған сараптаманы, жұртшылыққа 2 мың долларға ұсынып, ортасынан 1 мың доллар пайда тауып отыр. Кезінде Осман империясының Фатих деген патшасы атпен кетіп бара жатады. Сол кезде шауып өтіп бара жатқан дін ғалымының атының тұяғынан батпақ шашырап, Фатихтың бетін былғап кетеді. Патша осы оқиғаға қатысты «ғұламаның атынан шашыраған батпақтың өзі – мен үшін құрмет» деген. Ғалымға деген құрмет осындай дәрежеде болмай, ғылым алға жылжымайды. Осындай дәрежеде ғылымның қадірі болмай, шетелдегі ғалымдарды елге қайтарамыз деу – бос әурешілік. Бізде қазір ғылымның, сол ғылымға келетін жастардың жолы жабық. Ол жолды ашатын – ақша. Кімнің ақшасы болса, сол магистратураға, докторантураға түседі. Бұл – трагедия. Тек өтпелі кезең болар деп үміттенуден әріге бара алмай жүрміз. Демек, мұндай кезеңде шет мемлекеттерге кеткен ғалымдарымызды қайтару үшін еліміз барлық жағдайды жасауы қажет. Еліміз шет мемлекеттің жасаған жағдайын жасап отырса, біздің ғалымдар ешқайда кетпеген болар еді. Біздегі тағы бір кемшілік идеологиялық компонент жұмыс жасамайды. Идео­логияның да, ғылымның да, идеяның да егесі жоқ. Қазір біз Еуразия кеңістігінде ашық жатқан қырман сияқтымыз. Мұны болдырмау үшін мемлекет ғалымдарды идеологияға жұмылдыруы қажет. Қазақ мемлекеттілігі қазақ мәдениетіне, қазақ мәдениеті қазақ ұлтына сүйенгенде ғана ғалымдарды қайтару мәселесін қолға ала аламыз. Идеологиясы нақты елдің ғалымы өз елінен ешқайда кетпейді. Сол идея үшін қарнының аштығы мен тоқтығына қарамай еңбек етеді. Қазіргі ғалымдар ғылымды үш бағытта: ғылым үшін, қоғам үшін, ақша үшін жасайды. Біздің ғалымдар өздері саналы түрде осы үш бағыттың қоғамдық жолын, ұлттық жолын таңдаса ғана, шетелдерде мықты ғалымдарымыз ақша үшін жүрмеген болар еді.

Түйін
Қазір елімізге келіп, студенттерге дәріс оқып жүрген шетелдік ғалым­дардың әр дәрісі орташа есеппен 60 мың теңгеге бағаланады екен. Олар айына қазақтың ең аз дегенде 5-6 мың доллар ақшасымен қалтасын қампитып, білімі мен біліктілігін сатып жүр. Ал өз ғалымдарымыз тура осы көлемдегі қаржы үшін шекара асып, жырақ кетті. «Аспаннан киіз жауғанда ұлтарақ бұйырмаған» деген осы болар, сірә да… Сол ұлтарақтық киізді өзгеге де беріп, өзіміз де алатын кез келген сияқ­ты. Сонда ғана бабаларымыздың «Өзге елде сұлтан болғанша, өз елің­де ұлтан бол» деген өсиеті орындалар деп ойлаймыз. Біздің айтпа­ғымыз – осы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста