Шаруаларға мал басына қарай берілетін субсидия талаптарын жеңілдету керек пе?

Шаруаларға мал басына қарай берілетін субсидия талаптарын жеңілдету керек пе?

Қойды отарлап, сиырды табынымен, жылқыны үйірімен алдына салған бабаларымыздың ата кәсібін жаңғырту бүгін қазаққа оңайға соқпай отыр. Бұлай дейтін себебіміз, мәселен, еліміздегі ірі қара малдың 4 пайызы ғана ірі шаруашылық болып табылса, қалған 96 пайызы орта және шағынына тиесілі екен. Сондықтан соңғы кездері мемлекетіміз мал шаруашылығындағы ірілердің қатарын арттыру мақсатына басымдық беріп, соған сәйкес субсидиялау тетігін құрған. Алдыңғы жылдары ірі қарасы 300-ден асқандарға қаржылай қолдау жасалады делінсе, былтырдан бастап бұл көлем тағы ұлғайтылып, мал басы 400-ден асқандарға ғана субсидия берілетін болған. Салдарынан, жоғарыда аталғандай, мал шаруашылығының 96 пайызы, яғни еліміздегі шаруаның басты бөлігі субсидиядан қағылған. Таяуда Парламент Сенаты қабырғасында осы мәселені көтерген Ақылбай Серік мырза ірі қара етіне субсидия алу үшін сатылатын мал басын – 100-ге, аналық қойдың санын –300-ге, бие санын 50-ге дейін азайтылса деген ұсынысын білдірді. Жалпы, шаруаларға мал басына қарай берілетін субсидия талаптарын жеңілдету мүмкін бе?


Ақжол Әбдуқалимов, «Қазақстан фермерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті:
иә
– Бізде мал шаруа­шы­лы­ғын­дағы ша­ғын бизнесті субси­дия­­лау­дың алғы­шарт­тары  әділетсіз жа­салған. Ешқандай ғы­лыми негізі жоқ нормативтердің сал­да­рынан бү­гіндері ірі қара мал өсірумен ай­на­лысатын 16 мың шаруа қо­жа­лық­­тары субсидияға қол жеткізе ал­май отыр. Жалпылай алғанда, мем­лекеттен бө­лінген субсидияның бар­лығын қо­лында бар-жоғы 100 мың­дай ғана сиы­ры бар (еліміздегі ірі қараның 4 па­йы­зы­на ғана иелік ете­тіндер) 200-300 ауыл шар­уа­шылығы кәсіпорындарының иелері ен­шілейді. Мысалы, Ресей ірі-ұсақ деп бөлмей, барлық мал басына бір­­дей мемлекеттік деңгейде жағ­дай жа­сайды. Ал бізде мұндай бө­ліп-жару бар.  
Салдарынан мемлекеттің көмегіне зә­ру ұсақ мал шаруашылықтарына жағ­дай жа­сал­мауда. Демек, «өз күніңді өзің көр бол­маса ақырындап жойыла бе­рің­дер» деген сөз бе бұл. Көптеген шаруа қо­лындағы мал­дың табысына тәуелді еке­ні шындық. Олардың табысы азайған соң, шаруасын ары қарай дамытуға де­ген ынтасы да бол­майды. Ақыры ірі шар­уашылықтарды қол­даймыз деп, шағын шаруалардың кеңейіп, ірі шаруаларға ұласу үрдісіне тосқауыл қо­йылуда. Кез келген дамыған мемлекетті қа­раңыз, нарықты ауыл шаруашылығы та­уарымен қамтамасыз етуші, негізінен, ша­ғын және орта кәсіпкерлер. Сол үшін оларға билігі барлық жағдайды жасайды.
Жалпы, бұл мәселені үш жыл бойына ауық-ауық көтеріп келеміз. Нәтиже жоқ емес. Бүгінгі таңда құзырлы ведомствомен ұсақ шаруа қожалықтарының жаңа тех­ни­ка­мен қамтамасыз етілу жайын қа­рас­тырып жатырмыз. Бұл арадағы шығынның жар­тысын мемлекет мойнына алсын дей­міз. Сол секілді ірі мал шаруашылықтарына бе­рілгендей, ұсағына да мемлекет суб­си­дия бөлуі керек. Ұдайы демейміз, мал ба­ғуға ебі бар 96 пайыз жекеменшіктің ірі­ленгеніне дейін. Әрине, ұсақ мал шар­­уашылықтары ауқымдалуы қажет.  Бі­рақ мұның өзге де ұтымды жолдары бар. Со­ның тиімдісін қабылдауға мемлекет мүд­делі болуы тиіс. Ірісінен бастап ұсақ мал шаруашылықтарына дейін жаппай жан-жақты қолдау көрсетудің әртүрлі жол­дары анықталған кезде, бұл салада қандай да бір дамуға қол жеткіземіз деп ой­лай­мын. Сонда мемлекетімізге ірі шар­уа­шы­лыққа қолдау көрсеткеннен осы көлемді топ­қа (шағын және орта шаруа­шы­лық­тарға) жағдай жасаған әлдеқайда тиімді екен­дігі өздігінен белгілі болады.


Атамұрат Шәменов, экономика ғылымының докторы, профессор:
жоқ
–  Мал шаруашылығын өр­кен­дету, оны реттеу мәселелері сын­дар­лы саясатты қажет етеді.  Өйт­ке­ні ірі шаруашылықтарда ке­шенді тех­нологиялық үр­діс­тер жүзеге аса­­ды, сондықтан олар­ды ин­тен­сив­ті жолға өт­кізуге мүмкіндік бар. Мал ба­сы көп болғаннан кейін ол жер­де жүр­­гізілетін жұмыс та ау­қымды бо­ла­ды. Ал ауқымды жұ­мыс­­тар­дан тиі­сінше толағай та­быс­тарға кенеле ала­мыз. Сон­дық­тан ірі шар­уа­шы­лық­тарды да­мытуға қа­­рай бет бұр­ға­­ны­мыз – за­мана та­лабы. Бұл – дұ­­рыс сая­сат. Жал­пы, қойды отар­­лап, ірі қа­раны та­бындап бағу дұ­рыс еке­нін ата-ба­ба­мыз біл­ген, мал­ды осы­лайша ба­ғу ең тиім­ді тә­сіл екен­дігін бізге үй­ре­тіп кетті.
Міне, осы үрдісті жаңғыртуымыз керек. Дегенмен кеңестік заманда қосалқы ша­руашылық пайда болды, яғни үй шаруа­шы­лығында бірлі-жарым малды ұстау де­гендей. Бүгіндері осы жағы өзіндік шешімін табуы күрделі мәселеге айналып отыр. Өйткені малдың 90 пайызы жекеменшіктің қолында.
Жалпы, шетелде қосалқы шаруа­шы­лық де­ген атымен жоқ. Мал өсірем десе, он­да бір­ден шаруашылық құрылады: нақ­ты жа­йы­лымы, қора-жайы және жемшөппен қам­тамасыз етілуі еске­ріл­ген. Ал бізде мал ұстайды, бірақ жа­йы­лы­мы жоқ, жемшөп мә­селесі шешіл­ме­ген. Жеке төрт түлікті ауыл­дың сыртына зи­раттан ары асырып ба­ғады. Бүгіндері бұл жердің әбден тозығы жет­кен, тұяқ­кес­тілік салдарынан. Бұл – өз ке­зегінде мал өнімі сапасына кері әсер ете­тін фак­тор. Міне, осындай күрмеуі күрделі бұл мәселе шешімі кешенді шараларды қа­растыруды қажет етеді. Осы жағынан ал­ғанда, ұсақ шаруашылықтарды ірі­лен­діру маңызды әрі өзекті екенін аңғаруға бо­лады. Сондықтан соңғы кездері қо­ғам­да оларды біріктіру жайы жиі қоз­ғал­ды. Мүм­кін субсидия алу мақсатында біреулер бі­рігетін шығар деген үміт те болды. Бірақ одан бері қаншама уақыт өтті, өздігінен бі­рігіп жатқан шаруа қожа­лық­тарын көр­ге­н жоқпыз. Демек, бұл мә­селені еңсерудің өзге жолдарын қа­рас­тыру керек. Негізінен, төрт түліктен са­палы өнім алу басты мақсат еке­ні бел­гі­лі. Ендеше, бұл арада асыл­тұ­қым­ды мал ұстайтындарға жеңілдікті кө­бейту ке­рек шығар.
                                    Абай ОМАРОВ (коллаж)

Бейтарап пікір
Жанәбіл Әкімбеков, шаруа қожалығының иесі:
– Субсидия берілсін-берілмесін, бәрібір ірі шаруашылықтар ешқашан өз ісін тастап кетпейді. Олардың мақсаты – мал басын көбейте беру. Мұны мемлекеттің көмегінсіз де ірілер жүзеге асыра алады. Өйткені оған мүмкіндіктері де, қолдарында артық қаражаттары да бар. Ал нақты көмекті зәру ететіндер – ұсақ шаруашылықтар. Жойылу қаупі осыларға келіп тіреліп тұр. Ал мал бағушылар жаңадан қосылып жатқан жоқ.  Сондықтан мемлекет қолда бар осы кәсіптің ыстық пен суығына төзіп, қиыншылыққа мойымай жүрген, адал еңбек азаматтарының ынтасын жойып алмауға тырысуы қажет. Қандай да бір қолдау тетіктеріне ие болған бұл азаматтар одан кейін іріленуге ұмтылады. Тоқсандап қымбаттайтын жанар-жағармай, электр энергиясы, жемшөп тапшылығы салдарынан жылдан-жылға әрең ілінетін ұсақ шаруашылықтардың бүгінгі жайы қандай да бір дамуға мүмкіндік бермей отыр. Осы жағынан алғанда, шаруаларға берілетін субсидия талаптарын жеңілдету туралы ұсыныс құптарлық-ақ. Мұндай өзгеріс болатын болса, осы саладағы теңсіз саясаттан жапа шеккен шаруалардың билікке деген көзқарасы да жақсарып, олар да дамуға мейлінше ұмтылар еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста