Сапалы маман даярлау үшін ЖОО-лардың ғана емес студенттердің де санын қысқарту керек деген пікірмен келісесіз бе?

Сапалы маман даярлау үшін ЖОО-лардың ғана емес студенттердің де санын қысқарту керек деген пікірмен келісесіз бе?

Бұрынғы білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов жоғарғы оқу орындарының санын қысқартуды қолға алған болатын. Шамасы жеткенін жауып та үлгерді. ОныҢ орнына келген еліміздің бас мұғалімі де ол бастаманы қолдады. Министрлердің пайымдауынша, сапасыз білім беретін оқу орындары жұмыс істемеуі тиіс. Қоғамда бұл бастаманы жақтаушылар да, даттаушылар да болды. Ал, кей мамандар «сапалы маман даярлау үшін ЖОО-лардың ғана емес студенттердің де санын қысқарту керек деген ұсыныс айтуда. Олардың пікірінше, студенттер санының шектен тыс көп болуы білім сапасына кері әсер етеді. Өйткені, халық санымен салыстырғанда біздің елде студенттер саны көп. Десе де, «сан болған жерде сапа да болады» деп қарсы пікір айтушылар да бар. Осыған орай, бүгін «Алаш айнасы» «Сапалы маман даярлау үшін ЖОО-лардың ғана емес студенттердің де санын қысқарту керек деген пікірмен келісесіз бе?» деген сауалды мамандар талқысына салып көрген еді.


ИӘ
Гүлфаридат КӘМПИТОВА,
ҚҰАУ «Химия мен өсімдік қорғаумен, жеміс-көкөніс шаруашылығы» кафедрасының меңгерушісі:
– Менің ойымша, маман даярлауда нарықтағы сұраныс міндетті түрде ескерілуі керек. Оңды-солды заңгер мен экономист даярлаудың қажеті жоқ. Қазір кез-келген оқу орыны заңгер және экономист мамандарды даярлап шығарады. Нарықтағы сұраныстың ескерілмеуінен кей салада маман жетіспей жатса, кей салада шектен тыс артық. Әрине, маман көп болған жерде бәсекелестік болатыны рас. Дегенмен, 10 маман қажет болса ол үшін 100 маман даярлаудың қажеті қанша? Бір орынға екі маман болса да бәсекелестік болады. Нарықтағы сұранысты ескермеу салдарынан бүгінгі күні жоғары оқу орындарын бітірген жастардың жартысына жуығы жұмыс таппай бос жүр не басқа салада жұмыс істеуге мәжбүр. Біздің елде маманға деген сұранысты зерттеп жатқан ешкім жоқ. Есепсіз жасалған жұмыстың шығыны көп болады. Өз салам бойынша айтатын болсам, мысалы, шет елдерде дән егуде де бәрі ескеріледі. Бір дән артық себілмейді. Ішкі нарыққа қанша дән қажет, сыртқа қанша дән шығарылуы тиіс, бәрі-бәрі ескеріледі. Жинап алынатын астыққа қарай қамба да дайын тұрады. Қанша жерді өңдеуге күші жетеді, оған қандай және қанша маман қажет соған дейін ескереді. Күші жетпесе ол жерге дән сеппейді. Ал, бізде егістік көлемін арттырып, артық астықты қайда қоярын білмей жатады. Сонан соң, тағы бір ескеретін дүние, әр мамандандырылған институт өз бағыты бойынша маман даярлау керек. Ауыл шаруашылық мамандарын тек ауыл шаруашылық институты, инженерлерді политехника институты деген сияқты. Бұрын солай болатын. Қазір ешбір техникалық-базалық мүмкіндігі жоқ болса да, кез келген университет ауыл шаруашылық маманын даярлай беретін болды. Одан қандай сапа болады? Тағы бір айтар дүние, көп жағдайда ауыл шаруашылық мамандығына медициналық институтқа грантқа түсе алмай қалған қыз балалар келеді. Олар ерікті таңдау пәніне биологияны көрсеткен соң ауыл шаруашылық мамандығын таңдай алады. Медициналық университеттің грантын ала алмағанмен, сол жинаған баллымен ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша грантқа түседі. Ал, ол ертең оқу бітірген соң ауыл шаруашылығында жұмыс істей ме? Әрине жоқ. Соның салдарынан ауыл шаруашылығы саласына маман жетіспей жатыр. Қыз бала үшін ауыл шаруашылығында жұмыс істеу де оңай емес. Сондықтан бұл мамандыққа ұл балаларды көбірек қабылдауды да ескерген жөн. Сапаны арттырамыз десек, ең алдымен әр университет өз бағыты бойынша маман даярлауы керек. Сонан соң маман даярлауды нарықтығы сұраныс ескерілуі тиіс.


ЖОҚ
Нұрлан ЖАМАДІЛОВ,
Алматы қалалық құрылыс және бағалау колледжінің директоры:
– Сапалы маман даярлау үшін ЖОО-лардың ғана емес студенттердің де санын қысқарту керек деген пікірмен келіспеймін. Меніңше сан бар жерде сапа болады. Бәсекелестік болады. Тіпті жоғарғы оқу орындарының санын қысқартуды да қодамаймын. Сапаны анықтайтын белгілі стандарттар бар. Оқу орындарының оқытушылары, студенттер әр кез аттестациядан өтіп тұрады. Тек сол аттестациядан өткізу әділ болуы тиіс. Егер кімді-кім талапқа жауап бере алмаса ол жұмысынан, оқуынан кетсін. Егер қойылған талапқа оқу орны сай болмаса, ондай білім ордасын да жабу керек. Бүгінгі таңда шет елдерге барып оқитын жастардың саны жыл сайын артып келеді. Ресейге барып білім алушылар, сонда оқығысы келетіндер тым көбейіп барады. Оған алыс шет елдерге оқуға кетіп жатқандарды қосыңыз. Ал, оқу бітірген соң олардың бәрі елге қайтатынына ешкім кепілдік бере алмайды. Көптеген дарынды жастар шет елдерде қалып қоюда. Қаншама ақша, қаншама жас маман сыртқа кетіп жатыр. Егер жоғарғы оқу орындарына қабылданатын тәлімгерлер санын қысқартатын болсақ, онда шет елге оқуға кететіндер саны бұдан да арта түседі. Бұдан біз ұтылмасақ, ұтпаймыз. Қайта әрбір азаматтың жоғары білім алуына жағдай жасауымыз керек. Қашықтықтан оқыту жүйесін де жандандыра түсу қажет. «Сырттай оқуда сапалы білім болмайды» деген де бекер. Қазір Астанада отырған талай шенді жоғарғы оқу орынын сырттай бітірген. Сонан соң, «жоғарғы оқу орындары мен студенттер санының көп болуы сапаға кері әсер етеді» дегенмен де келіспеймін. Білім саласын арттырамыз десек, осы саладағы жемқорлықты жоюымыз керек. Қазір мектептердің өзін жемқорлық жайлап алған. Неше түрлі ақша жинау, демеушілік жасау деген көп. Демеушілік жасаған адамның баласына деген қарым-қатынастың да дұрыс болары сөзсіз. Оны әр оқушы көріп жүр. Яғни, оқушылар мектеп қабырғасында жемқорлықпен жүздесіп үлгереді. Ал, жоғары оқу орындарында студенттердің сесияны сыйақы беру арқылы шешетінін бәрі біледі. Тіпті, сабаққа келмеген студенттің оқу орнына ақы төлеп оқуын жалғастыра беруі заңдастырылып та қойылған. Қатыспаған әр сабақ үшін ақысын төлесең болғаны, оқудан шықпайсың. Ал, ондай студенттің емтиханды қалай тапсыратыны бесенеден белгілі. Осындай жағдайда, қандай сапа болуы мүмкін? Бұған студенттер санының қандай қатысы бар? Меніңше, жоғарғы оқу орындары мен студенттер санын қысқартуды емес, оқу орындарының техникалық базасын жақсартуды, осы саладағы жемқорлықты жоюды ойлаған абзал. Егер оқу орындарының техникалық базасы жақсы болып, осы саладағы жемқорлық жойылса, білім сапасы жақсаратыны анық. «Көш жүре түзеледі» демекші, бұл мәселе де жүре келе шешімін табады деп үміттенем.

БЕЙТАРАП ПІКІР
Рахымжан ЕЛЕШОВ,
ауылшаруашылық ғылымының докторы, академик:
– Маман даярлауда нарықтағы сұранысты ескеру қажет. Әйтпесе, қазір бір салада мамадарға жұмыс жоқ, ал енді бір салада маман тапшы. Сондықтан заңгер, экономист, деген сияқты көбейіп кеткен мамадықтарға студент қабылдауды қысқартқан абзал. Ал, сауалға келсек, студенттер санын қысқарту арқылы сапаны арттыра алмаймыз. Сапалы маман даярлау үшін оқу орындарының оқытушылар құрамын күшейту керек. Сонан соң оқу орынының техникалық базасын жақсарту қажет. Сонымен қоса, оқу мен тәжірибені ұштастыру керек. Әрбір жоғарғы оқу орны кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатуы шарт. Осындай мәселелер дұрыс жолға қойылғанда, білім ордалары сапалы маман даярлайтын болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста