Қазақстан әскери күш-қуаты жағынан әлемдік рейтингіде нешінші орында?

Әлем елдерінің әскери күш-қуатының рейтингі жасалды. Тізімде 140 мемлекет бар. Бұл туралы finprom.kz-ке сілтеме жасаған inbusiness.kz порталы хабарлайды, - деп жазады Alashainasy.kz тілшісі.

Рейтингіде елдердің ядролық әлеуеті ескерілмеген және мемлекеттердің әскери әлеуетінің индексін анықтау үшін 50-ден аса жеке фактор бағаланған.

 

Әлемдік рейтингіде Қазақстан 62-орынға ие болды. Еліміздің индексі –  1,0286, рейтингідегі мінсіз бағасы – 0,0000. Индекс мәні неғұрлым аз болса, бұл мемлекеттік әскери әлеуеті соғұрлым күшті екенін көрсетеді.

 

Биыл қорғаныс және мемлекеттік басқару сегментіндегі күрделі инвестиция 67%-ға қысқарған. Тізімнің көшбасында АҚШ, Ресей, Қытай, Үндістан, Жапония, ал соңында Бутан, Косово және Либерия тұр.

 

Сонымен қатар рейтингіде Өзбекстанның әскери әлеуеті Қазақстанға қарағанда жоғары бағаланып отыр. Көрші мемлекет 52-орында, индексі – 0,8421.

 

Ал Түрікменстан (86-орын, индекс – 1,7598) және Қырғызстанның (93 орын, индекс – 2,2369) әскери әлеуеті Қазақстанмен салыстарғанда төмен.

 

Рейтингіде елдердің ядролық әлеуеті ескерілмеген. Рейтинг индексті анықтау үшін 50-ден аса жеке факторды бағалайды. Яғни әскери күш пен қаржыдан бастап, материалдық-техникалық мүмкіндіктер мен мемлекеттің географиялық орналасуына дейін.

 

Бүгінде Қазақстанда 238 ұшақ, 300 танк, 1200 бронетехника бірлігі, 124 сауда флоты, 5 порт және сауда терминалы, 96 әуежай, 80 жойғыш ұшақ (истребитель), 75 тікұшақ бар (олардың 22-сі әскери тікұшақ).

 

Елімізде 167 мың әскери қызметші бар, бұл елдегі барлық халықтың 0,9%-ы. 

 

2021 жылы Қазақстанның сыртқы борышы – 167,5 млрд доллар болған.

 

Осы жылдың қаңтар-ақпанында мемлекеттік басқару, қорғаныс және міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы негізгі капиталға 1,8 млрд теңге бөлінген. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 66,7%-ға аз.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста