Қазақ спортының ардагерлері тұрғанда спорт кешендеріне жастардың атын бергеніміз дұрыс шешім болды ма?

Қазақ спортының ардагерлері тұрғанда спорт кешендеріне жастардың атын бергеніміз дұрыс шешім болды ма?

Ұлықтау қажет болса, аспанға көтеріп жіберетін халықпыз ғой. Олимпиада ойындарынан олжалы оралған оғландарымызға барынша құрмет көрсетіп келеміз. Алматыдағы велоклубтардың бірін Александр Винокуровтың есімімен атадық. Сондай-ақ Алматыдан Илья Ильин атындағы спортзал аштық. Өскеменде Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежі бой көтермек. Ал Маңғыстауда Әділбек Ниязымбетов атындағы бокс кешені салынатын болады. Басқа спортшыларымыз да мұндай құрметтен кенде емес. Осы қарқынмен жақын уақытта Олимпиада жүлдегерлерінің барлығы бір-бір спорт ғимаратын «иемденуі» әбден мүмкін. Рас, Олимпиада жампоздарына қандай құрмет жасасақ та жарасады. Бірақ қазақ спортының ардагерлері тұрғанда, спорт кешендеріне жастардың атын бергеніміз дұрыс па? Міне, көпшілікті ойландырған осы сауалды мамандардың «ой-көкпарына» салған едік.


Алексей КОНДРАТ, ҚР жеңіл атлетика федерациясының вице-президенті:
иә
– Әлбетте, ардагерлерді де ұмыт­пау керек. Мүмкіндік туып жатса, ардагерлерді де ұлықтап тұ­руымыз қажет. Шүкіршілік дейміз, бүгінде спорттық мектептеріміз аз емес, бәріне жетеді. Бірақ спорт кешендерін қаңғырып жүрген қайдағы біреулерге беріп жатқан жоқ қой. Атасақ, Олимпиада чем­пиондарының атымен атай­мыз. Ал бізде олар көп емес. Осы жолы ғана маңдайымыз жарқырады. Ен­деше, қолда бар алтынды ба­ға­лайық. Әлде спорт сарайының атын иемденгісі келген басқа үміт­керлер бар ма? Рыпакова болсын, Ильин болсын, спорт кешендерін «иемденіп» жатқан басқа жас саң­лақтар болсын, олар бұл құрметке лайық.
Яғни мен мұны дұрыс бастама деп білемін. Пайдалы тұстары да өте көп. Қажет десеңіз, тізбектеп те бере аламын.
Дұрыс түсініңіздер, «Кемені қалай атасаң, солай жүзеді» деген нақыл бар. Демек, спорт кешенін, мейлі ол жас болсын, бірақ Олимпиада чемпионының есімімен атағанымыз жақсы ырым. Ол өз мәртебесіне сай жұмыс жасайтын бо­лады. Мұндай атауға ие спорт мек­теп­те­рінен болашақта талай әлем чем­пион­дары тәрбиеленіп шығуы әбден мүмкін.
Ақша және басқа құрметтер өз алдына. Ал спорт сарайын Олимпиада же­ңімпазының атымен атау – оның есі­мін тарихқа мәңгілікке қалдырады. Ұмыт қалмайды. Мәселен, 50 жылдан кейін бүлдіршіндер осы спорт кешеніне қарап, Илья Ильин, Бақтияр Артаев немесе Ольга Рыпакованың Олимпиада же­ңім­пазы болғанын жаңылмай, бірден айта алады.
Егер спорт кешенін немесе мек­теп­терді Олимпиада жеңім­паздарының атымен атасақ, онда соларға ұқса­ғысы, солар секілді болғысы келіп, спортпен шұғылданатын жастардың да қатары өседі. Мәселен, бүгінгі бүлдіршіндер басқа мықтыларды емес, Олимпиада чемпионы атан­ған Ольга Рыпакованы жақсы біледі. Сондықтан бұл жеткіншектерді жеңіл атле­ти­каға тартудың да оңтайлы жолы деп білемін. Нәти­же­сінде бұқаралық спортты да дамытуға себепкер бо­ла­ды.
Бүгінде «Бәйтерек», «Астана» «Спутник» де­ген сынды спорт ке­шен­дері мен мектептері аз емес. Мен бұл атауларды жай мысал ретінде ғана алып отырмын. Неге соның орнына Илья Ильин атындағы спорт мектебі, Винокуров атындағы велокешені деп атамасқа? Өздеріңіз де айтып көріңіздерші, «Олимпиада чем­пионы Ольга Рыпакова атындағы же­ңіл атлетика манежі». Өте әдемі естіледі. Келісесіз ғой?!
Рас, бұл спортшылар жас, уақыты келеді. Одан гөрі ардагерлерді ұлық­тайық деушілер де табылады. Дегенмен егер Ольга Рыпакова Лондон Олим­пиа­дасының жеңімпазы атанбағанда, Өске­менде жеңіл атлетика кешенінің құры­лысы қолға алынатын ба еді, жоқ па, ол жағы белгісіз. Яғни Олимпиада ойын­дарында атой салу арқылы жам­поз­да­рымыздың өздері жаңа спорттық құры­лыстардың басталуына мұрындық болып отыр. Жас немесе егде деп қарамайық, ең бастысы, бұл спортшылар мұндай құрметке лайық. Өскемендегі спорт сарайын Рыпакованың атымен атау туралы ұсынысқа Елбасының өзі келісімін берді. Мен де қолдаймын.


Несіп ЖҮНІСБАЙ, белгілі спорт журналисі, жазушы, спорт қайраткері:
жоқ
– Ұлықтаудың, құрметтің жөні осы екен деп, кешендерді жас спорт­шы­лар­дың атымен атау мүлдем дұрыс емес. Мен бұған түбегейлі қарсымын. Ал­ды­мен ардагерлерді ұлықтап алайық, жастарға кезек келеді. Бұл пози­циямды Лондонда жүргенде-ақ ашық білдір­ген­мін. Олимпиада ойын­дарында өске­мендік орыс­тілді тілші Шығыс Қазақ­станнан Ольга Рыпакова атын­дағы жеңіл атле­тика манежі ашылайын деп жат­қанын айтты. Бұл түбірімен дұ­рыс емес нәрсе екенін сол кезде оған да, басқаларға да ашып айт­тым. Сіз­дерге де түсіндірейін. Біріншіден, қазақтан шыққан Олимпиаданың тұң­ғыш жүлдегері, оның ішінде күміс ме­даль иесі, марқұм Ғұсман Қосанов тұрғанда спорт кешеніне Ольга Ры­па­кованың есімін беру дұрыс емес. 
Отандық жеңіл атлетикада одан асқан саңлақ әлі шыққан жоқ. Ол да Өскемен өлкесінің тумасы. Оның үстіне, Ғұсекең қиын кезеңде Олим­пиада жүлдегері атанған.
Дұрыс түсініңіздер, мен мұндай үрдіске Ольга Рыпакованы немесе Александр Винокуровты жек көр­генімнен айтып тұрған жоқ­пын. Мен де оларды бір адам­дай құрмет тұтып, еңбегін бағалаймын. Әр жеңісіне қуа­ныштымын. Бірақ бір ғана Олимпиада чемпионы болды екен деп, мәңгілікке тарихта қалатын атты беру­ді құп көрмеймін. Ол дәрежеге жету үшін спорт­шы халықтың жү­регін мәңгілікке алуы тиіс. Сондай-ақ халықтың қаны­мен туған атақты адамның деңгейіне көтерілсін. Тері де, қаны да халыққа сіңсін. Мысалға айтар болсам, Ғұсман, Әмин, Әбдісалан аға­ларымыз  Әбілсейіт Айханов, Тимур Сегіз­баев секілді халықтың символына айна­луы керек. Міне, спорт кешендерін біреудің атымен атағымыз келсе, бірінші кезекте осындай ардагер ағаларымызды ұсы­найық. Бір күнгі жеңімпаздарды емес, халықтың жүрегінде спорттың, жеңіс­тің символы ретінде қалған осын­дай аға­ла­рымыздың атымен спорт кешендерін атайық. «Қариясы бар ауыл­дың дариясы бар» дейді. Бұл тұлға­ларымыз әлі күнге ел игілігі үшін аянбай тер төгіп, халықтың жүрегінен өшпестей орын алған.
Басқа спортшыларды айтпағанның өзінде, мен тіпті спорт мектептерін Алек­сандр Винокуровтың атымен ата­ған­дар­ды да құптамаймын. Өйткені ол да әлі жас. Халқына еңбек сіңірсін. Қолынан ке­леді, дауым жоқ. Олай болса, ел са­на­сын­да жеңістің символына айналсын.
Жалпы, спортшыларды басқалай да ұлықтап жүрміз ғой. Сол аз ба? Үкіметіміз қап-қаптап ақшасын да беріп жатыр. Жаяу жүрмесін деп көлікке де отыр­ғы­зуда. Баспаналарын да алып берді. Жоғары наградаларды да кеуделеріне тақты. Еңбектері лайықты бағаланып жатыр ғой. Бұдан басқа қандай құрмет керек? Енді символдық дәрежеге жету үшін одан ары еңбек етсін, халқына қызмет көрсетсін. Әйтпесе, ашығын айту керек, «бүгін бар, ертең жоқ» болып кетуі де ғажап емес. Ал бүгінгі жеңістері үшін олардың атымен спорт кешендерін атап қойып, ертең жеңімпазымыз басқа бағытты ұстанып кетсе, 50 жылдан кейін өскелең ұрпақтың «мынау кім?» деген сұрағына не деп жауап береміз? «Ол тек Олимпиада чемпионы ғана болып қой­ған жоқ. Қартайған шағына дейін хал­қына аянбай еңбек етті. Сол үшін оның есімі спорт кешеніне берілген» деп жанарымызды жасырмай айту үшін ертеңімізді бүгіннен бастап ойлануымыз керек.
Мен спорт кешенін анаған беруге болмайды, мынаған беру керек деп алалап отырған жоқпын. Бірақ халықтың қанына сіңіп кеткен тұлғаларымызды ұлықтап алғанымыз жөн болар еді. Сон­дықтан асығыс шешім қабылдап қойған бас­шыларға өкпем қара қазандай.

Бейтарап пікір
Қайрат ЗАКИРЬЯНОВ,
Қазақтың Туризм және спорт академиясының президенті:
– Біржақты жауап беру қиын. Бұл жерде әрбір ұсақ нәрсенің өзін ескеру қажет. Оның спорттық жетістіктерінен бөлек, халық алдындағы еңбегін де саралап өткен дұрыс. Дегенмен бізде Олим­пиада чем­пиондары көп емес. Және де адалдықпен қол жеткізген Олим­пиада алтыны барлық додалардың бас жүлделерінен де биік тұ­рады. Сон­дықтан спорт кешендерін Олимпиада жеңім­паз­да­ры­ның атымен атауды құп көремін. Алайда егер менің алдымда Ғұсман Қо­санов, Әмин Тұяқов немесе Ольга Рыпакованың атындағы спорт ке­шенін ашу туралы таңдау тұрса, мен ойланбастан алғашқыларды таң­дар едім.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста