Қабылданатын заңдарды жеке тұлғаларға жаздырту заңның сапасын арттырар ма еді?

Еліміздің заңнамасынан олқылықтар мен кемшіліктер, тіпті қателіктер де шығып жатады. Үкіметтегі заң жазатын мамандардың кәсіби біліктілігіне қатысты да көп сын айтылады. Кейбір елдерде әр заңның тұсына оның авторы кім екені көрсетіледі. Оны жеке тұлғалар да ұсына беретін көрінеді. Кім жазса да, оны Парламент пен Президент қарайды. Демек, оны кім жазғаны емес, қалай жазғаны маңызды. Ендеше, еліміздегі әр саланың білікті мамандарына, көреген заңгерлерге мүмкіндік беру қажет пе? Бұл туралы сарапшылар көзқарасы біржақты емес.


Абзал ҚҰСПАНОВ, адвокат:
иә
– Біздің тәжірибемізде ондай жайттар жоқ деп айта алмаймын. Бірақ ол ресми түрде айтылмайды. Қателеспесем, «Көші-қон туралы» заңды бір жазушы ағамыз жа­зып шыққан. Қазір біздегі заң жоба­ларын сол салаға жауапты органдар жазып шыға­ды. Тіпті Парламенттің өзі заң жаз­бай­тын болып кетті. Тек Үкіметтің аты­нан кетіп жатады. Әр мекеме көрпені өзіне қарай тартуға дайын тұрады. Олардың заң мәтінін жазу барысында басшылыққа алатын ұстанымдары мүлде бөлек бола­ды. Адам құқығы мен объективтіліктен гөрі өз мекемесінің құзыретін күшейтуге көп құмар. Сол заңның нақты өмірде іске асуы да – өз алдына бөлек мәселе. Сон­дықтан оны барынша бейтарап адамдар­дың жазғаны жақсы. 
Екінші мәселе, Үкіметте заң жобасын дайындайтын кімдер? Қарап отырсаңыз, Үкіметте жұмыс жасайтын мамандар, мемлекеттік қызметкерлердің басым көпшілігі – жастар мен орта буын өкілдері. Қанша жерден білікті болса да, көп жағдайда өмірлік тәжірибесі аз. Олар Астана қаласында өмір сүреді, кабинеттен шықпайды. Сөйте тұра шалғайдағы ауыл шаруашылығына қатысты заң жобасын дайындауға мәжбүр болады. Одан қандай өнім күтуге болады? Ары кеткенде, пысықтық танытса, облыстардан ақпарат сұрайтын шығар. Бірақ ол жеткіліксіз. Қалай айналдырса да, нақты өмірден алыстап ресмиленіп кетеді. Біздегі көптеген заңдар теория жүзінде тұр­ғаны­мен, тәжірибе жүзінде іске аспай тұратыны – осыдан пайда болатын құбылыс.
Ал жеке адам ұсынған заңдарда қандай артықшылық болуы мүмкін? Әри­не, оны көшеде өтіп бара жатқан кім көрін­ген жазбайды. Сол саланы жетік мең­гер­ген, ыстық-суығын кешкен маман немесе сол саланың тіршілігімен жете та­ныс заңгер жазуы мүмкін. Мысал ретінде ветеринар маманды алайық. Ауылдағы малдың қалай күтілетінін, қандай мүмкін­діктер бар екенін білетін мал дәрігері кабинетте отырған шенеуніктен гөрі өмірге жақын заң жазып шығуы мүмкін. Заң жазып шықпаса да, көңілге қонымды ұсыныс айтуы мүмкін. Мәселені шешуде мем­­лекетке де, кәсіпкерге де, халыққа да тиімді болатын жаңалық ұсынып жатса, несі жаман? Мәселен, қазіргі «Ветеринария тура­лы» Заңға сәйкес, ауылда мал бағып жүр­ген малшы өзінің қойын өз үйінде өз беті­мен сойып жей алмайды. Ол аудан ор­та­­лығындағы арнайы қасапханаға ба­рып, ақшаға сойдыруы керек. Логикаға сыя ма? Бұл заң елдің бәріне күлкі болып бітті. Заң жүзінде бар, қолданыста жоқ. Себебі біз­дің жағдайда, біздің тіршілікте оны сол күйі қолдану мүмкін емес. Мұндай заңдар қай­дан пайда болады? Жаңағы кабинетшіл заң жазушылар мәселенің байыбын біл­меген соң, шетелдің заңдарын сол күйі кө­шіре салады. Шамасы, бұл заң Еуропа­ның бір елінен көшіре салынған болуы мүмкін. Көп жағдайда Ресейдің заңдарын көшіре­міз. Кейде өзіміздің жағдайға, өзіміздің реа­ли­ге бейімдеуге де ерінетін сияқты. Сон­дықтан жауапкершілікті өз мойнына ала­тын авторларға жаздыратын болсақ, ав­торлығын атап айтатын болсақ, мәселе бас­қаша болады. Жазушы роман жаз­ғанда қан­дай ұқыптылықпен қараса, заң да сон­дай ұқыптылықпен жазылар еді. Заң жо­ба­­­сының мәтінін кім жазса да, оны қабыл­дай­тын Парламент қой. Сондықтан оны міндетті түрде Үкімет немесе Парла­мент жазуы керек деп шектеудің қажеті жоқ.


Камал БҰРХАНОВ, Мәжіліс депутаты:
жоқ
– Біз бейберекет елде емес, заманауи мемлекетте тұрып жатырмыз. Құқықтық мемлекет орнатып жатырмыз. Заңнама­лық құқық тек Президентте, Үкіметте және Парламентте бар. Үкіметтен келген заңдар бізге ұсақ-түйек мекеменің атынан емес, Премьер-министрдің қарауынан өтіп, қолы қойылып, мөрі басылып барып ке­леді. Министрлік заң дайындағанымен, Үкі­­меттің атынан келеді. Сонымен қатар де­путат­тардың да заң жобасын дайындау­ға құқы бар. Өз еркімен заң жазуға басқа ешкімнің құқы жоқ. Бұл біздің ғана ерек­шелігіміз емес, әлемдік ортақ тәртіп десек те болады. Кей жағдайда Елбасы бастама­сымен жазылған заңдар келеді. Бұл заң­дар қалай болса солай жазылады деген ой тумауы керек. 
Әр мекеменің артында қаншама заң­гер, қаншама сарапшы маман бар. Сол ұжым­дардың бірлесе отырып еңбек етуінің ар­қасында ғана жазылады. Заң жобала­ры­ның көбін Үкімет жазады, себебі оларда заң­герлер мен мамандар көп. Сол сияқты Пар­ламентте де арнайы сараптамалық орта­лық бар. Онда әр саланың адамдары сұрып­талған. Заң жобасын жазып жатқан ме­к­еме жан-жақтан өзіне қажетті маман­дар­ды шақыртады. Заң жазу ісіне аралас­қысы келген білікті мамандар болса, олар да ұсыныс білдіре алады. Жалпы, заң жо­басын жасауға атсалысатын мамандардың саны сол саланың күрделілігіне байланыс­ты. Кейбір мәселелер мемлекеттік дең­гейде маңызды әрі күрделі болады. Оны бір ғана сарапшының мойнына жүктей ал­май­сыз. Заң жобасын жазудағы жауапкер­ші­лікті арттыру керек деген пікірмен келісу­ге болады. Заң ұсынатын мекемелер жұ­мысшы топтағы сарапшылардың, ке­ңес­шілердің, заңгерлердің санын бұрын­ғыдан көп етіп, мұқияттығын күшейтіп жатса, ол жақсы. Әр саладағы заңды жазу­ға сол саланың мамандарын жинап, бас қосып, пікірін алып жатса құба-құп. Ден­сау­лық сақтау саласы қаралып жатса – дә­рігер­ді, ғылым тақырыбы қаралып жатса, про­фессорларды шақырсын. Алайда оны кім көрінгенге жаздыру сапаны арттырады деп тіпті де ойламаймын. Яғни Конституция бо­йынша заңнаманы ұсынуға құқылы үш-ақ саяси объект бар. Оны өзгерту үшін үл­кен реформа қажет болар еді.

Бейтарап пікір
Сайын БОРБАСОВ, саясаттанушы:
– Бұл – өте күрделі мәселе. Мұндай ерекшелікті бірден қабылдай қою мүм­кін деп айта алмаймын. Себебі ол үшін заңнамалық реформа қажет. Де­генмен оны құптар едім. Тым болмаса белгілі бір салаға жауапты жеке­леген институттар, азаматтық қоғамның институттары, арнайы құ­рылған шығармашылық ұжымдар да жазу мүмкіндігін алса жақ­сы болар еді. Әр салаға қатысты заң жобаларын сол саланы зерт­теп жүрген мамандарға беру керек. Шенеунік жазған заңмен ғалым жаз­ған заңда айтарлықтай ерекшелік болады. Екінші жағынан, бұл жа­уап­кершілікті күшейтер еді. Заң жазу да – шығармашылық. Ендеше, оған құлшына кірісетін, барынша мұқият назар сала білетін адамдарға мүмкін­дік беру керек. Ондай заңгерлер, мамандар біздің елімізде жетерлік.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста