Полиция қызметкерлеріне ескертусіз оқ ату құқын беру дұрыс деп ойлайсыз ба?

Полиция қызметкерлеріне ескертусіз оқ ату құқын беру дұрыс деп ойлайсыз ба?

Болашақта еліміздің полицейлері қаруды ескертусіз қолдануы мүмкін. Қазірде  «Ішкі істер органдары туралы» жаңа заң аясында арнайы осындай бөлім енгізу қарастырылуда. Аталмыш заңның жаңа редакциясын Мәжіліске таныстыруға келген Ішкі істер министрлігінің вице-министрі Ерлік Кененбаевтың мәлімдеуінше, жаңа заң бойынша полиция қызметкерлеріне қару-жарақты адамдарға қарсы ескертусіз қолдана беруге мүмкіндік беретін жаңа бап пайда болмақ. Демек,  заң қолданысқа енер болса,  полицей өзіне қарсы шыққан адамға ескертусіз-ақ оқ атуға (газ, электрлі қару) болады. Мұның астарында халықтың қауіпсіздік мәселесі жат­қандықтан, қазірде бұқара бұл жаңашылдыққа алаңдаушылық біл­діруде. Осы тұста біз де «Полиция қызметкерлеріне ескертусіз оқ ату құқын беру дұрыс па, әлде бұрыс па?» деген сауалды талқыға салдық...


Орынғали ЕСЕНҒАЗИЕВ,  Алматы қалалық ішкі Істер департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полковник:
иә
– Өз басым мұны қолдаймын, дұрыс деп есептеймін. Себебі қа­зірде полиция қызметкерлерінің өміріне қауіп төну үрдісі жиілеп барады. Негізінде, мұндай тәжіри­бе әлемдік қолданыста бар. Сон­дықтан біздің де осы мәселеге назар аударатын кезіміз жетті. Поли­ция қызметкерлеріне ескер­тусіз оқ ату құқын беру олардың қауіпсіздігін күшейтіп, қоғам ал­дындағы жауапкершілігін одан әрі нықтайды. Қылмыспен күресте өз өмірлерін сәт сайын қауіпке бай­лап, от пен оқтың ортасында жү­ретін полицейлерге қоғамда әлі де болса оң көзқарас қалыптаспай отыр. Қазірде полицей өмірінің қауіпсіздігін ойлаудан бұрын,  полицейдің өзін кінәлау фактілері жиілеп кетті.
Бұған қоса, жыл сайын қызметтік жұмыс барысында полицейлердің өлім көрсеткіші де жоғарылап барады.  По­лицей өліміне себепкер болатын­дар­дың қатары жылма-жыл толығып, көрсеткіш одан әрі ұлғайып кетпесін десек, біз жаңа заң аясында полицей­лерге ескертусіз оқ ату құқын беруіміз керек. Әрине, бұл жерде полицейлерге қаруды өздерінің өміріне қауіп төнген кезде қолдануға рұқсат етілетіні; алдында қауіпті қылмыскер немесе қарулы топ тұрса, ескертусіз қару қол­дану мүмкіндігі бар екені жайында арнайы хаттама толтыртылып, оның мән-мағынасы жіті түсіндірілуі тиіс. Қазірде  шын мәнінде ішкі істер орга­ны­ның қызметкерлеріне қауіп төніп тұр. Мұны ескерместен біздің қоғам кей сәттері полицияның әрекетін орынды-орынсыз сынға алып жатады. Ал енді біз сол полицейлерге, шыны­мен де, көңіл көншітерліктей жағдай жасай алып отырмыз ба? Олардың баспанамен қамтылуы, әлеуметтік жағдайларының үйлестірілуі оңды шешімін тапқан ба? Міне, нақ қазір біз үшін осы мәселелерді де назардан тыс қалдырмау керек.  Жалпы, қоғамда тәр­тіп орнасын десек, құқықтық сала­ны мемлекеттік қолдау, бұл сала қыз­меткерлерін бақылау-қадағалау істері күн сайын жетіліп отырғаны абзал. Құқықтық тәртіп орнатамыз десек, алдымен сол құқық саласында қызмет етіп жүрген азаматтардың еңбегін елеп-ескеру, олардың материалдық база­сын нығайту, жұмыс істеуіне мүм­кіндік жасау бірінші кезекте қарас­ты­рылғаны жөн. Бұл салада қордаланып жатқан талай мәселелер бар. Қаруды ескертусіз пайдаланып, өз өміріне төнген қауіпті сейілту – соның бір парасы ғана. Егер біз сала қызметкер­лерінің өмірін қорғаймыз, қауіпсіздікті сейілтеміз десек, бұл бастаманы қол­дау керек.


Марғұлан ШЫНЫБЕКОВ, заңгер:
жоқ
– Мен мұндай бастама­шыл­дыққа қарсымын. Құқық жағынан алып қарасақ та, азаматтық тұр­ғыдан алып қарасақ та, бұл дұ­рыс емес. Өткенде шетелдік поли­цейлердің бірі өзінің ескертуін тыңдамаған студентті атып тастады. Тексеру нәтижелері анықтағандай, оққа ұшқан студентке оқ 20 жерден тиген. Бұл не сонда?! Мұны қалай түсінуге болады?! Ережеге сәйкес полицей бірінші кезекте оқты ес­керту ретінде аспанға атуы керек. Содан кейін барып тіпті өміріне қауіпті болып бара жатса, амалсыз қару қолдануы мүмкін. Ал енді бірден ескертусіз қару қолдануға құқық беруді  тым орынсыз деп санай­мын.  Осы жайтқа қоғам бо­лып назар аудару керек. 
Бір қарағанда, алабұртып шап­қын­­дай­тындай еш нәрсе жоқ тәрізді болып көрінуі мүмкін. Бірақ мұның ас­тарында қарапайым қоғам өкіл­де­рінің қауіпсіз­дігі, қоғам тыныштығы, же­келеген адам­дардың өмірі тұр. Сон­­­дықтан мұн­дай жаңашыл­дықтар­ды қолдай алмаймын. Бұған қатысты бір нықтап айтарым, бұл бейбере­кетсіз­дікке апаруы да мүмкін. «Күні ертең ескер­тусіз оқ атуды желеу етіп нау­қан­шыл полицейлердің бір пара­сы мұны асыра пайдаланып кетпес пе екен» деген қауіп те жоқ емес. Ішкі тұрақ­тылыққа бұлай қол жеткіземіз десек, ол – жаң­сақ пікір. Рас, бірқатар даму­шы және дамыған елдерде мұндай тәжірибе қолданыста бар. Бірақ біздің материал­дық базамыз сол дамыған елдердің деңгейіне әлі жете қойған жоқ. Әрине, қай салаға болсын, ре­фор­ма керек. Ішкі істер саласындағы қызметкерлері­міз, расы­мен  де, үнемі қыл үстінде жүре­ді. Бұған дейін де қанша рефор­малар орын алды. Жалпы, осы рефор­ма­ларды әбден зерттеп-зерделеп алып барып қолданысқа енгізсек жөн болар еді. Жасыратыны жоқ, бізде талдап-тара­зыланбай жатып қолда­ныс­­қа еніп кететін бастамалар да баршылық. Поли­ция қызметкерлері елдің тыныш­тығын, бірлігін нығайту­ға, қылмысқа жүген салуға қызмет ете­тін болған­дық­тан, бұл ретте әр нәр­сені салмақ­пен таразылау керек. Егер полиция қызметкерлеріне ескер­ту­сіз қару қолдану құқын бергеннен қыл­мыс азайып, тыныштық  нығая түсе­ді деп ой­ласақ, қателесеміз. Со­ндық­тан мұны қолдауға қарсымын...
                                     Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бейтарап пікір
Арман Нұрасылов, сарапшы маман:
– Ертең «ескертусіз мылтық қолдану арқылы тәртіпті мық­таймыз» деп  отырғанда қарапайым, жазықсыз қоғам өкіл­дерінің қауіпсіздігіне қара бұлт үйіріліп жүрмей ме?! Осы арада мұны да ойлау керек тәрізді. Сондықтан өз басым мұны аса қолдай қоймаймын. Әрине, өмірлерін оққа байлап жүрген поли­цей қызметкерлеріне жағдай жасалуы тиіс. Олардың қоғам алдындағы беделін көтеру керек. Бірақ оны «мылтық қол­дану­мен емес, мемлекеттік қолдау көрсету арқылы ойлас­тырған жөн» деген ойдамын. Жалпы, кез келген мемлекет­тің құқықтық саласының іргетасы мықты болуы қажет. Ол үшін осы салаға мемлекеттік қадағалау мен бақылауды күшейткен дұрыс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста