Отбасы ажырасқан кезде баланы тек анасында қалдыру дұрыс па?

Отбасы ажырасқан кезде баланы тек анасында қалдыру дұрыс па?

 

Елімізде ажырасушылардың саны жылдан-жылға артып барады. Мәселен, 2008 жылы ажырасқандар саны 49 мыңды құраса, 2009 жылы бұл көрсеткіш 52 мыңға бір-ақ секірген. Осы орайда ата-анасы некені бұзған кезде, баланы кіммен қалдыру мәселесі – ең күрделі жайттардың бірі. Әдетте кәмелет жасына толмаған жеткіншектердің барлығы дерлік анасына қалдырылады. Алайда мамандар «соңғы кездері ажырасу процесі кезінде әкелер белсенді түрде балаларын тәрбиелеуге құқылы екенін дәлелдеуге тырысып, балаларын өздерінде қалдырғысы келетінін жиі айтуда» дейді. Сондай-ақ психологтер ажырасуға көп жағдайда баланың анасымен қалатыны себеп болатынын жасырмауда. Өйткені аналар «бала да, баспана да өзіммен қалады, алимент те өндіріп аламын» деген пиғылмен ажырасуға тіпті мүдделі болуынан шаңырағы ортасына түсетін отбасылардың жыл сайын артып отырғанын айтады. Олай болса, отбасы ажырасқан кезде баланы тек анасында қалдыру дұрыс па? Мәселені мамандар назарына ұсынып көрген едік.

sulushash-kuatjanova-ia

Сұлушаш ҚУАТЖАНОВА, Алматы қалалық балалар құқықтарын қорғау департаментінің директоры:

Иә
– Ананың аты – ана. Әсіресе бала үшін ананың орны бөлек. Сондықтан кәмелет жасына толмаған балалардың қалай болғанда да анасымен бірге болғаны дұрыс. Бала кәмелеттік жасқа толғанша анасынан артық қамқоршы жоқ. Қазіргі сот процесі кезінде баланың көбінесе анасымен қалуы — көпжылдық тәжірибе нәтижесінде қалыптасқан үрдіс. Осының негізінде бүгінгі күні кәмелеттік жасқа толмаған балалардың басым бөлігі анасымен қалдырылады.
Баланы анасымен қалдыра отырып, әкесімен кездесуге де ешқандай шектеу қоймау керек.

Сонда бала әкенің де, ананың да жылуынан шет қалмайды. Әкесімен кездесуді барынша шектемеу қажет. Өйткені қазір мектептерде де көбінесе әйелдер сабақ береді. Тек қана анасының тәрбиесін көріп, мектепте де тек әйел ұстаздардан білім алған балалардың тәрбиесі біржақты болып қалады.

Әкелер көбіне түзде жүргеннен кейін, бала да ең алдымен анасына бауыр басады. Сондықтан бала ана жылуын тез аңсайды. «Әкесіз жетім – мас жетім, шешесіз жетім – хас жетім» деп те бекерден-бекер айтылмаған ғой. Сондықтан қазіргі таңдағы қолданыстағы заң бойынша кәмелетке толмаған балалардың анасында қалдырылуы дұрыс деп санаймын. Ата-анасының ажырасуы бала үшін үлкен соққы. Сондықтан баланың мүддесі үшін ата-анасы ажырасып кетсе де, қарым-қатынасты үзбей, балаға қолайлы жағдай туғызуы керек. Толықтай әкенің де қамқорлығына сенуге болмайды. Өйткені баласын өз қамқорлығына алмақ түгіл, алимент төлеуден де қашып жүрген талай әкенің бар екенін статистика аңғартып отыр. Ал әкелік қамқорлықты түсінбейтін мұндай әкелерге баланы қалай сеніп тапсыруға болады?

«Алиментке бола ажырасуға әйелдер мүдделі болады» деу – өте қате пікір. Қай әйел алиментке бола шаңырағын ортасына түсіруге тырысады дейсіз. Ақылы бар әйел алиментке бола балаларын әке жылуынан айырмайды. Ажырасуға көбінесе отағасының араққа немесе қандай да бір басқа жаман әдеттерге әуес болуы, отбасындағы әлеуметтік жағдайдың қиындауы себеп болып жатады. Сондықтан кәмелеттік жасқа толғанша балалардың анасының қамқорлығында болғаны дұрыс.

aigul-shopshekbaeva-jok

Айгүл ШӨПШЕКБАЕВА, Алматы қалалық ІІД Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша инспекциясының бастығы, полиция полковнигі:

Жоқ
– Ерлі-зайыптылар ажырасқан кезде баланы әкесінде қалдыру керек. Күнделікті сот процесі кезінде көбінесе баланың анасымен қалатыны жасырын емес. Бұл, негізі, Кеңес Одағы кезінде тәжірибеге сүйене отырып қабылданған заңдық норма. Сол тәжірибе әлі күнге келе жатыр. Ол кезде «аналарға, әйелдерге құқықтық басымдық беруіміз керек» деген желеумен көп жағдайда ананың мүддесіне басымдылық беріліп келді.
«Ана мен әкенің балаға деген құқықтары бірдей» деп айтқанымызбен, ананың мүддесін жоғары қойып келеміз.

Өйткені қолданыстағы заң бойынша бала 11 жасқа дейін анасымен бірге болуы қажет деп айтылған. Ал 11 жастан кейін анасымен немесе әкесімен қалуды баланың өзі шешеді. Осы жасқа толмаған балалар үшін әдетте кімде қалдыру қажеттігін сот шешеді. Ал сот шешімі көбіне анада қалдыруды көздейді.

Әрине, бала үшін ана мен әкенің қатар отырғанына не жетсін! Алайда ерлі-зайыптылар әртүрлі жағдайлармен ажырасып жатқаны өкінішті. Ал мұның нәтижесінде бала күйзеліске ұшырайды. Оның үстіне көп жағдайда анасы баланы әкесіне қарсы тәрбиелеп, көрсетпейді. Мұндай жағдайда бала әкесінен мүлдем алыстап кетеді. Ана баласын алып алғанымен қоймай, үнемі баласын әкеге қарсы қойып отырса, ерегіскен әкелердің алимент төлемей қоюы әбден мүмкін. Өз кезегінде әйелдер эмоцияға тез берілетіндіктен, кейде ішкілікке немесе жеңіл жүріске салынып, бала қараусыз қалып жатады. Мұндай жағдайда бала нендей күй кешеді? Яғни аналарға да әрқашан сене беруге болмайды. Сондықтан шешім шығарғанда сот төрағасы бала үшін ата-анасының қайсысы жақсы тәрбие бере алатынын, қайсысының бала үшін орны бөлек екенін мұқият анықтауы керек. Әсіресе ер бала тәрбиесіндегі әкесінің орны бөлек. Әкесі де баласын өзінде қалдыруға мүдделі болған жағдайда мұны сот төрағасы ескеруі тиіс. Бұрын ер адамдарымыз түзде жүріп, балаларының қасында көбінесе аналары болатын болса, бүгінде көбінесе балаларының қасында әкелері отыратындар да кездеседі. Мұндай жағдайда балалары аналарынан гөрі әкелеріне бауыр басатыны сөзсіз.

Тек ананың мүддесін ескергеніміз соншалық – кейде ерлер балаларынан ғана айырылмайды, бала анасында қалғандықтан, баспананың көбірек үлесі әйеліне тиесілі болып, үйсіз-күйсіз қалып жатады. Мұның өзі мұқият ойластыруды қажет ететін дүние. Егер балаға анасының дұрыс тәрбие бере алмайтыны анықталып, бала әкесінде қалған жағдайда бала кәмелеттік жасқа толғанша анасы алимент төлейтін жүйені де ойластыру қажет. Өйткені бұл отбасы ажырасуының кемуіне өзіндік әсерін тигізер еді. Баланың болашағына бейжай қарап, біржақты шешім шығармай, ажырасу кезінде әкенің де рөлі ескерілсе екен.

Бейтарап пікір
Әуезнұр ҚАЖЕНОВ,
Павлодар облыстық сотының төрағасы:
– Заң бойынша ананың да, әкенің де балаға деген құқығы бірдей. Өз басым сот процесі кезінде ананың да, әкенің де жағдайын мұқият саралай келіп, неғұрлым балаға ыңғайлы әрі бала тәрбиесіне жауапты әкенің немесе ананың қолында қалдыру керек деп ойлаймын. Екеуінің де балаға деген құқықтарының бірдей екенін ескере отырып, екеуіне тең дәрежеде қарау керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста