Орталық Азиядағы саяси тұрақсыздықтан қашқан өзге ұлт өкілдерін Қазақстан қабылдауы керек пе?

Орталық Азиядағы саяси тұрақсыздықтан қашқан өзге ұлт өкілдерін Қазақстан қабылдауы керек пе?

Қазақстан БҰҰ-ның босқындар мәртебесі туралы конвенциясына 1998 жылы қосылып, 2009 жылы «Босқындар туралы» заң қабылдады. Яғни босқын атанған шетел азаматтарын заңға сәйкес, елімізге қабылдай аламыз. Қазірдің өзінде Қазақстандағы ресми тіркелген босқындардың негізгі бөлігін Ауғанстан, Шешенстан, Тәжікстаннан келгендер құрайды екен. Орталық Азия мемлекеттерінде, соның ішінде Қырғызстанда саяси тұрақсыздық орын алып, әлеуметтік жағдай ушығып тұр. Осындай жағдайларды көзімен көрген азаматтар орын алып отырған саяси ахуалдар өмірлеріне қауіпті екенін айтуда. Егер бауырлас халықтар бастарына түскен ауыртпалықтарды көтере алмай, Қазақстанды пана тұтқысы келсе, оларды бауырымызға басып, халқымыздың санын арттыруға бола ма? Міне, осы мәселені мамандардың талқысына салған едік.
makash-tatimov-1

Мақаш ТӘТІМОВ, Орталық Азия университетінің ректоры, демограф:

иә
– Тұрақсыздық жайлаған көршілес мемлекеттердің барлығы да бізге туыстас, бауырлас елдер. Ортақ тарихымызды айтпағанның өзінде, менталитетіміз, мәдениетіміз, тіліміз бен дініміз біртұтас халықтармыз. Сондықтан көршілес елдердегі саяси оқиғаларға байланысты елін тастап қашқан бауырластарымыз болса, ойланбастан елімізге қабылдауымыз керек. Бұл стратегиялық қадам болар еді. Қазір біз Орталық Азия аймағында халқының саны жағынан Өзбекстан алғашқы орында дегенді айтып жүрміз. Ал сол өзбектер кімнің есебінен көбейіпті? Қазір 29 млн тұрғыны бар Өзбекстанның ширек бөлігі қазақтардың есебінен толығып отыр. Іргеміздегі көрші қырғыздарға да қаншама қазақ сіңісіп кетті. «Дүние кезек» деген бар ғой. Сондықтан көршілес елдердің тұрғындары арқылы демографиялық дамуымызды дұрыс жолға қою үшін Қазақстанға үлкен мүмкіндік беріліп отыр.

Кезінде Абылай ханның тұсында да дәл осындай жағдайлар орын алған. Қырғыздар қырықпышақ болып қырылып жатқанда, Абылайдың стратегиялық шешімімен қырғыз елінің солтүстік бөлігін Қазақ хандығының қарамағына алған болатын. Сол кезеңдерде біздің солтүстік өңірлерімізге қырғыздар шоғырланған. Қазір әлі күнге дейін Көкшетау жақта аты ғана қырғыз, заты қазақ болып кеткен қырғыздар бар. Міне, осындай жағдайларды мүлт жіберіп алмауымыз керек. Кейбіреулер «елін тастап қашқандар – сатқындар, оларды қабылдау әсте керек емес» дегенді айтады. Бірақ біз тұрақты, экономикасы қалыптасқан елміз ғой. Осындай кезеңде өзге ұлттарды ассимиляциялау оңай жүргізіледі. Бұл мәселені мемлекеттік билікте жүргендер айтпайды. Себебі бұл мәселе саясиланып, мемлекетаралық жанжалдарға түрткі болуы кәдік. Сондықтан мен сияқты ғалымдар, тәуелсіз сарапшылар осындайды қоғам алдында ашық айтып, пікір қалыптастыруымыз маңызды деп ойлаймын. Көршілес елдерден келген ағайындардан қорықпауымыз керек. Себебі оларды арзан жұмыс күші деп те атаймыз. Қазіргі дамыған мемлекеттердің барлығы да осындай арзан күштердің еңбегіне сүйенген. Қазір біз экономикамызды одан әрі дамыту үшін индустрияландыруға көңіл бөліп отырған шақта жұмыс күші керек болады. Біздің жеріміз байтақ, игерілмей жатқан жеріміз көп. Орталық Азиядағы тұрақсыз жағдайларға төзбей, елінен безіп кеткендерді, жағдай болса, Қазақстанның қабылдағаны дұрыс. Бірақ оларды Оңтүстік Қазақстанның аудандарына шоғырландыра бермей, Солтүстік, Орталық Қазақстанның ауыл, аудандарына қоныстандырған жөн деп есептеймін. Бізге Қытай жағынан демографиялық қауіп бар дейміз ғой. Бірақ Шыңжаң автономиясын игермей, бізге қауіп төндіре алмайды. Оған кемінде 50 жылдай уақыт бар. Бізге алдағы 5-10 жылда демографиялық қысым Өзбекстан жағынан бола ма деп ойлаймын. Міне, осындай бәсекелестік орын алған кезде халық санының аздығы шешуші рөл атқарады. Сондықтан да мен көршілес елдердің азаматтарын бауырымызға салайық дегенді айтып отырмын.

2217

Қабылсаят ӘБІШЕВ,  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы:

Жоқ
– БҰҰ-ның 1951 жылғы «Босқындар туралы конвенциясына» қосылғандықтан, біздің ел өткен жылдың желтоқсан айында «Босқындар туралы» заңды қабылдаған болатын. Бұл құжат бойынша, біз босқындарды қабылдап, оларға азамат ретінде құжаттар береміз. Қазір елімізде босқындар бар. Жоғарыда конвенция туралы айтып өттім ғой. БҰҰ-ның осы бір құжатында екі мәселеге байланысты босқын мәртебесі беріледі деп көрсетілген. Біріншісі – саяси фактор. Яғни мемлекеттің билігіне қарсы шығып, саяси оппозицияның қатарынан көрінген азаматтың өміріне билік тарапынан қауіп төнген жағдайда босқын аталады. Екіншісі – діни фактор. Бұл жағдайда азамат діни көзқарасы үшін қудаланып, ұстанған діні бойынша өлім жазасына кесілген жағдайда босқын деп танылады. Көрші елдерде саяси тұрақсыздық орнағанымен, халықты жаппай қырып-жою, қудалау мәселесі орын алған жоқ.

Сондықтан жоғарыдағы екі факторға сәйкес келмегендер босқын аталып, босқын туралы заң қабылдаған елдерге кіре алмайды. Егер көрші Қырғыз еліндегі оқиғаға қатысқан халықты жазалау туралы шешім қабылданса, онда халық босқын аталып, өзге мемлекеттерді паналай алады. Қазіргі жағдайға байланысты Қырғызстан азаматтары келген жағдайда арнайы комиссия қарап, олардың босқын немесе босқын емес екенін нақты анықтайтын шешім қабылдайды. Әзірге көршілес елдердің ешқайсысынан «босқын болғымыз келеді» деп арыз жазған ешкім болған жоқ. Тағы бір айта кететін мәселе, көршілес елдер мен біздің мемлекеттің арасында жасалған келісімшарттарға сәйкес, Қырғызстан азаматтарының 90 күнге дейін ешбір тексерусіз біздің елге келіп, сауда-саттықпен айналысуына, басқа да жұмыс істеуіне, демалуына рұқсат етілген. Егер үш айда еліне қайтпаса, онда міндетті түрде тіркеуден өтуі шарт. Дәл осындай келісім Тәжікстанмен арада да жасалған. Тәжіктер Қазақстанда 30 күнге дейін еркін жүріп-тұра алады. Ал Ресей, Өзбекстан сияқты өзге мемлекеттердің азаматтары бес күннің ішінде ресми түрде тіркелуі шарт. Егер осы мерзім арасында тіркелмесе, көші-қон полициясы әкімшілік жазаға тартады. Бұрындары өз елінде қылмыс жасамаған, Қазақстанның заңдарын бұзбаған азаматтарға осы мерзім аралығында Қазақстанға келуіне рұқсат беріледі. Ал егер жаңа айтып өткен БҰҰ-ның конвенциясында еліміздің «Босқындар туралы» заңының талаптарына сай келмесе, өзге мемлекеттердің азаматтарын Қазақстанға ешбір себепсіз қабылдай алмаймыз.

Түйін

Маман ғалымдардың пікірі осындай. Бірі игерілмей жатқан бос жеріміз көп, босқындар есебінен халықтың санын арттыру аса қажет десе, енді бірі халықтың санын заңды белден басу арқылы көбейту ағаттық дейді. Тұрақсыз елді мекен ету кез келген азамат үшін қауіпті. Мұндай жағдайда көрші ел азаматтары арасынан «Босқындар туралы» заң қабылдаған Қазақстанның есігін қағып, құжат сұраушылар табылып қалары сөзсіз. Біздің мақсатымыз – осындай жағдайда қандай шешім қабылдау тиімді болмақ деген өткір пікірлерді оқырманға ұсыну ғана.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста