Оқытушыларды қатаң жазалау арқылы жоғары оқу орындарындағы жемқорлықты жоя аламыз ба?

Арнасынан асып ағатын тасқын суды бөгеген сайын басқа арна тауып ағатыны секілді, бүгінде жемқорлықты да ауыздықтаған сайын ірілі-ұсақты арнасы көбейіп, сай-саланы жалмап барады. Халықаралық «Transparency
International» ұйымының соңғы жасаған қорытынды сараптамасына сүйенсек, Қазақстан жемқорлықтың деңгейі бойынша 145-інші орынға жайғасыпты. Жемқорлық етек алған мемлекеттік органдардың алғашқы ондығының көш басында білім саласы тұр. Осыған қарап «білімді ұрпақтың орнына – дәрменсіз , білікті маманның орнына – пәрменсіз парақор азаматтар мен азаматшаларды даярлап жатқан жоқпыз ба?» деген ойға қаласың. ЖОО-дағы жемқорлықты пайдакүнемдерді қатаң жазаға тарту арқылы жоюға бола ма? Осы бір түйткілді мәселені ой таразысына тартқанды жөн көрдік.


Есберген Алауханов, з.ғ.д., про­фес­сор, «ҚР мемлекеттік органдардағы  сы­байлас жемқорлық» атты кітаптың ав­торы:
Иә

– Біздің қоғамда «барлық мә­се­лені ақшамен шешуге болады» деген қағи­даны ұстанатын адам­дар жетерлік. Тіп­ті кейбір «жо­март­тарымыз» өз реті­мен бі­тейін деп тұр­ған істің соңын күт­пей, бі­реуге бір­деңе беруді, тықпа­лауды дағ­дыға айналдырып алған. Мем­лекеттік қыз­­меткер, әсіресе білім беру сала­сының қызметкерлері, ұстаздар, біл­дей білікті мамандар өздерінің бо­йын лас ақшадан таза ұстап, оған ар­бал­май, артық ақша алу­ды әдеттен жат қылық деп түсінбеген жағдайда, олар­ға қатаң жаза қолдану ке­рек. Адам­дар өздерінің ерсі әрекеті үшін жа­заланатынын, қатаң жауапкершілікке тар­тылатынын түйсінгенде ғана олар­дың арасындағы қарым-қатынас пси­хо­логиясында жемқорлық туралы ойға ерік берілмейді. Лауазымды, үстемдікті асыра пайдаланып, біреуден бір тиын артық алу да немесе өз бас пайдасы үшін біреу­ге артық бір тиын беру де жемқорлық болып саналады.
Сондықтан, әсіресе жоғары оқу орын­дарында мұндайға жол бермеген аб­зал. Неге біздің елімізді барған сайын жем­қор­лық жайлап барады, неге сапасыз білім бе­ріліп, білімсіз ұрпақ өсуде? Себебі біз әлі күнге қатаң тәртіпті, бар заңымызды жү­зе­ге асыра алмай келеміз. Кез келген адам қан­дай болса да жемқорлыққа куә бола қал­ған жағдайда бірден тиісті адамдарды әшкерелегеніміз жөн. Ал біз жемқорлыққа куә бола тұрып, оны әшкерелеуге ұм­тыл­­маймыз, заңды құбылыс секілді қабыл­даймыз. Өйткені параны алып та, бе­ріп те жатқандардың бәрі – біреуiміздің та­нысы­мыз, екіншіміздің туысымыз, сон­дық­тан біз оларды саусақпен нұсқап көр­се­ту­­ге ұяламыз. Ал турасына келгенде, біз жемқорды көре тұрып, оған шара қол­да­на алмағанымызға арлануымыз керек. Па­раны көбіне-көп қолында билігі бар, лауа­зымды адамдар ғана ала алады, оны­мен қоймай, ондай адамдар өзге бі­реу­ді парақорлыққа итермелейді. Егер елін шын сүйетін, жұртына жанашыр жан болса, онда ол өзінің материалдық жағ­дайы­на қарағанда, рухани дүниені жо­ға­­ры қояр едi. Өзінің абыройымен қоса қо­­ғамның абыройын ойлаған адам жем­қор­лыққа ешқашан жоламайды. Ал ар мен абыройды аяқасты етіп, тек өзінің құл­қы­нын ойлайтын адамды еңбектен, жалпы қо­ғамнан аластату керек. Мұндайларды бі­лім беру саласына, тіпті жолатуға бол­май­ды. Өйткені олар үшін студенттің білімсіз, ой­сыз, есесіне қалталы болғаны тиімді. Ал­дында отырған шәкірттерден адамды емес, ақшаны көретін ұстаздардың мың жер­ден білімі тасып бара жатса да, біреуге бі­лім мен тәрбие бере алмайтыны хақ. Сон­дықтан «ала берсем, қалтама сала бер­сем» дейтіндерге жалпақшешейлік жа­сай бермей, барынша қатаң жазаны қол­дану қажет.

Амангелді Айталы, философия ғылымының докторы, профессор:
Жоқ

– Пайдакүнемдікке еті үйренген, ардан безген, ақшаға құныққан адам­ға қанша жерден қатаң жаза ар­қылы қорқытқанмен немесе ең­бек­ақысын көтергенмен, нәтиже бе­ре бермейді. Алып үйренген адам ақшаны алғысы келеді де тұра­ды. Жанында дардың ағашы тұрса да «мен оған іліге қоймаспын, мен сияқтылар жетеді ғой, солар ілі­нер» деген оймен құныққан үстіне құнығып, араны ашыла түседі. Ондай адамның психологиясы да осыған үйреніп кетеді. Жемқорлықтың бұра­лаң жолын тек адамгершілік пен имандылық қана кесе алады. Сол се­бепті жалпы қоғамда имандылық тәр­биесін күшейтіп, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасында адам­гершілік принциптері алдыңғы орынға қо­йыл­май, мұны күшке салуға онша ке­ліңкіремейді.
«Қасқырдың аузы жесе де қан, же­ме­се де қан» демекші, жоғары оқу орын­да­рын­да қызмет ететіндердің барлығы пара ала­ды, білім алатындардың барлығы па­ра береді деген түсініктің бар екені рас. Бұған келіспеуге де болады, бірақ «білім саласында жемқорлық мүлдем жоқ» деп кесіп айту да қиын. Парламентте депу­тат болып отырған кезде әлеуметтік сауал­нама жүргізіп, жемқорлықтың ерек­ше етек алған жері сырттай білім алу­шы­лар­да, соның ішінде екінші жоғары білім ала­тындар арасында екенін анықтаған бо­ла­тынбыз. Сырттай білім алушылардың бе­ре­тін парасы дипломды сатып алумен тең. Жанын қинап білім алғысы келмейтін, оқу­ға құлқы жоқ студенттер де бар, соған бейімделген оқытушылар да жетерлік. Жем­қорлыққа бару, бармау жеке адамдық қа­сиетке байланысты. Рухы таза адам жа­ла­қысы аз болса да, көп болса да, біреудің ала жібін аттамайды. Иә, кейде қаржы тап­шылығы, мұқтаждық, материалдық та­ры­ғу адамның адамгершілігін сынға са­латын кездер болады. Бұл сынға біреу шы­дайды, біреу шыдамайды дегендей. Сон­дықтан жалақы мөлшерін көбейту, адам­дардың материалдық жағдайын кө­те­ру жемқорлыққа апармаудың, пайда­кү­немдік туралы ойға берілмеудің бір жо­­лы ғана. Білімнің, адамгершіліктің ір­ге­та­сы мектепте, ұшқан ұяда қаланатын бол­­ған­дықтан, ең алдымен ата-ана, орта мек­­тептегі мұғалімдер балаларға мо­раль­­дық тұрғыда дұрыс тәрбие беру ке­рек. Парақорлыққа қарсы күрес туралы же­ке пән болмаса да, кез келген ұстаз өз та­рапынан осы мәселеге қатысты ойын ба­лалармен бөлісіп, көлеңкелі жағын тү­сіндіріп отырғаны жөн. Ал жоғары оқу орындарында арнайы дәрістер оқылып, жастарға дұрыс бағыт бере білуіміз ке­рек. Жемқорлықпен күресті нау­қан­дық ша­ра ретінде қарап, бір мезгіл жем­қор­лар­ды қатаң жазаласақ, уақыт өте келе па­­рақорлар сәл тыныштықтан кейін қайта қау­лай бастайды. Сондықтан ба­ла­бақ­шадан бастап, мектеп пен жоғары оқу орын­дарының қабырғасында пара­қор­лық­тың жеке адамға да, қоғамға да тигі­зе­тін зияны орасан екендігін нақты дә­лел­дермен айқындап, ұрпақтың санасына жет­кізе білгеніміз абзал.

Бейтарап пікір
Рахман Алшанов,
ҚР ЖОО қауымдастығының президенті:
– Жалпы қоғамдағы адамдардың 70-80 пайызының білім саласына қатысы бар. Сондықтан бұл саладағы ірілі-ұсақты алыс-берістің бәрі есепке алынады. Білім саласындағы мил­лиондаған адамның әрекеті мен басқа саладағы мың адамның әрекетін салыстыруға келмейді. Егер балалар білімге өздері құлшынса, уақыттарын текке кетірмей, тиімді іске жұмсаса, кім оларды күштеп пара алады? Жастардың өз талабы, адам­гер­шілігі, азаматтық көзқарастары қайда? Қазақстанның эко­но­микасы бәсекеге қабілетті елдермен иық тіресуге ұмтылып жат­қан уақытта білімсіз, біліксіз маман өзінен-өзі керексіз болып қалмай ма? Сатып алынған дипломмен алысқа бара алмайтынын жастардың өзі түйсінуі керек. Қазір Қазақстанда жұмыс істеп жатқан шетелдік компанияларда қызмет ететін­дер­дің 20 пайызы қазақстандық жастар. Ал қолында дип­ло­мы бар, бірақ қолынан түк келмейтін адам маман ба? Көкесі бір-екі рет көмектесер, бірақ өмір бір орнында тұрмайды. Бүкіл өмір­ді 1000 теңгемен немесе 100 мың теңгемен есеп­теуге бол­майды ғой.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста