Оқушылардың тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектеп пен ата-ана арасында арнайы келісімшарт болуы керек пе?

Оқушылардың тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектеп пен ата-ана арасында арнайы келісімшарт болуы керек пе?

Шыны керек, қазір ата-аналардың көбі бала тәрбиесін мектеп мұғалімдеріне ысырып қойған тәрізді. Балалар арасында түрлі келеңсіздіктер орын алып жатса, дереу мектеп пен ұстазды кінәлап жататындар бар. Тіпті ең ақыры бала үйінде өзіне-өзі қол жұмсаса немесе жолда келе жатып көлік оқиғасына ұрынса да, мұғалімдерді кінәлаймыз. Өйткені «ұстаз неге баланың жан дүниесіне үңілмеді, суицид жасаудың дұрыс емес екендігін неге айтпады, жол ережесін неге үйретпеді» деп сынаймыз. Бұл қаншалықты дұрыс? Оған тек мұғалім ғана емес, ата-ана да жауапты болуы тиіс емес пе?! Сондықтан кейбір ұстаздар қауымы осындай келеңсіздіктер туындамас үшін ата-ана мен мектеп арасында арнайы келісімшарт болуы керек дегенді алға тартуда. Шынында да, осылай ету керек пе? Бұл ретте мамандар пікірі төмендегідей өрбіді.


Ұлжалғас ЕСНАЗАРОВА, педагогика ғылымының докторы, профессор:
иә
– Қазір ата-аналар бала тәр­бие­сін мектеп мұғалімдеріне артып тас­та­ған. Себебі олардың баланы тәр­биелеп, бақылап, қадағалап оты­ратын уақыты жоқ. Таңертеңнен кешке дейін жұмыста болады. Бірақ ертең оқушы мектепте төбе­ле­сіп қал­са, жанжалдасып қалса, жа­ға­сын жыртып келсе немесе сабақтан екілік алатын болса, ата-ана дереу мек­тепке келіп, дау шығарып жата­ды. Бұ­ған тек мұғалімдерді ғана кінә­­лайды. Егер оқушы нашар оқы­са, оған неге тек мұғалім жауап­ты бо­­луы тиіс? Сонда ата-ананың жауап­­­кершілігі қайда? Мәселен, бала өз үйінде сабаққа дайындала ма, жоқ па – оны мұғалім қайдан біле­ді?!  
Оны ата-анасы қадағалауы тиіс емес пе? Оған не үшін ұстаз жауап беруі керек? Тіп­ті кейбір ата-аналар қазақшылыққа салынып, қыдырып келемін деп, баласын үш-төрт күнге алып кете салады. Осы ара­лықта бала мектеп бағдарламасынан қалып қойып, кейін басқа оқушыларға ілесе алмай жатады. Мұндай кезде баланы себепсіз сабақтан қалдырғаны үшін неге ата-ана жауап бермеуі керек? Сондықтан барлық кінаратты мұғалімдерге арта бермей, ұстаз қай жерде, ал ата-ана қай жерде балаға жауапты екендігін нақтылап алуымыз керек. Сонда ертең келеңсіздік орын алса, ата-ана мен мектеп арасында дау-жалжал туындамас еді. Егер біз мұн­дай келісімшарт жасамасақ, онда ата-ана мен мұғалімдер арасында түрлі түсін­бес­тіктер орын ала беретін болады. Сондықтан мұны келісімшарт арқылы нақты реттеп, әрқайсысының міндетін, құқығын айқын­дап алуымыз тиіс. Мысалы, бала үйіне мектептен ауырып келсе, ата-ана дереу «мұғалімдер қадағаламаған, мектеп мейір­бикелері не қарап отыр?» деп сын тағып жатады. Ал мейірбике болса, «жоқ, ол мектепте емес, өз үйінен ауы­рып келді» деп басқаша айтады. Сосын тағы да дау туындайды. Осындай келеңсіздіктер орын алмас үшін келісімшартты нақтылап алуымыз керек. Тіпті кейде осын­дай даулардың ақыры сотқа дейін барып жатады. Егер әлгіндей келісімшарт болатын болса, онда наразылық туын­дамайтын болады.
Қазір ата-аналардың көбі жиналысқа келмейді. Баласының мектептегі жағдайымен қызық­пай­ды. Сөйтіп отырып мұға­лімді кінәлайды.
Бала тәрбиесі біржақты болса, нәтиже күткендегідей болмайды. Сон­дықтан ата-аналардан өз міндеттеріне өте жауапкершілікпен қарап, ұрпақ тәрбиесін тек мектепке ысырып қоймағандарын қалар едім. Бұл үшін ата-ана мектеп ұжымымен тығыз байланыста болып, өз баласының әрекетін бақылауда ұстауы қажет. Балаға отбасында қалыпты жағ­дай­дың сақталуын, оқуына қажетті мате­риал­ды қамтамасыз етуін, мектеп жарғысын орын­дау, баланың уақытында тұрып, кешікпей сабаққа келуін қадағалауы тиіс.
Мектеп пен ата-ана ынтымақтаса жұмыс жүргізсе, балаға тиісті көңіл бөлініп, олармен санаса білсе, келешектің шын жанашыры, елдің арқасүйер азаматтары тәрбиеленіп шығары сөзсіз.


Мұрат ӘБЕНОВ, Мәжіліс депутаты:
жоқ
– Баланың тәртібі мен қауіп­сіз­дігін қамтамасыз ету үшін арнайы ке­лісімшарт жасап, құжат тол­ты­ру­дың қажеті жоқ деп есептеймін. Бұл жерде тек әркім өз міндетін тия­нақ­ты атқаруы тиіс. Ата-ана баланы дүниеге алып келгеннен кейін оның дені сау, тәртіпті болуына, мектепке барып, білім алуына жауапты болуы қажет. Ал мектеп мұғалімдері бала­ның өз деңгейінде білім алуын қам­тамасыз етуі тиіс. Егер біз мектеп пен ата-ана арасында арнайы бір ке­лісімшарт жасауға рұқсат берсек, онда ертеңгі күні оны ата-аналар мен мұғалімдер бала тәрбиесін бір-біріне сілтеп, жауапкершіліктен қа­шу мақсатында пайдалануы мүмкін. 
Тіпті оларды бір-біріне қарсы қойып алуымыз ғажап емес. «Мынаған дейін – мен, ал, анадан ары қарай ата-ана жауап береді, менің жұмысым жоқ» деп мұғалімдер шығып тұрса, қайт­пек­піз? Бұл жерде ата-ана да, мұ­ғалім де балаға деген жауап­кер­шіліктен қашпауы қажет.Мұғалім оқу­шының үйіне барып, оның үй жағдайымен танысып отыруы тиіс. Егер келісімшарт жасалса, мұғалім жұмыстан соң оқу­шының үйіне бармаймын деп шығуы да ғажап емес. Сондықтан екі жақ та бірдей тәрбие беруі тиіс. Одан да мұғалім мен ата-ана арасындағы адам­гер­шілік байланысты нығайтуға, бір-бірімен тығыз қарым-қаты­нас­та жұмыс жасауға үгіттеуіміз керек. Сонда ғана біз баланың тәртібі мен қауіпсіздігін қадағалай алар едік. Сондай-ақ мұның балалар арасындағы қыл­мыс­тың алдын алуға да септігі тиер еді. Бұл жерде ата-ананың бала тәрбиесін мұға­лім­дерге жүктеп қойғаны жөн емес, ең үлкен жуапкершілік бәрібір ата-анада бо­луы тиіс деп есептеймін.
Өкініштісі сол, біз ұлттық дәстүрді, ұлттық тәлім-тәрбиені жастардың бойына сіңіруді ұмыт қалдырдық. Оның ішінде ата-ана мен бала арасындағы қазақи қарым-қатынас, ата-әже мен немеренің арасындағы сүйіспеншілік жойылып барады. Батыс елдері де осы жағдайды басынан өткерген. Онда да ата-аналар күні бойы жұмыста болып, баламен ісі болмай, ал балалар өзімен-өзі жүріп, мұның ақыры ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынас алшақтап, тіпті бірін-бірі сотқа беретін жағдайға жеткен. Сондықтан біз бала тәрбиесіне қатысты шетелден жаңа әдіс іздемей-ақ, ұлттық менталитетімізге, ұлттық дәс­түрімізге сүйеніп, мектептерде халықтық педагогиканы жаңғыртуымыз қажет. Бұл мәселенің шешілуі тиіс түйіні осы деп есептеймін.

Бейтарап пікір
Ғалия ӘМІРТАЕВА,
«Ар-намыс» республикалық мұғалімдер мен оқытушылардың мүддесін қорғау қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
–Мұны шешу үшін біз ата-ана мен мектеп арасында келісімшарт емес, «Білім туралы» Заңға нақты өзгерістер мен толықтырулар енгізуіміз керек. Бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне ата-ананың қандай жауапкершілігі бар, мұғалім қалай әрекет етуі тиіс, осының барлығы айқындалуы қажет. Бұл жерде мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, ата-ана­лардың жауапкершілігін арттыруымыз тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста