Өнер ұжымдарының басшылығына, жергілікті биліктің емес, ұжымның өзі таңдап алған кадрды тағайындау керек пе?

 Өнер ұжымдарының басшылығына, жергілікті биліктің емес, ұжымның өзі таңдап алған кадрды тағайындау керек пе?

Осыдан бірер күн бұрын Тараздағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында шу шықты. Онда қара шаңырақтың жас әртістері театрдың бас режиссері, әрі көркемдік жетекшісі Қамат Қасеновтың жұмыстан кетуін талап еткен. Олардың айтуынша, Қасенов мырза өнерге қиянат жасап қана қоймай, ұжымның да беделін түсінген. «Жылына бар болғаны 4 спектакльді сахналап, оның үшеуі мамандар тарапынан  өткір сынға ұшырады. Салдарынан көрермен алдында масқара болдық. Негізінен біз басында сырттан келген қонақтан көп үміт күткен едік. Алайда арада бір жыл өтпей жатып, оның театр саласындағы қарым-қабілеті төмен, адамдармен мүлде тіл табыса алмайтындығын аңғардық», – дейді әртістер. Облыстық мәдениет басқармасының шақыртуымен келген Қырғызстан азаматы болса өзінің алған бағыты дұрыс, жұмыс көрсеткіштері жоғарғы деп ақталуда. Орын алған ұжымдық жанжалға байланысты «Алаш айнасы» сайты «Ой-көкпар» айдарына «Өнер ұжымдарының басшылығына, жергілікті биліктің емес, ұжымның өзі таңдап алған кадрды тағайындау керек пе?» деген тақырыпты талқыға салып көрген еді.


ИЯ
Айтқазы БАЙБЕК, «Алматы» телеарнасының бас режиссері, профессор:
– Мен бұл мәселеде толықтай келісемін.. Шынында да шығармашылық адамдар топтасқан ұжымдағы басшылық қызметке маман таңдағанда өте сақ болған жөн. Неге десеңіз әр ұжым сапалы өнім өндіре алмаса, халық алдында да, мамандар алдында да сынға ұшырайтыны анық. Сондықтан театр, филармония секілді ұжымға басшыларды таңдау құқын жергілікті әкімдіктен алып, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Мәдениет комитетіне берген абзал. Олай дейтінім әкімдіктегілер республикалық деңгейдегі  дарынды маман, танымал тұлғаларды тани бермейді. Ал комитеттегілер сол қызметке әлдебіреуді  ұсынарда міндетті түрде ұжыммен ақылдаса, олардың талап-тілектеріне құлақ асса жаман болмас еді. Және бір емес, бірнеше адамды қатар ұсынып, солардың ішінен екі жаққа да тиімді маманды таңдап алу керек. Олай болмаған жағдайда жұмыстың жүрмейтіні, сапаның өнбейтіні анық. Менің білетінім комитеттің сөрелерінде небір талантты режиссерлер туралы мәліметтер жатыр. Солардың ішінен лайықтыларын іріктеп алып, қызметтерге тағайындау керек.     


ЖОҚ
Қадырғали КӨБЕНТАЙ, актер, сазгер, бард, әнші, мәдениет қайраткері:
– Қажет маманды, ұжымның өзіне таңдату артықтау болар.  Неге десеңіз ұжымға таңдау құқын беретін болсақ, әр қайсысы өзінің туғанына, жерлесіне тартып, трайбализмге бой алдыруы әбден мүмкін. Одан қай жақ болса да ұтпасы анық. Ал әкімдіктегілер кадрды таңдай алса, таңдап берсін, тек олардың тағайындаған адамы қазіргі заманның талабына сай ұйымдастырушы, жан-жақты білімді, көпшілікпен тіл табыса алатындай болуы керек. Олай болмаған жағдайда ең алдымен көрерменге қиянат жасаймыз. Ал, бұл, барып тұрған әдепсіздік, барып тұрған немқұрайлылық. Қысқасы, Бас режиссер қырғыз болсын, басқа болсын үлкен сенім артылған жұмысты барынша тыңғылықты, барынша жоғарғы деңгейде істеу міндет болып табылады. 

Бейтарап пікір:
Жаңыл МЕРСИМОВА, актриса, ақын:
– Жалпы дамыған елдердің театрларында «БАСТАР» болмайды. Менің айтпағым «Бас режиссер», «Бас директор», «Бас есепші» немесе «Бас суретші» деген штат жоқ. Есесіне әр спектакль режиссеріне, актер, артрисасына жеке-жеке құрметпен қарайды. Ондағы өнер ұжымдарында бір ғана басшы болады ол – директор. Оның жұмысы театрды көпшілікке таныту, көрермен тарту, қаржылық мәселелерді шешу секілді міндеттермен ғана шектеледі. Қажет болған жағдайда еден де жууы мүмкін. Және кадр таңдауда бір өзі шешім қабылдамайды. Ал келген маманға алдымен өзін көрсетуге мүмкіндік береді. Сосын барып қана жұмысқа қабылдайды. Есесіне өзіне жүктелген міндеттерді дұрыс атқармаған адамға қояр талабы жоғары. Жалқаулыққа бой алдырған адаммен ұзақ сөйлеспейді..

«Алаш айнасы»

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста