Наурызда Қазақстан азаматтарына ұлттық киім киюді міндеттеу керек пе?

Наурызда Қазақстан азаматтарына ұлттық киім киюді міндеттеу керек пе?

Әлемнің бірқатар елдерінде ұлттық киім киюді міндеттейтін ішкі тәртіп бар. Әсіресе шенеуніктерге қатысты мысалдарды көп келтіруге болады. Алысқа бармай-ақ Грузия, Қырғызстан, Түрікменстан елдерінен ұлттық киім киюді міндеттеудің әртүрлі жолдарын көруге болады. Жыл он екі ай қазақы ою таңбаланған киім киіп жүруді міндеттемесек те, дәстүрлі мерекелерімізде қазақша киінетін үрдіс қалыптастыруға бола ма? Бұл бір жағынан жастарға өнеге боларлық бастама. Алайда біреулер мұны адам құқына нұқсан келтіреді дегенді айтады. Енді біреулер бұл шара төл руханиятымызды жаңғыртатын, тәрбиелік мәні бар ұсыныс дегенді алға тартады.


Сұлтанәлі Балғабаев, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары, жазушы:
иә
– Ортақ идеология қалып­тастыра алмауымыздың себебінен ұлттық мәселеде көп нәрсе ше­шімін таппай жатыр. Әрине, заң бойынша міндеттеу механизмі жоқ шығар. Дегенмен міндеттеудің басқа да түрлі жолдары бар. Біріншіден, бұқ­аралық ақпарат құралдары арқылы әсер ету керек деп ойлаймын. Адамның сана-сезіміне жеткізе айтатын болсақ, соның өзі міндеттеумен тең.Екін­шіден, жаңа жыл мерекесі кел­генде мектеп оқушыларына түрлі киімдерді киіп келуді мін­деттейді ғой. Ата-аналар қия­лына ерік беріп, қымбат ақшаға неше түрлі киім сатып ала­ды. Сол сияқты наурыз ме­рекесінің де өз ерек­шелігі бар. 
Жоғары оқу орындарында да түрлі ме­ре­келік шаралар өтіп жатады. Сол ша­ралардың барысында ұлттық киімге ба­сымдық берсе несі жаман. Жыл сайын елі­міздің қалаларында, орталық алаң­дарында наурызға арналған концерттер бе­ріледі. Алаңға шығып, мерекені тама­ша­лайтын көрермендер де ұлттық киіммен шық­са өздері үшін, балалары үшін қызық­ты болады. Мұны түсіндіру үшін жаңағы айт­қанымдай, насихат жұмыстары керек. Өкі­нішке қарай, бізде осымен айналысатын ме­кеме жоқ болып тұр. Бұл бағытта ешкім жү­йелі жұмыс жасап жатқан жоқ. Тек киім­ге қатысты емес, жалпы, Наурыз мерекесін, ұлт­тық мерекелерді қалай тойлау керек­ті­гінің жүйесі әлі жоқ. Әркім өз қалауынша, әр­кім өз сценарийімен, әркім өз ойына кел­ген нәрсені ұсынып жатыр. Сондықтан еліміздегі мерекелерді атап өтудің фор­масын бір мекемеге жүктеп беру керек деп ой­лаймын. Жергілікті ішкі саясат бө­лім­де­рінің де қолынан талай нәрсе келеді. Кейде қа­ла орталығындағы концерттік қойы­лым­дарды, шараларды ұйымдастырып жүрген адамдардың өздері мерекенің фило­со­фия­сын дұрыс түсінбейтіндей көрінеді. Ұйымдастырушылары түсінбесе, халықтан не күтеміз? Сондықтан ортақ сценарий керек деп ойлаймын..
Наурыз мерекесін Өзбекстан мен Тә­жік­станда  атап өткен болсаңыз, қызық кө­рі­ніске тап болар едіңіз. Жалпы, бұл ха­лық­тар мерекеде ғана емес, жай күндері де ұлт­тық киімдерін тастамайды. Көшеде қыз­дардың жылтырақ матадан тігілген ұлт­тық киіммен кетіп бара жатуы – заңды құ­былыс. Ал мереке күндері бұл көрініс тіп­ті жанданып кетеді. Ер азаматтары да, әйелдері де өздеріне жарасымды үлгідегі киімдерді киіп шығады. Біз сол туыс елдерімізден үлгі ала алмай отырмыз.


Тасбай Симамбаев, қоғам қайраткері:
жоқ
– Мұндай талапты әскерде­гілерге енгізуге болар еді. Себебі олар кез келген бұйрыққа бағынуға әзір. Мынадай бейбіт өмірде жөн-жосықсыз бүйректен сирақ шы­ғара берудің қажеті қанша? Қазақстан азаматы қандай киім киемін десе де өзі біледі, себебі оның консти­туциялық құқы бар. Әйтеуір жала­ңаштанып, әдептен асып кетпесе болғаны. Киетін киімін де мемлекет таңдап берсе, бұл шектен шық­қандық болар еді. Кейбір әкімдер мен шенеуніктер түрлі отырыстарда осындай ұсы­нысты айтып қалады. Меніңше, бұл – жалған пат­рио­тизмнен туындаған популистік ұран. Біреулер ерікті түрде, өз қалауымен киіп шығамын десе оған қол шапалақтау керек. Ал кигісі келмесе және өз еркі. 
Екінші жағынан қазақша киімді заңмен міндеттеу мүмкін емес. Ол үшін Конститу­цияны өзгертуге тура келер еді.
Соңғы кездері біздің қоғам тым са­уықшыл болып бара жатқан сияқты. Қазақ киім­ді былай қойғанда, жалпы, ойын-са­уықты қысқарта тұру керек деп есептеймін. Ше­неуніктер жағы наурыздың бес күн де­малысын қалай игереміз деп алақан­дарын ысқылап отыр. Кейбірі Дубайға, Кипрға апаратын ұшаққа билет алып қойды. Тап қазір еліміздің барлық аймақтарында су көтеріліп жатыр. Алдымыздағы бес күн ішінде қай жерде қандай оқиға орын аларын бір құдай біледі. Сондай қауіпті кезеңде жауапты адамдардың барлығы қыдырып жүрсе біз оларды қайдан тауып алмақпыз? Қазірдің өзінде Қарағандыда жүздеген үйлерді су басып жатыр. Халық далада сүмірейіп жүр. Олардан «Жатар жерің бар ма?» деп сұрап жатқан ешкім жоқ.
Ұзын сөздің қысқасы, біздің патрио­тизм киімнен емес, халыққа жанашырлық танытудан көрінуі керек. Қазақтың қа­зақылығы сырт келбетімен емес, рухани күштілігімен, экономикасының қуатты­лығымен есептеледі деген түсінікті қабыл­дайтын кез жетті. Түрлі жалаң ұрандарға ере бергенше, бір-біріміздің жағда­йы­мызды ойлайық. Қазақстан дүниежүзіндегі халқы ең көп демалатын елдердің қата­рында. Бұл дұрыс емес. Сенбі, жексенбіні қо­сып есеп­тесек, наурызда айдың жар­тысын демалыспен өткізеді екенбіз. Әрбір се­бепке демалыс береміз, жылдың ая­ғында «Бюд­жеттің ақшасы неге иге­ріл­меді?» деген дау басталады. Құрылыс нысан­да­рының жұмыстары тоқтап қалады. Сосын оны өткізетін уақыт таяғанда бе­ті­міз­ді сы­лап-сипап жататынымыз да – тағы да ша­ла­­лығымыз.

                                     Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Түйін
Әрине, заңмен міндеттеу мүмкін емес. Дегенмен Наурызды қарсы алу үшін алаңға жиналған, түрлі концерттік шараларға баратын қазақтардың ұлттық киім киюін үрдіске айналдыру үшін оны ұйымдастыру  қажет екені анық. Әсіресе орта және жоғары білім беру мекемелері ішкі тәртіптері арқылы да көп нәрсені жүзеге асыра алады. Әрине, жібек-дүрия матадан тігіліп, асыл моншақпен көмкерілген киімнің болуы шарт емес. Ұлттық ою-өрнек, қазақы атрибуттары бар киімнің өзі біз үшін жеңіс болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста