Мемлекеттің көмегінсіз отандық туризм өз бетінше дами ала ма?

Мемлекеттің көмегінсіз отандық туризм өз бетінше дами ала ма?

Туризмнің қай елде болмасын, экономикалық саланы дамытудың бір жолы ретінде қаралатыны рас. Біздің елде де бұл саланы дамытуға қатысты іс-шаралар кеңінен жүргізіліп, айтылып жүр. Өткен жылы ҚР экс Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтіп, онда Қазақстанның туристік саласын дамыту мәселелері талқыланды. Туризм саласын да­мыту жөніндегі аталмыш шаралар Елбасының «Әлеуметтік-эко­номикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты ба­ғыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы тап­сырмаларына сәйкес әзірленген еді. Содан бері туризм сала­сына мемлекеттен көп қаржы бөлініп, көмек көрсетіле бас­тағаны аян. Ал «қазіргі таңда бұл салаға мемлекеттік көмек көрсетудің қажеті жоқ» деген пікір айтылып жүр. Осы пікірді мамандардың талқысына салып, «Мем­лекеттің көмегінсіз отандық туризм өз бетінше дами ала ма?» деген сұрақты ортаға тастауды жөн көрдік.


Илья ФИШМАН, Қазақ географиялық қоғамы ғылыми кеңесінің мүшесі:
иә
– Жалпы, Қазақстанда туризм саласын дамытуға арналған түрлі іс-шаралар жүргізіліп, жекеменшік ком­паниялар мен туристік агент­тік­тер де бұған атсалысуда. Бірақ бұл шаралар туризмді дамытуға же­тер­лік деңгейде атқарылып жатыр дей алмаймын. Тіпті «туризм саласына мем­лекеттен қаржы бөлінуі керек» деген пікірді де қолдамаймын. Елі­мізде туризмнің дұрыс дами алмай отыруы біздің бұл салада дұрыс менеджмент қалып­тас­ты­рып, дұрыс жұмыс істей алмауы­мыз­да болып отыр. Әрине, «туризмді дамыту ке­рек» деп барлық жауап­кер­шілік пен жұмысты белгілі бір ұйымға немесе агенттіктерге итере салу дұрыс емес. Бірақ бұл саланың дұрыс дамы­май отыруы дұрыс бағдарламаның жоқ­­ты­ғынан сияқты көрінеді.   
Әлемде қан­шама ел осы туризмнің ар­қасында күн көріп, бүкіл әлемге әйгілі бо­лып отыр. Тағы да қайталап айтқым ке­леді, ол елдерде ту­ризмді мемлекет емес, мем­ле­кетті туризм асы­рап отыр. Яғни біз бел­гілі бір ұйым­дар мен туристік салада қыз­мет етіп жүрген кәсіп­орындарға қаржы бөліп, мем­лекеттік қолдау осы деп қарап отырмауымыз ке­рек. Шет мемлекеттер бұл саланы қа­лайша бүгінгі дәрежеге дейін көтергенін зерт­тегеніміз жөн. Солардың тә­жірибесін ес­керген абзал. Менің бай­қа­ға­ным, олар­да насихат, ақпарат, жар­на­ма жұ­­мыстары жақ­сы жолға қойылған. Бір­де шетелдік ту­ристің бірімен кездесіп қа­лып, оның не­ліктен Қазақстанға келгісі кел­генін сұ­радым. Ол маған: «Қазақстан жай­лы еш мә­лімет жоқ, сол үшін өз кө­зім­мен көріп қай­туға келдім», – деп жауап бер­­ді. Яғ­ни біз ең алдымен ту­ризм­ді да­­мыту жо­лын­дағы жұ­мыс­тарды ақ­па­рат та­ра­тудан бас­тауымыз ке­­рек. Ту­ризм та­­­­лаптары жо­­ға­ры сервисті қа­жет ет­­пей­тін ту­рис­тер­мен дамиды. Олар­­­­дан түскен қа­ражатты орын­ды жұм­­сай білсе, ин­фра­структура ақы­­рын­дап жөнге келеді. Ға­лым­дар ЮНЕС­КО-ның жүр­гізген са­уал­­на­ма­ла­рының нә­тижесі бо­йынша ту­ристердің 70%-ы жо­­­ғарғ­ы сер­вис пен ерек­ше жағдайды күт­пей­тін­дігін анық­таған.  Яғ­ни ту­рис­тер­ге ша­­­тырлы ту­­ризм­нің өзі жет­­­кі­лікті. Қа­зақ­­стан­да ту­ризм үшін бәрі бар. Ту­ризмді да­мыту жайлы сөз ет­кен­­де көп азаматтар сөзді үлкен қа­­­ражат талап етуден бас­тайды. Бі­рақ бар мәселе қа­ражатқа ті­реліп тұр­ған жоқ қой. Әрине, инфра­струк­тураның да­муы­на мемлекеттің көмегі ке­рек шығар, бі­рақ қит етсе қаражат сұрай бе­ру дұрыс емес. Ал Қазақстан жайлы ақ­парат тарату кез келген туристік компа­ния­ның қолынан ке­леді және оны олардың қалтасы да көте­ре­ді деп ойлаймын. Бұл де­геніміз, отандық туризм мемлекеттің кө­мегінсіз-ақ өз бе­тін­ше дами алады де­ген­ді білдіреді емес пе?


Оразалы СӘБДЕН, экономика ғылымының докторы, академик:
жоқ
– Туризм шынымен-ақ, эконо­ми­каны дамытудың ең бір тиімді жол­дарының бірі десе де болады. Бірақ біздің елдегі отандық туризм­нің мемлекеттің көмегінсіз өз бетін­ше дамуы екіталай. Себебі туризм мәселесі мемлекеттік қол­дауға зәру. Бұл саланы дамытуға арналған кез келген іс-шара ол туризм туралы заң­ның айна­ла­сында, заңның шең­берінде орын­далуы тиіс. Туризм – біздің тарихи, мәдени дамуы­мыз­ды, сондай-ақ бай гео­г­рафиялық жері­міз­ді дүние­­жүзіне паш ететін сала. Бұл байлық – елдің, халықтың, мем­ле­кеттің байлығы. Сондықтан туризм саласы мемлекеттің көз­қа­ра­сын­сыз, мемлекеттің саясатынсыз да­ми алмайды деп есептеймін.     
Соңғы кез­де­рі туризм саласында жұ­мыс істеп жүр­ген кәсіпорындар мен осы са­ла­ның мамандарына қатысты не­ше түр­лі пікір айтылып жүр. Егер мем­лекет бұл саланы дамытуды қол­ға ал­са, әрине тікелей ара­ласуы керек. Сон­дықтан «ту­ризм өзін-өзі асы­рап, өзін-өзі қаржыландыруы тиіс» де­ген пікірмен келіспеймін. Мем­лекет қар­жы­лан­дыр­сын, бі­рақ сол қаржыны жұм­сап, жұ­мыс істеп отыр­­ған мемлекеттік емес ұйым­­дардың жұмыс нә­ти­желері жі­­ті назарда бол­сын, қоян-қолтық жұ­мыс жүр­сін. Жобаларды да мем­­­лекет пен же­ке кәсіп­орын­дар бірлесіп құрас­тыр­сын. Сонда ғана отан­дық туризмнің тасы өрге до­­­ма­­лайды. Жалпы, туризм сала­сының ке­ше­гі күнмен салыстырғанда жағ­­да­йы жақ­сар­ғанға ұқсайды. Бірақ мем­­ле­кеттік жал­пы кірістің 30 пайызын туризм құ­райтын Түр­кия сынды елдермен са­лыс­тыруға әлі бол­майды. Қаншама үл­кен жо­балар бар, бірақ олардың бар­лығы сәтті шыққан  жоба деп айта алмаймыз. Демек, одан мемлекет еш пайда көрмейді. Сон­дықтан бүгінгі таңда біздің туризмнің мем­лекетке көп пайда әкелмек түгіл, өз бе­тін­ше өр­­кен­де­уіне де күші жетпейді деуге бо­­лады. Мы­салы, жақында «Түркістанды ру­ха­ни ас­танаға айналдыру керек» деген ұсы­ныс айттым. Және Түркістан мен Кен­тау­ды қосып, рухани-технологиялық клас­тер құру керек деген де менің идеям еді. Яғни Түркістанды рухани жағынан, Кен­тауды тех­нологиялық жағынан дамыту. Бұл клас­тердің ішінде туризм кластері де бар. Де­мек, «Түркістан» кластері дегеніміз – жал­ғыз Түр­кістанға ға­на емес, бүкіл Қа­зақ­станға қатысты деген сөз. Бұл жерде Та­раз да, Шарын да тағы­сын-тағылар бо­луы мүмкін. Осылайша, біз ту­ризмді да­мытып, елімізді бү­кіл әлемге та­ныта ала­мыз, тек мем­ле­кет­тің қол­да­уымен ғана. 

Бейтарап пікір
Юлия Наоменко, «Гүлнар Тур» туристік компаниясының бас маманы:
– Қазақстандағы туризм саласының аса бір биік деңгейге көтеріліп кетпегені рас. Бірақ дамып келе жатыр. Алайда еліміздегі туристік компаниялардың жұмыстары мен өзіндік тәжірибелерін де естен шығармауымыз тиіс. Десек те, Қазақстан жайлы ақпараттардың аз екені өтірік емес. Бірақ қазіргі таңдағы туризм мемлекеттің көмегіне зәру деген пікірмен келіспеймін. Тек дұрыс жұмыс істей білуіміз қажет. «Көш жүре түзеледі» демекші, уақыт өте келе, бұл саланы да әлемдік деңгейге көтеретінімізге сенімдімін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста