«Мемлекеттен тегін берілетін әлеуметтік пәтерлерді жекешелендіруге тыйым салу керек» деген ұсыныспен келісесіз бе?

«Мемлекеттен тегін берілетін әлеуметтік пәтерлерді жекешелендіруге тыйым салу керек» деген ұсыныспен келісесіз бе?

Жуырда Өңірлік даму министрлігінің вице-министрі Серік Нокин Мәжіліс депутаттарына «алдағы уақытта мемлекет есебінен тегін берілген әлеуметтік пәтерлерді жекешелендіруге тыйым салу керек» деген ұсыныс тастады. Өйткені кезек жыл сайын 50-60 мыңға өседі екен. Мамандар мұндай құбылыстың бір себебі әлеуметтік пәтер иеленушілердің алған баспанасын сатып немесе туған-туысының атына жаздырып қайта кезекке тұруында екенін айтады. Баз бір мамандар тамыр-таныс арқылы тегін пәтер алып, жалға беріп отырғандар да бар дейді. Тіпті бір қаладан әлеуметтік пәтерге қол жеткізген азаматтардың, басқа қалаға тіркеуге тұрып, әлеуметтік пәтер кезегіне қайта жазылатын жайлардың бар екендігі де жасырын емес. Алайда бұл пікірмен келіспей, «бұл азаматтардың құқығына қол сұғу болып табылады. Сондықтан да бұл мәселені осы салаға бақылауды күшейтіп, жауапкершілікті арттыру арқылы қол жеткізуге болады» деушілер де бар. Сондықтан осы ұсынысты мамандардың талқысына салуды жөн көрдік.


Расул ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы:
иә
– Мемлекеттен тегін берілетін әлеу­мет­тік пәтерлер міндетті түрде мем­ле­кетке қайта қайтарылуы керек. Қазір Ұлы Отан соғысының ар­дагерлеріне, әлеуметтік жағ­дайы төмен отбасыларға арналған, сондай-ақ мүгедек жандарға ар­нап тұрғызылған әлеуметтік бас­па­на­лар, әлеуметтік пәтерлер бар. Ол тек Астана мен Алматы қала­ла­рын­да ғана емес, респуб­ли­ка­мыз­дың түкпір-түк­пі­рін­де бой кө­те­руде. Олардың құны нарықтағы ба­ғадан бірнеше есеге төмен. Алайда сол әлеуметтік пәтерлер тек халыққа еңбегі сіңген, соғысқа қа­тыс­қан ардагерлерге немесе мүм­кіндігі шектеулі азаматтардың қо­лына беріліп жатқан жоқ. Олай дейтінім – қазір мемлекеттен берілетін тегін пәтерлер төңірегінде алаяқтық пен сыбайлас жем­қорлық кең етек алған.  
Әлеуметтік ахуалы өте жоғары, бір ба­сында бірнеше пәтері бар адамдардың өзі тамыр-таныстың арқасында әр аймақтан бір-екі пәтер алып, сатып жатыр. Әйтпесе бір рет кезектен тыс, тегін, мемлекеттің әлеу­меттік пәтері берілген адамға екінші, үшінші, төртінші рет пәтер беріп, оны атына жаздырып алу қарапайым адамның қолынан келе бермейді. Демек, жоғарыда отырған танысы бар, пара берерлік ақша­сы бар адамдар ғана әр қаладан пәтер ала алады. Сол пәтерді не сый ретінде туысына береді, не сатады, не жалға өткізеді. Жал­пы, мұндай проблема қазір ғана емес, со­нау 80-90-жылдарда да болған. Ондаған жылдар өтсе де, сақталып келе жатқан осы олқылықтың барлығы – сыбайлас жем­қорлықтың терең тамырлануының көр­сет­кіші. Қарап тұрсаңыз, 10 емес, 20-30 жыл бойы пәтердің кезегінде тұрған азаматтар әлі күнге баспанаға қол жеткізе алмай жүр, тіпті кейбірі сол кезекке жетпестен өмірден өте барады. Ал алаяқтық жолмен өз мүм­кін­шіліктерін шектен аса пайдаланатындар болса әділ жолмен кезегін күткендердің алдын орап, қос-қостан баспаналы болып жатыр. Әсіресе Алматы мен Астана қала­ла­рында мұндай келеңсіздік көп кездеседі. Бірер жыл елордамызда да тұрдым. Астанадағы ең өрескел жағдай, ол – тегін пәтерлердің бір-бір пәтерлеп емес, аудан-аудан болып тегін берілгендігі. Әсіресе орталық аудандарда бос тұрған және жал­ға берілетін пәтерлер көп. Шамамен 50-70% пәтер бос тұр, яғни мемлекеттен тегін алып алған да, Алматыға көшіп кеткен де­ген сияқты мысалдар баршылық. Сон­дық­тан мемлекеттен тегін берілген пәтерлер уақытша табысталып, ардагерлер немесе мүгедектер өмірден озғаннан кейін мем­лекетке қайтарылғаны дұрыс болады деп есептеймін. Егер әлеуметтік жағдайы тым төмен отбасылар болса, оларға 10 жылға жалға беріп, кейін Үкіметке қайтару қажет, 10 жылда отбасының материалдық ахуа­лын көтеріп алу әбден мүмкін. Ал «же­ке­ше­лендіру» деген бұл тұста барып тұрған тонау­шылық деп есептеймін.


Жеміс ТҰРМАҒАМБЕТОВА, «Адам құқығы хартиясы» қорының басшысы:
жоқ
– Конституцияға сәйкес кез келген аза­мат жекеменшік баспанамен қам­ты­луға құқылы. Егер қазіргі «Қол­же­тім­ді баспана» бағдарламасы бойын­ша мемлекеттен уақытша тұруға пәтер алғандар болса, олар өз аттарына, әрине, шығара алмайды. Ал әу бастан-ақ келісімшартқа отырысқан тарап­тар­дың құжаттарында «кейін сатып алу» талабы көрсетілсе, ақысы толық төлен­геннен кейін жекешелендіріледі. Ал Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, мүге­дектер мен көпбалалы отба­сы­лар­ға берілген әлеуметтік пәтерлерді қа­лайша тартып алмақпыз? Әсіресе ар­дагерлердің қарасы қазір азайып бара­ды. Әншейінде «Қазақстан өте бай ел» дейміз. Олай болса Үкіметтің тегін үйін саусақпен санарлық қана қал­ған ардагерлерден аямайық?!   
Статистикалық көрсеткіштерге қарасақ та, мүгедектер мен көпбалалыларға үйіп-төгіліп үй беріліп жатқаны шамалы. Сонда мемлекеттің өзі берген пәтерді азамат­тар­дың өз атына шығармағанда кімнің атына жазбақпыз? Ардагерлер тегін пәтерін баласына қалдыра ма, немере-шөбересіне қалдыра ма – өзі біледі. Жеке басым таза еңбегімен қол жеткізген пәтерін жекешелеп беруді мемлекеттік борыш деп есептеймін. Алаяқтық жолмен, тамыр-таныспен, сы­бай­лас жемқорлықпен бірнеше баспаналы болып жатыр деген әңгімеге ерушілік дұрыс емес. Себебі біздің заң көппәтерлі болуға тыйым салмайды, демек, біз бір басында бірнеше үйі барларға да заң бұ­зу­шылар ретінде қарай алмаймыз. Мы­са­лы, ҰОС ардагері қайтыс болса, оның ар­тын­да қалған ұрпағы қаңғырып кетуге тиісті ме? Немесе өмір бойы мүгедек бо­лып, бүкіл ғұмырын қиыншылықта өт­кер­гендер өмірден өтсе, оның қасында бол­ған, емдеп-күткен жақын туыстары ту­ғанынан айырылып қана қоймай, да­ла­да қалуы керек пе? Жеңіс күнінде өз кө­зім­мен көрдім, көзіміздің қарашығындай сақ­тауымыз тиіс аз қалған ардагерлердің не денсаулығы, не кейбірінің дұрыс бас­па­насы жоқ. Шынымды айтсам, қараудың өзі – ұят. Ал бұл проблема сонау 2005 жылы, Ұлы Жеңіске 60 жыл толмай-ақ шешілуі тиіс болатын. Үкімет қай салада үнем жа­сап, қай саланың жеңілдіктерін қыс­қар­тса да, мемлекеттен берілетін әлеуметтік пә­тер­лерге шектеу қоймауы тиіс. Себебі бұл пәтерлер бекерден-бекер емес, шын мә­нінде мұқтаж, еңбегі бар, тегін баспанаға тұрарлық азаматтарға ғана беріледі. Енді сол мақсат-міндетімізді орындай алмасақ, несіне мемлекет болып отырмыз?! Біз өр­ке­ниетті, дамыған 30 әлем елдерінің қатарына енуге ұмтылған ел емеспіз бе?! Демек, біз ардагерімізді де, мүгедектер мен көпбалалы отбасыларымызды да сыртқа тебе алмаймыз!
                                      Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бейтарап пікір
– Мемлекеттің тегін пәтерлерін тек жалға беру керек деген ұсынысты іс жүзінде қолға алмас бұрын әр әлеуметтік топқа жеке-жеке тоқталған жөн деп есептеймін. Мысалы, ҰОС ардагерлеріне тегін пәтерді уақытша беру дұрыс емес. Олардың еңбегі мен қоғамдағы қарттарға деген көз­қарасты ескерер болсақ, бұл мемлекеттік қателік болады. Қазір білуімше, әлеуметтік аз қамтылған 200 мың азамат пәтер кезегінде тұр. Ал бір жылда 1-2 мың адамға ғана пәтер беріледі. Сондықтан жекешелендіру мәселесі, жалпы, баспанамен қамту мәселесін шеше алады дегенге сену қиын. Одан да сол әлеуметтік баспаналардың санын ұлғайтып, «Қол­же­тім­ді баспана» бағдарламасының ерекшеліктері мен мүмкіншіліктері жө­ніндегі ақпаратты кеңейту қажет. Әйтпесе бұл бағдарламаның артық­шы­лығы мен шарттары әлі де толық емес.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста