Мемлекет құрушы ұлт ретінде өзге ұлт өкілдерін қазақы рухқа топтастырудың жауапкершілігін сезіне алып жүрміз бе?

Мемлекет құрушы ұлт ретінде өзге ұлт өкілдерін қазақы рухқа топтастырудың жауапкершілігін сезіне алып жүрміз бе?

Әлемдік тәжірибе үшін мемлекет ішіндегі шағын ұлт өкілдері мемлекеттің негізін қалап отырған этностың төңірегіне топтасуы – қалыпты жайт. Еуропалық үлгідегі елдің қай-қайсысын алсаңыз да, осы үрдісті байқайсыз. Алайда бұл мәселе Қазақстанда тартыс тудырып келгені жасырын емес. Бізде Тәуелсіздіктен бергі 20 жыл аралығында қазақтардың мемлекет құрушы ұлт екеніне күмәнмен қарайтындар да табылды. Алайда қазіргі жағдай өзгере бастағаны мәлім. Әлемдік тәжірибеге сүйене оты­рып, өзіндік жол қалыптастырып келе жатқан Қазақстанның мемлекет құрушы ұлты өзге ұлт өкілдерін қазақы рухқа топтастырудың жауапкер­шілігін сезініп жүр ме? Міне, осы сауалды зиялы қауым өкілдеріне қойған едік.


Сайын Борбасов, саясаттану ғылымының докторы, профессор:
иә
– Өзге ұлт өкілдерін қазақы рухқа топтастыру жолында аз жұмыс жа­са­лып жатқан жоқ. Нәтижесі де бар­шы­лық. Мемлекеттік саясат тұрғысынан ал­сақ та, жалпы, қоғамдық тұрғыдан қа­расақ та, қазір мемлекет құрушы ұлттың ме­рейі үстем. Өткен аптадағы Қа­­­зақ­стан халқы Ассамблеясының оты­­­ры­сынан-ақ көп нәрсе түюге бо­латын шы­ғар. Өзге ұлт өкілдері қа­зақ­тың маңына топ­тасуы қажет екенін тү­­сінді және оны ашық айта бас­тады. Мысалы, бізде кейде Қа­зақстан халқы Ас­сам­блеясына қатысты сын айтып жатады. Түсіне білсек, бұл құ­рылым – өзге ұлт өкіл­дерін қазақы рухқа топ­тас­­тыру жо­лын­дағы жоба, топтас­ты­рушы құрал.
Қазір ҚХА-ның күн тәртібінде қазақ тілін, тарихын, салт-дәстүрлерін наси­хаттау сияқты мәселелер басты орында тұр. Екіншіден, Қазақстандағы басқа ұлттың өкілдері, әсіресе интеллигенция қазақ зиялы қауымының шешуші рөлін мойындайды. Біздің зиялы қауым елдегі ғылым мен мәдениеттің қозғаушы күшіне айналып келеді. Осының өзі – топтас­тырушы фактор. Саясатты былай қойған­да, тіпті шоу-бизнес пен эстрадамызға қарап-ақ бірер нәрсе байқауға болады. Барынша қазақыланып келеді. Өзге ұлт өкілдері тілі келмей жатса да, міндетті түрде бірнеше әнін қазақша айтуға тырысады. Операға барып көрсеңіз де, осы құбылысты байқайсыз. Балаларын қа­зақ мектебіне беретін ата-аналар көбейіп келеді. Сондықтан мен қазақ ұлты өзінің топтастырушылық рөлін атқара алып жатыр дер едім. Әрине, проб­ле­малар жоқ деп айтпаймын. Мысалы, тіл мәселесі әлі де болса шешімін тапқан жоқ, мәдени бағытта да атқарылатын істер жетіп-артылады. Дегенмен қуантарлығы, біз осы бағытта келе жатырмыз ғой. Түбі шешімін табады.
Жалпы, өз басым Қазақстан халқы Ассамблеясын тиімді мекеме ретінде әу бастан қолдадым және оның тиімділігіне әлі де көз жеткізіп келемін. Меніңше, бұл мекеме Қазақстандағы өзге ұлт өкілдерін мемлекеттік ұстанымға, сол арқылы қазақы дүниетанымға шақыратын құ­ралға айналды. Егер бұл мекеме болмаса, өзге ұлт өкілдері бас-басымен кетіп, әркім өз идеясын дамытуға тырысар еді. Қазір қалай? Қазір барлығына өз мәдениетін қатар алып жүруге мүмкіндік берілген, сөйте тұра, оларға қазақ тілі мен мәде­ниеті басты орында екенін үздіксіз түсін­діріп отырмыз.


Айдос Сарым, саясаттанушы:
жоқ
– Бізде өз ұлтымыздың аясында шек­телу, оқшаулану құбылысы бай­қа­лады. Оның да түрлі себебі бар. Біз өз мәдениетіміздің, өрке­ние­тіміздің ше­карасын әлі анықтап болған жоқпыз. Әлі де болса та­рихи жады­мыз­ды толық қалып­тас­тырып үлгер­медік.
Өзге ұлт өкілдерін қазақы мәде­ниетке топтастыру былай тұрсын, өзі­міздің мемлекет құрушы ұлт еке­ні­мізді өзіміз де толық сезініп болмай жат­қан жайт бар. Біз қандай мем­ле­кет құрып жатырмыз, қай бағытта жүріп барамыз деген сұрақтарға мардымды жауап тапқан жоқпыз. Ал­дымен осын­­дай кесек-кесек сұ­рақ­тар ортаға тас­та­луы керек.
Содан кейін оған жауап ізделінеді. Өзге ұлт өкілдерін, этностарды өзімізге жа­қын тарту үшін біздің ұстанымдарымыз қандай болу керектігін анықтап алғаны­мыз игі еді. Ұлттық саясатымыздың кей тұстары әлі күнге дейін 80-90 жылдардың ұранымен жасалып жатыр. Ескі көз­қарас­тардан, ескі қағидалардан шыға алмай, бір орында айналшықтап тұрған тұс­тарымыз бар. Мемлекет құрушы ұлт өкілдерінің осыған наразы болатыны да орынды шығар. Осы ескі түсініктен арыла алмауымыз біздің жыл­дам дамып, үлкен ұрандар көтеруі­міз­ге кедергі болып жатқан сияқты. Оны қа­­лып­тастырудың жолы жоқ емес. Жа­қын­­да Елбасы да «2050 жылға жақын біз толыққанды ұлттық мемлекетке айна­ла­мыз» дегенді айтты. Яғни бұл үрдістің дұрыс екенін, солай болуы қажет екенін мем­лекеттің өзі де мойындап отыр. Менің ойым­ша, 2050 жылды күтіп отырудың қажеті жоқ. Қазір­ден сол бағытта жұмыс­тар жасалғаны дұрыс. Түбі ұлттық мем­ле­кетке айна­ла­тынымыз анық болса, уақыт жо­ғалтудың қажеті қанша? Ол үшін қазір­ден бастап тарихи шындықтар айтылуы қа­жет. Бүгін­­­гідей мерекелер кезінде кон­церт­тер өткізумен шектеліп қалмай, сал­м­ақ­ты жобалар жасағанымыз абзал. Жал­пы, «біз қандай мемлекет құрып отыр­­мыз, бірлікке қалай қол жеткізе­міз?» деген сияқты тақырыптарда талқы, сұхбат, на­си­хат болу керек. Әрине, ондай талқылау­лар­ға өзге ұлт өкілдерін де қосып, бірлесе отырып жасалса. Әйтпесе бұл мерекені олар өздерінің мерекесі деп түсініп, өз түсінігі бойынша атап өтеді. Біз өзімізше оқшауланамыз. Бола­шақта бір ұлт, бір ағзаға, ұлт­тық мемлекетке айна­ла­тынымызды көп насихаттау қажет.
                                      Абай ОМАРОВ (коллаж)

Бейтарап пікір
Алтай Тайжанов, ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, философия ғылымының докторы, профессор:
– Өзге ұлт өкілдерін қазақ идеясына топтастыру бағытында жұмыс жасалып жатқан жоқ деп кесіп айтпаймын. Дегенмен біз оны толық сезініп жатқан жоқпыз. Еш уақытта, ешқашан көпшілік өз бетінше саяси-әлеуметтік мәнді іздеген емес. Көпшілікті ұйымдастыру керек, бағыттау керек. Бұл нәрсе өздігінен, стихиялы түрде жүзеге аспайды. Яғни осы бағыттағы жұмысты күшейту үшін бізге бағдарламалық, кешенді жұмыс қажет. Өзге ұлт өкілдерін қазақ идеясына топтастырмас бұрын мемлекет құрушы ұлттың өзімен жұмыс жасау қажет. Әркім әр тұстан «біз қазақ едік» деп айқайлағаны жөн емес. Оны мемлекет жүйелі түрде жүзеге асыруы қажет. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында  «Қазақстан – көпұлтты белгісі бар бірегей ел» деп нақты көрсетеді. Енді сол стратегиялық бағдарлауда айтылған бастамалар орындалуы керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста