Мектеп қабырғасындағы репетиторлық қызмет директордың бизнесіне айналып кеткен жоқ па?

Мектеп қабырғасындағы репетиторлық қызмет директордың бизнесіне айналып кеткен жоқ па?

Әрбір оқушының Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балл алғысы келетіні белгілі. Сондай-ақ оқушының жоғарғы көрсеткішке қол жеткізуі мұғалім үшін де, мектеп директоры үшін де маңызды. Өйткені егер оқушылары ҰБТ-да төмен көрсеткіш көрсетсе, мектеп директорының басына таяқ тиері сөзсіз. Сондықтан да мектеп басшылығы ҰБТ-да ұятқа қалмаудың жолдарын қарастырып, бар амал-шараны жасап бағады.  Сондай шараның бірі – мектеп мұғалімдерінің оқу ордасы қабырғасында ақылы репетиторлық қызмет көрсетуі. Алайда «бұл қызметтің мақсаты – оқушының білімін шыңдау емес, ол мектеп директорының бизнесі» деген пікір айтылып жүр. Әрине, мұнымен келіспейтіндер де бар. Осыған орай, «Мектеп қабырғасындағы репетиторлық қызмет директордың бизнесіне айналып кеткен жоқ па?» деген сауалды мамандардың талқысына салып көрген едік.


Бақытжан ДҮЙСЕНБАЕВ, Қызылорда қалалық №264 мектеп-лицей директоры:
иә
– Бизнес деген не? Бір сөзбен айт­қан­да, бизнес дегеніміз – ақ­ша табу. Демек, мек­теп қабыр­ға­сында ақылы ре­пе­ти­торлық қызмет көрсетіліп, мұғалім сол ар­қылы ақша тауып жатса, ол бизнес жа­сап жатыр деген сөз. Әңгіме ақшаның мөл­шерінде не кімнің ақша тауып жат­қанында емес, әңгіме мектеп қа­быр­ға­сында бизнес жасалып жат­қа­нында. Мен оны нақты ди­рек­тордың немесе мұғалімнің биз­несі деп айта алмаймын. Бәл­кім, мұғалім мен ата-ана өз­ара келісіп жасайтын  шығар. Егер мұғалім ақылы ре­пе­ти­тор­лық қызметті мектеп қа­быр­ғасынан тыс жерде жасап жүрсе жә­не ол оның кәсіби міндетін атқаруға кедергі келтірмесе, оған ешкімнің қар­сылығы жоқ.
Ол үшін мектеп директоры жа­уап та бер­мейді. Ал енді мұғалімдер мектеп қа­быр­ғасында ақылы репетиторлық қыз­мет жасап жүрсе, оған ең бірінші жауап­ты адам – мектеп директоры. Бұл, ең ал­дымен, мектептің, сонан соң мектеп ди­ректорының атына сөз келтіреді. Сон­дықтан мектеп директоры білім ор­да­сының  және басшысының атына мін бо­лып жармасатын іске жол бермеуі ке­рек. Мәселен, мен өз мектебімде мұ­ға­лім­­нің ақылы репетиторлық қызмет көр­се­­туіне рұқсат бермеймін. Егер ата-ана «ба­­ламның білімін шыңдаймын, ре­пе­титор жалдаймын» десе, қазір ондай қыз­­мет көрсететін орталықтар, арнайы ма­­мандар баршылық. Бізде де бі­ті­руші сынып оқушылары ре­пе­ти­тор­лар­дың көмегіне жүгініп жатады. Бірақ мек­теп қабырғасында емес, арнайы ор­­та­­лыққа барады. Ал «ақылы ре­пе­титор­­лық қызмет жасаймын» деген мұ­ға­лім­­дер жазғы демалыс кезінде сондай ор­­та­лықтарға барып жұмыс істеуіне бо­ла­ды.
Басқа жақтарда қалай екенін біл­мей­­мін, бірақ біздегі репетиторлық орта­лық­тың жұмысына менің көңілім тол­­майды. Өйткені сол орталықта бі­лімін шың­­дап, жақсы нәтижеге қол жет­кізген ба­­ланы көре алмадым. Мектепте оқу­шы­­лардың білім деңгейін, Ұлттық бір­­ың­ғай тестілеуге дайындығын тек­серу үшін сынақ өткізіп отырамыз. Сол кезде бай­қағаным, репетиторлық ор­талыққа ба­рып жүрген оқушылар бұ­рынғы көр­сеткіштен жоғары балл жи­най алып жүр­ген жоқ. Сонда ол ор­та­лықтан не пайда? Сон­дықтан да мен ата-аналарға «ре­пе­титорлық орта­лық­қа босқа ақша бер­ген­ше, бала­ла­рыңыздың сабақтан бос уа­қыт­та ме­к­теп­ке қосымша сабаққа келуін қа­­да­ғалаңыздар. Қажет болса, мек­тепке қо­лынан жетектеп келіңіздер» деймін.
Мектепте қосымша сабақ тегін өт­кі­зіледі. Оған қоса, бала өзінің бұрыннан дәріс алып келген мұғалімімен жақсы түсініседі. Ал бала репетиторлық орта­лық­тағы мұғалімнің тәсілін ұғынғанша да біршама уақыт өткізіп алады. Жалпы, оқушының білімін шың­дап, біліктілігін арттырып жатса, ондай репетиторлық орталықтарға қар­сы­лығым жоқ. Бірақ мектеп қабырғасында мұ­ғалімдердің ақылы репетиторлық қыз­мет көрсетуін қолдамаймын.


Әбдімәжит ӨТЕШ, Алматы қалалық №178 лицейдің директоры:
жоқ
– Мектеп қабырғасындағы ақы­лы репетиторлық қызмет көрсетуді мек­теп директорының бизнесі де­ген­мен келіспеймін. Тіпті соны биз­нес деп айтудың өзі артық. Бұл – мұ­ғалім мен ата-ананың ара­сында ке­лісіп, жасалып жүрген шаруа. Он­дай мұғалімдер де көп емес. Ақылы ре­петиторлық қыз­мет­ті өзіне се­не­тін, білімі мен бі­лік­тілігі жоғары мұ­ға­лімдер ғана жа­сай алады. Өйткені ақы төлеген соң, ата-ана ол қыз­мет­тен оң нә­тиже кү­теді. Яғни мұ­ға­лім өз ісіне жа­уап бе­реді. Бізде мә­селенің ба­йы­бына бар­май жа­тып, «ой, ол мек­теп ди­ректо­ры­ның іс­теп жүр­гені ғой» деп, сырт­тай топ­шы­лай бе­реді. Әрине, мек­теп қа­быр­­ғасында болып жат­қан әр істі мек­теп директоры ба­қы­лап оты­ра­ды және соған жауапты.
Мәселен, директорлар мұғалім­дер­дің мектеп қабырғасында ақылы ре­пе­титорлық қызмет көрсететінін біледі. Бі­рақ оған мектеп директоры араласпайды және оған шектеу қоймайды. Оның қа­же­ті де жоқ деп ойлаймын. Себебі бұдан еш­кім зәбір көріп отырған жоқ. Ата-ана да бұл іске ерікті түрде барып отыр. Қала берді, бұл бәріне бірдей тиімді. Мысалы, оқушылар ҰБТ-да жоғары көрсеткішке қол жеткізіп жатса, ол ең алдымен бала мен ата-ана үшін қуаныш, сонан соң оны дайындаған мұғалім үшін абырой, әри­не, бұл мектептің де, мектеп дирек­то­рының да беделін арттырары анық. Егер сондай оң нәтиже беріп жатса, ондайдан неге бас тартуымыз керек?
Әрине, мұның заңға да қайшы тұс­та­ры бар шығар. Бірақ мұны заңдастыру қиын, тіпті мүмкін емес. Мұғалімнің мер­зімдік, сабақтан бос уақытында тап­қан 15-20 мың теңгесін заңдастыр деу ада­милық тұрғыдан да дұрыс болмас. Ал бұлай істеме, заңдастыр деп тыйым салар болсаңыз, білікті мұғалімнен айы­рыласыз. Қазір жекеменшік мектептер бі­лікті мұғалімдерді өздеріне тартып, үгіт­теп жүреді. Оған қоса, жекеменшік мек­тептерде жалақы да жоғары. Содан соң тағы бір айта кетер жайт, мектеп мұ­ғалімдерінің қызметі қымбат та емес. Мұ­ғалім ата-аналардың жағдайын ес­ке­ре отырып ауызекі келіседі. Сондай-ақ ол ақша мұғалімнің қолына бірден түс­пей­ді. Бір ата-ана сол сәтінде берсе, енді бірі тапқан кезінде береді. Ал репе­ти­тор­лық орталықтардың, жеке ре­пе­ти­тор­лардың қызмет ақысы өте қымбат. Мұ­ғалімнің қолына нақты тиіп отыр­маған, тиер-тимесі беймәлім болмашы ақ­шаны бизнес деп атау және оған мек­теп директоры серіктесіп отыр деген тіптен қисынға келмейді.
                                      Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бейтарап пікір
Нұрболат АЙЕКЕШОВ, әлеуметтанушы:
– «Таяқтың екі ұшы болады» дегендей, бұл мәселенің де екі жағы бар. Егер заңдық тұрғыдан қарайтын болсақ, әрине, бұл дұрыс емес. Заңға сәйкес, егер азамат ақылы қызмет көрсететін болса, онда ол кәсіпкер болып табылады. Демек, ол салық органына кәсіпкер ретінде тіркелуі керек не болмаса сол қызметіне патент алып, мемлекетке тиісті салығын төлеп жұмыс істеуі керек. Ал бұл жұмыстың мерзімдік екенін және табысының да шамалы екенін ескерсек, заңдастыру деген қисынсыз сияқты. Егер мектеп қабырғасындағы репетиторлыққа тыйым салсақ, онда ата-ана өзара келісіп, мұғалім қосымша сабақты үйінде жүргізуі мүмкін. Ал бұл екінші бір заңбұзушылыққа әкеледі. Мұны мектеп басшылары реттей алмайды. Сондықтан мектеп қабырғасындағы ақылы репетиторлық қызметті Үкімет деңгейінде сараптап, қажет болса заңдастыру керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста