Мектеп бітірушілерге ЖОО-ға түсу үшін тест не емтихан тапсыру еркіндігін беру керек пе?

Мектеп бітірушілерге ЖОО-ға түсу үшін тест не емтихан тапсыру еркіндігін беру керек пе?

Мектеп бітірушілердің білім деңгейін тест арқылы тексерудің енгізілгеніне 10 жылдан асса да тест төңірегіндегі шу толастар емес. Сондықтан тестке жыл сайын өзгерістер енгізіліп, тестіні барынша жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Соңғы жылдары тестіні екі қайтара тапсыру оқушылардың психологиясына кері әсер ететіні ескеріліп, мектеп бітіру сынағы мен ЖОО-ға түсу сынағы біріктіріліп, Ұлттық бірыңғай тестілеуге айналды. Бірақ әлі де болса «тестіден емтихан дұрыс еді» деген пікірлер айтылып қалады. Осыған орай мамандар «тест тапсыру кезінде оқушылардың пікірі ескерусіз қалуда. Сондықтан мектеп бітірушілерге ЖОО-ға түсу үшін тест не емтихан тапсыру еркіндігін беру керек» деген пікір айтуда. Мектеп бітірушілерге таңдау құқығының берілуі тест төңірегіндегі мәселені шеше ала ма? Мамандар пікірін тыңдап көрген едік.


Иә
Ғалия ҚАЙДАУЫЛҚЫЗЫ,
ҚР білім беру ісінің үздігі:
– Белгілі бір дәрежеде мектеп бітірушілердің таңдау құқығының болғаны дұрыс. Мәселен қазір ҰБТ төңірегінде дау көп. Бірақ осы көп даудың ішінде оқушылардың пікірі ескерусіз қалып жатады. Ал шын мәнінде тестімен жұмыс істейтін негізгі тұлға оқушы ғой. Ендеше оқушыға таңдау құқығы берілуі тиіс. Ол таңдау негізінен оның таңдайтын болашақ мамандығына байланысты болуы керек. Мәселен мектеп бітіруші болашағын шығармашылық саламен байланыстырып, журналист, актер немесе биші болғысы келсе оларға тест шұқылап отырудың қажеті қанша?! Одан гөрі болашақ журналист немесе болашақ актер әдеби ауызекі сөйлеу қабілетін, жазу машығын көрсетсін. Болашақ мамандығына деген машығын емтихан арқылы дәлелдесін.
Қазір «тест балаларымызды сөйлеуден айырды, ауызекі тілдесуде шорқақ» деген секілді сындар көп айтылып жүр. Ендеше сол сыннан қорытынды шығарып, оларды емтихан арқылы сынайық. «Мектеп бітірушілерге таңдау құқығы берілуі керек» дегенде мамандығына қарай осындай таңдау құқығын беруді қолдаймын. Шын мәнінде әділ жүргізе білсек оқушыларға таңдау құқығын бере отырып, емтихан мен тест тапсыртудың маңызы зор. Бақылау бар жерде заңсыздықтар да орын алмайды. Біз әбден жемқорлықтан қорқып қалдық та, бақылау қиынға түседі деп жаппай балаларға тест тапсыртқызып оларды таңдау құқығынан айырып отырмыз. Бұл дұрыс емес. Мектеп бітірушілер болашақ таңдаған мамандығына сай сынақ тапсыруы керек. Біз өз дәрежесінде бақылау мен қадағалау жасай алмаймыз деп қорыққандықтан ғана жаппай тест тапсыртқызып отырмыз. Жеткілікті дәрежеде бақылау жасай алмайтын болсақ ол балалардың емес қоғамның кінәсі. Сондықтан мектеп бітірушілерге таңдау берілуі керек. Есесіне мұндай жүйе арқылы балалардың болашақ мамандығынан адаспауына әсер ете аламыз.
Айта кетер жайт бұл жерде барлық мәселе тестке деген сенімсіздіктен туындап отырған секілді. Өйткені тестті сынап жүргендердің барлығы «бұрынғы емтихан тапсыру жүйесі жақсы еді» дегенді айтып жүр. Шын мәнінде ол кезде де жемқорлық болды. Сондықтан өткенді көксеуді емес, қолда бар жүйені дамытуды ойлау керек.


Жоқ
Ұлжалғас ЕСНАЗАРОВА,
педагогика ғылымының докторы, ББЖ КБАРИ профессоры:
– Жоқ, мектеп бітірушілерге ЖОО-ға түсу үшін тест не емтихан тапсыруға таңдау құқығын берудің қажеті жоқ. Жалпыға ортақ бірдей ереженің болғаны дұрыс. Әйтпесе шудың көкесі мектеп бітірушілер ЖОО-ға түсу үшін екіге жарылып, емтихан мен тест тапсырған соң болады. Онсыз да жыл сайын бір ҰБТ-ның айналасында туындайтын мәселе жетерлік. Енді оған емтихан тапсырушылардың шуы қосылатын болса, не болады? Негізі қазіргі жүйеге – ҰБТ-ға менің көңілім толады. Мектеп бітірушілер бір-ақ рет сынақ тапсырады. Тест жауаптарын арнайы қондырғы тексеріп шығады да, балын есептеп береді. Бітті. Ренжісең жауапты дұрыс белгілемеген өзіңе ренжисің.
Өз басым тестіден гөрі емтихан тапсыру кезінде адами фактор көп орын алады деп ойлаймын. Тест жауаптарын қолға түсіру қиын. Соңғы жылдары тест жауаптары мемлекеттік құпия құжаттардың қатарына еніп, бақылау мен қадағалау тіпті күшейді. Мұндай қадағалау бар кезде оқушылар тек өз біліміне ғана сенуге тырысады. Ал емтихан тапсыру кезінде емтихан қабылдаушылар бұра тартуға тырысады. Тестіге қарағанда емтихан кезінде «бармақ басты, көз қысты» көбірек орын алады. Әсіресе ауылдық жерлерде барлық оқушы бірауыздан сынақты емтихан түрінде таңдауы мүмкін. Ал ауылда бәрі бір бірін таниды. Қолдан жоғары нәтиже дайындау оңай. Оның үстіне барлық оқушы сынақты жалпыға бірдей ортақ тәртіппен тапсырмаған соң олардың білім деңгейін анықтау мен бағалау да қиынға түседі. Негізі мектеп бітірушілердің білім деңгейін тест арқылы анықтау әділ шешемі деп ойлаймын. Қазір дамыған елдердің барлығы оқушылардың білім деңгейін бағалауда тестілік әдіске сүйенуде. Олар оқушылардың білімін бағалаудың әділ жолы осы тест деп біледі. Сондықтан әр жүйеге бір секірмей осы ҰБТ жүйесін ұстанғанымыз дұрыс деп ойлаймын. Тек тестіні әлі де болса жетілдіре түсуіміз керек. Тестіні қолданғанына талай жыл болған елдердің тәжірбиесіне сүйеніп, оны өзімізге енгізуге тырысуымыз керек.
Сынақ кезінде таңдау құқығы, таңдау еркіндігі деген болмауы керек. Сынақ әркімнің ойына келгенін істеу емес. Жалпы оқушылардың білімін сынау екенін естен шығармауымыз керек. Шынын айтсам соңғы кездері білім саласында жүйе көбейіп кетті. Екі педагогтың басы қосылып, бірдеңе айтса соны жүйе қылып енгізгенше асығамыз. Осындай көп өзгертудің салдарынан жыл сайын мұғалім мен оқушы «биыл тағы қандай өзгеріс енгізіледі» деп екі қолын ысқылап күтіп отыратын болды. Мұндай көп жүйе білім сапасына кері әсер етеді. Сондықтан жүйе жаңартуға емес, білім сапасын көтеруге жұмыс істеген дұрыс.

Аман ДҮЙСЕНБАЕВ, Алматы қалалық ЖББ №58 мектептің ұстазы:
– Бұл жерде балаларға таңдау еркіндігі берілуі керек деген пікірдің айтылуына тестке қатысты туындаған шу түрткі болып отырған секілді. Сондықтан біз алдағы уақытта осы шуды азайтуға, тестке күмән туғызуға себеп болып отырған мәселелермен күресуге тырысуымыз керек. Шын мәнінде бұл жерде балалардың пікірінің ескерілуі емес, олардың білімін әділ бағалау маңызды. Айта кетер жайт дәл қазір тест көптеген елдерде кеңінен тараған. Тестінің балы да арнайы қондырғы арқылы есептеледі. Демек тестілік жүйе барынша әділ. Тек оның әділ өтуін, тест жауаптарының күні бұрын оқушылардың қолына түспеуін қамтамасыз етуіміз керек. Кейбір елдерде балалардың таңдаған мамандығына бейімі бар жоғы да тест арқылы анықталады екен. Сондықтан алдағы уақытта бізге тестілік әдісті жетілдіруді ойлау керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста