Мал азығының мемлекеттік сақтандыру қорын құру арқылы шаруаларды тығырықтан алып шыға аламыз ба?

Мал азығының мемлекеттік сақтандыру қорын құру арқылы шаруаларды тығырықтан алып шыға аламыз ба?

Кеше Ақмола облысында бүтін бір ауылдың шаруалары атқарушы билікке базынасын айтты. Олар қысқа деп жинаған жем-шөптері мүлде таусылғанын айтып «Арқаның қытымыр қысынан мал басын аман алып шыға алмаймыз» деп қынжылып отыр. Нақ қазір Шығыс Қазақстан облысының да бірқатар аймақтарында шаруалар жем-шөпсіз қалып отыр. Сондай-ақ солтүстік өңірлердегі шаруалардың да басты уайымы осы жем-шөп мәселесі болып тұр.
Жалпы, қыс келсе бітті, ауылдағы бұқараның уайымы да қалыңдай түседі. Бұл жылда орын алатын жайт. Былтыр мемлекеттік органдардың біразы «мал азығына қатысты мәселеден сабақ алдық» дегенімен, биыл тағы да мал азығынан таршылық көріп, жем-шөп бағамын бақылауда ұстай алмай отырмыз. Мұндайда «мүмкін, бізге мал азығының мемлекеттік сақтандыру қорын құру керек шығар» деген ой өзінен-өзі туындайды. Алаш айнасы осыған байланысты «сақтандыру қорын құру арқылы шаруаларды тығырықтан алып шыға аламыз ба»  деген сауалды мамандар талқысына салып көрді.


Иә...
Атамұрат Шәменов,
экономика ғылымының докторы, профессор:
- Бұл өте орынды көтеріліп отырған ұсыныс. Алаш айнасы бұл мәселені қайта-қайта қаузап, діттеген жеріне жеткенше көтеруі тиіс. Үкімет тарапынан қанша жерден субсидия, дотация беріліп жатқанымен, осыбір саланы біз қалтарыста қалдырып алдық. Мысалы, қазірде Үкімет басындағылар мал басының өсімі сол арқылы ет және ет өнімдерінің экспортын молайту жайын жиі сөз етеді. Бірақ мал азығы турасында ұтымды реформалар жоқтың қасы. Сонда өзіңіз ойлаңызшы, азығы жоқ малды қайтіп өсіреміз?! Біздің қазақта «үй боламын десең отауыңды сайла» деген бір нақыл сөз бар. Бұл маған тура осы саланың кем кетігін көрсетіп тұрған қанатты сөз тәрізді көрінеді. Себебі, біз  шетелден асыл тұқымды мал басын алдыру, оны өсіру, мал бордақылау орындарын салу жайында сөз етеміз де, ал сол малдың сапалы азығын даярлау, оны қиын жағдайларға сақтау жөнінде жақ ашқымыз келмейді. Осылайша  мемлекеттік жем-шөп қоры даярланбаса да мал басын өсіргіміз келеді. Мемлекет қанша жерден шаруаларға дотация бөлгенімен, субсидия қарастырғанымен мал азығының сақтандыру қорларын құрмасақ, қандайда бір қиын жағдайда шаруалар бәрібір тарығып қалады. Сондықтан мұндай сақтандыру қорлары бізге керек. Сол сақтандыру қорларының аясында қытымыр қыста тарығып қалған шаруаларды жем-шөппен қамтуды қолға алғанымыз дұрыс.  Мұндай сақтандыру қорларына жем-шөп сақтау оның бағасының да тұрақты болуын қамтамасыз етеді. Мәселен, биыл жем-шөптің бағасы былтырғыдан да қымбат. Бұл жылда қайталанатын жайт. Бүгінде бір мәшине шөптің бағасы қайсыбір аймақтарда  50-60  мың теңгеден айналып тұр. Қорасында 20 қойы, 3 сиыры бар шаруаға осыбір уақ-түйек малын қыстан аман алып шығу үшін кем дегенде 4 мәшине шөп қажет. Сонда бағасын 20 мың теңге деп есептегеннің өзінде  4 мәшине шөбіңіз 200 мың теңгені «ұрып» тұр. Оған мал азығының «төресі» саналатын арпа, сұлы, соя тәрізді жем атауларын қоссаңыз, қарапайым шаруаға  қыстан абдырамай шығу үшін кем дегенде 200 мың теңге қаражат қажет. Ал мұндай қаржысы жоқ ағайынға бүгінде малын арзан  бағаға саудалап, базар жағалап әуре болуға тура келеді. Сонда біз қайтіп мал басын өсіреміз? Сондықтан елде мал басын арттырып, ет және ет өнімдерінің экспорты арқылы еселеп табыс тапқымыз келсе, алдымен осы жайтты ескергеніміз абзал. Осыған орай мемлекет тарапынан зерттеу жұмыстары жүргізілгені жөн. Бүтін бір ауылды-аймақтардың мал азығынсыз қалуы тіптен қауіпті. Ауылда тек қара мал ұстап күн көріп отырғандар жетіп-артылады. Олар үшін мал - киетін киім, ішетін тамақ, жаратса пұл. Бұл жерде басқадан бұрын осы  жайт ескерілуі керек. Әрине, үлкен шаруа қожалықтарына мал азығын сатып алу анағұрлым ауырлық тигізбейтін шығар. Ал қолында санаулы ғана малы бар, жалғыз зейнетақымен күнелтіп отырғандарға шөптің бір маясын бәленбай мыңға сатып алу өте ауыр. Қыстық отыны бар, малдың қысқы азығы бар, осының барлығы қарапайым шаруаның қалтасына салмақ түсіретіні рас. Осыған орай айтарым, қолда бар мал басын сақтап, өсіп-өндіреміз десек, мал шаруашылығы саласын өркендетеміз десек, мал азығының сапасына байланысты, мал азығын дайындап сақтауға қатысты арнайы бақылау орнатып отыратын сақтандыру қорлары бізге керек. Осы арқылы шаруаларды тығырықтан алып шыға аламыз.


Жоқ...
Көпмағамбет Елемесов,
ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор:
- Меніңше, бұл жерде сақтандыру қорлары көмекке келе алмайды. Бұл арқылы шаруаларды тығырықтан алып шыға алмаймыз. Білесіз, ірі-ірі шрауашылықтар, мал өсіретін кешендер, мал бордақылау орындары мал азығынан онсызда тарықпайды. Себебі оларда жем-шөп қоры мол. Ал енді бізде тарығып отыратын үй жағдайындағы жекелеген шаруалар. Егер біз сол жекелеген шаруаларды «мал азығынан тарықтырмаймыз» десек, сақтандыру қорларын емес, жергілікті әкімдіктерді тетікке қосуымыз керек. Мұндайда сақтандыру қорларының қажеті болмай қалады. Қазірде жергілікті әкімдіктердің өздерінің бюджеті бар. Оларға белгілі бір мөлшерде мұндай қиын жағдайларға қарастырылған қаражат  бар. Сондықтан мемлекет тарапынан берілетін субсидия, дотациядан бөлек мал азығы түгесілген жағдайда жергілікті әкімдіктер де шаруаларға арнайы қаржы бөлуі керек. Біздегі мал шаруашылығының 80 пайызы үй шаруашылығындағы бұқараның қолында екенін ескерсек, жергілікті әкімдік сол бұқараны жайылымдық жермен қамту жағына да баса назар аударуы қажет. Жем-шөп өндірісін жетілдіру үшін  шаруаларға көп жылдық шөптердің тұқымы беріліп, олар бұл істерді оңтайлы жолға қойып алуға тырысқаны абзал. Кез келген ауылды-аймақтың әкімін сол елдің тұрғындары бірігіп сайлағаннан кейін әкімдер шаруаларды демеудің, қолдаудың барлық тетіктерін қарастыруы қажет. Сонда ғана мәселе шешімін таба бастайды. Демек, бұл жерде жергілікті әкімдіктің ұйымдастыру қабілеті жоғары болған жағдайда жұмыс оңынан шешіледі. Сондықтан әкімдер өздерінің ұйымдастыру қабілеттілігін арттығаны жөн. Әрине, малды өсіру оңай емес. Бірақ біздің ұстанып отырған мемлекеттік саясатымыз нарықтық экономика болғаннан кейін нарық заңы осылай болуы тиіс. Мал азығының бағасын мемлекет белгілеп беріп отыратын болса, мал азығының қорын мемлекет даярлайтын болса онда біз кеңестік кезеңдегі колхоз-совхоз дәуірін қайта құруымыз қажет. Ал қазіргі нарықтық жағдайда бұл мүмкін емес. Сондықтан қорасындағы мал басы ауылдағы әр шаруаның өзіне аманат, одан кейін жергілікті әкімдіктерге аманат. Әкімдер сезінуі керек, өздерін халық сайлағанын, халықтың игілігі үшін жұмыс істеуі керектігін. Сонда ғана әрбір ауылдың түтіні түзу шығады деп ойлаймын. Демек бұл жерде сақтандыру қорларынан гөрі әкімдерге жауапкершілік арту тығырықтан алып шықпақ.

Бейтарап пікір
Мейрам Қабдрахманұлы: 
- Бүгінде көптеген елдер мал шаруашылығына қатысты мәселелерге айрықша назар аударуда. Қайсыбір өркениетті елдер ауылдың түтінін түзу етіп, тіршілігіне жан бітіру үшін ауылға алдымен қуатты технология қажеттігін жете түсінуде. Мәселен, Германия, Израил, Беларус елдері ауыл атмосферасына нанотехнологияны бейімдеу арқылы үлкен жетістікке қол жеткізуде. Сол тәрізді бізге де ауылға нанотехнологияны апару үшін аса көп қаржы қажет емес. Бұл әдіспен жұмыс істеу мал шаруашылығындағы көптеген кедергілерді жояды. Демек бұл жерде технологиялық жаңашылдыққа жүгінген дұрыс. Осы арқылы жем-шөп өндірісін жетілдіргеніміз жөн. Қазір біздің шаруалар сортаңданған жерлерін қалай күтіп баптаудың мәнісін білмей дал болуда. Ал жаңағы нанотехнологияның күшімен қурап мүлде шөп шықпайтын жерлерді жасылдандыруға болады. Көпжылдық шөптер егу үрдісін осы арқылы тереңдете аламыз.  Демек бізге осындай бір жаңашылдық керек. Сондықтан бұл жерде «Үкімет тағы не берер екен» деп жалтақтамай,  ғылымды тетікке қосқан абзал-ау деймін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста