Көпбалалы аналардың зейнетке шығу жасын 50 жасқа дейін төмендету қажет пе?

Көпбалалы аналардың зейнетке шығу жасын 50 жасқа дейін төмендету қажет пе?

Қоғамның келешегіне жаны ашитын кез келген азаматты «Біздің мемлекет көпбалалы аналарға қандай жағдай жасап отыр?» деген мәселе толғандырады. Отбасындағы күйбең тіршілікті, қала берді, бала тәрбиесін және қоғамдық қызметті қатар алып жүру әрбір әйел баласына артылған ауыр жүк десек болғандай. Қазіргі кезде осы мәселеге қатысты әйелге жүктелген міндеттерді сәл жеңілдету үшін көпбалалы аналардың зейнетке шығу жасын 50 жасқа дейін төмендету керек деген пікірлер жиі айтылып жүр. Алайда бұл пікірді қолдамайтындар «Көптеген әйелдің зейнетке шықса да, жұмыс істегісі келеді» деген уәж айтуда. Сонымен, аналарға қатысты осы бір мәселені ер-азаматтардың талқысына салып көрелік...

Әлихан Бәйменов, «Ақ жол» партиясының төрағасы:

Иә
– Көпбалалы аналардың зейнетке шығу жасын 50 жасқа дейін төмендету керек. Бұл сөзсіз. Сондай-ақ мемлекет көпбалалы аналардың зейнетке шыққан кезде кедейшілік жағдайға түсіп қалмауын қамтамасыз етуі қажет. Қазіргі біздің елдегі зейнетақы жүйесінің негізгі үш бөлігі бар. Бірінші – баршаға ортақ төлемақы, екіншісі – еңбек өтіліне байланысты орталықтан бөлініп отырған зейнетақы, үшінші – жинақтаушы қор арқылы берілетін зейнетақы. Көпбалалы аналарды қорғау үшін осы жүйелерге мынадай ерекшеліктер енгізу шарт. Біріншіден, әрбір нәрестені дүниеге әкелген сайын сол ананың зейнетақы есепшотына орташа жалақымен тең, кем дегенде, бір жыл бойы бюджеттің есебінен төлемақы төленіп отыруы керек.

Екіншіден, көпбалалы ана 50 жасқа толғанда, оның зейнетке шығуға өзінің құқығы болуы керек. Бірақ 50 жасқа толса да, ары қарай жұмыс істегісі келетін ананы жұмыс беруші мәжбүрлеп, жұмыстан шығармауы тиіс. Үшіншіден, Қазақстандағы Ұлттық қордың жыл сайынғы түсетін инвестициялық табысының бір бөлігін елімізде жыл сайын туылатын нәрестелердің атына жазып, сол қаржы қор қаржысымен бірге өсіп отырып, бала кәмелетке толған кезде төлқұжатымен бірге қолына берілуі тиіс. Бұл – зейнетақы жүйесімен бірге қолданылатын шара болуы керек. Қазіргі әлемдік демографиялық үрдістерін және біздің мемлекетіміздегі демографиялық ахуалдың маңыздылығын, яғни өсіміміздің өте қажет екенін ескере отырып, төрт балалы ананы көпбалалы ана деуіміз – қолдауға тұрарлық мәселе. Біздің елде қалыптасқан отбасылық қатынастардың ерекшеліктеріне сәйкес, дәл бүгінгі күні біз, ең алдымен, аналарымызға жағдай жасауымыз керек. Міне, осындай жағдай жасау арқылы біз көпбалалы аналарды, жалпы көпбалалы отбасыларды қорғай аламыз.

Алдан Смайылов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

Жоқ
– Өз басым көпбалалы аналардың зейнетке шығу жасын 50 жасқа төмендетудің аса қажеті жоқ деп ойлаймын. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында көпбалалы аналардың зейнетке шығу жасы онсыз да төмендетілген. Аталған заңға сәйкес, бес және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа толғанда, жасына байланысты зейнетақы алуға құқылы. Ал көпбалалы аналарды бұдан да ерте зейнетке шығару үшін олардың зейнетақысының көлемі көңілге толатындай болуы керек. Ерте зейнетке шығып кеткен аналар күні ертең азын-аулақ қаржысын ешқайда жеткізе алмай қиналып жүреді. Тағы бір айта кетерлік жағдай, егер көпбалалы ана мемлекеттік қызметте істеп жүретін болса, ол жерде жалақысы жақсы болса, біздегі заң бойынша ол зейнетке шыққаннан кейін орнын босатуы керек.

Сондықтан көпбалалы аналардың біразы жап-жақсы табысынан айырылып қалуы мүмкін. Көпбалалы ана дегенде, қазір бізде бұрынғыдай 10-11 бала емес қой және көпбалалы аналардың саны да соншалықты көп емес. Сонымен қатар жоғарыда көрсетілген заң бойынша, Қазақстанда көпбалалы ана ретінде саналу үшін балалардың саны да қысқартылған. Сондықтан асығыс шешім қабылдамас бұрын, барлық мәселені жан-жақты қарау керек. Елу жаста зейнетке жібереміз деп көпбалалы аналарға жанымыз ашығанымен, оның ар жағында әлгіндей мәселелер бар. Бүгінгі таңда біздің елімізде ешкім зейнетке шығуға ұмтылмайды да, қуанбайды да. Өйткені мемлекетіміздегі зейнетақының мөлшері өте мардымсыз. Сондықтан бұл мәселені аналардың сыртынан шешпей, олардың өздерімен де сөйлесу керек. Балаларының саны көп әйелдерді елу жаста зейнетке шығарамыз десек, оларға қосымша жәрдемақы төленуі керек. Бұл қаржы оның бала-шағасын бағуына жетуі шарт. Мысалы, шахтерлерге зейнетақымен қоса, тағы жеңілдік ретінде жәрдемақы беріледі ғой, сол секілді көпбалалы аналардың зейнетақы мөлшерін өсіру жолдарын қарау керек. Өйткені бала өскен сайын шығын көбейеді. Көптеген шет мемлекеттерде азаматтарының орта жасының мөлшеріне қарай зейнетке шығу жасы анықталады. Өйткені шетелдерде зейнеткерлерге мемлекет тарапынан және өзінің бұрынғы жұмыс орнынан зейнетақы төленеді. Яғни олардың алатын зейнетақысы өте қомақты. Шетелдік зейнеткерлердің белгілі бір уақыт жұмыс істеп, қалған ғұмырында дүниежүзін шарлап қыдыратыны да сондықтан. Ал бізде мұндай жүйе қарастырылмаған. Өйткені әзірге еліміздің экономикалық ахуалы зейнеткерліктің мұндай жүйесін жасауға келіңкіремейді.

Түйін
Сонымен, жоғарыдағы пікірлерді саралай келсек, көпбалалы аналардың 50 жаста зейнетке шығуы, ең алдымен, мемлекет экономикасының хал-ахуалына мүдделі екенін байқаймыз. Демек, басқаға қаржымыз жетсе де, зейнетақы төлеуге келгенде, қиналып қаламыз. Осындайда әр азаматтың зейнетақы қорларына ай сайын аударып жатқан қаржысын кімнен сұраймыз? Қалай десек те, баласын да бағып, қоғамдық қызметті де атқарып, мемлекетімізге шарапатын тигізіп жүрген аяулы жандарды 50 жаста немесе 53 жаста зейнетке шығарсақ та, шешімін күтетін мәселе – біреу. Өмір бойғы еңбегінің жемісін жеп, бейнетінің зейнетін көруі үшін көпбалалы аналарға зейнетке шыққанға дейін де, кейін де жағдай жасаудың қажеттігі. Себебі 50 жаста түкке тұрмайтын зейнетақы беріп, зейнетке шығарғаннан көпбалалы аналарға оның еш пайдасы болмасы анық.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста