«Көлікті мас күйінде жүргізіп ұсталғандарға айрықша нөмір беру керек» деген ұсынысты қолдайсыз ба?

«Көлікті мас күйінде жүргізіп ұсталғандарға айрықша нөмір беру керек» деген ұсынысты қолдайсыз ба?

Еліміздегі жол-көлік оқиғасынан қаза табатындар санының күрт артуы жол-көлік ережесін күшейтуді талап еткендей. Осыған орай Ішкі істер министрлігі жолдағы апат пен адам өлімін азайту үшін көлік жүргізушілеріне жазаны қатаңдатуды ұсынып отыр. Бүгінде Мәжілісте талқыланып жатқан жаңа заң жобасы қабылданса, көлік тізгініне ұрттап алып отырғандар 1 миллион теңге көлемінде айыппұл төлемек. Ол аздай, прокуратура мамандары да «көлікті мас күйінде жүргізіп ұсталғандарға айрықша нөмір беру керек» деген ұсыныс айтуда. Бұл ұсыныстар жол-көлік оқиғаларының азаюына қаншалықты септігін тигізбек? Мамандар пікірін тыңдап көрген едік.


Есберген АЛАУХАНОВ, заң ғылымының докторы, профессор:
иә
– Мен бұл ұсынысты қолдаймын. Өйткені болмашы мөлшерде ішілген ішімдіктің өзі адамға айтарлықтай әсер етеді. Әсіресе рульдегі көлік жүргізушісінің ішімдік ішкені өте қауіпті. Ол кез келген уақытта жол-көлік оқиғасын тудырып, жол апаты салдарынан адам өліміне себепкер болуы әбден мүмкін. Ал ішіп үйрен­ген ауыз тағы бірде бәрібір ішеді. Сондайда ең болмаса оларды ай­рықша нөмір ерекшелеп тұратын болса, жол патрульдік полициясы қызметкері тоқтатып, дер кезінде тексеріп, жол-көлік оқиғасының ал­дын алып отырар еді. Осы орайда жол апатының алдын алу үшін көлікті мас күйінде жүргізіп, бір рет ұсталған көлік жүргізушісіне айрықша нөмір беру керек деп ойлаймын.
Мұндай тәртіп енгізу көлік жүргізу­ші­лерін де тәртіпке салар еді. Олар айрықша нөмір­дің иесі атанбауы үшін ең болмаса рульде отырған кезде татып алмауға тыры­сар еді. Қазір, жасыратыны жоқ, той- томалаққа барған ағайын, «бәлкім, көзге түспеспін» деп ішімдік ішіп қояды. Ал бір стакан ішкен соң кейінгі стакандар да сол жолды табады. Ақырында масайып қалған көлік жүргізушісі еріксіз рульге отырады. Бір рет үйіне аман-сау, жол патрульдік полиция қызметкеріне ұсталмай жетсе, келесі жолы тағы ішеді. Ал оның соңы басқа бір жазықсыз адамдардың өліміне себеп болып жатады. Сондықтан осындай ұсыныстың айтылғаны мені қуантып отыр. Айта кетер жайт, қайбір жылы қоғамдық ұйымдар Алматы қаласындағы кейбір дәмханалар мен мейрамханаларда тегін көлік жүргізушісінің қызметін ұсыну туралы бастама көтеріп жүрді. Яғни белгілі бір мейрамханаға немесе дәмханаға келіп, мөлшерінен тыс ішіп қойған көліктің иесі жал­дамалы жүргізушінің қызметіне жүгі­ніп, рульге жалдамалы жүргізуші ала ала­ды. Негізі, «ішкеніңше іше бер, міне, жал­дама­лы жүргізушінің қызметі» дегеннен гөрі мас күйінде көлікке отырған жүргізу­ші­лерге айрықша нөмір беру арқылы жазалау әлдеқайда тиімді деп ойлаймын. Бұл шын мәнінде азаматтарымызды тәртіп­ке шақыру деп түсінемін. Тіпті бұл бастама еліміздегі азаматтардың салауатты өмір салтын ұстануына, халықтың денсау­лығының нығаюына да игі әсер етер еді деп ойлаймын.
Соңғы кездері барлық жол патрульдік полициясы қызметкерлеріне алкотестер беру керектігі де айтылуда. Бұл да болса жаңадан айтылып отырған ұсынысқа сай келеді. Мәселен, қызмет барысында жол патрульдік полициясы қызметкері айрықша нөмірді байқаса, оны тоқтатып, ішімдік ішкен-ішпегенін, сол жерде тексеруіне болады. Ішпегенін анықтаса, жөніне жібере салады. Сондықтан өз басым көлікті мас күйінде жүргізіп ұсталғандарға айрықша нөмір беру керек деген ұсынысты қолдаймын.


Нұрлан АПАХАЕВ, «Қайнар» универ­си­те­ті заң кафедрасының меңгерушісі, заңгер:
жоқ
– Жоқ, менің ойымша, бұл тым дөрекі тәсіл секілді. Көлікті мас күйін­де жүргізіп ұсталған жүр­гізуші көлік жүргізу құқы­ғынан айырылуы керек. Оны ха­лық жауы секілді жұрт­тан бөлектеп, айрықша нөмір беріп даралап қоюдан гөрі жүргізуші куә­лігін алып қою әлдеқайда әділ шешім секілді. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізушіге айрықша нөмір беру оның құқығына қол сұғу деп ойлай­мын. Айрықша нөмірде жүрген көлік жүргізушіні күнде жол патрульдік полициясы тоқтатып, күніге тексереді, былайша айтқанда, оның құқы күнде бұзылады. Онан да бір-ақ рет жазаға тартып, жүргізуші куәлігін алып қоя­йық. Болды. Сондықтан өз басым көлікті мас күйінде жүргізіп ұстал­ған­дарға айрықша нөмір беруді қол­дамаймын. 
Рас, елімізде спиртті ішімдік ішіп алып, рульге отыратын көлік жүргізушілері жетер­лік. Әсіресе жаздың күні жағажайы бар тас жолдардың бойына кезекшілік ете­тін жол патрульдік полиция қызметкер­лері оны жасырмай айтады. Тіпті той-томалақ көп болатын сенбі, жексенбі күндері де руль­ге ішіп алып отыратын көлік жүргізу­ші­лері жиі тіркеліп жататын көріне­ді. Олар­ды айрықша нөмір беру тәртіпке түсіре ал­майды. Одан гөрі ірі көлемде айыппұл салу оларды руль­ге отырмас бұрын ойлан­ды­ратын секілді. Оның үстіне, елімізде бір көлік­тің рулінде үнемі бір адам отырмайды. Мә­се­лен, бір үйде бір көлік болса, қызмет­ке барар кезде отағасы, балабақшаға балаларын таситын кезде әйелі, кешкі уақытта баласы сенімхат арқылы мініп жүре береді. Ал отағасы бір рет жол пат­руль­дік полиция қызметкеріне мас күйінде ұсталғаннан кейін айрықша нөмір берілсе, сонда ішімдікті татып алмайтын оның әйе­лін немесе баласын да жол патрульдік поли­ция қызметкерінің тоқтата беруі әділ­дікке жата ма?
Осы орайда айта кетер жайт, мас жүргізушілермен күрес жүргізу тәсілдері басқа елдерде де бар. Мәселен, көлік жүргізушісінің ішкен-ішпегенін анықтау – жол патрульдік полициясы қызметкеріне ғана керек шаруа. Ал оның көлік жүргізу­шісінің құжатын тексеруге құқы бар. Ендеше, айрықша нөмір беріп, оларды бөлектегеннен гөрі жүргізуші куәлігіне белгі соғайық. Белгінің саны үш-төртеуден асқанда жүргізуші куәлігінен белгілі бір мерзімге айыратын заң қабылдауымыз керек. Немесе кейбір елде мас күйінде көлік жүргізген көлік жүргізушісінің жүргізуші куәлігін тесу дәстүрі де бар. Бұл да тиімді шешім деп ойлаймын. Көлік жүр­гізушісі мүмкіндігінше құжатын тестірт­пеуге ұмтылады. Сол үшін ішуден де бас тартады. Менің ойымша, айрықша нөмір беруден гөрі оның жүргізуші куәлігіне белгі соғу – әлдеқайда тиімді әдіс.
                                      Абай ОМАРОВ (коллаж)

Бейтарап пікір
Нұрлан ЖАМАДІЛОВ, педагогика ғылымының кандидаты:
– Рульге мас күйінде отыратын көлік жүргізушілерін тәртіпке саламыз десек, оның жолдары өте көп. Негізі, ішетін адам айрықша нөмірге қарамайды. Сондықтан түрлі профилактикалық басқа да шараларды қабылдау керек. Мәселен, жазда көп көлік жүргізушісі сыраға әуес келеді. Ал қазіргі сыралардың сыртына «алкогольсіз» деп жазылып қойғанымен, болар-болмас болса да, спирттің мөлшері кездеседі. Ал мұндай көзбояушылыққа көлік жүргізушісі кінәлі емес қой?! Сондықтан мүмкіндігінше рульге мас күйінде отыратын көлік жүргізушілерін тәртіпке салудың басқа да жолдарын қарастыруымыз керек. Профилактикалық жұмыстар кешенді түрде жүргізілуі керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста