Кеңестер Одағынан қалған тарихи ескерткіштердегі жазуларды тәуелсіз көзқарас тұрғысынан қайта қарау керек пе?

Кеңестер Одағынан қалған тарихи ескерткіштердегі жазуларды тәуелсіз көзқарас тұрғысынан қайта қарау керек пе?

Жуырда Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еренғайып Шайхұтдинов қаламыздағы 28 панфиловшылар паркіндегі ескерткіште жазылған Василий Клочковтың «Ұлы Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ – артымызда Москва!» деген сөзіне қатысты ойын білдіріп, «Отан үшін шайқасқан қазақстандықтар­дың ерлігін мәңгілік есте сақтаймыз» деген сөйлемді қосу керек деген ұсыныс айтып қалып еді. Сол-ақ екен, қоғам тарапынан түрлі пікірлер төбе көрсетіп, әркім өз ойын білдіріп жатыр. Бірі «біз ол кезде Ұлы Ресейде емес, Кеңестер Одағы деген елде өмір сүрдік. Сондықтан да бұл сөзді өзгерту қажет» десе, екінші тарап «бұл соғыста опат болған 400 мыңнан астам аруақтың, майданға қатысқан миллионға жуық қандасымыздың ерлігін жоққа шығару емес пе?» дейді… Бұл, жалпы, қоғамдық мәселеге айналды. Осы орайда біз де мамандар талқысына «Кеңестер Одағынан қалған тарихи ескерткіштердегі жазуларды Тәуелсіз көзқарас тұрғысынан қайта қарау керек пе?» деген сұрақты салып көрген едік. Қоғамдық ой қақ жарылды.


Болат САЙЛАН, Ауған соғысының ардагері:
иә
– Кеңестер Одағынан қалған та­ри­хи ескерткіштердегі жазуларды Тәуел­сіз көзқарас тұрғысынан қайта қа­рау қажет деп ойлаймын. Неге дейсіз бе, ол кезеңде, негізінен, орыс ұлтының өкіл­дері көбірек насихатталғаны жа­сы­рын емес. Бір-ақ мысал айтайын, Ра­қым­жан Қошқарбаевтың Рейхстагқа бірін­ші болып ту тіккені бүркемеленіп, бас­қа біреулердің қанжығасында кет­ті. Осы секілді айтылмаған ақиқаттар­ды айтып, сол қателіктерді орнына кел­тір­генде тұрған ештеңе жоқ. Василий Клоч­ковтың «Ұлы Ре­сей…» деп бастала­тын сөзін алып тастасақ, бұл оның ерлігін түпкілікті жоққа шығарды деген сөз емес. Василий Клочковтың сө­зінің орнына Бауыржан Момыш­ұлы­ның кең тараған кез келген қанатты сөз­дерін жазуға болады деп ойлай­мын. 
Василий Клочков – одақтық деңгейде насихатталған батыр. Ал оның үзеңгілесі Бауыржан Момышұлы секілді батырла­ры­мыздың ерлігі саясаттың кесірінен одақтық деңгейде мойындалған жоқ. Сол себепті де, кеңестік кезеңдегі қалыптасқан идео­ло­гияға, ескерткіштерге ұлттық көз­қа­распен қарайтын кез келді. Бұл – бір. Екін­шіден, бұл ойды тарихи ескерткіштерге басы­бүтін өзгеріс енгізу, Василий Клоч­ков­тың, 28 батырдың ерлігін жоққа шығару деп түсінбеген жөн. Халыққа бәрін дұрыс насихаттап, ұғындыра білсек болғаны. Мәселен, Х.Доспанова, Б.Момышұлы,  Қ.Қайсенов сынды батырларымыз тәуел­сіздік алғаннан кейін «Халық қаһар­маны» деген атақты алғаны өтірік пе? Ау­ған соғысы ардагері Бақытжан Ертаев та батырлық атаққа тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізді. Осы ақиқатты көре отырып, тәуелсіз көзқараспен «ұлттық батырларды дәріптеуіміз қажет» десек, несі айып екен? Кеңестік кезеңде қазақ ерлік жасаса, алдына орыс батырын шығарып, соның ерлігін қайталады деп екінші санатқа түсіріп тастайтын-ды. Ауған соғысында Кеңес одағының батыры ата­ғын 86 азамат алыпты. 15 одақтас республикаға бір батыр­дан шығарып, қалған жұл­дыз­дардың бәрін өздерінің кеудесіне тағып алған саясатты қолдауға хақымыз бар ма? Ауған соғысы батыр­лары деген­де, шешесі басқа ұлттың өкілі, қазақ Қайыргелді Майданов­ты айтамыз. Осы соғыста Қазақстанның 362 сарбазы ажал құшты. Соның бірде-біреуі батыр атағы­на лайық болмады деп айта аласыз ба? Осындай жайларға қарап отырып, мен тарихи мәселелерге тәуел­сіз­дік көзқарас тұрғысынан қарағым келеді. Тәуелсіз ұрпақтың өкілдері, кейбір саналы аза­мат­тар «Біздің Ұлы Отан соғы­сымыз – жоң­ғар­лармен болған шайқас» дегенді айта бастады. Бірақ қоғамның кейбір өкіл­дері мұны 1941-1945 жылдар ара­лы­­ғын­дағы соғысты жоққа шығару деп түсіне­ді. Біз осы сана­дан арылуымыз қажет. Бұл екі қырғынның да тарих үшін өзіндік орны бар. Оны жоққа шығару мүмкін емес. Ауған соғысына да қатысты түрлі пікір­лерді естіп жүрміз. Соғыстың болғаны рас па? Рас. Оны тарихтан ешкім өшіре алмайды. Сон­дықтан бұл қырғын­дарды «өз зама­нының соғысы» ретінде ба­ғалаған жөн. Біз кезінде орыс батырла­рын, орыс тари­хын оқыдық. Аңырақай шай­қасы жайлы біл­медік. Осы олқылық­тың орнын Кеңес­тер Одағынан қалған тари­хи ескерт­кіш­тердегі жазуларды тәуел­­сіз көзқарас тұрғысынан қайта қа­рау арқылы толтыра аламыз.


Ким СЕРІКБАЕВ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, запастағы полковник:
жоқ
– Мен өткен тарихты бұрмалауға қар­сымын. Егер де біз жастарға, келер ұр­паққа дұрыс тәрбие бергіміз келсе, жақ­сыны жақсы, жаманды жаман деп тү­сін­діріп бергеніміз жөн. 1941-1945 жыл­дар аралығындағы соғыста жан­қияр­лықпен шайқасқан Б.Момышұлы, Т.Би­гелдинов сынды батыр ағалары­мыз аман-есен елге оралды. Десе де, қан­шама батырларымыз соғыстың кесі­рінен қыршын кетті. Солардың ал­дында, Құдайдың алдында, шыншыл­дық­т­ың алдында айыпты болмауды ой­лағанымыз жөн. Олар сол дәуірде Ота­нын қорғады. Ол уақыттағы Отаны­мыз Кеңестер Одағы болатын. Бұл – та­рихи шындық. Менің бұл мәселені қол­дамайтынымның бірінші себебі – осы. Екіншіден, мұндай бұрмалау еш­қашан да жақсылыққа апармайды.
Өйткені біз тарихи шындықтан айна­лып өтер болсақ, ертеңгі тарихымыз да бол­май қалуы мүмкін. Ұрпақ тек бүгінгі күнді ғана біле­тін,  бо­ла­ды. Сол себепті де, өткенді өші­ріп тас­та­мау­ды ой­лайық. Бұл пікірді көптеген аза­мат­тар қол­дай­ды деп ойлаймын. Алматы қала­лық арда­герлер кеңесінің төрағасы Ерен­ғайып Шай­хұтдинов та панфиловшы Васи­лий Клоч­ковтың сөзіне қатысты «мен Клоч­ко­в­тың сөзін алып тастайық» деген жоқ­­пын. Жұрт дұрыс түсінбей, сөзімді бұр­ма­лап жі­беріпті» деп жатыр. Енді осылай пікір айтты деп, бізді «қазақтың ұлтжанды­лығын көте­рейік» деген пікірге қарсы адам деп ойлап қалу­ға болмайды. Меніңше, 28 панфилов­шылар паркіндегі жөндеу жұ­мыс­тарын пай­да­лана отырып, сол жердегі ес­керт­кіштегі тарихи сөздерге қол тигізбей-ақ, қазақы патриотизмді көтерудің жол­дарын табуға болады. Біз бұл жөнінде тиісті орын­дарға Медеу аудан­дық ардагерлер кең­е­сінің бастамасы­мен хат жазып, өз ұсы­ны­сымызды айтып отырмыз. Мәселен, мәң­гі­лік алаудың екі қанатындағы қабырғаның оң жағына қазақ тілінде, сол жағына ресми тілде: «Қазақстан жауынгерлерінің Отан үшін шайқастағы ерлігі мәңгілік жасайды» деп жазуға болар еді. Бұл сөз Василий Клоч­ков­тың сөзінің жалғасы іспетті болып кетер еді. Елбасымыз 2050 стратегиялық бағ­дар­ла­масының 7-тарауында Қазақстан патриоти­з­мін көтеру мәселесін айтты ғой. Бұл қадам соның нақты жалғасы да болар еді. Ал Василий Клочковтың сөзін алып тастау деген – масқара. Себебі қазіргі сая­сатымыз әке­ле­ріміздің ерлігін наси­хаттап, ұлтаралық тату­лықты ары қарай дамытуды көздеп отыр. Ал осындай тұста ел арасына жік салу кімге қажет? Қазақстан – соғыс жағ­дайында 6 мемлекетпен бірлесе күресетін келі­сімге қол қойған ел. «Жаман айтпай, жақсы жоқ». Бізге жау тисе, бірінші болып Ресей көмекке келеді. Мұны да қаперде ұстаған жөн. Кеңестер Одағы­нан қалған тарихи ескерт­кіш­тердегі жазу­лар­ды тәуелсіз көзқарас тұрғысынан қарадық деп, тарихты бұрмалап тастасақ, аруақ алдында айыпты боламыз. Аруақ ештеңе дей алмайды десе­ңіз, қазір орта­мызда бар ардагерлерге, тірі­лер­ге не дей­міз? Қазір еліміз тарихты көте­ріп, жоң­ғар­лармен болған шайқасты түп­кі­лікті зерттеп жатыр. Мәселен, жоңғар­лар­мен шайқаста 23 жыл қолбасшы болған Қожа­берген батырды алыңыз. Бүгін біз солардың ерлік істерін зерттеп, іздеп жатсақ, ертеңгі ұрпақ 1941-1945 жылдар­дағы соғысты қо­пара тексеріп, ғылыми тұрғыда зер­делейтінін ұмытпауымыз қажет. Яғни тарихи жазуды өшіруге, тарихты сызуға болмайды.
                   Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бейтарап пікір
Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Біріншіден, өткен тарихқа құрметпен қарауымыз қажет. Екінші мәселе, сол тарихты аталған Ресейдің өзінде бұрмалап, 28 панфиловшы­лар­­дың ерлігін жоққа шығарғысы келетін азаматтар бар. Сондықтан да тәуелсіз сана қалыптастыру үшін тарихи мәселелерге абайлап барғанымыз жөн. Мәселен, Ақеділ Суханбаев Александр Матросовтан бұрын дәл сондай ерлік жасаған. Мергендер мектебін қалыптастырды дейтін В.Зайцев 255 немісті өлтірсе, Тілеуғали Әбдіков 398 немісті жер жастандырған (Кеңес­тер Одағының батыры атағын алған екі батырдың көрсеткішін қоссаңыз да, бұл межеге жетпейді). Ағасы сол тұста «халық жауы» атан­ғандықтан, Тілеуғали Әбдіков батыр атағын ала алмады. Сталин арнайы тапсырмамен 80 рет көкке көтеріл­ген ұшқыш «Кеңестер Одағының батыры» атағын алатынын айтқан. Талғат Бигелдинов жерді картаға түсіру тапсырмасымен 305 рет ұшқан. Демек, бір өзі үш батыр­дың ерлігін жасап тастады. Ал Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігін 2007 жылы Путиннің өзі мойындады. Демек, бұл майдан даласында қазақ қашуды білген жоқ деген сөз. Тәуелсіз сана қалыптастыру үшін тарихты жоққа шы­ғар­май, осыларды насихаттауды қолға алу қажет. Жаның азат болмаса, азат емессің, қаның қазақ болмаса, қазақ емессің. Осыны ұмытпауымыз керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста