Игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді мемлекетке қайтарудың жаңа механизмдерін жасау керек пе?

Елімізде ауыл шаруашылығы жер телімдерін инвентаризациялау бағытында жүргізілген іс күткен нәтижені бермеді. Мұны құзырлы ведомство басшысының өзі де мойындап отыр. Оның себебін ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков бүгіндері жекеге өткен, бірақ берілген мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан жерді мемлекетке қайтарып алудың құқықтық тетігінің жоқтығымен түсіндіреді. Осы жағынан алғанда, елімізде игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді мемлекетке қайтарудың жаңа механизмін түзу өзектілік танытып тұр. Мұндай өзгеріске мамандар қалай қарар екен?


Тоқтар Есіркепов, экономика ғылымының докторы, профессор:
иә
– Бұл – 2003 жылы Жер кодексін қабылдағанда кеткен олқылықтан туын­дап отырған, күрмеуі қиындап бара жат­қан мәселе. Әрине, жаңа тетік құру ке­рек. Ол үшін Жер кодексіне өзгертулер мен түзетулер енгізу қажет. Мұндай жағ­дайда қоғамдық тыңдалым өткізіліп, ға­лым­дардың, қоғамдық ұйымдардың пікірі електен өткізілуі шарт. Негізінен, рес­ми мәлімет бойынша, біздегі ауыл шар­уашылығы мақсатындағы жердің 1,5 пайызы жекеменшікке сатылған, ал 98,5 пайызы мемлекеттің қолында. Же­­кеменшікке 1,5 пайыздың сатылғаны рас, бірақ мемлекет қолындағысынан айы­рылып қалып отыр. Оған Жер ко­дексін қабылдау барысындағы «жерді пай­далану құқығын сатып алғандарға жер тегін беріледі» делінген өтпелі баптар жол берген.
Сол кездің өзінде, осылайша 4,5-5,5 млн гектар ауыл шаруашылығы мақ­са­тындағы жер біреулердің қолына өткен. Алайда ол туралы бір жерде айтылып не болмаса көрсетілмейді. Тіпті 2006 жылы ауыл шаруашылығы саласы бойынша жүр­гізілген санақта да мұның жайы қасақана жасырылды. Нақтырақ айтқанда, санаққа жерге қатысты мәліметтер енгізілмеді. Ал дүниежүзілік тәжірибеде, мұндай санақта шаруа қожалықтарының, коопе­ра­тив­тердің қолындағы жер көлемінің орташа есебі міндетті түрде беріледі.
Жер кодексін қабылдағанға дейін инвентаризация жүргізейік дегенде ешкім бізбен санаспады. Сондықтан аталған мәселе жыл өткен сайын қиындық туғызып келеді. Әрине, «жау кеткен соң қылышты сермегеннен не пайда» демекші, енді инвентаризация ісі нәтиже бермесі белгілі. Бұл – бір ғана амал. Жер салығын өсіру де сондай бір амалдың түрі. Оның да күткен нәтиже бермесі анық. Егер салықты нарықтың бағамына қарай есептей алма­сақ, салықты есептеу үшін Үкімет эконо­микалық кадастр жасауы керек. Ол үшін ауыл шаруашылығы жеріне инвента­ри­зация жасалуы тиіс. Бірақ ол іс нәтиже бермеді деп жатырмыз. Ал нарықтың бағамына сай салық есеп­тел­месе, оның негізі болмайды.
20 маусымда Жер кодексін қабыл­дағанымызға 10 жыл болды, ал бес жылдығында бір топ ғалым жиналып, Жер кодексі жұмысын екі жылға доғарып, осы заң нормалары қаншалықты жұмыс істеп жатыр, бір есеп жүргізейік деп бастама көтердік. Бірақ оған құлақ асқан ешкім болмады. Жалпы, кез келген заң қа­был­данған соң, оның нәтижелері туралы Үкімет, Мәжіліс  қоғам алдында есеп беруі тиіс. Бірақ Үкімет тарапынан ондай іс-қимылды байқағанымыз жоқ. Мәжіліс те бұл ретте есеп сұраған емес.


Ақжол Әбдуқалимов, Қазақстан фермерлері одағының вице-президенті:
жоқ
– Елімізде игерілмей жатқан ауыл шар­уашылығы мақсатындағы жерді мемлекетке қайтарудың жаңа меха­низмін, ауыл шаруашылығы министрі ай­тып отырғандай, жер салығын өсіру ар­қылы құруға біз түбегейлі қарсымыз. Расында, бізде ауыл шаруашылығы же­рін гектарлап алып алғандар бар. Оның бүтін дерлігі игерілмей босқа жатыр, қо­жайынының көбісі биліктегі адамдар. Сон­дықтан Жер инспекциясының оларға шамасы келмейді. Инвентаризация ісі­нің нәтиже бермеуі де содан. Ал салықты кө­бейттік делік, бәрібір әлгілерге еш нәрсе жасай алмайсыз. Айналып кел­генде, шағын фермерлер бұдан қатты зар­дап шегеді. Жер – әкімдіктегілер үшін май­лы майшелпек. Жер инспекциясы әкімдікке қарағандықтан, ол бұл арада түк істей алмайды.
Бұрын аталған инспекция агенттік бо­латын. Ол кезде жағдай біршама түзулеу еді. Сондықтан жергілікті шолақ бел­сен­ділер «салықты төлемедің» дегенді желеу етіп, ұсақ шаруалардың жерін тар­тып алып, одан әрмен қарай өз есептерін тү­гендей береді. Мәселен, екі жыл қатарынан қуаңшылық болды, жер игерушілер үшін пайда болған жоқ, қолына тиген аузын-аулақ тиын-тебенді несиені жабуға жұмсады. Мұндай жағдайда олар қымбат салықты қалай төлейді? Енді сол үшін жерін тартып алу қысастық емес пе?..
Бұл арада мәселе жер салығының төмендігінде емес, жергілікті аумақтағы шаруаның материалдық және техникалық жағдайының жоқтығында. Жаңа техника сатып алу үшін біздің фермер жерге кем дегенде 15 жыл жұмыс істеуі керек. Бұл – ащы да болса шындық. Үкімет жерге жұмыс істеуді өте тиімді ету керек. Сонда пайдаланылмайтын жер болмайды. Мысалы, Қытайда шаруа жерден өнім алу үшін қажетті еңбек құралдары мен техникасының барлығын қосып алғанда 7,5 мың доллар жұмсайды екен. Бізде бұл ақшаға бір трактор да сатып ала алмайсыз. Сондықтан ұсақ шаруа қожалықтарын қолдауды күшейте беру керек. Ауыл шаруашылығы техникасын жасау кешенін дамыту қажет.
Әрине, бұл салада бақылау-қадағалау жоқ. Негізінен, осыған басымдық берілуі тиіс. Тіпті жер салығын өсіреміз деп жатса, онда оның ұсақ шаруа қожалықтарына зияны тимейтіндей нормасын қарастыру керек. Шынымен де, спекульятивтік мүддеде байшікештер пайдаланбай босқа ұстап отырған жерді мемлекетке қайтарып алатындай. Бірақ бізде жерге қатысты жең ұшынан жалғасып жатқан сыбайлас жемқорлық үдеп тұрған тұста қандай да бір жаңа бастаманың нәтиже беретіндігі күмәнді.
                              Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бейтарап пікір
Виктор Ямбаев, Алматы кәсіпкерлері қауымдастығының президенті:
– Бүгінгі таңда Қазақстанға жер реформасын жүргізу ауадай қажет. Жерді түгендеп, меншік иесін анықтау керек. Соған сәйкес, заң нормативтеріне өзгертулер мен түзетулер енгізуіміз тиіс. Мәселен, біздегі заңда «игерілмеген жерді мемлекетке қайтарып алу туралы алдын ала бір жыл бұрын ескертіледі» деген қасаң норма бар. Бұл бір жыл ішінде әлгі адам баласына немесе тағы бір туысына жерді пәленбай мәрте сатуы немесе сыйға тартуы мүмкін. Мұндай жағдайда оны қалай қайтара аласыз?.. Міне, қолданыстағы заңның осындай кетік тұстарын жамау қажет. Мемлекеттен жерді тегін алып, оны нарық бағасымен қымбатқа сатып баюды ойлайтындарға салықты 100 есеге өсіру керек. Керісінше, жерден өнім алып, оны тиімді пайдаланып жатқандарға жеңілдік жасап, тіпті салықтан босату қажет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста