Гендік модификацияланған өнімдердің отандық өндірісіне жол ашқанымыз жөн бе?

Бүгінде әлемдік нарықты гендік инженерияның жемісі – гендік модификацияланған организмдер мен өнімдер (ГМО) жайлап келеді. Сыртқы саудаға есігі ашық ел ретінде бұдан біз де тысқары қалып отырғанымыз жоқ. ГМО деген атынан үріккеніміз болмаса, оның қандай болатынын, пайда-зияны қаншалық екенін қарапайым халық әлі біле бермейміз. Себебі ГМО-нің адам денсаулығына әсері әлі толық зерттеліп бітпеген. Бірақ әлемдік үрдістен тыс қалмас үшін әрі осы төңіректегі мәселелерді реттеу мақсатында елімізде «Гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы» заң жобасы әзірленуде. Соның орайында біздің елде де ГМО -нің отандық өндірісіне жол ашқан қаншалық дұрыс деген мәселені таразы басына тарттық.

Бекен ӘЛІМЖАНОВ, Мәжіліс депутаты:
Иә

– АҚШ-та – 1993 жылы, Ресейде 1996 жылы заң қабылданған. Бұл күн­де біз дер­бес мемлекетпіз, шекара­ларымыз да ашық. Елімізге келетін азық-түліктің ба­сым көпшілігі шетелден келіп жатыр. Қы­тай, Түркия, Еуропалық одақ елдері­мен сауда-саттығымызда азық-түлік өнім­­­дері белгілі бір үлеске ие. Ал бұл ел­дерде трансгенді-модифи­кациялық азық түр­лері дамып келеді. Бірақ бұл өнімдер­дің адам ағзасына қалай әсер ететіні толық зерттеліп біткен жоқ. Сондықтан үлкен­дерге, бала­ларға қалай әсер етеді деген­дей алаңдаушылықтар бар. Бұған негіз де жоқ емес, кейде бір теледидардан ГМӨ-ге қатысты жаңсақ хабарлар беріп жатады. Осындай-осын­дай жайттар іс жүзінде жұрттың үрейін тудырады. Мы­са­лы, қазір ел алма жеуден қорқатын бол­ды. Ол алма қатты, тоңазытқышқа сал­май-ақ апталап сақтала береді.
Ал жұрттар тез бұзылатын, құрт түсетін алма жеп үйреніп қалған. Сон­дықтан әлгіндей өзі қатты, оңайлықпен бұзылмайтын, өзегіне құрт түспейтін ал­мадан қорқады. Одан қорқудың қажеті жоқ! Ол тексерілген. Түсінесіз бе? Ол бұ­рын­ғыдай улы химикаттармен өңделген ал­ма емес. Ол – гендік моди­фика­ция­лан­ған, сапасы гендік деңгейде күшей­тілген, тез бұзылмайтын өнім. Гендік модифи­ка­цияны қолдану өнімділікті ұлғайтады. Мы­салы, гендік модифика­цияланған өнім­­­­­­­дер­дің басым көпшілігі АҚШ-та шы­ға­ры­лады әрі тұтынылады. Ал америка­лықтар – өз денсаулығын күту, сақтау жа­ғынан ал­дына жан салмайтын халық­тар­дың бірі. Егер зиянды болса, олар мұны өндіріп, тұтынбас та еді. Сондықтан қор­қып, үрей­лене беретіндей ештеңе жоқ.
Біз, біріншіден, аграрлы елміз. Көп көлемде астық дақылдарын егіп отырмыз. Бірақ түрлі зиянкестер мен аурулардың (өсімдік аурулары) кесірінен еккен егіні­міздің шығымы, өнімділігі азайып, өзіндік құны қымбатқа шығады. Мұның бәрі – шы­ғын. Жарайды, бұл – бидайдың төңі­регін­дегі әңгіме. Ал бізде одан басқа да сақтау мерзімі шектеулі, тез бұзылатын ауылшаруашылық дақылдар, көкөністер мен жеміс-жидектер бар ғой. Осының бәрінде біз өнімділікті ұлғайтып, сапасын көтерсек, өз елімізді ғана қамтамасыз етіп қоймай, өзге елдерге де экспортқа шығара алатын мүмкіндігіміз бар. Ал өнімділікті қалай көтереміз? Қолданыста жүрген хи­микаттар – пестицид, гербицид дегендер кешегі күннің технологиясы болып қалды. Денсаулықты ойласақ, дәл осы химикаттар ағзамызға зиянын тигізіп жатуы мүмкін. Сол себепті де біз жаңа технологиядан қаш­пай, қолданып, сол арқылы өнімділікті, өндірісті ұлғайтуымыз қажет. Бірақ соны­мен бір мезгілде бақы­лауды да қамтамасыз етуге тиіспіз. Өзіміз өндірсек, оның сапа­сын, құрамын біліп отырамыз делік, ал сырттан келіп жатқан­дарының қандай еке­нін, гендік моди­фикацияға қаншалықты түскенін білмей­міз ғой. Сондықтан Үкімет тара­пынан дайын­далып жатқан заң осы саланың ғылыми зерттелуіне әрі дамуына, өн­дірістің ұлғаюы мен жаңа өнімдердің шығары­луына жағдай жасауға, сонымен бірге біз не өндіріп, сырттан не келіп жат­қанын бақы­лауға бағытталған деп ойлай­мын. Менің ойымша, ол нарықтық эконо­микамен байланысты. Кез келген адам дүкенге кіргенде қай өнім гендік моди­фика­цияланған, қайсысы кәдімгі өнім екенін білетін болуы тиіс. Тұтастай алған­да, гендік модификация да – жаңа­лық, әлем осыған ден қойып жатыр. Бұл да – инновация. Ал ол инновация біздің ауыл­шаруашылық өнімдеріміздің өнім­ділігін, шығымын жақсартып, әлемдік на­рық­тағы бәсекеге қабілеттілігін арттыратын болса, біз неге одан бас тартуымыз ке­рек?!

Мұхамбедия АХМЕТОВ, Астана медицина университеті тағамтану кафедрасының профессоры:
Жоқ
– Генетикасы модификацияланған организмдерді (ГМО) өсіру үшін бір ор­ганизмнің генін басқа бір өсімдіктің не­ме­се жануардың ДНК-сына енгізіп, транс­генизация жасайды. Бұл операция ар­қы­лы организмнің кейбір табиғи қасиет­тері өзгертіледі. Мысалы, аязға төзімді, жән­діктер жемейтін, құрт түс­пейтін, ұзақ сақ­талатын, тығысын-тағы қасиеттері бар өсім­дік алынады. Бүкіл жаратылыс ға­сыр­лар бойы өзі сұрыптап берген, кез кел­ген организмнің өсіп-өнуіне жауапты болып са­налатын гено­мына бөтен генді әкеліп, жасанды жол­мен қиюластырып енгізген кез­де оның келесі ұрпағы өзге­ріске ұшы­райды. Гене­тикасы модифи­кациялан­ған орга­низм­­дердің дүние­жүзіне кең тарап кетуінің кесірінен адам­дар мен жануар­лар ара­сында ұрпақсыз­дықтың дамуы, қатерлі ісік ауруларының көбеюі, тұқым қуалай­тын кемтарлықтың ерекше түр­лері пайда болуы мүмкін екен­дігін бел­гілі ғалымдар дәлелдеп берген.
Жан-жануардың, өсімдіктің тектік ап­­паратын қолдан өзгертуге бағытталған ген­дік инженерияның адамзатқа қауіпті тұстары туралы 2000 жылы ғалымдар Әлем­­дік үндеу жариялаған болатын. Кейі­­ні­рек ГМО-ға байланысты бүкіл ел­дің үкіметтеріне 828 ғалым ашықхат жария­лаған еді.
Генетикасы модификацияланған да­қыл­дармен қоректендірілген экспери­менттік жануарлардың және олардың кейінгі ұр­пақтарының ағзаларында па­тологиялық өз­герістер анықталған. Бри­тания ғалым­дары – генетикасы моди­фи­кацияланған ГМ-картоптың, Италия ға­лымдары – ГМ-сояның, Австралия ғалым­дары – ГМ-асбұршақтың, француз зерт­теушілері ГМ-жүгерінің жан­уар­лар ағзасына қауіпті екендігін дә­лелдеген. Мысалы, ГМ-жүгері беріп асы­раған экс­пери­менттік жануарлардың төл­дері 100 пайыз өлі туғаны туралы ғылыми нә­тиже бары белгілі. Бірақ мұндай қоры­тындыны кезінде жауып тастаған. Себебі ғалым­дардың бұл секілді қорытынды­ларының жария болуы өндіруші компания­ларға тиімді емес. Биотехнология сала­сында зерт­­теулер жүргізген 500 ғалымның үштен бірі өздерінің анықтаған қорытын­дысын өзгертуге мәжбүр болғаны туралы мә­лімет­тер бар, себебі ғылыми-зерттеу жұ­мы­сына демеушілік жасаған өндіруші компания өкілдерінің өтінішін орындаған. Ғалымдардың 17 пайызы тапсырыс беру­шіге ұтымды нәтиже көрсетіп, жалған қо­рытынды берген, ал 10 пайызы қаржылай қыспаққа түсетіндіктен, қаймығып, ГМО-ның кері әсерлері жөніндегі ақпаратты жасырған.
Ең алғаш трансгенді өнімдерді шыға­руды 80-жылдары Американың әскери қорғаныс күштеріне бағынышты Мон­санто компаниясы қолға алған. Трансгенді да­қылдарды өсірудің және әлемге таратудың басты жарнамашысы – Аме­рика. Сөйте тұра, АҚШ-тың ауыл ­шаруа­шылығы ми­нистр­­лігі өз елінде ГМ-күріштің сортын егуге тыйым салған. Тіпті қазіргі кезде егіліп қойған ГМ-күрішті толықтай жою керек деп бұйрық шығарған.
Генетикалық аппаратын қолдан өз­гертіп өсірілген өнімдер бүгінгідей қарқынмен тұтынушының қарнына түсе берсе, «ал­дағы 40 жылдан кейін адамзат ұрпағы күрт кеміп, бүкіл биосфера бұзылып бі­теді» дей­ді көптеген ғалым. Адамның имму­нитеті әлсірейтіні, аллергия көбейе­тіні ғылыми тұрғыдан негізделіп жария­лануда. Кез келген өсімдіктің, жәндіктің, жануардың табиғи геномына бөтен қасиеті бар генді қию­ластырып енгізу үшін арнайы тасымал­даушы вирустар пайдаланы­латынын ес­кер­сек, неше түрлі ой келеді. Себебі адам­затты азапқа салумен келе жатқан тұмау да, гепатит те, полиомиелит те, жүре пайда болатын иммунитет тап­шылығы синдромы да (ЖИТС, орысшасы – СПИД) тағысын тағы­лары әртүрлі сондай вирус­тардың ағзаға бір кіріп алғаннан кейін мүлдем бағынбай кететін қасиетімен байланысты.
Ғалымдар зерттеу ізденістерінің нәти­жесінде алмаға түсетін құрттың ата жауы­ның генін алмаға енгізгенде оған құрт түспейтінін және ұзақ сақталатынын анық­­таған. Сыртқы сәні қалғанымен, бүкіл мәні өзгеріп кеткен алмаға құрт екеш құрт та жоламайды. Біз жей бере­міз.   
Трансгенді организмдердің көбі ұрпақ бермейді. Мысалы, қашыр деген жануар – есек пен жылқының буданы, ұрпақ бер­мейді, арыстан мен жолбарыстың күшігі де ұрпақсыз. 18 мың ғаламды Жаратушы өте сирек кездесетін мұндай будандасуды әдейі көрсетіп, «ей, адамдар, абайлаңдар» деп адамзатқа ескерту жасаған шығар деп ойлануымыз керек. Бір күндік қарын той­ғызудың қамын ойлап, «жұтқан жұта­майды» деген қағидаға сеніп, табиғат заңдылығына қол сұғу  қауіпті.

Түйін
Қос пікірдің де жаны бар. Нарық ағымына да ілесуге тиіспіз, бірақ кейінгі ұрпақтың да салауаттылығын ойлауға, ұлт ғұмырының ұзақтығын қамтамасыз етуге міндеттіміз. ГМО – әлбетте, жаңалық, инновация. Ал инновацияның экономиканы алға сүйрейтіні де – шындық. Бірақ ГМО-ның адам баласына әсерін, ықтимал зиянын ғалымдардың толық зерттеп бітпегені де – ақиқат. Оның зияны ұрпағымызға 40-50 жылдан кейін білінуі де әбден мүмкін. Ендеше, түпкілікті түйін де оқырманның өз еншісінде деп ойлаймыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста