«Газбен жүретін автомобильдердің салығын төмендету керек» деген пікірмен келісесіз бе?

«Газбен жүретін автомобильдердің салығын төмендету керек» деген пікірмен келісесіз бе?

Соңғы жылдары әлемнің барлық елдері транспорт құралдарын жанар­майдан басқа, экологиялық жағынан тиімді баламалы отынға ауыс­тыруға тырысуда. Біздің еліміздегі ірі қалаларда да көлік санының күн санап өсуі қоршаған ортаның ластануына тікелей әсер етуде. Қоршаған ортаның ластануының алдын алу бағытында арнайы бағдарлама қабылданғанымен, ауыз толтырып айтарлықтай іске мұрындық бола алмай отыр. Мәселен, осы бағдарлама аясында 2018 жылы экологиялық тұрғыдан таза отын саналатын газбен жүретін көліктердің санын 54 мыңнан асыру, соған сай газбен жүретін қоғамдық көліктердің санын да еселеп көбейту жоспарланған еді. Алайда әзірге бұл бағытта ілгерілеушілік бай­қалмайды. 2012 жылы Алматы қаласы бойынша газбен жүретін бар болғаны 200 қоғамдық көлік, 10 жекеменшік көлік тіркеліпті. Осы орайда, мамандар «көліктерді экологиялық таза отынға ауыстыруға ынталандыру үшін газбен жүретін автомобиль­дердің салығын төмендету» туралы ұсыныс айтып отыр. Ұсынысты мамандардың талқысына салып, артық-кем тұстарын салмақтап көрген едік.


Сәдібек ТҮГЕЛ, эколог:
иә
– Мен бұл ұсынысты қуа­на құптаймын. Өйткені көліктерді экологиялық тұр­­ғыдан таза отынға ауыс­тырудың пайдалы тұстары жетерлік. Қазір әлемдегі барлық елдер жанармайға балама болатын, эколо­гия­лық тұрғыдан таза басқа отын іздеуде. Біздің еліміз­де де жыл өткен сайын кө­лік­­тердің көбеюімен бірге ауаның күрт ластануы анық байқалуда.
Демек, біздің елімізде де көліктерді тез арада экологиялық таза отынға ауыстыру қажеттілігі туын­дап отыр. 
Алматы қалалық әкімдігі бірнеше жыл­дан бері газбен жүретін қоғамдық көлік­тердің санын арттыру бағытында жұмыстар атқарып жатыр. Бірақ бұл істі әрі қарай қолдайтындар табылмай тұр. Сондықтан газбен жүретін автомобиль­дердің салығын төмендетер болсақ, бұл белгілі бір дәре­жеде жүргізушілерді көлік­терін эколо­гиялық таза отынға ауыстыруға ынталан­дырар еді. Осы орайда біз газбен жүретін автомобильдердің салығын төмендетуді қолға алуымыз керек.
Бүгінгі күні ауаның ластануы салдары­нан халықтың арасында тыныс жолдары ауруы күрт артып отыр. Әсіресе көлік құрал­дарының саны мен ауасының лас­тануы жағынан алдыңғы орында санала­тын Алматы қаласында бүгінгі күні атмо­сфераның бұзылуына көшедегі көліктердің елеулі үлесі бар екені дәлелденіп отыр. Нақ осы Алматы қаласы тұрғындарының аллергияға жиі шалдығуы, тыныс жолдары мен жүрек-қан тамырлары ауруына жиі ұшырауы да ауаның ластануынан екенін айтып мамандар да дабыл қағуда. Америкалық ғалымдар адамдар арасында рак пен тыныс алу жолындағы ауруларды туғызатын атмосфера құрамындағы ұсақ дисперстік бөлшектердің кесірінен жылы­на 2,1 миллион жан өмірмен қошта­са­тынын есептеп шықты. Сондай-ақ эколо­гияның бұзылуы климаттың өзгеруіне де әсер етіп отыр. Демек, ендігі жерде ауаны неғұрлым таза ұстаудың маңызы зор екенін біз түсінуіміз керек. Ауаны таза ұстаудың бір амалы – көліктерді экология­лық таза отынға ауыстыру. Халқымыз осы ұсынысты бірауыздан қолдап кету үшін газбен жү­ретін автомобильдердің салығын төмен­детсек, тіпті дұрыс болар еді. Оның үстіне, халық үшін де жанармайдан гөрі газдың бағасы арзанға түсер еді. Бұл да көліктерді газбен жүргізудің бір артықшылығы деп санаймын.
Негізі, уақытша болса да көліктердің салығын төмендету арқылы жүргізушілерді ынталандыруымыз керек. Кейін жанармай бағасының тұрақсыздығын көргеннен кейін жаппай жүргізушілердің бәрі көліктерін газбен жүргізуге ынталы бола бастайды. Сондықтан көлік жүргізушілерін ынталандыру үшін газбен жүретін автомобильдердің салығын төмендетуді қолға алу керек деп ойлаймын.


Ғалым БАЙНАЗАРОВ, экономист-қаржыгер:
жоқ
– Расында да, елімізде кө­лік­­тердің көбеюімен бірге ірі қа­ла­­лардағы экологиялық ах­уал күр­деленіп бара жатыр. Негізі, көзін таба білсек, көлік­терден шығатын улы түтін сал­дарынан туындап отырған эко­ло­гиялық жағ­дайдың алдын алу жолдары жетерлік. Оның ішін­де жанар­майды басқа эко­логиялық таза отынмен мін­детті түрде ауыстыру қажет. Алай­­­­да ол үшін көлік­тердің салы­ғын төмендетудің қажеті жоқ. Өйт­кені біз онсыз да бүгінгі күні кө­ліктердің салығын көбей­туге мүдделі болып отырмыз. Сон­дықтан, бір жағы­нан, бұл мүм­кін де емес нәрсе. 
Шын мәнінде, көліктердің экологиялық жағдайға кері әсерін төмендетудің жол­дары өте көп. Мәселен, ең бай мем­ле­кеттердің бірі – Швейцария. Әлемдегі бай адамдар да сол елде тұруға құштар. Эко­логиялық жағынан да өте таза. Осы Швей­царияда әлі күнгі трамвайлар өте көп жүреді. Оған жергілікті халық өткен ғасыр­дың көлігі деп менсінбеушілікпен емес, керісінше экологиялық жағынан таза көлік болғаннан кейін өте үлкен құрметпен қа­райды. Ал біз неге екенін білмеймін, трам­вайлардың санын қысқарттық. Барының өзі өте аз жүреді. Сондай-ақ Лондонда 1970-1980 жылдары экологиялық жағдай өте қиын болған. Ал қазір аталмыш қала­ның ауасы өте таза. Өйткені сол жылдары Алматы қаласы секілді экологиялық жағ­дайы нашарлап кеткендіктен, жанар­май­дың сапасын жақсартуға ден қойған. 95 маркалы жанармайды ғана сатылымға шығарып, қалғанының сатылуына тыйым салған. Екіншіден, көліктерден шығатын улы түтіннен зиянды заттар ауаға таралмас үшін сүзгі ойлап тапқан. Нәтижесінде ауа тазарып шыға келді. Экологиялық таза көлік­тердің салығын төмендетпей-ақ осындай қарапайым шаралар қаладағы экологиялық ахуалды жақсартты. Біз де жоғарыдағы қалалардан үлгі алып, солар­дың қолданған әдісін өзімізде пайда­лансақ, көліктердің салығын төмендетуден әлдеқайда нәтижелі болар еді.
Осы орайда айта кетер жайт, біз қазір экологиялық таза отынға көшкен көлік­тердің салығын төмендеткенмен, елдің барлығы газға көше қалмайды. Өйткені еліміздің ең үлкен шаһары – Алматының өзінде оларды газбен қамтамасыз ететін бекеттер мүлдем жоқ. Сондықтан түрлі ұсыныстар айтудан гөрі көліктердің газбен жүруіне жағдай жасауымыз керек. Егер көліктерге газ құю бекеттері көп болса, мұндай отын бағасының тиімді екенін білген жүргізушілер өздері-ақ көлігін газға ауыстырары сөзсіз. Сондықтан автокөлік иелеріне газ отынының тиімді екенін жеткізе білуіміз керек.
Жалпы, экологиялық жағдайға қарай көліктердің салығын төмендету ақылға қонбайтын дүние. Одан да көліктерді экологиялық таза отынға ауыстырудың, жалпы қоршаған ортаны таза ұстаудың басқаша түрлі жолдарын қарастыруымыз керек. Электр қуатымен жүретін авто­кө­ліктер, трамвай, троллейбустардың санын көбейтіп, жанармайдың сапасын көтеріп, улы түтін шығаратын көліктерге арнап сүзгілер қолдансақ, мәселені еш қиын­дық­сыз шешуге болар еді.

Бейтарап пікір
Меңлібай МЫРЗАХМЕТОВ, техника ғылымының докторы, профессор:
– Шын мәнінде, көліктерді экологиялық таза отынға ауыстыру соншалықты қиын шаруа емес. Мәселен, мына көрші өзбек елінде көшедегі көліктердің 70-80 пайызы газбен жүреді. Біріншіден, газ жанармайға қарағанда экологиялық тұрғыдан таза отын саналады. Екіншіден, газ жанармайға қарағанда әлдеқайда арзан. Соны ұққан өзбек жүргізушілері темір тұлпарларын газға ауыстырды. Сондықтан біз де газға өтіп алсақ, ұтарымыз көп болар еді. Таза ауамен тыныстап, күн сайын бағасы өсіп бара жатқан жанармайға тәуелді болып, шулап отырмас едік. Сондықтан мемлекетіміз халықты түрлі жолдармен ынталандыра ма әлде жұртшылыққа жеңілдіктер ұсына ма, әйтеуір тез арада көліктеріміздің газбен жүруін қамтамасыз етсе дұрыс болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста