Еуропалық білім стандартын елімізге бейімдей алдық па?

Еуропалық білім стандартын елімізге бейімдей алдық па?

Қазіргі таңда еліміздің білім саласындағы ең өзекті мәселе 12 жыл­­дық білім беру жүйесіне көшу болып тұр. Жалпы, бұл жүйе қо­ғам­­ның дамып өркендеуіне және әлемдік білім кеңістігіне жол аша­­тын бірден-бір жол делінеді. Дегенмен дамыған елдердің кө­ші­не еріп, мұндай жүйені енгізуге қаншалықты дайын екені­­­­мізді дөп басып айту қиын. Білім берудің бұл моделі әлемнің 80%-дан астам елінде қолданылады. Мамандардың айтуынша, еуропалық білім стандартына бейімделу ғылым мен техниканың үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа тех­­­нологиялардың әртүрлі салада кеңінен енгізілуіне бай­­­­ланысты туындаған. Жастарды заманауи талаптар­ға сай тәрбиелеу үшін оларға жаңа мазмұнда білім беру қажет. Сол үшін де дүниежү­зі­лік қауымдастық 12 жыл­дық білім беру жүйесіне көшу­де. Қазақстан да еуропалық стандартқа бет бұр­ды. Батыстың стандартын өзімізге бейімдеу мүмкін болды ма?


Ерұлан ЖИЕНБАЕВ, М.Ганди атындағы дарынды балаларға арналған №92 мамандандырылған мектеп-лицей директоры:
иә
– Еуропалық білім стандарты дегенде, ең алдымен, қазіргі қоғамды ерекше қызықтырып, толғандырып жүрген 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді айту­ға болатын шығар. Бұл жүйеге көшу – заңдылық және заманауи қа­жеттілік. Президенті­міз­­дің өзі ал­ды­мызға мақсат етіп қой­ған бүкіл әлемдік білім кеңіс­ті­гіне Қа­зақ­­стан енуі тиіс! Ал бұл кеңістікке енудің алғышарты да, негізі де осы 12 жылдық білім беру бо­лып табы­лады. Дәл қазір еуропа­лық білім стандартын толықтай де­месек те, біртіндеп елімізге бе­йім­деп келе­міз. Бұл арада қа­рала­тын үш мәсе­ле бар. Бірінші­ден, ол жүйеден бас тартар бол­сақ, өз жолымыз­бен, өз жүйе­міз­бен білім беруіміз ке­рек, бірақ біз­де ол жоқ.
Екіншіден, батыстық жүйені толықтай кө­шіріп алмау және үшіншіден, сол жүйе­нің тек жақсы, тиімді жақтарын ғана алу. Біз Еуропалық білім стандартын өзімізге ен­гізе отырып, ұлттық менталитетімізді, ұлт­тық құндылығымызды, ерекшелігімізді ұмыт­пауымыз қажет. Бізде де қалыптасқан өзін­дік тәжірибе бар. Тап қазір қоғамда үрей тудырудың қажеті жоқ, себебі жаңа жүйеге 2015 жылы толықтай көшіп кетпей­ді. Тек 2015 жылдан бастап біртіндеп, 10 жыл­дың ішінде өзгере бастайды. Соған сай оқулықтар жазылып, мамандар да­йын­далады. Яғни бізде әлі уақыт бар. Қазір­дің өзінде жаңа жүйені енгізу мақ­сатында біршама нәтижелі іс қолға алын­ды. Қазір мектептерді заманауи тех­но­логиямен жабдықтау, ұстаздардың білімін же­тілдіріп, біліктілігін арттыру шаралары қар­қынды іске асып жатыр. Алайда бірен-саран маманның компьютердің тілін біл­меуі болмаса кереғар пікірді құптаудың сал­­дарынан қоғамда кертартушылық, қате көз­қарас қалыптасып үлгерген. Бұл еліміз­дің ілгері жылжып, дамыған елдердің қата­рынан көрінуіне кері әсерін тигізеді. Алыс­қа бармай-ақ өзім басқарып отырған мектептің ұжымы жайлы айтайын, біздің де он шақты мұғалім білім жетілдіру курс­та­рына қатысып, тәжірибелерін шыңдап қайтты. Олардан өзгеріс, жаңашылдық бірден білініп тұрады. Тіпті біздің елге көршілес мемлекеттерден келген ұстаздар қатты таңғалады. Себебі олар мұндай курстарды өздері іздеп, ақшасын өз қалталарынан төлеп оқиды екен. Ал біздің Үкімет бұл орайда бар жағдайды жасап отыр. Оқуға кеткен ұстаздардың білімін жетілдіріп қана қоймай, олардың еңбекақылары толықтай төленеді. Бұл – Үкіметтің білім саласын қаншалықты қолдайтындығының көрінісі.


Орденбек МАЗБАЕВ, география ғылымының докторы, профессор:
жоқ
– Қазақстан егемендік алған­нан кейінгі жылдарда Еуропалық бі­лім кеңістігіне қарай бет бұр­ға­ны анық. Ол үшін Білім және ғы­лым министрлігі тарапынан көп­т­е­ген іс атқарылды және оның нә­ти­жесін қазіргі таңда сезініп отыр­­мыз. Біріншіден, өз басым Еу­ро­палық білім беру жүйесіне қар­сы емеспін. Бірақ ойланатын бір нәрсе бар, ол – кадр даярлау мә­­селесі. Көпжылдық тәжірибем­нен түйгенім, біз асығыстық жа­са­ған сияқтымыз. Өйткені қазіргі кез­де Қазақстан аумағында ша­ғын комплектілі мектептер деген бар. Олар – шалғай аудандарда, шет­кері орналасқан елді мекен­дер­де. Ал біз типтік мектептерді са­лып жатырмыз. 
Оқуын бітірген жас мамандар сол шал­ғай өңір­лер­ге барып, толық ставкалы жұ­мысқа орналаса алмай, қинала­ды. Себебі жеті-сегіз сағаты бар ұстаздың 20-30 мың теңге жалақымен өмір сүре алуы екіталай. Ал бұл дегеніміз мониторингтің жүргізіл­мегендігін аңғартады. Біз педагогика мамандығын еліміздің ішкі нарығына бейімдеуіміз қажет, бейімдей отырып қос мамандық беру мәселесін шешкеніміз абзал. Өкінішке қарай, бұл жүйе Еуропалық жүйеге сәйкес, бакалавр мен магистратураларды ашу негізінде қараусыз қалды. Әйтпесе бұрын қос ма­мандық беру жүйесі өзінің тиімді тұстарын дәлелдеп берген болатын. Қазір, шыны керек, зияткерлік мектептерді ашып жатыр­мыз. Иә, біздің қолдан мұндай мек­тептерді көптеп ашу келеді, бірақ шағын мектептер назардан тыс қалып отыр. Тіпті ұстаздардың статусы да әлі күнге өз деңгейінде емес, төмен. Ал біз 12 жылдық білім беру жүйе­сіне көшпекпіз. Бұл мәселе осыдан 10 жыл бұрын қозғалған болатын. Сол кезде-ақ «Қазақстан бұл жүйеге 2015 жылға дейін көше алмайды» дегенбіз. Себебі бізде оған лайықты оқулық та, база да жоқ. Енді, міне, 2013 жылы соны көріп отырмыз. Жер-жерде баяндама оқып, халықпен жүздесіп жүрмін. Сонда әрбір 50 адамның 48-і қазіргі білім беру жүйесіне көңілі толмай­тынын айтады. Яғни бізге баланы оқыта алатын оқулықтар қажет. Ішкі мазмұ­­нын өзгертіп шығара берген оқулық­тан дұрыс білім берілмейді. Дамыған елдердің мектеп оқулықтарын алып көрдім, біздікімен салыстырып қарасаңыз, айырмашылығы жер мен көктей. Біздегі текст-мәтіннің, теориялық жағы басым болып келеді, ал шетелдік оқулықтарда бала санасын оятатын интерактивті тұстар басым. Яғни біздің оқулықтарымыз еуропалық стандартқа сай емес. Оған қоса, мамандар да дайын емес. Ал мамандар мен оқулықтар дайын болмаса, қалай біз «еуростандартқа бейімделдік» деп айта аламыз? Сонымен қатар тағы бір айта кетер жайт, 12-сыныпта отырған ер балалар мен қыз балалардың пси­хикасы да ескерілмеген, толықтай зерт­телмеген. Бұрын төртжыл­дық, жетіжыл­дық білім беру деген жүйелер болды және олардың арасынан да мықты ғалым­дар, академик­тер шық­ты. Демек, қысқа мерзім ішінде де білім деңгейін көтеруге әбден болады. Қалалы жерде интеллек­туал­ды мектептер ашсақ, ауылдың бала­сының интеллек­туал­ды болу­ға хақы жоқ па?! Біздегі мек­теп­тер бөлініп-жарылмай, оларға қойы­латын талап бірдей болуы тиіс. Міне, осы айтылған мәселелер өз шешімін тап­қан­да ғана біз Еуропалық білім стандартын елімізге бейімдей алдық деп айта аламыз, бұ­лай деуге ертерек.
                                     Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бейтарап пікір
Совет-Хан ҒАББАСОВ, педагогика ғылымының докторы:
– Мен үшін Еуропалық білім стандарты – дәлелденбеген бағыт. Себебі бұрынғы кеңестік білім беру мен денсаулық сақтау жүйесіне ешбір жүйе жетпейді. Неге десеңіз, кешегі кеңес заманында бұл жүйелерді бүкіл әлем мойындаған болатын. Енді келіп біз де еліктеп, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшеміз деп байбалам салып келеміз. Бұл жүйені кім зерттеп, кім дәлелдеп беріпті? Халықтың алдына шығып «жүйенің артықшылығы мынау, кемшілігі мынау» деп көрсетіп берген адамды көрген емеспін, оны ешкім айтпайды да, айта алмайды да. Әйтеуір көштік деп, ендік деп еліктеу ғана. Иә, мұндай заманауи, жоғары деңгейлі білім беру жүйесі Жапония, Қытай сияқты елдерде бар. Бірақ олар өздерінің дәстүріне, қоғамына лайықтап зерттеп, дәлелдеп барып енді. Ал біздің жасымыз болсын, кәріміз болсын салт-дәстүрді білмейді. Сонда батыстық жүйеде білім берудің бізге қандай пайдасы бар? Қазақ «ел болам десең, бесігіңді түзе!» дегеннің мәнін әлі түсінген жоқ. Осыдан келіп қате, қыңыр жүйелер қаптап еніп, халықты қинайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста