Ерлерге де атаулы күн қажет пе?

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнi. Бiр кездерi, Кеңес Одағы тұсында бұрынғы СССР басшысы Михаил Горбачев ерлерде арнайы халықаралық мерекенiң болмауын «дискриминация» деп тауып, өз тарапынан Дүниежүзiлiк ерлер күнiн бекiтудi ұсынған екен. М.Горбачевтың бұл бастамасы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Венадағы бөлiмi және басқа да халықаралық ұйымдар тарапынан қолдау тауып, қарашаның алғашқы сенбiсi ерлер күнi ретiнде белгiленген көрiнедi. Осы қаншалықты дұрыс?  Әлде ерлер үшiн бiр жылдағы 365 күннiң бәрi мереке ме? Кезiнде бiр бiлгiш «Әлем еркектiң қолында, ал еркек әйелдiң уысында» деген екен. Ал қазiргi заманда әйелдiң рөлi тiптi күшейiп тұр. Бiрақ Алланың алдында ер де, әйел де тең емес пе? Тiптi Құранның өзiнде «еркек» және «әйел» деген атаулар бiрдей 24 рет қайталанады екен. Ал ерлердiң төл мерекесiнiң болмауы оларға деген әдiлетсiздiк емес пе? Мүмкiн ерлерге де нәзiк жандардың ерекше назарына ие болып, өздерiн ханзададай сезiнтетiн бiр күн керек шығар. Бұл туралы әйелдер қауымы не дейдi екен?

Данагүл ТЕМIРСҰЛТАНОВА, Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi
ИӘ

– Менiңше, ерлерге арналған мерекенiң, атаулы күннiң болғаны дұрыс. Тiптi ер-азаматтарымызға бiр күн емес, екi күндi арнасақ та артықтық етпейдi.  Қазiргi кезде қай салада болса да әйелдер басым ғой. Дәрiгерлердiң де, мұғалiмдердiң де көбi әйелдер. Ал әйелдiң ер-азаматсыз күнi жоқ.  Демографиялық жағынан алсақ та, Қазақстанда сегiз қызға бiр жiгiттен келедi. Неге? Өйткенi ерлердiң өмiрiне төнер қауiп көп. Сондықтан да бiз ерлерiмiздi құрметтеп, барынша әспеттесек, одан ұтпасақ, ұтылмаймыз деп ойлаймын. Уақыттың заманауи ағымына iлесемiз деп, ата-баба дәстүрiн ұмытып, еркектерден асып түсуге ұмтылып жатқан жайымыз бар.
Алайда тарихқа сәл-пәл шегiнсек, бiздiң аналарымыз, апаларымыз жанындағы ер-азаматтарын құдайындай сыйлаған емес пе?
Елiмiздi, жерiмiздi қорғап, қасық қаны қалғанша күрескен ата-бабаларымызды, алақанына салып өсiрген әкелерiмiздi, «жер басып жүрсек қорған, суықтан қорғар орман» болатын аға-iнiлерiмiздi, шаңырағымызға ие болар ұлдарымызды құрметтеп, оларды өзiмiзден жоғары қойғаннан бiз төмендемеймiз. Қазiргi қоғамда «ерлер ұсақталып кеттi, әйел еркектiң рөлiн атқарып, еркек отбасы, ошақ қасында отырып қалды» деген де пiкiрлер жетерлiк. Бiрақ бұған да белгiлi бiр мөлшерде бiздер, әйелдер өзiмiз кiнәлiмiз. Егер бiз балаларымызға «әке – асқар тау» деп үйретсек, мұндай жағдай болмас едi. Жаһандану кеп қалды, әйел ермен теңестi екен деп, кеудемiздi керiп, ерлердiң төбесiнен қарауға ұмтылып барамыз. Еркектермен таласып, теңдiктi талап етудi қою керек сияқты. Қыз-келiншектер мерекесiнде, яғни 8 наурызда ерлерiмiз бiздi қуантса, оларды бiз қуантатын мерекенiң болғаны жаман ба? Болсын. Әрине бұл бiр күнгi мерекемен шектелмеу керек. Дей тұрғанмен, мерекенiң көп болғаны жақсы емес пе? Кезiнде 23 ақпанда жапа-тармағай ерлерiмiздi құттықтап жататынбыз, кейiннен 7 мамырға ауыстық. Бiрақ бұл халықтың түсiнiгiнде әскерилердiң мерекесi ретiнде қабылданады. Ал бiзде әскери саладағы қыз-келiншектерiмiз де жетерлiк. Сондықтан тек ерлерге ғана арналған арнайы мерекенiң болғанын өз басым құптаймын. Кейбiр шайпауыз жеңгелерiмiз ағаларымызды жерден алып, жерге салып жатады. Бiрақ қазақта «Ердiң атын жары, я болмаса бәйгеден келген аты шығарады» деген сөз бар ғой. Жақсы әйелге еркектiң сыры өзiнiң он саусағындай таныс. Егер ерлер әйелдер қауымынан жылылық сезiнiп, назарына iлiнсе, көңiлдерi марқайып, ерлiк жасауға шабыттана түседi. Жалпы, адамзат баласы мереке күндерi бiр-бiрiне жылы лебiзiн, сыйлығын беруге тырысып, көңiлiнде өкпе болса, кешiрiмдiлiк танытып жатады. Сондықтан ерлерiне назын бiлдiретiн, жанындағы жарларына ерекше көңiл бөлiп, олардың бiзге керек екенiн сезiндiрiп, бiр серпiлтiп қоятын мереке керек. «Сыйлы болсаң – сыйлайсың» демекшi, әркiм өз орнын бiлсе, сыйластық та, үйлесiм де болады деп сенемiн.

Анна ҚҰДИЯРОВА, психолог
ЖОҚ

– Бiздiң елiмiзде ерлерге арналған мереке бар, бұл – 7 мамыр. Бұдан басқа тағы бiр күндi ерлерге арнайы мереке етiп бекiтудiң қажетi қанша? 7 мамырдың мәртебесi 8 наурыздай емес демесек, еркектерiмiз мүлде еленбей қалып жатқан жоқ қой. Сондай-ақ ешбiр елде арнайы еркектерге арналған күн жоқ. Қазақстан Республикасы егемендiк алғалы 17 жылдан берi 7 мамыр ҚР Қарулы күштерi мерекесi болып бекiтiлдi. Ал қарулы күш, отан қорғаушылар  дегенiмiздiң өзi ер-азаматтарымызға қатысты емес пе? Ерлер Отан қорғаушылар болуымен қоса, әлемнiң тiрегi, бiздiң сүйенiшiмiз, қорғанымыз. Қоғамда дискриминация болмау керек.Бүгiнде онсыз да жiгiттерiмiз «әйелдер бiзден билiктiң тiзгiнiн тартып алды, күшейiп кеттi, шалбарымызды киiп, шаштарын да бiздiкiндей етiп қырқатын болды, машинаның рөлiн де әйелдерге бердiк» деп жылап жүр.
Бiрақ не дегенмен бұл – заман талабы. Қазақта «кең болсаң, кем болмайсың» деген сөз бар ғой, сондықтан кеңдiк жасап, осы 7 мамырды барша ерлер қауымының мейрамы етiп қалыптастырсақ та жаман емес. Өйткенi бiршама уақыттан берi бұл күн халықтың құлағына сiңiстi болып, жатталып қалды ғой. Оның үстiне бiз әлi 70 жыл бойғы психологиядан арыла қойған жоқпыз. Бiздiң түсiнiгiмiзде әскери мереке ерлер мерекесiмен астастырылады. Ең алғашында 23 ақпан да кеңес әскерiнiң күнi болып бекiтiлгенмен, кейiннен барша еркектiң мерекесiне айналды. Сондықтан менiңше, дұрыс насихаттай бiлсек, 7 мамыр да барша қазақстандық ерлердiң мерекесiне айналады. Сонда әрбiр жiгiт жауынгер, әр жiгiт қорғаушы деген патриоттық түсiнiк қалыптасар едi. Ал ендi бүйректен сирақ шығарып, тағы бiр күндi мереке етудiң жөнi жоқ. Иә, еркектер бiзге керек. Бiрақ асыра сiлтеп, жоқ жерден мереке жасау қисынға келмейдi. Мерекенiң көп болғаны жақсы, әрине. Алайда әр мерекенiң өзiндiк тарихы болмай ма? Соңғы жылдары бiздiң елiмiзде 14 ақпан –ғашықтар күнi болып қалыптасып кеттi. Бiз одан қанша бас тартсақ та, жылдан-жылға бұл күннiң рөлi күшейiп барады. Бiр кездерi осыған қарсы Қозы Көрпеш-Баян сұлу күнiн қалыптастырмақшы болдық. Бiрақ бұдан түк шықпады ғой. Дәл осы секiлдi мерекенi қалыптастырып, халықтың түсiнiгiне енгiзу үшiн жойқын күш, қыруар қаржы, үлкен насихат керек. Сондықтан ерлердiң ерлiгiн бiр күнге сыйғызып әуре болғанша, «барлық әлем – бiр әлем» демекшi, оларды жай күнде де өзiмiзбен тең ұстайық.

БЕЙТАРАП ПIКIР
Асылы ОСМАН,
филолог:
– 8 наурыз әлем әйелдерiне арналған игi мереке ғой. Әйелдерде мереке бар, ерлерде жоқ деп бөлiнiп, жарыспай-ақ қойғанымыз дұрыс шығар. Алланың берген 365 күнiн анау деп, мынау деп атап, айдар таққанша, бiр-бiрiмiздi құрметтесек болғаны. Отан алдындағы борышын өтеген ер бар, өтемеген ер бар, сол секiлдi ана болу бақытына ие болған әйел де бар, ие бола алмағандар да қаншама? Сондықтан мерекеден теңдiк iздеудiң аса бiр қажетi аз деп ойлаймын. Әйелдi – әйел, ердi – ер деп бағалайық!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста