Еңбек заңына зейнет жасына тақаған қызметкерлерді жұмыстан қысқартуға тыйым салатын бап енгізу керек пе?

Еңбек заңына зейнет жасына тақаған қызметкерлерді жұмыстан қысқартуға тыйым салатын бап енгізу керек пе?

Елімізде әйелдердің зейнет жасының ұзартылуы сөз болған кезде мамандар тарапынан «Еңбек заңына 50 жастан асқан қызметкерлерді жұмыстан қысқартуға тыйым салатын бап енгізу керек» деген ұсыныс айтылды. Шын мәнінде бұл ұсыныс зейнеткерлік жасы ұзартылмай-ақ өз маңызын жоймайтын ұсыныс екені анық. Өйткені елімізде жасы 50-ден асқан, ауыр жұмысқа да жарамайтын, зейнет жасына жетер күнді асыға күтіп отырғандар жетерлік. Еңбек заңына мұндай өзгеріс енгізу қызметкерлердің құқын қаншалықты қорғамақ?! Алайда «жұмысқа қабылдау қызметкердің жасына емес, біліктілігіне байланысты, сондықтан заң қабылдаудың қажеті жоқ» деушілер де бар. Тақырыпқа қатысты мамандардың пікірін сұрастырып көрген едік.


Ғабиден ЖАЙЛИН, заңгер:
иә
– Бүгінде зейнет жасына та­қаған, 50 жастан асқан қыз­мет­керлерді жұмыстан қысқартуға тыйым сала­тын бапты Еңбек за­ңына енгізудің қажеттілігі артып тұр. Өйткені еліміз­де жасы егде тартқан кезеңде жұ­мыс­сыз қалып, өзін қоғамға керексіз сезініп, тіпті ішкілікке салынып кет­кендер бар. Әрине, орта жолда екі қолға бір күрек таппай, жұмыссыз қалу оңай емес. Сондықтан Еңбек за­ңына зейнет жасына тақаған қыз­мет­керлерді жұмыстан қысқартуға тыйым салатын бап енгізу арқылы біз белгілі бір дәрежеде егде жас­тағы қызметкерлердің құқығын қорғаған болар едік. Осы орайда мен бұл ұсынысты қолдар едім.  
Айта кетер жайт, Тәуелсіздік алғаннан ке­йінгі жаппай жекешелендіру кезеңінде ауыл­дық жерде көптеген азаматтар жұ­мы­с­сыз қалды. Олардың сол кездегі халі өте қиын еді. Тек кейбіреулері ғана пайға ал­ған, яғни колхоз, совхоз тараған ке­зең­де үлесіне алған техникасын пай­да­ланып, малын бағып, істің көзін табуға, өз бетінше күн кешуге қам-қарекет етсе, кө­бісі орта жолда өзін далада қалғандай се­зінді. Ауыл тұрғындары әйтеуір мал­мен айналысып күнін көрер, ал жүрген-тұр­ғанының өзі ақша тұратын қаладағы аға­йынның жағдайын елестету қиын. Сон­дықтан біз азаматтарымыздың ер­теңгі күнін қамтамасыз етуіміз керек. Бүгінгі күні жұмыс берушілер де жұ­мыс­қа кө­бінесе қуат-күші тасып тұрған, жі­герлі жас­тарды алуға тырысады. Мұн­дай жағдайда егде жастағылардың ертеңгі кү­нін Еңбек заңы арқылы пы­сық­тап қой­ма­сақ, қоғамда келіс­пеу­шіліктер орын алуы әбден мүмкін. Де­ген­мен айта кетер жайт, заңға арқа сү­йеп, қызметкерлер «бә­рібір мені жұ­мыстан шығара ал­май­ды» деп, ойына кел­генін істемеуін де ой­лас­тыру керек. Қызметкерлердің қандай да бір теріс қы­лықтары жазалануы, ке­рек кезінде тіп­ті қызметтен де қуылуы Ең­бек за­ңын­да анық көрсетілуі керек.
Сондай-ақ адамдарды ұл­тына қарап бөлмеу, тіпті сол үшін жұ­мыс берушіні қатаң жазалау да Еңбек за­ңында бүгінгі күні көрсетілуі тиіс ма­ңыз­ды нәрсе бо­лып отыр. Өйткені Сол­түс­тік облыстарда жұ­мыс берушінің «мүм­кіндігінше орыс ұл­тының азаматы бол­сын» деген ха­бар­ландыру ілуі бү­гін­де қоғамды дүр сіл­кін­діріп отыр. Ра­сын­да да, бұл – өте со­ра­қы жағдай. Біз «Сол­түс­тік облыстарға оралмандарды ор­на­ластыру керек» деп аттандаймыз, ал ол жақта орыс тілін біл­мейтін ортаның құ­қы бұзылып жат­қа­нына, орал­ман­дар­дың тіл білмегені үшін жұмысқа орналаса ал­май жүргеніне мән бермейміз. Сон­дықтан Еңбек заңында осы бір нәрселер де ашық көрсетілсе дұрыс болар еді. Жал­пы, негізгі тақы­рып­қа келер болсақ, зей­нет жасына та­қаған қызметкерлерді жұ­мыстан қыс­қар­туға тыйым салатын бап­тың Еңбек за­ңына енгізілуі олардың жұ­мыста қа­луы­на кепілдік дүниедей бо­лар еді деп ой­лаймын.


Нұрболат АЙЕКЕШЕВ, әлеуметтанушы:
жоқ
– Негізі, бұл ұсыныс еліміздегі әйелдердің зейнеткерлік жасын ұзарту мәселесі талқыланған кезде базбір мамандар тарапынан айтыл­ды. Өйткені олар «қазіргі кезде көп­теген кәсіпорындар  жекемен­шіктің еншісінде. Ал жекеменшік ком­паниялар егде жастағы адам­дарды қызметкер ретінде жұмысқа алғысы келмейді. Ал алған күннің өзінде егер мекеменің ішкі жағдайына бай­­ланысты қызметкер­лерді жұ­мыстан қысқарту қажет болған жағдайда алдымен зейнет жасына жақындаған адамдар «қара тізімге» ілінеді» дегенді алға тартып отыр.
Алайда кез келген мәселеге орай заңға өзгерістер енгізе берудің қа­жеті жоқ. 
Осы орайда, менің ойымша, дәл қа­зір Еңбек заңына зейнет жасына тақаған қыз­меткерлерді жұмыстан қысқартуға ты­йым салатын бап енгізудің қажеттілігі жоқ деп ойлаймын. Азаматтардың ең­бек ету құ­қы­ғы Қазақстан Республи­ка­сы­ның Еңбек ко­дек­сінде айқындалған. Атал­мыш заң бойынша кез келген жұмыс бе­руші еңбек заңдылықтарын сақтауға мін­деттелген. Кодекске орай, қызметкер еңбек шар­тын­да көрсетілген талаптарды бұз­ған жағ­дай­да ғана жұмыстан боса­ты­лады. Егер де жұ­мыс беруші ешқандай се­бепсіз қара­ма­ғындағы қызметкерді жұ­­мыстан босатар бол­са, онда қыз­мет­кер еңбек ин­спек­ция­сына шағымдануға құқылы. Олар Еңбек ко­дексіне сәйкес, қызметкердің құқығын қор­ғайды. Менің ойым­ша, егер де қыз­меткер білікті ма­ман болатын болса, онда жұ­мыс беруші оның жас ерекшелігіне қа­ра­майды. Бұл – нарық заманының та­лабы. Бүгінгі таң­да 60-ты алқымдаған та­лай азаматтың бас маман ретінде сұ­ранысқа ие болып жүр­генін білеміз. Жал­пы, бүгінгі күні біз­дің қоғамымызда «тә­жі­рибесі жоқ жас ма­манды жұмысқа ал­майды немесе жа­сы 50 жастан ас­қан­дар­ды жұмысқа ал­майды» деген пікір қа­лып­тасқан. Бұл дұ­рыс емес. Кей жағ­дай­ларда елімізде ЖОО-да оқып жүрген сту­денттерді ірі ком­­паниялар оқу бітірмей жа­тып жұ­мыс­қа қабылдап алып жүр. Өйт­кені олар ең­бек тәжірибесінен өту ба­ры­сында өз­де­­рінің біліктілігін дәлелдеген. Со­дан ке­­йін сондай білікті маманнан айы­рылып қал­мау үшін компания оқуын бі­тір­мей жа­тып, ол студентті өздеріне жұ­мыс­қа тар­­туды көздейді. Демек, білікті ма­ман бол­­са, қызметкер қандай жаста да жұ­мыс­­сыз қалмайды, қысқартуға да ұшы­ра­­майды. Сондай-ақ бұл мәселенің екін­ші жа­ғы да бар. Егер де Еңбек кодексіне осын­дай өзгеріс енгізетін болсақ, ертеңгі күні жұ­мыс берушілер осы баптан қорқып, зей­нет жасына тақағандарды жұмысқа ал­май қоюы да әбден мүмкін ғой. Жал­пы, тағы да айтам, біз адамдардың жа­сы­на қа­рап қызметке алады немесе жұ­мыс­­тан қыс­­­қартады деген ойдан ары­­луымыз ке­рек. Мәселен, кейбір са­ла­­ларда жастар­дан гөрі, тәжірибелі үл­кендер маңыз­ды­рақ. Осы орайда Еңбек заңына жо­­ға­рыдағыдай өз­геріс енгізудің қа­жет­ті­лі­гі жоқ деп ой­лай­мын.

Бейтарап пікір
Мақсат ЖАҚАУ, саясаттанушы:
– Бізде заң болғанымен, кейбір жағдайда ол іс жүзінде орындал­май­ды. Мәселен, мемлекеттік мекемелерден гөрі, жекелеген ком­па­ния­ның басшылары қызметкерлерімен бір жылдық келісімшартпен жұ­мыс істейді. Сол келісімшарт мерзімі біткен уақытта ешқандай ең­бек заңынсыз өз қалағандарын жасайды. Жалпы, қазір Еңбек за­ңына бағынып жатқан жұмыс беруші сирек. Мәселен, қазір жұ­мыс беруші мен жұмысшының арасында еңбек келісімшарты жасала бермейді. Осыған орай, айлығын ала алмай, қандай да бір еңбек қауіпсіздігі ережесін сақтамау салдарынан оқыс жағ­дайға ұрынып қалса, өтемақы өндіре алмай жүргендер жетерлік. Тіп­ті Еңбек заңының бұзылуына қатысты талай істер сотқа дейін же­тіп жатыр. Сонда қызметкердің құқына қатысты дүниелерді Ең­б­ек заңына енгізгеннен не пайда?! Сондықтан алдымен Еңбек за­ңы­ның өз күшінде орындалуын қамтамасыз етіп алуымыз керек се­кілді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста