Елімізде тыйым салынған діни-экстремистік ұйымдардың тізімін қайта қарау керек пе?

«Ауруын жасырған өледі». Бұл – дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Ал біздің қоғамның «қатерлі ісігі» діни ахуал болып тұр. Әуелі білдірмей басталатын осы бір дертке тән әдеті, соңы... ушыққаны соншалық, бір отбасы бір дастарқан басында арқа-жарқа әңгімелесіп, ас іше алмайтын жағдайға дейін асқынды. Себеп – діни көзқарастың әртүрлілігі. Шынайы дінді ұстанғандарға күйе жағудан аулақпыз, шынайы діннің өзі-ақ ізгілікке үндеп, адамдарды біріктірмесе, алауыздық туғызып, араға от жақпасы – айдан-анық. Бұл жерде әңгіме діннің тонын жамылған экстремистік топтар жайлы. Бір кездері елімізде олардың бірқатарының тізімі анықталып, сол бойынша шаралар қолданылса, содан бері қарап тұрсақ, жаңа бір топтар қосылып, лаңкестік әрекеттің жаңа «ойындарын» көрсетіп жатқандай. Сондықтан бәлкім, ендігіде бізге сол баяғы тізімді қайта қарау керек шығар, әлде... Осыны таразылап көрелік.

Оңғар қажы ӨМІРБЕК, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы
Иә

– Еліміздегі барлық діни ұйым­дар мен бірлестіктер қайта тіркеу­ден өтуі керек, сол кезде олардың ара­сынан қауіпті деп табылатын ағым­дарды тіркеуден өткізбей тас­тап, әрі тыйым салынған діни-экстре­мистік топтарға жатқызу керек. Енді қабылданатын заңда осы көз­деліп отыр. Себебі қанша жерден демократия болса да, біздің діни наным-сенімімізге сызат түсі­ре­тін дүниелерге біз бой алдыр­ма­уы­мыз керек. Ұлттық салт-дәстүрі­міз сақталуы керек. Осы уақытқа дейін еркінсіп, тіпті көшелерде ашық­тан-ашық діни кітаптарын таратып, адамдарды өз жиналыстарына шақырушы топтар дандайсып бітті.
Өйткені олардың артында алпауыт қаржылық топтар тұр. Қазақта бар ғой «Айдалада – батпан құйрық, ол не қыл­ған жатқан құйрық?» деген. Халқымызды осы уақытқа дейін «ағылшын тілін үйре­темін», «компьютер үйретемін» деп ал­дап, шынды­ғында, әлдебір идеяны на­си­­хаттаумен айналысқан миссионерлер әлі де бар. Ал дінбасымыз Әбсаттар қа­жы Дербісәлі үнемі «Бір ұлт, бір дін, бір мәзһаб» дегенді алға тартып жүреді. Осы уақытқа дейін Орта Азия халықтары түгел Ханафи мәз­һа­бын мойындап, сол бойынша жүр­гендіктен, ешқандай діни алауыздық туған емес еді. Уақыт өте келе исламның атын жамылып, адамзатқа қарсы түрлі әре­кеттерге баратын ағым­дар пайда болды. Қоғамда соларға байланысты жағдай ушығып кеткендік­тен, осыдан 4-5 жыл бұрын Астана қалалық сот шешімімен 11 ағымға қатаң тыйым салынған-ды. Барлығы болмаса да бірқатарын атап өтсек, сол тыйым салынған ағымдардың ішінде тәкбірші­лер, Хизб-ут-Тахрир, фархадшылар, сондай-ақ «аққулар мен сұңқарлар» бар болатын. Естеріңізде болар, Алматы облысы Ұйғыр ауданынан шыққан Фархад есімді біреу өзін-өзі Құдай деп жариялаған еді. Осы қатарда сондай-ақ зікіршілер, Йегова куәгерлері секілділер де сол тізімде болды. Бірақ осымен қатар сол тұста бар болғанымен, тыйым салын­бай қалған, біздің Ханафи мәзһабына қарсы шығушы радикалды ағымдар болды. Мысалы, өздерін саляф деп са­най­тындар, былайғы халық уаха­бис­тер деп атайтын ағым бүгінде қоғамға өте үл­кен қауіп төндірушілерге айналды. Олар ұлтымыздың салт-дәстүрін мойын­да­майды, жалпы, ұлтты мойындамайды. Ел ішінде осы ұлттық мәселелерді жоққа шы­ғарып, іріткі тудырып жатқанын өзде­рі­ңіз көріп те жүрсіздер.

Досай КЕНЖЕТАЙ, философия және теология ғылымдарының докторы, профессор
Жоқ

– Тыйым салынған діни-экстремистік ұйымдар тізімін қайта қарау­дан меніңше, түк өнбейді. Ол – ау­ру­дың өзін емдемей, жай белгіле­рі­нің бетін қайтарғанымен бірдей нәр­се. Ал біздегі ахуал тым күрделі, дін әбден саясиланып кеткен. Әрбір топ­тың артында лауазымды тұлға­лар, шенеуніктер, құзырлы орын­дар­дың білдей басшылары отыр. Бұл вертикальды деңгейде болса, го­ризонтальды деңгейде осы дін ісі­мен айналысуға тиіс органдардың өздері де осы діни топтармен шатасып тынған. Сондықтан егер біз шындап жағдайды түзеткіміз келсе, үстірт шалу, бергі бетін қалқып алғандай іс-әрекеттермен шектелмеуіміз керек.
Жалпы, біздің елімізде дінге, діни ұйым­дар мен дін феноменіне қатысты тен­денциялардың барлығын түбірімен қайта қа­рау керек. Өйткені осы 20 жылдық Тә­уел­сіздігіміздің барысында біз діни бір­лестіктер, діни ұйымдар мен ағымдарды тір­кеумен, елімізде қандай ұйымдар бар соны зерттеумен, танумен, талдаумен ғана айналыстық. Ал олардан келіп-кетер пай­да-зиян, қауіп-қатер жайын біз әлі күнге мемлекеттік деңгейде қарастырған жоқ­пыз. Егер біз, шындығында, өзіміздің рес­пуб­ликалық негіздегі мемлекеттігімізді құ­рып жатқан ел болсақ, біз мұны сол кезде қолға алуымыз керек еді. Біз тіпті кеш қал­дық. Алайда игіліктің ерте-кеші жоқ. Сон­дықтан әлі де дін феноменін қайта қарауға мүмкіндік бар. Не үшін? Себебі қазір дініміз ислам дегеннің өзінде, исламның атын жамылған бірнеше топтар пайда болды. Бұл – өте қауіпті жағдай. Неге десеңіз, мәселен, ғылыми танымда сонау Африкада бір азамат жаңалық ашса, Түркістанда отырған мына мен соның жаңалығын әрі қарай жалғастырып кетуіме болады. Ал діни танымда олай емес, керісінше, онда шағын топтар пайда болды ма, олар бірін-бірі мойындамайды. Қақтығыс, міне, осы­дан шығады. Себебі әр топтың ұстазынан бө­лек, артында оларды қолдайтын саяси-элиталық топтар отырады. Жалпы, экстре­мистік әрекеттер дәстүрлі, негізгі шынайы дінге жат, алайда бір қауіпті идеяның иелері уыздай жастардың санасын әртүрлі нәрселермен улап, оларды білімсіз тобырға айналдырып жатыр. Міне, сондай тобыр бомба жарып немесе Шешенстанға барып соғысып жатыр. Мұның бәрін біздің құзырлы орындар білмейді емес, біледі, бірақ қалай жүйелі түрде жұмыс істеуді білмей ме, әйтеуір, осы уақытқа дейін ше­ші­мін таппай отыр. Мысалы, жақында мен облыстық деңгейдегі жиналыста бол­дым, сонда, айталық, «уахабизм деген – мы­нау, уахабистер – мыналар, оған кірген­дердің соңы – мынадай» деп, ауызға салып бер­ген­­нен шешім қабылдай алмай отыр. Ты­йым деген сөз шықпайды ауызда­ры­нан.

Түйін
Қандай да бір шиеленісті тудыратындар – қашанда сауатсыздық пен білімсіздік. Ділі мықты, дәті мықты ұрпақтың діні де берік болары сөзсіз. Көкірек көзі ояу адам өзгенің сөзіне еріп, құлақпен естігеніне сеніп, айтқанға көніп, айдағанға жүрмес еді. Қауіп-қатер сол қазақ «қуыс кеуде» деп түңілетіндерден шығып жатқаны сөзсіз. Әйтпесе Конституциямызда «дініміз – ислам, кітабымыз – Құран» деп анық көрсетілді емес пе?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста