Дүниежүзілік сауда ұйымына енуге асығыстық танытып жатқан жоқпыз ба?

Қазақстандықтардың Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің пайдасы мен зиянын талқылап жүргеніне талай уақыт өтті. Он жыл бұрын біз ДСҰ-ға әлі ерте деген пікірді көп айттық. Саяси шешіммен оны кейінге ысырғандай болдық. Әрі аталған ұйым тарапынан да Қазақстан экономикасындағы ДСҰ талаптарына сай келмейтін мәселелер бар екені айтылды. Енді бұл мәселе қайтадан күн тәртібіне шығып, Қазақстанның ДСҰ-ға енуіне санаулы күндер қалғанда бұл шешімді асығыстыққа балайтын сарапшылар пайда болып жатыр. Әрине, олар­дың да айтар салмақты уәжі бар.


Марат Шибұтов, Шекаралық ынтымақтастық қауымдастығының сарапшысы:
иә
– Расында, біз Дүниежүзілік сауда ұйы­мына енуге асығыстық танытып жа­тырмыз. Менің қолымда болса, ДСҰ-ға ену процесін бес жылға шегеріп тастар едім. Ішкі өндірісіміз әлі өте әлсіз. Тұрғын­да­рымыздың еңбекпен қамтылуының деңгейі төмен. ДСҰ-ға енген жағдайда біз шетелдік кәсіпкерлерге ғана емес, жұмыс күшіне де есік ашып береміз. Бұл еліміздегі жұмыссыздықты одан ары арттырып жі­беруі мүмкін.
Осыдан он жыл бұрын да Қазақстанда ДСҰ-ға кіру-кірмеу жөнінде пікірталастар жүріп жатты. Біз сол деңгейден әлі көп аса қойған жоқпыз. Біздің әлемдік сауда ұйы­мына енуімізге өзімізден гөрі шетелдіктер мүдделі болып отыр. Қысқасы, ДСҰ-ның айтарлықтай пайдалы жағын көріп тұрған жоқпын.
Есесіне қауіп пен тәуекел үлкен. ДСҰ-ны айтпағанда, біздің Кедендік одаққа енуі­мізде де қауіптер болды. Ал ДСҰ-ның қаупі одан үш-бес есе артық дер едім. Шет­елдіктермен бәсекеге түсетін өнді­рісіміз жоқ екені жиі айтылып жүр. Мұны дұрыс сын деп қабылдау керек.
Кәсіпкерлеріміз Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында әлі де шыңдала түсуі керек. Мәселен, Ке­ден­дік одақ аясындағы өндірістік ілгерілеу­лер енді-енді байқалып жатыр. Әсіресе мә­шине жасау саласындағы прогресті атау­ға болады. Бұл жетістіктер әлі көпшілік­ке айтыла қойған жоқ. Біздің кәсіпкерлері­міз­дің бір ортақ менталитеті бар: жұмысы­ның өрге басып жатқанын айтпайды. Кә­сібімді тартып ала ма деп қорқатын болуы керек. Кері кетіп жатса, зар жылап, көмек сұрап сұхбат берер еді. Яғни Кедендік одақ аясын­да күш алып жатқан кәсіпкерлер бар. Олар енді-енді аяқ ала бастаған кезде ДСҰ-ға есік ашып берсек, олар тұншығып қалары сөзсіз.
ДСҰ-ға енуден еліміздің ауылшаруашы­лық саласы да көп қиындық көреді. Оны қалай реттей алатынымыз түсініксіз. На­рықтағы мал шаруашылығы, ет өнімдерінің ахуалы қандай боларын ешкім білмейді.
Сөздің қысқасы, тәуекел мен қауіп жоқ емес. Бір ғана Қытай экономикасының өзі – бізге үлкен қауіп. Әрине, кейбір қазақ­стан­­дықтар «шетелдік тауарлардың салығы тө­мендейді, әсіресе автокөлік тасымалдау жеңілдейді» деп қуанып жүр. Алайда мемлекеттік деңгейдегі экономикаға әсер бергенде, өндіріс шайқала бастағанда бұл қуаныш ұзаққа созылмайды деп ойлай­мын. Бір тауардың бағасы түскенімен, өзге тауарлардың бағасы шарықтап кетеді. Яғни қарапайым тұтынушыға да пайда­сы­нан гөрі кері салдары ауыр болуы мүмкін. Әрине, ДСҰ-ға кіретініміз шешіліп қойды. Сон­дықтан мен қандай талаптар бойынша кіре­тінімізді жақсылап сараптау керек деген­ді айтар едім.


Сапарбай Жұбаев, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, экономика ғылымының кандидаты:
жоқ
– Біз бұл бағытта асығыстық танытып жатқан жоқпыз, қайта кешігіп жатырмыз. Қырғыз бауырларымыз, Грузия, Украина­ның мүшелікке еніп алғанына бес-алты жыл болды. Өткен жылы Ресей енді. Бал­тық бойы елдері егемендікке қол жеткіз­ген­нен кейін көп кешікпей енді. Ешбірінің өндірісі жойылып, экономикасы құрдымға кетіп, халқы тентіреп кеткен жоқ. Біз Ресей­мен одақ құрғаннан кейін солармен бірге кіруді жоспарлаған едік. Енді Ресей­ден де кешігіп жатырмыз. Сондықтан бізге де асығу керек. Біз бұл сауда ұйымының бе­делді, белсенді мүшесіне айнала алаты­ны­мызға мен сенемін. Түптеп келгенде, жо­ғарыдағы елдердің қарапайым халқы ДСҰ-ға енгеніне риза. Бәсеке артқанда тауар бағасы түседі.
Бір кездері қолдан шарықтатылған тауар түрлері қолжетімді бола бастайды. Тұтынушы ретінде ғана емес, өндіруші ретінде де ұтамыз. Әсіресе ауылшаруашы­лық саласында біздің көп тауарларымызды өзге елдерге тасымалдау қиынға соғып отыр. Енді оны экспорттау оңайға түседі. Біз­дің көп тауарларымыз көрші Ресей, Беларусь, Украина және орталықазиялық елдер­ден гөрі арзанырақ. Тіпті осы көрші елдер­дің қатарынан да біздің тауарларға деген сұраныс көбейеді. Айналып келген­де, әлем елдерінің барлығы осы «нарықта» сауда жасап жатқанда біздің оқшауланып, шеттетіліп қалғанымыз дұрыс емес. Әрине, ДСҰ тарапынан бізге ұнамайтын бірқатар талап қойылуы мүмкін. Бірақ ол – қалыпты нәрсе. Экономикалық, заңдық талаптарын орындауға қабілетіміз жететін мемлекетпіз. ДСҰ мен Кедендік одақ талаптарында бір-біріне сай келмейтін жайттар көп. Деген­мен біз ДСҰ-ға енген жағдайда Ресеймен арадағы бірқатар келісімді қайта қарауға тура келуі мүмкін. КО-ға кіру барысында біз кейбір либералды төлемдерді жасанды түрде көтеруге мәжбүр болдық. Бұл қарапайым халыққа да, кәсіпкерлерге де ауыртпашылық түсіргені рас. Енді сол олқылықтар шешімін табады деген үміт бар. Мәселен, баж салығы төмендейді, тұ­тыну­шылар шетелдің сапалы бұйымдары­на, тауарларына қол жеткізеді. Ал интегра­ция мәселесіне келсек, Түркиямен, Әзір­­байжанмен байланысымызды ке­ңейтуге мүмкіндік аламыз.
Ауылшаруашылық саласы біз үшін өте маңызды. Бұл саладағы жетістіктеріміз де, кемшіліктеріміз де жетіп-артылады. ДСҰ-ның ауыл шаруашылығына әсері қандай бола­ды десеңіз, ең алдымен сапаға әсер етеді деп ойлаймын. Мәселен, жуырда Украи­на Қазақстаннан тасымалданатын еттен бас тарту жөнінде шешім шығарды. Себе­бі Қазақстандағы етті дайындау дү­ние­жүзілік талаптарға толыққанды сай кел­мей­ді. Бұл салада заманауи технология­лар енгізілмеген. Украина да – ДСҰ мүшесі. Яғни біз де Бүкіләлемдік сауда ұйымына кірсек, тауар сапасын арттыру бағытында көп жұмыс жасауға мүдделі боламыз.

Түйін
«Көппен көрген – ұлы той» деген бар. Айналамызда Дүниежүзілік сауда ұйымына енбеген елдер азайып барады. «Ер шекіспей бекіспейді» деген мәтел тағы бар. ДСҰ-ға енбес бұрын кәсіпкерлеріміз бәсекеге қабілеттілігін сынап, шынығатын, шыңдайтын алаң болсын деп Кедендік одақпен шектелуді жөн көрген едік. Экономикасы әлсіз, өндірісі енді ғана дамуға бет алған Қырғызстанға дағдарыстар кезеңінде ДСҰ-ның демеуі көп болды. Ендеше, алды-артын танып байыпты даму сатысына өткен Қазақстан үшін ДСҰ-ның зияны жоқ тәрізді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста