Депутаттық сауалдың қадірін кетіріп алған жоқпыз ба?

Депутаттық сауалдың қадірін кетіріп алған жоқпыз ба?

Қалың бұқара депутаттық қызметті заң шығарушы, түрлі шараларға қатысып, өз ойын білдіруші, Парламенттің жалпы оты­рысында депутаттық сауал жолдаушы, бір сөзбен айтқанда, ха­лық пен биліктің арасындағы қарым-қатынасты жалғайтын кө­пір деп біледі. Біздің ойымызша, сол көпірдің белтірегі – депу­таттық сауал. Депутат сауалдары кез келген құзыретті орын­дарға ықпал жасай алады. Қазір осы депутаттық сауал арқылы Парламентте мемлекеттік маңызды мәсе­лелер мен жеке тұлғалардың проблемалары қат-қабат көтеріліп жүр. Әрине, жеке азаматтың тағ­дырын мемлекеттен бөліп қарастыруға бол­май­ды. Десек те, кейбір халық қалаулылары үшін же­ке­­леген мәселелер арзан популизм жасауға таптырмайтын құралға айналып бара жатқан­дай. Осындай жағдай себебінен қазір қоғамда «Депу­таттық сауалдың қадірін кетіріп алған жоқ­пыз ба?» деген мәселе көп айтыла бас­тады. Біз осы сауалды мамандар тал­қысына салып көрген едік.


Айдос Сарым, саясаттанушы:
иә
 – Депутаттық сауал дегеніңіз – де­­путаттардың билікке ықпал етуі­нің не­месе бір мәселеге назар ау­дар­ту­дың бірден-бір төте жолы. Өйт­кені заң бойынша депутаттың са­уалына Үкі­мет те, барлық құзы­рет­ті орын­дар да жауап беруге мін­детті. Сондық­тан да депутаттық са­уал­ды де­пу­т­аттарымыздың д­ұ­рыс пай­­­­да­ланғаны жөн. Меніңше, қа­зір де­пу­тат­тық сауалдардың қа­дірі кет­ке­нінен бөлек, сауалдардың саны тым аза­йып бара жатқан сияқ­ты. Кейбір де­путаттарымыз ұсақ-түйек, болма­шы мәсе­ле­лер­ден арыға бара ал­май жүр. Де­пу­тат­тар бір үйдің құбы­­­рының жа­рыл­ғанын, ша­­­тыры­­­ның бұ­зыл­ға­нын былай қойып, кешенді кесек-кесек мәселе­лер­ді көтеруі керек.
Менің ойымша, халық қалаулылары кейбір республикалық деңгейге шығаруға қа­жеті жоқ мәселелерді хат арқылы жол­дап та жауабын алуына болады. Қазір пар­ла­менттік пікірталастардың қызғаны, жан­дана түскені дұрыс. Сонда ғана Үкімет те ши­рақ қимылдап, жөні түзу шешімдерге ба­ра­ды. Бүгінде кейбір министрлер Парла­мент­ке пысқырып та қарамай, жалпы жи­налыстарға орынбасарын жібере салаты­нын көріп жүрміз. Осындай жайлардан кейін мен Парламентке барған Үкімет мү­шелері, министрлер, облыс, қала басшы­л­арының тізелері қалтырап тұрса ғой деп ой­лайтын болдым. Мұның бәріне Парла­мент­­тегі ұсақ әңгімелердің белгілі бір дәре­жеде ықпалы болып жатқан сияқты. Со­ны­мен қатар бізде бүкіл әлемдік тәжіри­бе­де бар Парламенттік тергеу институттары бір жолға қойылмай келеді. Мысалы, Пар­ла­менттік комиссиялар бюджеттегі жем­қорлық мәселесі секілді проблемаларды тал­қылап, тергеуі керек. Бұл тәжірибе бір кез­дері біздің Парламентте болған. Депу­таттық сауалдардың қадірін кетірмеу, де­путаттардың ықпалын сақтау, мүм­кіндігін арттыру үшін сол үрдісті жаң­ғыр­ту қажет сияқты. Дәл бүгінгі қар­­қынмен кете берсек, Парламент­тің мемлекеттік, қоғамдық рөлі азая береді. Депуттаттар сауал жолдау үшін мәселесін алдымен комитет­тің талқысына салады. Яғни жал­пы отырыстағы сауалдар Пар­ла­менттегі жеті комитеттің сүз­­гісінен өтеді деген сөз. Ен­де­ше, ұсақ-түйек сауалдар­дың жауапкершілігі депутат­қа ғана емес, сол сауалдың қойылуына мүмкіндік берген комитетке де келіп тірелмей ме? Олай болса, ко­митеттер кесек-кесек проб­ле­­маларды алдыға шығарып, жеке­ле­ген тұлғалардың мәселелерін комитет аясында шешуді қолға алуы қажет. Депутат – саясаткер. Саясаткердің басты міндеті – өзіне халықтың назарын аударту. Баспасөз­ге шықпасаң, белгілі бір мәселені көтерме­сең, сені кім біледі? Мысалы, Парламентте жүз­деген азамат отыр. Соның халық әрі кетсе, 10-15-ін ғана таниды. Сондықтан да, олардың дені әртүрлі мәселелерді кө­те­ріп, көрінуге тырысып қалатыны рас. Мы­салы, кезінде екі мәселенің бірін саяси ойын­ға айналдырып жіберетін депу­тат­тарымыз болды. Осы жайды қоғам бақы­лап, баспасөз арқылы әрқайсысын өз ор­ны­на қойып, басу айтып отыру керек. По­­пулистерді депутаттыққа ұсынған саяси пар­тиялар, дауыс берген сайлаушылар «сай­қымазаққа» айналдырмайтын меха­низм­дер арқылы қадағалай білгені жөн. Сонда ғана депутаттық сауалдардың қадірін арттыра аламыз.


Алдан Смайыл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
жоқ
– Мен, жалпы, «депутаттық са­уал­дардың қадірін кетіріп алдық» де­ген пікірмен түбегейлі келіспей­мін. Өйткені депутаттық сауалдың үл­кен-кішісі болмайды. Депутат ре­тін­де жекелеген тұлғалардың мә­се­лесін ұсақ-түйек мәселе деп қа­ра­у­ға хақымыз жоқ. Мысалы, біз­ге ауыл азаматтары келіп, ама­нат ре­тінде көптеген елді мекендегі ауыз­су проблемаларын, мал шар­уа­шы­лығын ұйымдастыруда орын алып жат­қан кемшіліктерді, жол­дың, мек­­тептің, аурухананың, кі­тап­хана­ның жоқ екендігі жайлы мә­селе кө­те­реді. Кейбіреулер осын­дай жай­лар­ға қарап депутат­тар болмашы сауалдармен бас қаты­рып, жалпы мемлекеттік, елдік мә­селелерді тыс қалдырды деп ойлауы мүмкін. 
Алдымен, елдік мәселе деген Қа­зақ­станда тұратын әр азаматтың, әр отба­сы­ның проблемаларынан шығатынын ес­керейік. Депутаттық сауал дегені­ңіз­дің өзі – депутаттардың халықпен ты­ғыз қарым-қатынасқа барып, бай­ла­ныс жасауға мүмкіндік беретін ық­пал­ды құрал түрі. Халықтың өті­ні­шін аяқ асты етсең, бұқара саған қа­лай қарайды? Әрине, бұл қа­дам халықтың рухани, ауқымды мә­селелерін назардан тыс қал­дыру дегенді білдірмесе керек. Мен жуырда сына жазуының мәсе­лесін көтердім. Моңғо­лия сияқты шетелдердегі ата-бабаларымыздың ес­керт­кіштеріне ғылыми бар­лау, зерттеу жасау қа­жет­тілігі жайлы депу­тат­тық сауалдар жолдадым. Мы­салы, Мұрат Әбенов элек­трон­­ды үкіметтегі қазақ тілінің үлес салмағының аздығын, қазақтілді сай­т­тарға бөлінетін қаржының орыстілді сайт­тар­ға қарағанда шамалы екендігін Үкіметке шырылдап жеткізді. Осы жайтты, яғни қазақ тілін ақпараттың тіліне айнал­ды­ру жөнінде мен де бастама көтердім. Қ­а­зақ тілінің осындай кейбір мәселелерін басқа де­путаттар да күн тәртібіне мәселе етіп қой­ды. Кейбіреулер тілді көтеру арқы­лы саяси ұпай жинап жүр деп ойлауы мүм­кін. Бірақ түбірімен олай емес. Меніңше, «де­путаттық сауалдардың қадірін кетіріп алдық» дейтін пікірді халықтың ішінде бол­маған тұлғалар айтатын сияқты. Мұн­дай пікірдегілер осы уақытқа дейін жол­дан­ған сауалдарды алып қарасын. Өйт­кені, біріншіден, мен өз басым көбіне жеке адам­дардың мәселелерін жал­пы отырыста айтпай, хат түрінде тиісті орын­­дарға жол­дай­мын. Екіншіден, жалпы отырысқа жі­бе­рілетін сауалдар комитет аясында қа­ра­лады. Алдын ала сүзгіден өт­кен соң, ол жер­де депутаттық сауалдың қа­ді­рін кеті­ре­тін болмашы мәселелер бол­май­ды. Жа­қын­да ұлттық асымыз – қымызға, яғни жыл­қы шаруашылығына мемлекеттік мән беру мәселесін қозғамақпын. Осындай ұлт­тық дәстүрімізге, дінімізге, мәдениеті­міз­ге қатысты құндылықтардың мәселесі­н­ің шетін шығарсақ, орыстілді басылымдар дереу кері реакция көрсетеді. Өткен сес­сия­да жыныстық қатынасты насихаттайтын валеология пәніне қатысты пікірімді біл­діріп едім, кейбірі әжуаға айналдырмақ болды. Батыстың кейбір елдері сияқты мей­­рам, сенбі, жексенбі күндері арақ-ша­рап сатпау арқылы ішімдікті тежеу жөнінде мә­селе көтердім. Тағы да қарсылық білді­ріп шыға келді. Олар сенің сөзіңе бір күн­нің ішінде сауалнама жасай салып, жоққа шы­ғаратын оңай жол тауып алған. Өзіңіз ой­лаңызшы, кешке айтқан сөзіңе таңер­тең­ге дейін қалай сауалнама жасап үлге­ре­ді. «Ұлттық мәселелерді дұрыс көтеріп отыр» де­ген басқа тілді басылымдарды есті­ген емес­пін. Олар үшін қымызыңыз да, руна жазуы­ңыз да ұсақ-түйек мәселе бо­лып кө­рінуі мүмкін. Бәлкім, «депутаттық са­уал­дар­дың қадірін кетіріп алдық» дей­тіндер солар шы­ғар! 

Түйін
Жалпы, мамандардың пікірінше, Парламентте бірде-бір рет депутаттық сауал жолдамаған «игі жақсыларымыз» да бар екен. Олар бұқаралық қызметтің тізгінін ұстай отырып, депутат ретінде елдің қамы жайлы бірауыз пікір білдірмеуі нені білдіреді? Бұл біздің депутаттарымыздың депутаттық сауалдың қадіріне жетпегенінің көрінісі емес пе? Бұған жауапты өздеріңіз берерсіздер!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста