Букмекерлік кеңселер қызметін құмар ойындар қатарына жатқызу керек пе?

Соңғы кезде елімізде букмекерлік кеңселердің қатары тым көбейіп кетті. Олардың дені әсіресе, ЖОО-лар маңында, жастар жиі жиналатын орындарда көптеп шоғырланған. Қазір казино мен ойын автоматтары ресми түрде қала шетіне көшірілгеннен кейін көпшілік осындай кеңселерге бас сұғатын болып жүр. Тіпті букмекерлік кеңселерге қарапайым қазақ жастарының көптеп келіп, соңғы тиынына дейін бәс тігіп жіберетініне халық қалаулылары да алаңдаушылық білдіруде. Естеріңізде болса, «Букмекерлік кеңселер қызметін құмар ойындар қатарына жатқызу керек пе?» деген сауалды біз бұдан бұрын да көтерген болатынбыз. Бірақ мұның өзектілігі әлі жойылған жоқ. Сондықтан біз бұл сауалды Алаш айнасының талқысына тағы бір салғанды жөн көрдік.

Иә
Ерасыл ӘБІЛҚАСЫМОВ,
қоғам қайраткері:
–Бұл сұрақ өте орынды көтеріліп отыр. Шынын айтқанда, қазір игромания деген ұғым пайда болды. Казино, түрлі ойын автоматтары халықты алдап, қалтасын қағып жатыр. Мемлекет оның бәрін жауып, қала шетіне көшіруге қатысты заңдар қабылдаса да, әлі де қала орталықтарында құмар ойындарын жасырын түрде ашып, халықты қанап, әр жанұяның көз жасына қалып, қыруар пайда тауып отырғандар бар. Енді қала ортасынан букмекерлік кеңселер ашуға көштік. Әуелі букмекер деген не, осыны талқылап алайық. Букмекер деген бәстеспе ойындарда бәске тігілген ақшаны қабылдаушы деген мағынаны білдіреді. Мысалы қайдағы бір шетелде футбол ойыны болып жатса, соның есебі қандай болады, кім ұтады, соған ақша салуға тиіссің. Оған түрлі коэффициент қойып қойған. Былайша айтқанда, бұл да елді алдау. Біздің мемлекетке олардың түкке керегі жоқ. Ол батыстан шыққан құмар ойынның бір түрі. Сондықтан оны қалай да құмар ойындар қатарына жатқызуға тиіспіз.
Өткенде ақпарат құралдарынан еуропалықтардың ерен ермегіне айналған футболға ессіз берілген қазақтың жігіттерінің бірін-бірі сабағанын оқыдым. Екі азамат Еуропаның екі футбол командасына бәс тіккен. Ақырында бәс тіккен командасына көңілі толмаған қазақ жігіті сыра құйылған құмыраны жұлып алып, теледидардың экранын сындырған. Ал ұтып жатқан командаға бәс тіккен екінші жігіт те ашуланып, әлгі жігіттің маңдайынан құмырамен салып жіберген. Осылайша футболдан шыққан төбелестің нәтижесінде, бір қазақтың дүниесі бүлінді, бір қазақтың басы жарылды. Еуропаның түгі де қисайған жоқ. Қарап отырып қазақтар қырылып қалды. Әлгі «Барселона», «Мессилер» қазақтың болашағы үшін тер төгіп жүрген жоқ. Олар тіпті Қазақстан деген егеменді елдің бар екенін де білмейтін болар. Ал, жастар кім үшін ақша шашып жүр? Діні басқа, тумысы бөлек біреуді ата-бабасынан да артық жақсы көретіні қалай?! Қайдағы бөтен біреу үшін өз бауырының басын жару адамгершілікке сай ма? Сондықтан мына букмекерлік кеңселер жастарды азғырып бітті деп есептеуіміз керек. Ақшаға қызықтырып, барын сыпырып алады. Ал одан ұтқан күннің өзінде еңбексіз табылған ақша қашан да болса, ешқашан берекелі болмайды. Осыны ұмытпауымз керек. Уақытты ысырап қылмай, одан да білімге ұмтылудың қамын жасаған жөн. Оның үстіне қазір интернет арқылы ақша салатын онлайн-казинолар да пайда болды. Оларды да жоюымыз керек. Қысқаша айтқанда, біздің өз ұлтымыздың менталиті бар, салт-дәстүріміз бар, осыдан ажырамауымыз керек. Ең бастысы, қазақ екенімізді ұмытпағанымыз жөн. Ал батыстың қаңсығын таңсық көрудің қажеті жоқ. Өкініштісі сол, Букмекерлік кеңселердің бәсінде шектеу жоқ. Қанша тіксең де өзің білесің. Ал оларды бақылап отырған ешкім жоқ. Тіпті бәске басыңдағы жалғыз баспанаңды тігіп жіберсең де, ұтылып қалсаң айрылып қаласың. Сондықтан мен Букмекерлік кеңселердің қызметін құмар ойындар қатарына жатқызғанды қалар едім.

Жоқ
Несіп ЖҮНІСБАЙҰЛЫ,
белгілі спорт журналисі, жазушы:
–Жоқ, букмекерлік кеңселердің қызметі құмар ойынға жатпайды. Себебі ол жерде білім, логика да сынға түседі. Ол казино секілді ақшаны ортаға лақтырып, қолдағы карта ашылса ұта беретін дүние емес. Онда терең білімің болуы керек. Спорттың тарихын, ережесін, кімнің қалай ойнайтынын жетік біліп, зерттеп, талдап, саралап отыруың керек. Ол еңбекпен жететін жетістік. Мәселен мен секілді спорттың маңында жүрген адамдарға ол өте қажет. Дәл соның жарысына қатысып, ақша ұтып алатын болсам, оның несі айып? Кімге зиян? Енді біреулер «Балалар барады, ақшасын шашады»,- деп айтып жатады. Біріншіден олар балаларын үйінде тәрбиелесін. Жеткіншек бойына ұлттық салт-сананы сіңірсін. Егер баланың тәрбиесі нашар болатын болса, онда ол букмекерлік кеңселер тұрмақ, казиноларға барып, арақ-шарап ішіп, адам өлтіруден тайынбай кетеді. Ал букмекерлік кеңселер білімге, білгірлікке, ақылға, парасатқа, көп ойланып шешім шығаруға негізделген ойын түрі. Мәселен ақылы бар, білімі бар жігіттер жеке компания ашып, оны ары қарай дамытып, содан қыруар қаражат тауып жатыр. Ал неге мен өзімнің білетін салам бойынша бәс тігіп, ақша таппауым керек? Мен өзім ондай ойындарға қатысып тұрамын. Сондықтан букмекерлік компанияларды құмар ойындар қатарына жатқызу керек дегендерді түсінбеймін. «Балалар бұзылды, жастар құмар болып кетті, көп ақша шашты»,- дейтін болса, онда бірінші Букмекерлік кеңселерді емес, өз балаларын дұрыстап тәрбиелесін. Ал тәрбиесі мығым бала ешқашан солақай қимылдарға, зиянды әрекеттерге бармайды.
Егер біз Букмекерлік кеңселерді құмар ойындар қатарына жатқызатын болсақ, онда бұл қоғамға кері әсер етуі мүмкін. Бұндай шектеулер букмекерлерді дамытпайды, керісінше оларды «көлеңкелі» жолға кетуге итермелейтін болады. Бұдан бөлек, букмекерлік кеңселер мәселесін тек тұғырыққа тіреу тұрғысынан қарамауымыз керек, қайта оларды заманға сай дамытқанымыз жөн. Өйткені, бізде бұл сала жеткілікті деңгейде жоғарғы технологияландырылған. Ал бизнестің осы түрін дамытуға біліктілігі жоғары мамандар керек, дамытуға қаржы-қаражат қарастыру керек. Қалай десек те, қазақстандық букмекерлердің жұмысын құмар ойындар қатарына жатқызып, тіпті Беларуссиядағы секілді олардың қызметіне тыйым салуды көтерсек те, адамдар бәрібір бәс тігіседі, бірақ ондай кезде олар шетелдік букмекерлік кеңселерге баратын болады. Сондықтан букмекерлік кеңселерді казиномен мүлдем салыстыруға келмейді деп есептеймін.

Бейтарап пікір
Өмірәлі ҚОПАБАЕВ,
заң ғылымының докторы, профессор:
–Букмекерлік кеңселер әлемнің көптеген елдерінде қолданыста бар. Сондықтан оны жаппай жауып тастап немесе түгел қала шетіне көшіріп тастағаннан гөрі, оған баратын адамдардың жасына шектеу қойып, сосын тігілетін бәстің жоғарғы межесін белгілеп алуымыз қажет секілді. Мәселен 200, 500 теңгеден аспау керек деген сияқты мөлшерін айқындап алуымыз тиіс. Әйтпесе адамдардың еркіне шектеу қою қиын. Оны жауып тастағанмен бәрібір жасырын ашылады, адамдар тығылып баратын болады. Одан да оның жұмысын нақты-нақты жүйелеп, заңдастырып беруіміз керек. Сонда халық та көп ақшасынан ұтылмай, букмекерлік кеңселер де жұмысын тоқтатпай, былайша айтқанда, «өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмайтын» амал жасауымыз тиіс. Бұл жерде ең бастысы, жастарымызды ұлтжандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеудің маңызы зор деп есептеймін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста