Бүгінде өз тағдырын ұлт тағдырымен байланыстыратын жігерді қазіргі жастардың бойынан таба аламыз ба?

Ел арасында «қазіргі жастар жасық, жалтақ» деген сияқты пікірлер айтылып қалып жатады. Осы орайда «Жас Отан» жастар қанаты, «Қазақстан студенттер альянсы», «Қазақстанның жастар конгресі» сияқты жастар ұйымдары жастар бойында патриотизм неге төмен, бос уақыттарында олар немен айналысады, уақытты тиімді өткізудің жолдарын қарастыру шаралары төңірегінде біраз жұмыстар жүргізгені де белгілі. Дегенмен басқосулардан, мінберлерде айтылатын жалаң сөздерден жастардың бойында патриотизм қалыптаса ма?


Мәдина АППАҚОВА, Қазақтың Т.Рысқұлов атындағы экономикалық университеті экономикалық колледжі директорының орынбасары:
Иә

 Әрине, таба аламыз. Қазіргі жас­тардың алғырлығына, білімділігіне, қайсарлығына, ойының ұшқыр, қадам­дарының қарқындылығына қа­рап оты­рып риза боламын. Қоғамда болып жатқан жаңа­лықтардан, қарыштап, қар­қын алып дамып бара жатқан нано­техно­логияны тез меңгеріп, жылдам игеріп, заман ағымына сондай қар­қын­мен ілесіп кету оңай емес екенін алдыңғы ағаларымыздың біліп отырса да, мойын­дағылары келмей, оларды құр кінәлай беруді ғана білетіні – өкінішті. Жоғары оқу орынын бітірмеген жастар біздің елімізде саусақпен санарлықтай ғана деп айтсам қателеспеген болар едім. Бұл да болса – білімге құштарлықтың бір белгісі.
Жастармен жұмыс істеп жүргендіктен, көптеген жылдар бойғы тәжірибемнен түйгенім — бір емес бірнеше тілді игерген, өнерге де, спортқа да етене араласатын, қай саланы болса да қаймықпай меңгеріп кете алатын энтузиастар мен интел­лек­туалдардың көптігі.  «Не? Қайда? Қашан?» атты телебағдарламаның қазақстандық нұс­қасына қаншама білімді жастар ат­салысып жатыр. Бұл бағамдай білгенге құр ғана телешоу емес, мұның жастарға тәр­биелік, тәлімдік мәні зор. «Қазіргілер кітап оқымайды» деп кінәлап жатамыз. Дұрыс дейік. Дегенмен қажет болса интернетті пайдаланады, қажетін содан табады. Қазір заман басқа. Қазіргі қыздарды «бұрын­ғылар кесте тігетін, сендер неге кесте тік­пейсіңдер?» деп қалай кінәлауға болады. Әрине, кесте тоқи білсін, бірақ кестеге қадалып отыру да орынсыз болар еді. Көңілді ағымдағы проблемаларға аудару қажет. Ұлтымыздың ұлылығын ұлықтауға арналған бағдарламаларға басымдық беру керек. Билік тұтқаларында отырған­дардың көбі — жастар. Қай мекемеге бас сұқпаңыз, көретініңіз тек — жастар. Қоғам жастардан құралады. Яғни бүгінде өз тағдырын ұлт тағдырымен байланысты­ратын, ұлтын ұлықтай білетін жігерді қазіргі жастардың бойынан таба алатыныңыз шүбәсіз. 1986 жылы атойлап алаңға шық­қан да — осы жастар. Қайрат Рысқұлбековті өз тағдырын ұлт тағдырымен байланыс­тырмады деп айта аламыз ба? Мұндай мысалды көптеп тізе беруге болады. Жіге­рін жаныған жастар қажетті жерінде ­ қай қырынан болса да көрсете алатыны сөзсіз. Олардың әрқай­сысы — өз елінің пат­риот­тары. Бейбітшілі­гімізге сызат түспей, қо­ғамымыздың өркендеп алға қарай да­мып бара жатқаны — жастардың арқасы.


Аманхан ӘЛІМҰЛЫ, ақын:
Жоқ

Өзіне талап қоя алмайтын адам­нан бірдеңе күту орынсыз. Біреу­ден қағажу көріп жатса, себебін өзінен іздеу керек. Рухани деңгейі жоғары, көпшілік ортада қоғамдық пікір қалыптастыра алу үшін өзіңнің бі­лім­ділігің мен біліктілігің жоғары болуы айтпаса да белгілі. Ол үшін көп оқу, көп іздену қажет. Ал қазіргі жас­тардың кітап оқитынына көзіңіз жете ме? Қоғамдық көліктерде жоғары оқу орнында оқитын жас­тардың қолынан кітап немесе газет-журнал көресіз бе? Көрмейсіз. Қолдарында — тек бір ғана «общая тетрадь». Болды. Басқа түк жоқ. Мәскеу, Санкт-Петербург сияқты үлкен қалаларда қоғамдық көлікте кітап оқымай отырған адамды көрмейсіз. 
Олар жүріп те, тұрып та кітап оқиды. Біздің батырымыз Бауыржан Момыш­ұлының ұстанымдарын сонау мұхиттың ар жағындағы Куба елі әскерлеріне устав ретінде үлгі тұтады, ал біздің жастарымыз сол Баукеңнің бір шығармасын оқыда ма екен? Ал теледидардан COMEDY CLAB-тың қазақстандық нұсқасын көрсететін жастардың аузынан шыққан небір былапыт сөздерден құлағың тұнады. Бөксесін саған бағыттап, тоңқайған жар­тылай жалаңаш қыздар. Ресейліктер олардың жанында жайына қала ма деймін. Көптеген жастар бағдарлама­ларында ерсі қимылдар, қызтеке кейіптегі жігіттерді бейнелейтін көрсетілімдерге залда отырғандар рақат­тана қол соғады. Демек, ойлануға бас қатырмайды, жеңіл-желпіге әуес. Осындай көріністерден кейін қалай олардан өз тағдырын ұлт тағ­дырымен байланыс­тыратын, ұлтын ұлық­тай білетін жігерлі жастар өсіп келеді дей аламыз. Дегенмен бір қуанарлық жайт — жастардың дінге деген бетбұрысы. Бірақ олардың ішінде де адасып жүр­гендері қаншама? Яғни бұл жерде де білімсіздік белең алған. Белгілі заңгер ғалым Нағашыбай Шайкенов: «Ха­лықтың салт-дәстүрі заңнан да биік», – деген еді. Ұлты­мыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін біліп жүрсін деп айта бастасаң, жүре тыңдайды. Нарық-нарық деп, заман басқа деп, «крутой» көлік мініп, қымбат ұялы телефон ұстағандарына мәз болатын жігіттеріміз ұсақталып бара жатқаны – ащы шындық. Ең қорқыныштысы — өзіміздің қазақы қалпымызды сақтап қала алмау. Елін, Отанын, халқын сүйе алмаған жас патриот болады, ұлтының мүддесін өз мүддесінен жоғары қояды дегенге сену қиын.

Бейтарап пікір
Шолпан ҰҒЫБАЕВА,
«Ақ босаға» газетінің редакторы:
Әлихан Бөкейханов: «Қазақтың діннен кейінгі ең күшті құралы – салт-дәстүрі», – дейді. Салт-дәстүр, жөн-жоралғыны мойындамайтын жастар патриоттық сезімнен де жұрдай болары сөзсіз. Дегенмен көпке топырақ шашуға болмайды. Елбасымыз «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында: «1986 жылғы желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының ұлттық санасының қаншалықты өскенін көрсетіп берді», – деген еді. Демек, өресі биік, ерік-жігері жоғары жастарымыз да аз емес. Қазіргі бейбіт заманның өзінде қиындық туа қалса жанын аямай, атойлап алға ұмтылатын жастарымыз да жетерлік.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста