«Болашақ» стипендиясын еңбек өтілі бар адамдарға ғана беру керек» деген пікірмен келісесіз бе?

«Болашақ» стипендиясын еңбек өтілі бар адамдарға ғана беру керек» деген пікірмен келісесіз бе?

Бүгінгі күні «Болашақ» бағдарламасының аясында 2500-дей қазақстандық студент шетелде білім алуда. Және тағы 500-дей адам жуық арада білім қуып, шекара асу үшін кезегін күтіп отырған көрінеді. Айта кетер жайт, соңғы өзгерістерге орай, «Болашақ» бағдарламасының жаңа талабы бойынша стипендия иегері атанып, шетелде білім алу үшін ең алдымен жұмыс өтіліңнің болуы міндеттелініп отыр. Ал бұл өзгеріс бүгінгі күні қоғамымызда екіұдай пікірдің қалыптасуына мұрындық болып отыр. Сондықтан тақырыпқа орай, мамандардың пікірін біліп, бағдарламаның артық-кем тұстарын түгендеген едік.


Кененбай МАМБЕТАЛИЕВ, география ғылымының кандидаты, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті:
иә
– «Болашақ» стипендиясын еңбек өтілі бар адамдарға ғана беру керек» деген пікірді қолдаймын. Өйткені мұның артық тұстары көп. Елбасымыздың ер­теңге деген арнайы жоспарының арқа­сын­да жүзеге асып отырған бұл жоба­ның ел дамуына ерекше әсер еткені рас. Дамыған және дамушы елдердің көп­шілігінде мұндай игі бастаманың бол­мауы да аталмыш бағдарламаның құ­нын арттыра түспек. Оның үстіне жас­­тардың шетелде білім алуы, оқу қорын шетелдерде берілетін білім ар­қы­лы толықтырып қайтуы – білім саласындағы қол жеткізілген мақтануға тұрарлық жетістіктердің бірі. Енді түрлі жолдармен және осындай талаптар енгізу арқылы білім алып келетін ма­ман­ның дәрежесін сапалық тұрғыдан арт­тыра түсу – басты мақсат.
Бүгінгі таңда «Болашақ» бағдарламасы білім­герлердің үш түрлі дәрежесі бойынша жұ­мыс жүргізуде. Олар – магистратура, док­­торантура және тағылымдама. Бұлар­дың баршасы мемлекеттік грант негізінде жү­зеге асып, бұл мүмкіндіктерге қол жет­кізген азаматтарды мемлекет қаржысымен оқыту қарастырылған. Біздіңше, аталмыш бағдар­ламаның үміткер құжатын қабыл­дар­да одан белгілі бір жылдармен қарас­ты­рылған жұ­мыс өтілін талап етуі орынды. Өйткені еліміз­де жұмыс тұрақсыздығы фак­торының орын алып отырғаны рас. Сон­дық­тан осы мәселені шешу мақсатында көп­теген жастарымыз өзге саладағы қыз­мет­тер­мен айналысып, өз мамандығынан біраз уақыт қол үзіп қалып жатады. Бүгінгі да­мы­ған ғылым-білім саласы мұндайды кө­тере алмайды, осы екі ортада маман сол сала­ның даму үдерісінен кенже қалуы ық­тимал. Тағылымдамадан өтетін азамат өзі таң­­даған сала бойынша мемлекеттік қыз­мет­­тегі, білім және ғылым саласындағы жү­ріп жатқан процестерді білуі тиіс. Ал бұл жұ­мыс өтілі арқылы айғақталады. Шетел­ден білім алатын маман сол елдің алдыңғы қа­т­арлы жетістіктерін, тиімді тәжірибелерді өз елімізге әкелуі – ең басты міндет. Бағ­дар­лама талаптарының аясында үміткердің жо­ғары бағаға оқуы, шет тілдерімен қоса, ана тілін терең меңгеруі және рухани-әлеу­мет­тік тұрғыда жан-жақты болуы талап етіл­ген. Біздіңше, бұл – маңызды сынақ. Енді бұған қоса жұмыс өтілінің талап етілуі ма­манды сапалық тұрғыдан арттыра түсері сөз­сіз. Ойлап қарайықшы, қолында «бака­лавр дәрежесі бойынша білім алды» де­лін­ген жастың сауда жасап немесе құры­лыс­шы боп келіп, екі-үш жылдан соң бағ­­дар­ламаға өзін үміткер ретінде ұсын­ған­да өте алуы мүм­кін бе? Әрине, жоқ, демек, аталмыш талап орынды.
Осы ретте, бір «әттеген-ай» дейтініміз – тағ­лымдама жүйесі бойынша шетелге тә­­жірибе алмасуға жіберілген мамандар­дың жас ерекшеліктеріне қатысты. Мұндай тамаша мүмкіндікке қол жеткізгендер ішін­де жасы зейнеткерлікке жақын қалған ма­ман­дар да бар. Олар мейлі, шетелде тә­жірибе алмасып, оқып келер, бірақ сол бі­лік­тілігін толық үйретіп үлгере алмай, зей­нет­керлікке кетеді. Сонда оны мемлекет қыруар қаржыны шашып, не үшін оқытуда? Одан да, тағылымдамаға ұсыныс беруші­лер­дің жас мөлшерін шектеп, мүмкіндігін­ше, жұмыс өтілі бар жастарды жіберуге на­зар аударылса, нұр үстіне нұр болар еді.


Динара ӘБДІРАХМАНОВА, 2010-2012 жылдары «Болашақ» бағдарламасы аясында Швицарияда оқып келген маман:
жоқ
– «Болашақ» стипендиясын еңбек өтілі бар адамдарға ғана беру керек» деген қағида кейбір жағдайларда іс жүзінде мүмкін емес. Мәселен, шетелде бака­лавр­­ды оқығысы келген жасқа «жұ­мыс өтілің болсын» деп мін­деттеу артықтау. Өйткені мектепті енді бітіріп, бакалаврды оқығысы келген маман ол жұмыс өтілін қай­дан табады? Өзі маман ретін­де енді қалыптасайын деп тұрған жасқа мұндай талап артықтау секілді. Сондықтан бакалавр үшін жұмыс өтілін міндеттеудің қажеті жоқ. Ал магистратура мен док­торантурада оқығысы келген ма­манға бізден бұрын, шетелдік жо­ғары оқу орнының талабы сон­­­дай.
Шетелде магистратурада білім алу үшін еңбек өтіліңнің болуы – міндетті. Алдын ала оқуға тапсырар алдында еңбек өтілің­нің бар екенін айғақтайтын құжаттарды қосып тапсырасың.
Мәселен, мен оқыған Швицариядағы оқу орнында менен еңбек өтілімді айғақтайтын еңбек кітапшамды талап етті. Онсыз университет маманды оқуға қабыл­дамайды екен. Сондықтан мұны біздің талабымыз деуден гөрі, шетелдің де талабы осы деп қабылдау керек. Бірақ шетелдің барлық жоғары оқу орнында еңбек өтілі басты талап емес. Жалпы, айта кетер жайт, шетелде оқығысы келген маманға еңбек өтілін ең алдыңғы міндеттердің бірі ретінде қарастыруды құптай алмаймын. Қосымша талап болса, ештеңе емес. Ал еңбек өтілінің негізгі талап болуы кейбір жағдайларда адамның мүмкіндігін шектейді. Мәселен, талантты, талапты жас ертерек білгісі, үйренгісі, игергісі келіп тұрады. Жас кезде білім алуға деген құлшыныс болады адамның бойында. Ал оған барып 5-6 жыл еңбек өтілін жина десек, оның шетелге барып магистратура немесе докторантурада оқуға ынтасы да қалмауы мүмкін. Сондықтан «Болашақпен» білім алғысы келетін жастардың жаппай бәріне бірдей еңбек өтіліне қатысты шектеу қажет емес секілді.
Кейде елімізде бакалаврды бітірген жас маман жұмысқа орналаса алмай жүреді. Ондай кезде уақытын өлтірмей, шетелде білім алуға ұмтылады. Сондай кезде еліміздегі жұмыс орны алмаса, шетелдегі магистратура еңбек өтілін сұраса, біз білікті жасты қолдан «өлтіре­міз». Есесіне, білікті жас сондай кезде бі­лімі­нің арқасында «Болашақ» стипендия­сын жеңіп алып, шетелдік оқу орнын бітіріп келсе, заманауи маманды қажет еткен компанияларға тез қызметке тұруы­на болар еді.
                              Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)
Бейтарап пікір
Жанұзақ ӘКІМ, Халықаралық адам капиталы институтының директоры, Еуропа жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі:
– «Болашақ» стипендиясын қолы жеткендер ғана алып, нағыз таланттылар сыртта қалып жатыр. Алғашқы жылдары жылына 3000-дай жасқа стипендия бөлінетін. Қазір 1000 адамға дейін қысқартып тастады. Өйткені бөлінген стипендия игерілмейтін болды. Комиссия пара бермегендерді өткізбей тастайды. Сондықтан бізге тәуелсіз қоғамдық комиссия қажет. Дәл қазіргі таңда Қазақстанға 100 түрлі мамандық дайындау керек. Орташа есеппен елімізге 100 түрлі 30-35 мыңдай маман керек. Шетелде қазір «Болашақ» бағдарламасы бойынша 3000-ға жетер-жетпес адам оқып жатыр. 20 мыңдай адам өз қаражатымен білім алуда. Мұндай қарқынмен біз еліміздегі маман тапшылығын жоя алмаймыз. Тым тәуір бастама басталады. Артын сұйылтып, өзіміз бұзып жібереміз. «Еңбек өтілі» деп шетелде білім алғысы келетін жастарды бөле жарғаннан гөрі, дайындалатын мамандарға қатысты осындай мәселелерді шешсек дұрыс болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста