Бюджеттік медициналық мекемелерді жекешелендіру туралы ұсыныс негізді ме?

Бюджеттік медициналық мекемелерді жекешелендіру туралы ұсыныс негізді ме?

Жақында Премьер-министрдің орынбасары Ербол Орынбаев мырза алдағы уақытта мемлекеттік медициналық мекемелерді жекешелендіру мүмкіндігін қарастыру жайлы ұсыныс айтты. Медициналық қызметті, медициналық мекемелерді жекешелендіру, сол арқылы олардың арасында бәсекелестік қалыптастыра отырып дамыту осыған дейін де бірнеше мәрте айтылып, қоғамның екіжақты пікіріне негіз болған еді. Тақырыпты тағы бір мәрте мамандардың талқысына салып, артық-кем тұстарын салмақтап көрген едік. Сонымен...


Шалғынбай ЖАНДОСОВ, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг жөніндегі ғылыми-тәжірибелік орталықтың директоры:
иә
– Иә, бұл мәселе Бірыңғай ұлттық ден­сау­лық сақтау жүйесін енгізу қоры­тын­дылары туралы Республикалық кеңесте айтылды. Премьер-министрдің орын­ба­сары мемлекеттік медициналық меке­ме­лерді қадағалаушы кеңесі бар шаруа­шылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынға ауыстыра отырып, мемлекеттік меди­ци­налық ұйымдарға дербестік беру жайлы айтқан еді. Ол кісінің бұл пікірін мен қол­даймын. Өйткені бұл мемлекеттік меди­циналық мекемелерге дербестік бере отырып, оларды жан-жақты дамытуға мүм­кіндік берер еді.
Мәселен, бүгінде емханаларымыздағы медициналық құрал-жабдықтар өте ескі. Кейбір мемлекеттік емханалардан тіпті қара­пайым медициналық құрылғыларды таба алмайсыз. 
Сырқат мемлекеттік емханаға меди­циналық тексеруден өтуге келгенімен, компьютерлік томография, ультрадыбыс­тық зерттеу қондырғысы, рентген секілді қара­пайым құрылғылардың тексеруінен өте ал­майды. Өйткені оларда ол медици­налық құрал-жабдықтар жоқ. Бюджеттік емхана­дағы дәрігер науқасты қабылда­ғанымен, жеке­меншік медициналық орта­лықтағы медици­налық құрал-жабдықтың тексеруінен өту үшін жолдама береді. Яғни бұл жерде сырқат тегін медициналық көмекті ала алып отырған жоқ. Аяғы ауыр аналар да тұрғылықты жері бойынша кез келген мемлекеттік емханада тегін меди­циналық тексеруден өтіп, тіркеуге тұруға құқылы болса да, сол емханада тиісті жағдайдың болмауынан кейбір анализ­дерін жекеменшік емханаларға апарып тапсыруға немесе жекеменшік медицина­лық орталық­тарға барып ультрадыбыстық зерттеу қон­дыр­ғысына түсуге мәжбүр. Яғни мемлекеттік медициналық мекеме­лерде талапқа сай медициналық қызмет түрлерінің болмауы халықты тиісті тегін медициналық көмек құқығынан айырып отыр. Сондықтан біз мемлекеттік медици­налық мекемелерге дербестік құқығын бере отырып, мемлекеттік медициналық ұйымдарды сенімді басқаруға беру, құны 50 млн теңгеге дейінгі медици­налық құралғыларды лизингіге сатып алу жүйе­сін енгізу, барлық деңгейдегі жетекші­лер­дің менеджментін арттыру, яғни дәрігер­лердің біліктілігін көтеру, медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылауды күшейту арқылы Бірыңғай ұлттық денсау­лық сақтау жүйесі міндеттерін іске асыру­дың медици­налық және экономикалық тиімділі­гін қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүр­гізуі­міз керек. Сонда ғана біз халқымызды сапалы медициналық қызметпен қамтама­сыз етіп отырмыз деп айта аламыз.
Медициналық мекемелерді шаруашы­лық жүргізу құқығындағы кәсіпорынға ауыстыру медициналық қызметтің сапасын үздіксіз арттырып отыруға ықпал етеді. Бүгінгі таңдағы осы саладағы басты мақсат та осы болып отыр. Біз медициналық мекемелерді ғана емес, медициналық қызметкерлерімізді де сапалық тұрғыдан көтеруді ойлауымыз керек. Шынын айту керек, қазір еліміздегі медициналық қыз­мет көрсету сапасы жыл санап артып келе­ді. Кейбір ота түрлерін бұрын шетел­дер­де ғана жасау мүмкін болса, қазір ол оталар өз елімізде де еш қиындықсыз жүзеге асып жатыр. Сондықтан еліміздегі медицина саласы дұрыс бағытта дамып келе жатыр деп айта аламын.


Темірәлі ЖҰМАШ, ҚР ДСМ Туберкулез мәселелері ұлттық орталығының аға ғылыми қызметкері, ассоциирлі профессор:
жоқ
– Менің ойымша, бюджеттік меди­ци­на­лық мекемелерді жекешелендіру дұрыс емес. Дербестік құқығын беру, анау-мынау дегенмен, мұның барлығы – кәдімгі жеке­шелендіру. Ал мемлекеттік медициналық мекемелерді жекешелендіру халықты тегін медициналық көмектен ажыратады. Тіпті мемлекеттік емханадағы дәрігердің қабыл­дауына кіру де ақылыға айналса, халық қалай күн көреді? Қазір бюджеттік емханаларда медициналық қызметтің кейбір түрлері табылмай, жекеменшік меди­циналық мекемелерге жүгінгенімен, әупірімдеп кезек күтіп мемлекеттік ем­ха­надағы дәрігер алдына әзер кірсең де, дә­рігердің қабылдауы тегін, кейбір анал­из­дер­ді де тегін тапсыруға болады. Ал мұның бәрінен айыру халықтың да наразылығын туғызады.
Біз мемлекеттік медициналық мекеме­лерге дербестік бере отырып, оларды жан- жақты дамытуды ғана ойламай, халықтың да қамын ойлауымыз керек. Әлеуметтік жағ­дайы келгендер медициналық қызмет сапа­сы жоғары жекеменшік ақылы медици­налық орта­лықтарға бара берсін, ал жалпы халық­ты бюджеттік медициналық мекеме­лерден айырмауымыз керек. Қазір мем­лекеттік емханаларға барсаң, көбі­несе зейнеткер­лер кезекте тұрады. Демек, болмашы зейнетақы мен жала­қыны талғажау етіп отырғандарға мем­ле­кеттік медициналық мекемелер әлі де болса керек. Егер біз бюджеттік медици­налық мекемелердегі қызмет сапасын жақ­сар­тамыз десек, олар­ға дербестік құқын бер­мей-ақ, заманауи медицина­лық құрал­дармен жабдықтап, білікті мамандарды жинауымызға болады. Бұл жерде жекеше­лендіру міндет емес. Осы орайда айта кетер жайт, медицина сала­сында ең алдымен жекешелендіруге ұшы­ра­ған стоматоло­гия саласы болатын. Бүгін­гі таңда ауыл хал­қының 85-90 пайы­зының тісі түрлі тіс ауру­ла­рына шал­дыққан көрінеді. Бұл – сто­мато­логия сала­сының жекеменшікке айналып, ха­лық­­қа қолжетімсіз болғанының нәтижесі. Ертең мемлекеттік ме­дициналық мекеме­лерді жекеменшікке ай­налдырсақ, жаппай халқы­мыздың денсаулы­ғын ақсатып алуымыз әбден мүмкін. Елімізде әлі де болса жыл өткен сайын жаса­рып, кең таралып бара жат­қан онкология, жүрек қан-тамыр аурулары, қант диабеті секілді аурулар же­тер­лік. Біз бүгінгі күні халыққа медициналық көмекті барынша қолжетімді қылып, кең таралып бара жат­қан осы аурулардың алдын алумен айна­лы­суымыз керек.
Сондықтан мен бюджеттік медици­налық мекемелерді жекешелендіруге түбегейлі қарсымын. Қайта мемлекеттік медициналық мекемелердің мәртебесін арттырып, зама­науи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, жалақы­сын көтеру арқылы білікті медицина қыз­меткерлерін мемлекеттік медициналық орталықтарға тарту жұмыс­тарын жандан­дыруымыз керек.
                                     Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бейтарап пікір
Еділ ДАДАНБАЕВ, медицина ғылымының докторы, профессор, академик:
– Медицина саласында қордаланған мәселелер көбейіп кетті. Тіпті медицина саласында қабылданған реформалар да өз дәрежесінде жұмыс істеп жатқан жоқ. Біз бүгінгі күні бір жүйені тиімді жұмыс істете алмай отырып, екінші бір жүйені іске қосуға асығамыз. Ал мұның соңы медицина саласының құлдырап кері кетуіне, медициналық көмектің қолжетімсіздігіне әкеліп соқтырып отыр. Сондықтан жаңа өзгеріске асыққанша, осыған дейінгі жүйелерді саралап, нақты нәтиже шығарып алуға ұмтылуымыз керек деп ойлаймын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста