Бюджет қаржысына салынатын құрылыстар мен жолдардың міндетті кепілдік мерзімін заңмен бекіту керек пе?

Бюджет қаржысына салынатын құрылыстар мен жолдардың міндетті кепілдік мерзімін заңмен бекіту керек пе?

Еліміздегі жүргізіліп жатқан құрылыстардың сапасына қатысты айтылар сын жетерлік. Тіпті мемлекеттік бағдарлама аясында салынған құрылыстардың да сапасының сын көтермеуі құрылыс саласына қатысты заң қабылдау қажеттігін сездіргендей. Осы орайда еліміздің бірқатар мамандары «бюджет қаржысына салынатын құрылыстар мен жолдарға міндетті кепілдік мерзімін заңмен бекіту керек» деген ұсыныс айтуда. Әйтсе де «қатаң тәртіп пен тиісті бақылау жоқ жерде кез келген заң әлсіз» деп, заң қабылдаудан бұрын осы саладағы қадағалау жұмыстарын күшейту қажеттігін айтатындар да жоқ емес. Тұрақты айдарымызда аталмыш саланың түйткілді тұстарын ортаға салып, екі жақтың пікірін салмақтап көрген едік. 


Әбді ҚИЯЛБАЕВ, техника ғылымының докторы, Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты оқу орталығының бастығы:
иә
– Бұл – өте дұрыс нәрсе. Өз басым бұл ұсынысты қолдаймын. Міндетті түрде бюджет қаржысына салынатын құрылыстар мен жолдардың  кепілдік мерзімін заңмен бекіту керек. Әйтпесе бүгінгі күні құрылыс пен жол салу ісінде кездесіп жатқан келең­сіз­діктерді тыя алмаймыз. Қазір еліміздегі жал­пы жолдарды диагностикалау жұмыс­та­ры жүргізіліп, аяқталып жатыр. Өзім осы істің басы-қасында жүріп көп нәрсеге көз жет­кіздім. Мәселен, ол жолдарды салу ісіне әртүрлі бас мердігерлер мен соларға жалданатын жалдамалы мердігерлер қатысқан. Олардың салған жолдарының әрқайсысына кепілдік мерзім қойылған. Егер жолдарда қандай да бір ақау табылса, бес жыл мерзім ішінде жолдарды салған сол мердігер компаниялар жөндеуге мін­детті. Бірақ олардың бұл міндеті келісім­шарт арқылы көрсетілген.
Алайда мердігерлердің бұл келісім­шарт­тағы міндетінен ауытқып кетіп жата­тын кезі аз емес. Егер құрылыс пен жол­­дардың кепілдік мерзімін заңмен бе­кі­тіп қойсақ, олар ешқайда қаша алмас еді.
Бес жылдық мерзім өткеннен кейін ар­найы құрылған жұмыс комиссиясы жол­ды қабылдап алып, еліміздегі пай­даланымда­ғы жолдардың сапалық деңгейін бақылап оты­ра­тын «Қазавтожол» мемлекеттік қа­зына­лық мекемесіне өткізеді. Аталмыш меке­ме­нің 14 облыста филиалы бар. Олар­дың әр­қай­сысының өз базасы, техни­касы бар. Олар­дағы 5 мыңдай қызметкер жолдың сапа­лық деңгейін бақылап отыра­ды. Негізі, авто­мобиль жолдарының беткі қабығы қат­ты және қатқыл жамыл­ғы­лы жолдар болып екі топқа бөлінеді. Қатқыл жамылғылы жол­­дардың кепілдік мерзімі  бес жыл, ал қатты жамылғылы жолдардың кепілдік мер­зімі 15 жыл. Енді осы кепілдік мерзім­дер­ді заңмен бекітіп қойсақ, тіпті дұрыс бо­лар еді. Бүгінгі таңда  құрылыс пен жол­дар­дың кепілдік мерзімінің келі­сім­шарт ар­­қылы қорғалуы жеткіліксіздеу болып отыр­ғаны рас. Ол – жай ғана тап­сырыс беру­ші мен мердігер арасында жаса­латын құ­рылыс жұмысының сапасына қатысты кепіл­дік мерзім көрсетілетін ке­лісім­шарт. Де­ген­мен келісімшарттың аты – ке­лісім­шарт. Заңның аты – заң. Екеуі – екі бөлек нәрсе. Заңның салмағы ауыр. Заң жүзінде қорғалғаннан кейін бұл сала­дағы ке­­лең­сіз­діктер азаяр еді. Мұндай жа­ғ­дайда бас мердігер де аты бар, заты жоқ кішігірім жалдамалы мердігер компа­ния­ларды жалдай бермей, сапалы жұмыс жүргізе алатын жалдамалы мердігерлерге тап­сырыс береді. Кейбір кездері сапасыз салын­ған құрылыстар мен жолдардың дауы алысқа жетіп жатады. Әсіресе мемле­кет­тік бюджет қаржысына салынған жол­дар мен құрылыс жұмыстары – халықтың мүддесі үшін іске асып жатқан жұмыстар. Егер құры­лыс жұмыстары сапасыз жүргізіл­ген болса, демек, мемлекеттік бюджет қар­жысы желге ұшып жатыр деген сөз.  Сон­дық­тан бюджет қаржысына салынып жат­қан құрылыс пен жолдардың міндетті кепілдік мерзімін заңмен бекіту қажет.
Айта кетер жайт – міндетті кепілдік мер­зім бюджет қаржысына салынған жол­дарға ғана емес, барлық құрылыс жұмыс­тар­ына ортақ болуы керек. Өйткені еліміз­дегі жалпы құрылыс нысандарының сапа­лық деңгейі төмен. Егер құрылыс пен жол­дардың кепіл­дік мерзіміне қатысты заң қабыл­дар болсақ, бас мердігердің жауап­кер­шілігі артып, елі­міз­де жүргізіліп жатқан құ­рылыс нысандары­ның талапқа сай бо­луын қамтамасыз еткен болар едік.


Жұмажан ЖАҢБЫРОВ, Орталық Азия университеті Машина жасау және көлік институтының директоры, техника ғылымының докторы, профессор:
жоқ
– Әрине, заңның болғаны жақсы. Алай­да темірдей тәртіп пен бақылау жоқ жерде заңның да қауқары болмайды. Сондықтан ең алдымен біз құрылыс пен жол саласына қатыс­ты тиісті орындар тарапынан бақылау­дың күшейтілуіне жағдай жасауымыз керек. Мәселен, еліміздегі құрылыс жұмыс­тарында көп жағдайда құрылысты бас мердігердің өзі жүргізбейді. Бас мердігер – қағаз жүзін­де тендерді ұтып алушы ғана. Ал одан ары қ­ұ­рылысты жүргізуге жалда­мал­ы мердігер­лер­ді жинап алады. Ертеңгі күні құрылыс жұмысынан немесе жол салу­дан  ши шықса, бар мәселені жалдамалы мердігердің мой­ны­на іле салады. Ал жалдамалы мердігерлер бүгін бар, ертең жоқ. Сонымен ертеңгі күні қа­былдаған за­ңымызды кімге қолданары­мыз­ды білмей қала­мыз. 
Осы орайда бюджет қаражатына са­лын­ған құрылыстар мен жолдардың сапа­сы­на қатысты мәселе шешілсін десек, ең ал­ды­мен, еліміздің осы саласына тиісті орын­дар тарапынан қадағалауды күшей­туі­міз керек. Құрылыс және жол жасау жұ­мыстарының қайдағы бір жалдамалы мер­дігерлердің қолына түспеуін қада­ғалауға тиістіміз. Тендер ашық жүргізілуі тиіс және ол кім болса соған беріле сал­мауы керек.
Айта кетер жайт – біз құрылыс және жол салу жұмыстары біткен соң қабылдап ала­тын комиссияның, уақыт өте сол жұ­мыстардың сыр бермеуін қадағалап оты­ратын жергілікті басқару органдарына қарас­ты мемлекеттік мекемелердің жа­уап­кер­шілігін күшейтуіміз керек. Бүгінгі таңда бақылаудың, жауапкершіліктің жоқты­ғынан кейбір заңдардың дұрыс жұмыс істемей тұрғанын көріп жүрміз. Сондықтан бақылау мен жауапкершілікті күшейтпесек, неше заң қабылдап, қанша қаулы шығарсақ та, құрылыс және жол саласына еш пайдасы болмайды. Демек, бюджет қаражатына салынатын құрылыс­тар мен жолдардың міндетті кепілдік мерзімін заңмен бекіту арқылы құрылыс сапасын арттырамыз деу – бос сөз. Бюджет қара­жатына салынатын кез келген құрылыс жұмы­сының халықтың ақшасына тұрғызы­лып жатқанын біз басты назарға алуымыз керек. Мұндай құрылыстардың сапасыз болуына, бөлінген қаражаттың талан-таражға түсуіне жол бермеуіміз қажет. Өйткені ертеңгі күні сол сапасыз құрылыс­тан халық зардап шегеді. Дәл қазіргі таңда құрылыстың басы-қасында жүріп, құры­лыс материалдарының орнымен қолда­нылып, құрылыстың немесе жолдың та­лап­қа сай болуын бақылап отырған еш орган жоқ. Осы уақытқа дейін сапасыз құ­ры­лыс үшін жауапқа тартылған бір адам­ды айта аласыз ба? Міне, бүгінде «Мем­ле­кеттік тұр­ғын үй бағдарламасы», «Тұр­ғын үйлерді жаңғырту», «Қолжетімді бас­па­на» мем­лекеттік бағдарламасы ая­сын­да салы­нып жатқан құрылыстар тө­ңіре­гінде даудың көбеюі бақылаудың жоқ­тығынан орын алып отыр. Ертеңгі күні заң қабылданып жатса да, бұл заңсыз­дық­тар бола беруі әбден мүмкін. Сондықтан заң қабылдамас бұрын, жауапты орган­дар­дың жауапкер­шілігін арттыруды ойлас­ты­ру қажет. Бақы­лау мен жауапкершілік бол­ған жағдайда ғана құрылыс саласын­да­ғы сапасыздықтар жойылады.

                                     Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бейтарап пікір
Амалбек ТШАНОВ,
Қазақстанның құрметті құрылысшысы:
– Қазір елімізде құрылыс компаниялары жоқ деп айта аламын. Құрылыс жүргізетіндер – жұмысы біткенше құрыла салатын жалдамалы мердігерлер ғана. Заң қабылдаған күннің өзінде ертеңгі күні мемлекеттік бюджет қаржысына тұрғызылған үй құлап жатса да, жауапты мердігерді таба алмайсың. Өйткені олар – құрылыс жұмысы бітер-бітпестен жоқ болып кететін, бүгін бар, ертең жоқ жалдамалы мердігерлер. Елімізде тиянақты, бұрыннан келе жатқан, тұрғызған үйлері де көздің жауын алатын, салған құрылыстарының сапасы жағынан да ел аузында жүрген құрылыс компаниялары мүлдем жоқ. Сонда біз заңды кім үшін қабылдаймыз? Құрылыс жұмысы біткен бойда орнын сипап қалатын жалдамалы мердігерлер үшін арнайы заң қабылдаудың қажеті бар ма?! Меніңше, тендерді тамыр-таныс арқылы ұтып алатын, тендер ұтқан соң ғана әр жерден құрылысшы, жұмысшы жинайтын жалдамалы мердігерлер үшін заң қабылдаудың қажеті жоқ секілді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста