Балаларды діни секталардан қорғайтын заң керек пе?

Балаларды діни секталардан қорғайтын заң керек пе?

Діни сектаның арбауына шырмалған ата-аналар әдетте балаларын да сол сенімге ерте кіреді. Жат дінге баласын кіргізгенімен қоймай, діни сектаның ұстанымына орай, баласының құқын бұзатын әрекеттерге де барады. Мәселен, иегова куәгерлері сеніміндегі ата-аналар үшін балалары ауыра қалған жағдайда ине салып, ем жасау – жат нәрсе. Балаларының туған күнін де ешқашан тойламайды, белгілі бір мамандыққа маманданатындай оқуға да түсірмейді. Өйткені бұл – иегова куәгерлерінің ұстанымына қарсы іс-әрекет. Ал бұл жағдайларда баланың құқы аяққа тапталып отыр деп айтуға негіз бар секілді. Тіпті шешім қабылдауға дәрменсіз жастағы баланы діни сектаға тарту арқылы миын улау қаншалықты дұрыс?! Осы орайда «Балаларды діни секталардан қорғайтын заң керек пе?» деген сауал көкейде еріксіз туындайды...

Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ, Мәжіліс депутаты
Иә

– Бізге балаларды діни секталардан қор­ғайтын заң керек. Себебі сектаның алдын алмаса, оның арты өте қауіпті. Біз оны бұ­ған дейін де ойластырған болатынбыз. Бір топ депутаттар болып «Дін туралы» Заң­ды қабылдауға ұсыныс жасағанымызда кон­сти­туциялық қайшылықтар бар деп ты­йым салып тастады. Дегенмен бүгінгі күні қо­ғамымызда орын алып жатқан құбы­лыстар аталмыш заңның қажеттілігін көр­сетіп отыр.
Дін — идеологиялық тәлім-тәрбиенің бір бөлшегі. Сондықтан дінмен ойнауға болмайды. Кез келген қоғамның дамуы тәртіп пен тәлім-тәрбиеге байланысты. Егер ол қо­ғам­ның тәлім-тәрбиесі, идеологиясы мық­ты болса, қоғам алға жылжиды, ал қо­ғам­ға қауіп төндіріп отырған нәрселерге дер кезінде тыйым салып, заңға сай тәртіпке салу қоғамды тіпті алға сүйрей түседі.
Осы орайда біз діни секталарға тыйым салатын тәртіп енгізсек, ештеңеден ұтылмас едік. Бүгінгі күні діни сектаның етегінде кетіп жатқандар бірен-саран қаракөздеріміз болуы мүмкін. Бірақ оған бүгіннен бастап тыйым салып, балаларды арашалауға тырыс­сақ, алдын алғанымыз болар еді. Әдетте жаман әдет тез тарайтыны секілді мұның да ертеңгі күні етек жайып кетуі әбден мүмкін. Мәселен, діни секталардың әреке­тінің қайсысы болсын біздің ұлттық ұстаны­мы­мызға қайшы. Ал балаларымыздың ту­май жатып діни сектаға улануы – өте өкінішті жайт.
Осы орайда атап айта кетер жайт, бала­ларды діни сектадан қорғайтын заң қабыл­дау арқылы біз ата-аналардың діни бостан­дығына шектеу қоймаймыз. Керісін­ше, есін білмейтін, өз қалауын жасауға дәрменсіз жаста екеніне қарамастан, ата-анасының баланың құқына қол сұғуына тыйым саламыз. Шын мәнінде, балалары­мыз өз қалауымен діни сектаның етегінде кетіп жатқан жоқ. Оларды ата-анасы жетектеп апарып енгізуде. Тіпті әрі-беріден соң ертеңгі күні ата-анасы қателігін түсініп, есін жиып сектадан шыққанымен, жас­тайы­нан уланған бала сектадан басын араша­лай алмай қалуы да әбден мүмкін. Сондықтан біз осыған заң тұрғысынан араша болуымыз керек. Бүгінгі күні қоғам­да ондай оқиғалар орын алып жатқаны жасырын емес. Ал қоғамда орын алған жат әрекетпен күресуге қоғам­ның дайын болмауы елге сын. Осы орайда балаларды діни сектадан қорғай­тын заңды тез арада қабылдау керек дер едім.

Рамазан СӘРПЕКОВ, Мәжіліс депутаты
Жоқ

– Жоқ, балаларды діни секталардан қорғайтын заң біздің еліміз үшін дәл қазіргі таңда керек емес. Өйткені қоғамда бұл заң­ның соншалықты қажеттілігін байқап отыр­ғаным жоқ. Жалпы, бір елде заң қабылдау, тыйым салатын тәртіп енгізудің өзі – өте үлкен маңызды нәрсе. Заң қоғамдық қа­ты­настар үлкен үрдіс алып бара жатқан кез­де, мемлекет араласпаса болмайтын жағ­дайларда қабылдануы керек.
Діни секталарға қатысты пікірлердің айтылып жүргеніне екі-үш жылдың жүзі бол­ды. Және дабыл қағып, заң қабылдайтындай діни сектаның жетегінде кетіп жатқан қара­көздеріміз де көп емес. Сондықтан заңнан басқа жолдармен-ақ діни сектаның ізіне ерушілерге тосқауыл қоюға болатын се­кілді. Ата Заңда дін мен мемлекеттің ара қаты­настары анық жазылған.
Жақында ҚР Білім және ғылым министрлігі «кәмелетке толмаған балалардың жат қылыққа бармауына шара қолданамыз, ата-аналарына түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз» деп мәлімде­ді. Діни сектаның жетегінде жүрген бірлі-жарым адамдар үшін заң қабылдағаннан гөрі осындай түсіндіру жұмыстарын жүргізу әлде­қай­да тиімді секілді. Осындайда айта кетер жайт, әдетте не нәрсеге тыйым салсаң, сол нәр­се­нің салдары қалыпты жағдайдан асып түсіп жатады. Сондықтан тыйым салғаннан гөрі әр­түр­лі қоғамдық ұйымдар тарапынан, мектеп, жоғары оқу орындары тарапынан түсіндіру жұмыстарын күшейткен жөн. Осы уақытқа дейін нақты тыйым салмасақ та, аталмыш жағ­дай­дың алдын алуға жол бермей келе жатқан ел ретінде алдағы уақытта да осы қарқынмен жұмыстар жүргізе беру керек деп санаймын.
Оның үстіне, төменгі сыныпта оқитын бүлдіршіндердің түсіну қабілеті де төмен болып келеді. Оларға ата-анасы қалай ықпал етеді, солай қарай бейімделіп кете береді. Оларға ата-анасы не айтса – сол заң. Сондық­тан мұндай кезде көп жауапкершілік ата-анадан талап етілуі керек. Әлбетте, кез келген адам­ның қай дінді ұстанам десе де өз еркі. Бірақ әлі шешім қабылдауға қабілетсіз баланы жетектей енуі дұрыс емес. Қоғам бұған түсіндіру жұ­мыс­тары арқылы қарсы тұра білгені жөн. Осы орайда жергілікті атқарушы орындар, мектеп, жоғары оқу орындары тәлім-тәрбие­лік жұмыстар жүргізіп, оларды бақылауға алуы тиіс. Бұл олардың ата-ананың жеке басына, діни бостандығына қол сұққаны емес, баланың тағдырына араласуы деп түсінген жөн. Дәл қазіргі таңда діни сектаның жетегінде кеткен бала әр сыныпта әрі кетсе бір-екеу болуы мүмкін. Ал оған заң қабыл­дамай-ақ, мектеп ұжымының да әлі келеді.

Бейтарап пікір
Расул Жұмалы, саясаттанушы:
– Балаларды ғана емес, жалпы халықты діни секталардан қорғау керек. Қазақстанда адамдардың діни бостандығына кепіл­дік берілген. Сондықтан Ата Заңды бұзып алмайтындай әрекеттерге бара отырып, күрес жүргізуіміз керек. Ең болмағанда ислам, христиан, буддизмнен бөлек, сатанистер, кришнайттер секілді кірме діндерге қатаң тыйым салу қажет. Ұлт бірлігіне іріткі салатын, ұлттық ұстаным­дарға қайшы келетін әрекеттері бар секталарға тыйым сала отырып, дәстүрлі ­дінге деген үгіт-насихат жұмыстарын қатар жүргізу керек. Халықаралық келісімдерге қарайлаудың қажеті жоқ. Мәсе­лен, АҚШ өздерін демократиялық мемлекет ретінде таныстырғанымен, көптеген халықаралық келісімдерге қарамастан, ұлт қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әрекеттерге сергек қарайды. Дегенмен мұсылман елдеріне келер болсақ, тыйым салудан гөрі түсіндіру жұмыстары пайдалырақ. Діни басқарма, жергілікті басқару орындары тарапынан тәлім-тәрбиелік мәні мол дәстүрлі дінімізді насихаттайтын жұмыстар жүргізілуі қажет. Неге ата-аналар өзге діннің жетегінде кетіп қана қоймай, балаларын да сол дінге тартып жатыр? Бұл – біздің діни мекемелер жұмысының әлсіздігінің белгісі. Кеше ғана Алматы қаласында құрықталған қаруланған қылмыстық топтың діни көзқарасы тексерілу үстінде. Кейбір деректерге сүйенсек, қылмыстық топтың басшысы Алматы қаласындағы «Нұр Мүбәрак» университетінің түлегі екен. Осы орайда үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен қатар, еліміздегі діни оқу орындарының немен айналысып, шәкірттеріне қандай білім беріліп жатқанын да тексеру қажет. Осындай кешенді жұмыстар арқылы ғана біз діни секталардың әрекетіне тосқауыл қоя аламыз. Сондықтан діни секталарға қарсы құқық қорғау орындарының, Үкіметтегі діндер жөніндегі комитеттің, орталық діни басқарманың бірлескен кешенді жұмысы керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста