Ауыл әлеуетін көтеретін кешенді бағдарлама жасап алмайынша, «Дипломмен — ауылға» бастамасы жемісін бере ала ма?

Ауыл әлеуетін көтеретін кешенді бағдарлама жасап алмайынша, «Дипломмен — ауылға» бастамасы жемісін бере ала ма?

 

Ауылдың әлеуетін көтеруге мемлекеттік маңыз беріліп, қыруар жұмыстар атқарылып жатқаны белгілі. Кезінде «өркениетті елдердегідей ауылда халықтың он пайызы тұрса жетеді, қаланы солар-ақ асырауы тиіс» дегендер де болған. Келешекте сондай дәрежеге жетуіміз де мүмкін. Бірақ қазақты ауылсыз көзге елестету қиын. Ауыл – ел экономикасының қуат көзі. Ауыл ахуалы дегеніміз – ол, ең алдымен, қазақтың жағдайы.
Сондықтан ауылға қаладағыдай қолайлы тұрмыс жағдайын жасау қажет-ақ. Онда жастар да ауылдан қалаға емес, қаладан ауылға ағылар еді. Рас, бұл бағытта жоспар көп. Әсіресе жастарды ауылға тарту үшін «Дипломмен — ауылға» бастамасы туралы айтпай кетуге болмайды. Алайда игі бастаманың жемісі әлі көзге көрінер емес. Бәлкім, алдымен, ауыл әлеуетін көтеретін кемелді бағдарлама жасап алған дұрыс шығар? Өзімізді мазалаған сауалға жауап іздеп, мамандарға жүгіндік.

sagyndyk-satypaldy-1

Сағындық САТЫБАЛДИН, экономика ғылымының докторы, профессор:

Иә
– Өз басым «Дипломмен — ауылға» жобасының болашағынан үлкен үміт күтемін. Біле білсеңіз, осы жобаның бастамашыларының бірі мен едім. Аңғарғанға бұл бастаманың астарында үлкен мән жатыр. Жастарды ауылға тарту – дағдарыс жайында өте қажет нәрсе. Қазір ауылды жерлерде білікті мамандар «дағдарысы» орын алуда. Міне, бұл үрдіс осы түйткілдің алдын алуға септігін тигізбек. Қазір кез келген саланы алып қарасақ та, жанып тұрған жастардың қадамы оңынан туып жатыр. Демек, біздің жастарымыз ауылды жерлерді де жандандыруға атсалысады. Бұған сену керек.

Әрине, алғашқы кезеңде өзіндік қиындықтар кезігуі мүмкін. Бірақ бұл жерде жергілікті әкімшіліктердің ұйымдастырушылық қабілеті басым болса, іс оңтайлы шешімін таппақ. Ол үшін, әрине, жергілікті әкімшіліктер ауылға барған жас мамандарды қабылдап алу, орналастыру жағын сауатты жүргізуі тиіс. Рас, қайсыбір мамандар «жастарды ауылға тарту үшін ауылдың өндірістік қабілетін арттырып алу қажет» деген пікірлерді де айтып жүр. Бірақ бұл дегеніңіз – «өндіріс ошақтары жоқ ауылдарда тіршілік жоқ» дегенді білдірмесе керек. Кезінде кеңестік кезеңдегі биліктің ауылға деген ықылас-пейілі ерекше еді. Ол кездері ауылға барамын деген жас маманға қосымша үстемақы төленетін, үй-жай берілетін, барлық жағынан қамқорлық жасалатын. Міне, қазір де осы үрдісті жаңғырту керек. Түбі бұл үрдіс өзіндік нәтижесін береді. Мен «ауылға жастарды жасақтау үшін, алдымен, өндірістік қабілетті арттыру керек, ауылдың әлеуметтік маңызын қаламен теңестірген жөн» деген пікірлермен келіспеймін. Себебі ауылдық жерлерде қазір білікті дәрігерлер, ұстаздар легі тапшы. Жалғыз фелдьшер-дәрігер дүйім бір ауылды емдейтін сәттерді де көзімізбен көрдік. Ауылдық жерлерде хирург дәрігер деген атымен жоқ. Демек, ауылға жас мамандар ауадай қажет. Бұл жерде осы ұстанымды өзгертпеген жөн...

gani-kaliev-jok1

Ғани ҚАЛИЕВ,  «Ауыл» партиясының төрағасы:

Жоқ
– Менің бұл ретте айтарым —  «Дипломмен — ауылға» жобасы өзіндік нәтиже беру үшін мынадай ұсыныстарға құлақ асу қажет:
біріншіден, ауылды жерлердің әлеуметтік және мәдени маңызын көтеру керек. Мәселен, қазір кез келген ауылға бірді-екілі жас маманды жібердік делік, ол жастар Мәдениет үйі жоқ, кинозалы жоқ, қыл аяғы би алаңы жоқ ауылда қалай тұрақтайды? Сөз жоқ, жастар берілген көмекті місе тұтып ауылда біраз жүрер. Бірақ олар ондай жерлерде тұрақтап қалады дегенге сену қиын.

Мұны бір деп қоялық;
екіншіден, қазір көптеген ауылдарда өндірістік әлеует жоқ. Техника ескірген. Құрал-жабдықтардың тозығы жеткен. Мал басының 90 пайызы – үй шаруашылығында. Ал енді осыны ескермей, ауылға агроном немесе зоотехник мамандығын меңгерген жас мамандарды жіберсек, олар ауылды жерлерге барып не істей алады? Ауылда мал дәрігері қарайтын мал басы аздық етсе, агроном қарап, баптайтын жер жекенің меншігінде болса, бұл жастар не бітіреді сонда?! Міне, қарапайым тілмен түсіндірсек, ауылдың өндірістік қабілетін түзеу деген – осы. Мұны екі деп қойыңыз;

үшіншіден, қазір ЖОО бітірген ұстаздар мен дәрігерлердің көбісі қалалық жерлерде жекеменшік клиникалар мен жекеменшік мектептерде еңбек еткенді жөн көреді екен. Ресми деректер жас дәрігерлердің 68 пайызы еңбек жолын жекеменшік клиникаларда бастағанды жөн көретінін растайды. Демек, жас мамандардың дені қалалық жердің өзінде жайлы жер, ақшалы қызмет іздейді. Ал өз басым өндірісі жоқ, мәдени ошақтары жоқ ауылдық жерлерге аз-маз қаржыға жастар бара қояды дегенге сенбеймін. Мұны үш деп қойыңыз... Меніңше, ауылдық жерлерге жас мамандарды тарту жолында, алдымен, осы үш бағытты оңтайлы етіп алуымыз керек. Содан соң барып жастарды ауылға аттандыру керек.

Бейтарап пікір
Ғалижан МӘДИЕВ,
экономика ғылымының докторы, профессор:
– Біз либералдық нарықтық экономиканың үддесінен шығып алмай, өзге елдермен ашық экономикалық бәсекелестікке түсе алмаймыз. Біз тек қана мұнай-газ саласына басымдық беріп, ықылас аудара бермей, ауылды кооперацияласақ, ауылға инновациялық технологияны игеруге жағдай жасасақ, мемлекет тарапынан қолдау, реттеу шаралары сауатты деңгейде жүзеге асса ғана өзге елдермен үзеңгі қағыстыра аламыз. Осы аталған түйткілдерді шешіп алмай, бәйгеге түсеміз деу астамшылық дер едім. Десек те, қандай жағдайда болмасын, үмітін маздатып ұстайтын қазақпыз ғой, бәлкім, айымыз оңынан туатын кез де алыс емес шығар...

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста