Астана атауын бренд ретінде пайдалануды тек лицензиялық негізде жүргізу керек пе?

Астана атауын бренд ретінде пайдалануды тек лицензиялық негізде жүргізу керек пе?

Соңғы жылдары бас қаламыз – Астана еліміздің брендіне айнала бастады. Тіпті алыс және жақын шетелдіктер де Қазақстанды Астана арқылы танитын болды. Осыны пайдаланып, еліміздегі кәсіпкерлер де шығарған өніміне, құрған компаниясына, тіпті ашқан сауда нүктелеріне дейін елордамыздың атын бере бастады. Алайда Астана атауының бұлай кеңінен қолданылуына байланысты көпшіліктің пікірі екіге жарылып тұр. Бірі «Астана атауының брендке айналғаны жақсы, көбірек таныла түседі» десе, енді бір тарап «кез келген нәрсеге Астана атауын таңу оның мәртебесін түсіреді» деген пікірде. Тараптардың пікірін «Ой-көкпар» айда­рын­да тоғыстырып, салмақтап көрген едік.


Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ, Мәжіліс депутаты:
иә
– Әлбетте, Астана атауын бренд ретінде пайдалануды тек лицензиялық негізде жүргізу керек. Өйткені бүгінгі күні Астана атауы қазақ үшін қасиетті ұғымға айналды. Астана атауы о баста қазақтың бас қала­сы­на атау ретінде берілгендіктен, енді оның кез келген жерде қолданылмай, мәр­те­бесінің қорғалуын қамтамасыз етуіміз керек. Осы орайда Астана атауын бренд ретінде пайдалануды тек лицензиялық тұр­ғыда, заңдық негізде қолданылуы керек деп санаймын. Егер басқа да жағдай­лар­да атау ретінде берілуі керек болса, онда тек патент алып қана қолданылуы керек.
Біз бүгінгі күні Астана атауын бренд ретінде пайдалануды тек лицензиялық негіз­де жүргізуді қамтамасыз етпесек, күні ертең арақ-шараптың атауы мен әжетхана қаға­зына дейін осы атауды иеленіп шыға келуі әбден мүмкін.
Ал Астананың бар қазақтың бас қала­сы­на айналғанын, бүгінгі күні, тіпті Қазақ­станды шетелдіктердің де Астана арқылы танып отырғанын ескерсек, Астана атауы­ның берілуіне қатаң тәртіп керек екенін түсінуіміз керек. Өзімізді өзіміз көтермесек, өзіміздің қолда бар дүниемізді өзіміз қа­дір­лемесек, қасиетті ұғымдарымызға құрмет­пен қарамасақ, сырттан келіп ешкім олардың қадірін арттырып бермейді. Біз Астананың қадіріне өзіміз жете алмасақ, қалай өркениетті елге айналамыз?! Сон­дық­тан Астана атауының оңды-солды, қалай болса солай қолданылуына тыйым салуымыз керек. Астана деген атау естілгенде тек жүрегімізді мақтаныш кер­неп, ұлттық патриоттық рухымыз ояна­тын­дай дәрежеде болуы керек. Әйтпесе кез келген нәрсенің Астана атала беруі осы сөздің қадірін қашырып, мәртебесін төмен­детеді.
Астана атауы Әнұранымыз, Елтаң­ба­мыз, Көк байрағымыз секілді қасиетті ұғым­дардың санатына енуі керек. Оның аяқасты жатпауы, кез келген сөзге қатысты айтылмауын қадағалауымыз қажет. Мә­се­лен, тауар өндірушілер үшін бәрібір. Олар затының өтімділігі үшін кез келген нәрсеге Астана атауын бренд ретінде таңып, Астана атандырып сатылымға жібере беруі мүм­кін. Халық та Астана деген әдемі атауы үшін сол өнімге ұмтылуы да ғажап емес. Бірақ ұлт үшін тауардың өтімділігінен гөрі елор­да­мыздың атауы қымбат екенін естен шы­ғар­мауымыз керек. Ұлт үшін қымбат дүние­лер ұлттың мүддесі үшін бәрінен жоғары тұруы керек деп санаймын.


Саябек ХАСЕНОВ, халал өніммен шұғылданушы кәсіпкер:
жоқ
– Астана атауының елімізде кеңінен қолданысқа түсіп, брендке айналып, қасиеті ұғымға айналып келе жатқаны рас. Астананың мақтанышымызға айнал­ғанынан да шығар, түрлі өнім­дердің атын иелене бастауы. Менің ойымша, мұнда тұрған ештеңе жоқ. Қайта Астана атауының кеңінен қолданысқа түсуі бас қаламыздың таныла түсуіне мұрындық болады. Мысалы, «астаналық» деген шұжықтың атауынан не жамандық көруге болады? Сондықтан өз басым Астана атауын бренд ретінде пайдалануды тек лицензиялық негізде шектеуді қолда­маймын.
Мәселен, Американың туы кез келген жерде ілінеді. Ол өнімнің қорап­тарында да, футболкаларда, тіпті көлік­тердің сыртында да кездеседі. 
Нәтижесінде, Американың туын кез кел­ген адам таниды. Осы секілді Астананың атауы да кең қолданысқа түсіп, танылып жатса несі жаман?! Тек бұл жерде әр нәр­се­нің шегі бар екенін біз түсінуіміз керек. Мәселен, мен Абай атамыздың аты арақ­тың атауына қолданылып жатса ренжитін едім. Сол секілді Астана атауы да жал­пы­лама кеңінен қолданыла бергенімен, этикалық тұрғыдан шегі болуы керек секілді. Ал жалпылама тағам атауларында, сауда-ойын-сауық орталықтарында, дүкен атауларында, компания, ұшақ, көлік атау­ла­рында кеңінен қолданыла бергенінде еш өрескелдік жоқ деп санаймын. Бізде Астана деген атау қаланың атауымен қатар «Бас қаламыз, астанамыз» деген ұғымды да береді ғой. Осы тұрғыдан келгенде, біз Астана атауын бренд ретінде пайдалануды тек лицензиялық негізге түсіре де алмай­тын секілдіміз. Өйткені кәсіпкерлер, пре­зи­денттер өздерінің өнімін, компаниясын қалай атаймын десе де, өздері біледі ғой. Сондықтан Астана атауы бренд ретінде кеңі­нен қолданыла берсін, қаласа тағам­ның да, киімнің де атауына айналсын. Бі­рақ қасиетті ұғым ретінде белгілі бір дәре­же­де шектеулерге ие болсын дегім келеді.
Бұл жерде, мәселен, дәретхананың атауы немесе жерге төселетін кілемшенің атауы секілді нәрселерге дейін төмендемеуі керек. Өйткені біз елордамыздың, бар қазақ­тың басын қосқан Ақорданың, қазақ­­тың келелі мәселелері талқыланатын Астана атауының аяқасты болмауын қам­та­масыз ете алатындай дәрежеде болсақ екен деген ойым бар.
                                     Абай ОМАРОВ (коллаж)

Бейтарап пікір
Рустам АЛПЫСБАЕВ, шығыстанушы:
– Қазір Президент жанынан «Астана» президенттік кәсіби спорт клубы ашылған. «Астана Арланс», «Астана» велоклубы, «Астана» футбол клубы, «Астана Моторс» секілді компаниялар мен клубтар тағы бар. Егер Астананың атын одан әрі асқақтататын, әрқашан биіктен көрсететін компаниялар мен спорт клубтары Астана атауын бренд ретінде иеленсе, одан шошудың қажеті жоқ. Бұл Астананың даңқын одан әрі көтереді. Сондықтан халықаралық дәрежеде өнер көрсететін спорт клубтары мен халықаралық дәрежеде танымал компаниялар бас қаламыздың атауын бренд ретінде пайдалануын қолдаймын. Қазір алыс және жақын шетелдер Астанамызды тек жақсы жағынан танып жатыр. Әлі де болса тек биік тұғырлардан, жақсы жағынан таныса деп тілеймін. Аты аталып жатқанда мақтанатындай ұлттық брендке тек осындай ірі компаниялар ғана айналдыра алады деп ойлаймын. Ал ел ішінде кез келген дүкен атауы мен өнім атауына Астананы тели берудің қажеті жоқ. Бұл нәрселер Астананың мәртебесіне көлеңке түсіретін секілді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста