Арақ-шарап өндірісіне мемлекеттік монополия енгізу тиімді болар ма еді?

Дамыған елдердің барлығында дерлік арақ-шарап өндіру саласы мемлекеттік бюджеттің табысты бөлігін құрайды. Ал ішімдік өндірісін реттеу – түйткілі көп мәселе. Сайып келгенде, мемлекет те, қоғам да арақ-шарап өндірісі мен тұтыну жағына келгенде немқұрайдылық таныта алмайды. Дәл осы салада салауатты өмір салтын аңсайтын қоғамның, салықтың есебінен бүйірін қампайтқысы келетін бюджеттің, қайтсе де пайда табуды көздейтін кәсіпкердің мүддесі тоғысады.
Әлбетте, қарапайым тұтынушы сапалы әрі арзан өнімді қалайды. Ал арзан арақ маскүнемдікті өршітуі мүмкін. Тым қымбат ішімдік те мәселені шешпейді: көлеңкелі өндірістің ұлғаюына итермелейді. Осы орайда арақ-шарап өндірісі мен оның саудасына мемлекеттің өзі басын қатырсын деген пікір басым. Шынында да, ащы судың өндірісіне мемлекеттік монополия енгізу тиімді ме?

Ерасыл ӘБІЛҚАСЫМОВ, қоғам қайраткері:
Иә
– Иә, арақ-шарап өндірісіне мемлекеттік монополия болғаны дұрыс. Бұл баяғыдан бері қолға алынуы қажет еді. Шыны керек, біз еліктейміз деп арақ ішу жағынан бәрінен де озып кеттік. Ел ішінде маскүнемдік өршіп барады. Сапасыз, арзан арақты ішіп уланып жатқандар қаншама?! Арақ-шараптың түр-түрі кез келген бұрышта емін-еркін сатыла береді. Оның сапасы қандай, ол жағы беймәлім. Ал өнім сапасын тек мемлекет қана көтере алады, тек мемлекет қана бақылай алады. Кішкентай жерде еш лицензиясыз, акциз дегенді қолдан жасап алып, шығара беретіндер көбейе беретіні сөзсіз.
Сондықтан арақ-шарап өндірісін толық мемлекет қолына беру керек. Жекеменшік кәсіпорындардың халықты емес, алдымен өз қалтасын ойлайтыны белгілі.
Олар өз өнімін тар жерде де шығара бе­ре­ді. Ал айналып жүре алмайтын жерде қай­дағы сапа? Арақ-шарап дайындаудың өз технологиясы болады, сол техно­ло­гия­дан ауытқымау жағы бар. Мәселен, коньяк­ты алайықшы, оны бірнеше жыл сақ­тап, бабына жеткізу керек емес пе? Ал жекеменшік оған бас қатыра ма, ол тезірек саудаға шығарып, тез арада табыс тауып қалуға ұмтылады. Шағын кәсіпорында сапалы тауар жасау мүмкін емес. Сол себепті де арақ-шарап өндірісіне мем­ле­кет­тік монополия енгізу керектігін мен қол­даймын.
Мемлекеттік монополия, бірін­ші­ден, ішім­дік өнімдерін таза шы­ғару жағын, екін­шіден, арақ-шарап атау­лы­ның қай жер­де саты­ла­тынын өз бақы­ла­уына ала­ды. Әлгі кәме­лет­ке тол­ма­ғандарға, кішкентай ба­лаларға са­тыл­мауы тиіс деген шек­теу өз же­місін бере алмайды. Ол – критерий емес. Критерий – ха­­лыққа, жастарға бір-екі күн емес, күн­­діз-түні арақ-шарап­тың зиянын тү­сін­діріп, на­си­хат­тау жұ­мыстарын жүргізу. Те­мекі қо­ра­бының сыр­тына жазып қоятындай «Бұл сіз­дің денсаулығыңызға зиян­ды» деген сияқ­ты жүрдім-бардым ес­кертудің еш­қандай пай­дасы бол­майды.
Одан кейін қолға алынатын мә­се­ле – ащы судың жарнамасын до­ға­ру керек. Ақ­парат құралда­рын­да әсі­ресе «ал­ко­голь­сыз» сы­ра­ның жар­намасы қаптап жүр. Ха­лық­тың са­насын сыналап улай­тын осындай жар­намаларды құрту ке­рек. Мы­сал ай­тайын, жуырда те­ле­ди­­дардан көр­­­дім, қазір Ресейде 800 мың емші бар екен, олардың саны дә­рі­гер­лер­­дің са­нынан үш есе асып кеткен. Оған жар­нама се­беп­ші бол­ған кө­рі­неді. Сон­дық­тан Ре­сей Мем­ле­кеттік ду­­ма­­сын­да ем­ші­лер­­­­дің жар­на­ма­сын тоқ­­тату ту­ралы заң қа­­был­да­ды. Бізде ішім­дік жа­р­на­­ма­сы­на ты­йым са­ла­тын заң бар, бірақ оны ай­на­лып өту­дің жо­лын да ішімдік өн­ді­ру­­шілер тауып ал­ған.

Ізбасар БОЗАЕВ, Алматы Сауда палатасының төрағасы:
Жоқ

– Карл Маркстің «Түсетін табыс 300 пайыздан асатын болса, бизнесті дар ағашы да тоқтата алмайды» деген сөзі бар ғой. Арақ-шарап бизнесі есірткі, қару-жарақ саудасынан бірде-бір кем түспейтін, ең көп табыс әкелетін ақшаның қайнар көзі болып табылады. Атам қазақ «алтын көрсе, періште жолдан таяды» деп бекер айтпаған ғой. Ондай кезде заңға бағыну, акциздік тәртіпті сақтау сияқты ойлар артта қалып кетеді.
Сондықтан арақ-шарап өндірісіне мем­лекеттік монополия орнату бар мәселені ше­ше алмайды. Кеңес дәуірінде осы өндіріс­те, өзіңізге белгілі, мемлекеттік монополия үстемдік құрды. Қазір қарап отырсақ, әртүрлі цехтар Үкіметтің зауыттарынан кем жұмыс істемейді. Оның үстіне, бізде жалған арақ-шарап шығарушылармен күресетін мекеме де бар.
Міне, осы жағына көңіл бөлген жөн сияқты. Ең әуелі әлгіндей заң бұ­зу­шылармен күресті күшейткен дұрыс бо­лар еді. Егер заң бұ­зу­шы қолға түссе, оны құтылып кете ал­май­тындай етіп, қа­таң жаза қолдану қа­жет. Сонда ғана біз­де арақ-шарап өндірісінде тәр­тіп те ор­найды, бюджетке де қаржы тү­сіп оты­рады.
Ал осы мәселенің әлеуметтік жа­ғы­на келсек, арақ ішетін адамды бәрібір еш­қан­дай шектеу тоқтата алмайды. Он­дай­лар қайдан болса да іздеп жүріп, тауып алады. Осы арада тағы бір түйткілді ұмытпаған дұрыс. Егер де ішімдік өнімдерін өндіруге мем­лекеттік монополия енгізетін бол­сақ, онда жер-жерде жасырын цехтар қаптайды. Бүгінгі күні заңды жұмыс істеп жатқан жеке кәсіпорындар сап­а­лы арақ шы­ғару үшін сапалы спиртті са­тып алу­ға ұмтылса, ол кезде мем­лекет менші­гін­дегі зауытпен бә­секеге түсу үшін ши­кізат­тың сапасына да кө­ңіл аудар­май­ды, қандай да болсын көз­бояу­шы­лықтан тартынбайтыны сөз­­сіз. Сол се­бепті арақ-шарап сала­сын­дағы тізгінді түгелдей мемлекет қо­лы­на алса да, сан түйткілді шеше ал­май­тынымыз анық.

Түйін
Ащы судың өндірісі орасан табыс әкелетініне қатысты Ресей үкіметінің ішімдік тұтынуды «аспаннан ақша жауғандай» деп бағалайтыны еске түседі. РФ қаржы министрі Михаил Кудрин темекі мен ішімдік акцизінің қымбаттауы туралы: «Бір қорап шылым шектің бе, демек, әлеуметтік мәселелерді шешуге, демографияны қолдауға қол ұшын бердім деп есептей бер. Кімде-кім арақ ішсе, темекі тартса, содан көмектің көбірек болатынын адамдар сезінсе дейміз» деп «жұбатқан» болатын.
Қалай болғанда да, мемлекеттік монополия ең әуелі денсаулық сақтау мен әлеуметтік саясаттың мүддесіне қайшы болмауы тиіс. Сондықтан ішімдік өндірісін мемлекеттің өз қолына алуын қоғамда ащы суды тұтынудан туындайтын зардаптарды жоюға бағытталған қадамы деп қарағанымыз жөн шығар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста