Әр нәрестеге депозит ашу мәселесін мемлекеттік деңгейге көтеретін уақыт жетті ме?

Әр нәрестеге депозит ашу мәселесін мемлекеттік деңгейге көтеретін уақыт жетті ме?

Солтүстік Қазақстан облысында бала туу көрсеткішін арттыруға арналған жаңа бағдарлама жасалуда. Жаңа бағдарламаның жобасы бойынша төрт және одан көп баланы өмірге әкелген отбасының кәмелетке толмаған әрбір сәбиіне банкте депозит ашылып, олардың әрқайсысына 1,5 мың доллардан ақша салынатын болады. Бала кәмелеттік жасқа толған соң, депозиттегі ақшаны өсімімен бірге алып, оқуға түсуіне немесе пәтер алуға, қысқасы, өз қалауынша жұмсауына болады. Жалпы, Сауд Арабиясы, Ресей секілді мемлекеттерде депозит ашу арқылы аналарды бала санын көбейтуге ынталандыру үлгісі — бұрыннан бар жүйе. Бізде Солтүстік облыстан басталған бастаманы одан әрі қолдап, еліміздегі туылған әрбір балаға депозит ашу жүйесін мемлекеттік деңгейге көтере аламыз ба? Тақырыпты мамандардың назарына ұсынған едік...

01328

Берік ӘБДІҒАЛИ, саясаттанушы, Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі:

Иә
– Жалпы, елімізде туылған әрбір балаға арнап депозит ашу жүйесін жаппай енгізетін уақыт жетті. Қазір ең алдымен халқымыздың санын көбейтуді мақсат етіп отырғандықтан, демографияны көтеретін барлық іс-әрекеттерден бас тартпауымыз керек. Қазіргі таңда халқымыздың саны аз. Мұнайдан түсетін табыспен салыстырғанда, біздің жас аналарға көрсетіп отырған көмегіміз де мардымсыз. Сондықтан Ұлттық қор секілді қор құрып, жаңадан туылған балаларға арнап депозит ашылса, нұр үстіне нұр болар еді. Біздің елдің байлығы бұл жобаны іске асыруға толық жетеді.
Және ол депозитті бала кәмелеттік жасқа толған соң алып, грантқа түсе алмай қалған жағдайда, ЖОО-ның ақылы бөлімінде оқуына мүмкіндігі болар еді.

 Сонда мемлекет, ең болмаса, әрбір баланың болашағын қамтамасыз етіп, маман атануына жағдай жасар еді. Осы орайда Солтүстік Қазақстан облысы басшыларының бұл бастамасын қуана құптаймын. Мен де әкім ретінде өз аймағымыздағы аналарға осындай жағдай жасалуын өтініп, ұсыныс білдіріп жатырмын. Алдағы уақытта ұсынысым қолдау таба қалса демеушілер қарастыру да ойда бар. Осылай әр аймақтағы әкімдер бастамаға қызу қолдау білдірсе алдағы уақытта депозит бастамасы мемлекеттік деңгейге көтеріле ме деген ой да бар. Қалай болмасын халық санын көбейтудің осындай іс-шараларын тез арада қолға алған жөн. Мәселен, біздің ауданның 13 миллион гектар жері бар, онда 15-ақ мың халық тұрады. Халық санын көбейтпесек осынау кең-байтақ жерімізге көз алартушылар саны көбейе бермек. Сондай-ақ тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін де халық санының неғұрлым көп болғаны керек. Әйтпесе, біздің экономикамыз дамыған сайын жан-жақтан ағылған гастербайтерлер көбейген үстіне көбейіп кету қаупі бар. Кезінде осындай жолмен Малайзияны қытайлар басып алған болатын. Алайда әупірімдеп Малайзия жұтылып кетуден аман қалды. Бұл жерде аталмыш ел халық санының аз болғаны үшін осындай жағдайға ұшырады. Бүгінгі күні дәл осы қауіп бізге төнуі әбден мүмкін. Сондықтан бұл – бір-екі облысқа ғана емес, бүкіл Қазақстанға керек жоба. Сол үшін елімізде туылған әрбір балаға депозит ашу кезек күттірмес шаруа болмақ.

Бұл жоба іске аса қалған жағдайда әрбір қазақ отбасынан қолдау тауып кетер еді. Өйткені онсыз да халқымыз «балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» деп баланы ерекше жақсы көреді. Ал көп баланы өмірге әкелуге көп жағдайда әлеуметтік жағдай қолбайлау болып жатады. Тек ендігі жерде осы бастама мемлекет тарапынан қолдау тауып кетсе болғаны.

02289

Мақаш Тәтімов, Қазақстанның демография ғылымының негізін салушы, саясаттану ғылымының докторы:

Жоқ
– Елімізде туылған әрбір балаға жеке-жеке депозит ашу мүмкін емес шығар, алайда төртінші баладан бастап мемлекет өз мойнына алса, құба-құп болар еді. Осы орайда өз басым отбасында туылған әрбір балаға емес, төртінші баладан бастап депозит ашуды қолдар едім. Өйткені қазіргі таңда бір-екі бала әр отбасында дүниеге келеді. Ал төртінші, бесінші, алтыншы баланың өмірге келуі — өте сирек жағдай.

Бұл депозиттің басты мақсаты – халықты демографияны көтеруге үндеу. Ендеше бір-екі баланың бәріне депозит аша берер болсақ, халық сол бір-екі баламен-ақ шектеледі. Ал депозитті төртінші баладан бастап тағайындар болсақ, халық сол төртінші баланы өмірге әкелуге ұмтылар еді.

Осындай жолмен депозит тағайындар болсақ, бұл бастаманы мен қолдар едім. Тағы бір айта кетер жайт, қазіргі таңда жеті баласы барларға алтын алқа, алты баласы барларға күміс алқа тағайындалған. Қазіргі таңда бұл алқаны иемденіп жатқандардың басым бөлігі Кеңес Одағы кезінде босанып, балалары аяқтанып кеткендер. Ал бүгінгі күні алты-жеті бала босанып, алтын алқа алып жатқандар сирек. Осы орайда кейінгі кездері төрт-бес баланы өмірге әкелгендердің еңбегі мүлдем елеусіз қалып отыр. Сондықтан төрт-бес бала туғандардың еңбегін елеу мақсатында қола алқаны енгізіп, әлеуметтік жеңілдіктер берсек дұрыс болар еді. Спорттық ойындарда да үшінші орынға қола медаль тағайындалып жатады ғой. Ендеше, төрт-бес баласы барларға неге қола алқа бермеске?! Еліміздегі аналардың туу деңгейі төмендемесін десек, осындай бастама енгізген жөн. Осы бастама мемлекет тарапынан қолдауға ие болса халықтың санын көбейтетін «төртінші бала» болғалы тұр. Бұл әдіс көршіміз Ресейден басқа Батыс Еуропаның көптеген елдерінде бар.

Жалпы, әрбір отбасында өмірге келген бір-екі баланы ата-ананың өздері де бағып-қағып өсіре алады, ал төртінші баладан бастап мемлекет өз мойнына алуы керек. Сондықтан еліміздегі өмірге келген төртінші баладан бастап депозит ашу бастамасы мемлекет тарапынан қолдауға ие болса, аналарымыз да халықтың санын көбейтуге құлшына кірісер еді.

Бейтарап пікір
Оразалы Сәбден,
экономика ғылымының докторы, профессор:
– Көршіміз Ресейде бұл жүйе әлдеқашан қолға алынып қойылған. Екінші баланы өмірге әкелген әрбір ресейлік отбасыға 10 мың доллар беріледі. Және бұл ақша ол баланың кәмелеттік жасқа толғанын күтпестен беріле береді. Бізге де осы жүйе енгізілсе әрбір отбасының әлеуметтік жағдайын көтеруге үлкен көмек болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста