Ақсақалдар кеңесі аталы сөз айтатын беделді институт бола ала ма?

Ақсақалдар кеңесі аталы сөз айтатын беделді институт бола ала ма?

 Апта басында өткен Үкімет жиынында «Ұлт бірлігі» доктринасын жүзеге асыру жоспары таныстырылып, атқарушы орган оның 2010 жылға арналған жоспарын бекітті. Осы жиында доктринаны жүзеге асыру жоспары негізінде елде жаңа институт – ақсақалдар кеңесі құрылатыны белгілі болды. Жаңа институт туралы айтылғанмен, ақсақалдар кеңесінің атқаратын қызметі мен құзыреті нақты тарқатылған жоқ. Ақсақалдар кеңесі Орталық Азияның кейбір мемлекеттерінде бұрыннан бар. Атап айтар болсақ, көршілес Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстан мемлекеттерінде қалыптасқан. Алайда бұл елдердің бірінде қатаң билік пен енді бірінде соңғы бес жыл тұрақсыздық орын алып отырғаннан кейін ақсақалдар кеңесінің тиімділігін көре алмай отырмыз. Доктрина бойынша құрылған ақсақалдар кеңесі көрші елдердегідей аты бар, заты жоқ көп кеңестің біріне айналып кетпей ме? Осы мәселені мамандар талқысына салуды жөн санап, «Ақсақалдар кеңесі аталы сөз айтатын беделді институт бола ала ма?» деген сауалымызды жолдаған едік.

1417

Амангелді МОМЫШЕВ, Парламент Мәжілісінің депутаты:

Иә
– Ақсақалдар кеңесі – біздің ұлтымызға тән институт. Себебі ата-бабаларымыздың дәуірінде де осындай кеңестер құрылып, сол арқылы қазақ қоғамындағы кейбір мәселелерді реттеп отырған. Қазақ хандығы кезеңінде хандар мен батырлар ақсақалдармен ақылдасып, пікірлескенін тарихтан білеміз. Яғни елдің ішкі саясатын жүргізуде ақсақалдар кеңесінің рөлі күшті болған. Қазіргі кезеңде көршілес мемлекеттерде мұндай институттар бар. Бірақ сол елдердің саяси жүйесіне байланысты аталған кеңестің жұмыстары көзге көрінгісіз болып қалды.

Орталық Азия мемлекеттеріне қарағанда, біздің елдің экономикалық, әлеуметтік және саяси ахуалы тұрақты. Егер ақсақалдар алқасы құрылатын болса, билік елдің ішкі мәселелерінде кеңесіп отыратын және құлақ асатын беделді институт бола алады деп ойлаймын. Себебі биліктің өзі ақсақалдар кеңесінің құрылуына мүдделі болып отыр. Бұл туралы Үкіметтің өткен отырысында жан-жақты айтылды. Егер билік ақсақалдармен санасқысы келмесе, арнайы кеңес құру туралы бастама көтермейтін де еді ғой. Аталған институттың күшті болуы алғаш құрылғаннан бастап мемлекет тарапынан көрсетілетін қамқорлыққа байланысты болмақ. Жағдай жасалып жатса, міндетті түрде іргелі кеңеске айналады. «Ақсақалдар кеңесі құрылғаннан кейін нақты қандай мәселелермен айналысады?» деген пікірлер де айтылып жатыр. Үкімет отырысында мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед ақсақалдардың қандай істермен айналысуы керек дегеннің шет жағасын жеткізді. Менің ойымша, ақсақалдарымыз, негізінен, елдің ішкі мәселелерімен айналысуы қажет. Бүгінгі таңға дейін жеткен жетістіктеріміздің барлығы да ішкі бірлігіміздің арқасында келіп отырғанын бүгінгінің жасы да, жасамысы да жақсы біледі. Жиырма жылда еңсерген биігімізден құлдилап кетпес үшін бұдан әрі де ұлтаралық татулық, діни қарым-қатынастар, жастарға тәлім-тәрбие беруді басты назарда ұстауымыз керек. Яғни жаңадан құрылатын ақсақалдар кеңесі осы мәселелерді күн тәртібіне шығарып жұмыс істеуді мақсат етеді. Қазір бізде Қазақстан халықтары Ассамблеясы жұмыс істеп жатыр. Міне, сол органға мүше өзге ұлт өкілдерін де осы ақсақалдар кеңесіне тартуымыз керек. Себебі олар да өздерінің балаларына ортақ Отанымыздың Тәуелсіздігін сақтаудың маңыздылығы туралы айтып отырады. Меніңше, бұл институттың іргесі мығым болуы үшін оның құрамына қоғам алдында беделі, өзіндік ұстанымдары бар ел ағалары енуі керек деп ойлаймын.

1512

Амангелді АЙТАЛЫ, философия ғылымының докторы, профессор:

Жоқ
– Құрылайын деп отырған ақсақалдар кеңесі шын мәнінде аталы сөз айтатын беделді институт болады дегенге күмәнім бар. Егер бұл кеңес құрылып, құрамына бұрынғы көзқарастағы коммунистік партияның шекпенінен шыққандар енгізілетін болса, онда бұл кеңестен қандай аталы сөз күтуге болады? Ассамблея мүшелерінің ақсақалдар кеңесіне мүше болып, институттың беделін арттырады дегенге де сену қиын. Себебі Тәуелсіздік алған уақыттан бері олардан қоғамға қажетті, елге керек ерекше ұсыныс айтқанын естіген емеспін.

Ақсақалдардың ішінде де халықтың алдында беделі бар, билікке де кез келген мәселені ашық айта алатын Салық Зиманов сияқты ақсақалдар бар. Бірақ мұндай азаматтар оған мүше бола ма? Көрші мемлекеттерде ақсақалдар кеңесі бар. Олардың тиімділігіне тоқталып көрейікші. Кезінде Асқар Ақаевтың тұсында Қырғызстанда ақсақалдар кеңесі құрылды. Олар әу бастан А. Ақаевтың әрбір сөзіне қол соғып, қолпаштап, оның саясатын жарнамалап кетті. Кейіннен бұл елде төңкеріс болып, Асқар Ақаевтың өзі бас сауғалап кеткенде, сол ақсақалдар не істерін білмей, дағдарып қалды. Ал қазір бұл елдің қарттарында бедел жоқ, жастары ақсақалдарына сенбейді. Қазір Қырғызстанда болып жатқан оқиғаларға басу айтып, жастарды ақылға шақыратын ешкім жоқ. Ақсақалдарының сиқы жаңағы айтқанымдай. Ал Өзбекстан мен Түрікменстанның саяси билігінің қаншалықты күшті екенін білеміз. Осы аталған мемлекеттерде құрылған ақсақалдар кеңесіне мүше қарттары қазір Ислам Каримов пен Түрікменбашының саясатына көзжұма қарап, қолпаштаудан басқа ештеңе тындырып отырған жоқ. Олардың жағдайы ертең билік ауысса не болады? Ол жағы әлі белгісіз. Міне, сондықтан біздің елде құрылмақшы болып отырған ақсақалдар кеңесінің жұмысы тек қана билікке бата берумен шектелмеуі керек. Егер көршілес мемлекеттердегі сияқты ақсақалдар кеңесі қолдан құрылса, онда ол еш уақытта іргелі институтқа айнала алмайды. Ал әзірге бұл кеңестің нақты қандай істермен айналысатыны да белгісіз. Сондықтан нақты функциясы көрсетілмеген кеңесті беделді орталыққа айнала ма, айналмай ма деген сауалға жауап іздеу әлі ертерек. Егер белгілі бір деңгейде еркіндік берілмесе, мұндай кеңесті құрып та керек емес.

Бейтарап пікір
Амалбек ТШАН,
қоғам қайраткері:
– Егер ақсақалдар кеңесінің құрамы еш қаймықпастан қоғамдық проблемаларды айта алатын ақсақалдардан тұрса, онда институт болып қалыптасуы мүмкін. Бірақ қазір халықтан гөрі жеке басының қамын ойлап, бала-шағасының жағдайын араластырып жіберетін ағаларымыз көп. Осындай ақсақалдарымыз кеңестің құрамына еніп жатса, онда бұл аталы сөз айта алатын институт бола алмайды. Бұл кеңестің мемлекеттік арнайы орган емес екенін, өздігінен шешім қабылдай алмайтынын ескерсек, бұл қатардағы ұйым болып қалады. Ұсақ-түйек мәселелерді шеше алуы мүмкін, бірақ мемлекеттік деңгейдегі істерге араласа алмайды.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста