Ана құрсағындағы баланың мүгедектігін алдын ала анықтап, жасанды түсік жасау керек пе?

Ана құрсағындағы баланың мүгедектігін алдын ала анықтап, жасанды түсік жасау керек пе?

Соңғы кездері мүгедек болып туылатын сәбилердің саны артып бара жатқаны жиі айтылады. Бүгінде оларды генетикалық диагностика көмегімен алдын ала жатырдан бастап анықтау да жолға қойылған. Осы орайда құрсақтағы сәбидің мүгедектігі алдын ала белгілі болса, ананың оны өмірге әкелуі немесе әкелмеуіне заң жүзінде тыйым салынбаған. Рас, мүгедек сәби түгілі, дені сау сәбиге де жасанды түсік жасатуға тыйым жоқ. Осы орайда ана құрсағындағы сәбидің мүгедектігі алдын ала анықталса, жасанды түсік жасау керек пе?

saltanat-baikoshkarova-1

Салтанат БАЙҚОШҚАРОВА, дәрігер-эмбриолог, «Экомед» медициналық орталығының жетекшісі:

Иә
– Адамгершілік тұрғысынан жат нәрсе десек те, мүгедек баланың өмірге келмегені дұрыс. Бүгінгі таңда құрсақтағы сәбидің алдын ала денсаулық жағдайын анықтауға мүмкіндік бар. Яғни ата-ана құрсақтағы сәбиі мүгедек болса, алдын ала анықтап, бас тарта алады. Біздің тәжірибемізде де эмбриондарды алдын ала зерттей отырып, жиі кездесетін ауытқулардың бар-жоғын анықтауға мүмкіншілік бар.

Әйелдер кеңесханасында тіркелген әрбір әйел қанын зерттеп, ультрадыбыстық тексеруден өткізіп, хромосомдық анализдерден соң шынымен баланың мүгедек екені анықталып, ертеңгі күні кемтар бала туылатыны белгілі болса, генетик баланы өмірге әкелу немесе одан бас тарту жөнінде жан-жақты түсіндіреді. Нәтижесінде ана өз шешімін қабылдайды. Кейбіреулер дәрігерлердің уәжіне сенбей босанып, кейін өкініп те жатады.

 Өйткені қанша айтқанмен, ата-ана үшін туған баласының кемтарлығын көру қасірет. Мүгедек баланың ата-анаға да қуанышынан қайғысы көп. Қоғам үшін де бұл оңай нәрсе емес. Қазіргі таңда көптеген ата-ана осы оймен жасанды түсік жасатып жататынын айта кеткен жөн. Күнделікті өмірде құрсақтағы баласының мүгедектігін біле тұра босанғандардың ішінде өкініп жататындарды көп байқаймын. Сондықтан ата-ана мұқият ойлана отырып, мүгедек баланы өмірге әкелмеу туралы шешімді алдын ала қабылдағандары дұрыс. Кейде босанарын босанып алып, кейін одан бас тартып мүгедектер үйіне өткізіп жататындар да бар. Мұндай жағдайда  босанып барып бас тартқаннан гөрі, босанбай тұрып бас тартқандары, қасіретін көргеннен гөрі, көрмей тұрып қош айтысқандары дұрыс. Өмірге келмей тұрып жасанды түсік жасатқан жөн деп кесіп айтуға, әрине, аузың бармайды, бірақ ата-ана үшін де кемтар баланың қайғысын көру оңай емес. Кемтар бала мүгедектер үйіне тапсырылғанмен де экономикалық тұрғыдан ол баланы күтіп-баптау мемлекет үшін де аз шаруа емес. Сондықтан баланың кемтар болып туатыны алдын ала дәлелденіп тұрса, өмірге әкелмеген жөн.

bolathan-mahatuly-jok

Болатхан МАХАТҰЛЫ, Адам және жануарлар физиологиясы институтының директоры, профессор:

Жоқ
– Имандылық тұрғысынан қарар болсақ, бұл мүлдем дұрыс емес. Алла сыйлаған өмірді орта жолдан біреудің үзуін ақтап алуға болмайды. Тумай жатып балаға мүгедек деген диагнозды тағып, оны өмірге келтірмей жатып жанын қию табиғат алдында да, Алла алдында да, тіпті адамгершілік тұрғысынан да дұрыс емес. Өмірге келмей жатып осындай жағдайға ұшыраған баланың ешқандай кінәсі жоқ. Бұл жерде басты кінә денсаулықтарын дұрыс күте алмаған ата-ана мен экологиялық бұзылыстарға тап болған табиғатта және тағы басқа осы секілді құрсақтағы балаға кері әсер ететін нәрселерде болып тұр.

Дүние есігін әлі ашып үлгермеген балаға қиянат жасамастан бұрын, ең алдымен, балаға кері әсер ететін әлеуметтік бұзылыстардың алдын алу керек. Баланы мүгедектікке ұшырататын факторларды болдырмауға күш салу қажет.

 Мәселен, екіқабат ана ішімдік ішсе, ол анадан бұрын қан арқылы құрсақтағы баланы кемтарлыққа ұшыратады. Ересек адамның бойында спиртті ыдырататын ферменттер бар. Ал мұндай ферменттері әлі қалыптасып үлгермеген, енді ғана дамып келе жатқан балаға спирттің қаупі зор болмақ. Сондықтан баланы мүгедек болып қалған соң дүниеге келтірмеуден бұрын, оларды мүгедектікке ұшырататын себеп-салдарларымен күрескен жөн. Көпшілік арасына осыны кеңінен түсіндіру қажет.
Адам денсаулығына кері әсер ететін техногенді факторлар да аз емес. Мәселен, зауыттар мен 500 мыңға жуық көліктің өзі Алматының ауасын бүлдіріп жатыр. Таудың ортасына орналасқан қала ауасын тазалап, үрлеп алып кететін жел де жоқ. Сондықтан ең болмаса ағаштарды көптеп отырғызып, ауаны тазалау үшін барымызды салуымыз керек еді. Алайда қазір біз бұрыннан бар тал-теректердің өзін отап, қала халқын одан сайын тұншықтырып жатырмыз. Іштегі баланың мүгедектігін анықтап, аборт жасатудан бұрын ауаны тазалап, ата-аналардың денсаулығын күту шараларын кеңінен ұйымдастырудың мәні зор. Осы орайда мемлекет тал-терек егіп, зауыттардан бөлінетін зиянды нәрселердің зардабын азайтуға күш салса, ата-ана да дүниеге аман-сау ұрпақ әкелуге тырысып, денсаулығына көңіл бөлсе, бәрі реттелер еді. Ал мәселеден қашып, күнәсіз, өмір есігін ашпаған сәбиге қиянат жасау адамдыққа жатпайды. Сондықтан ана құрсағындағы баланың мүгедектігі алдын ала анықталса да, оған аборт жасауға түбегейлі қарсымын.

Бейтарап пікір

Бақыт ТҮМЕНОВА, «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті:
– Ең алдымен, ана құрсағындағы баланың тағдырын ата-анасы шешуі керек. Мүгедектің де әртүрлісі болады. Кейде баланың ақыл-есі дұрыс дамығанымен, екі қолы болмайды. Мұндай жағдайда ата-анасы оның өмірге келгенін қалауы да мүмкін. Осы орайда ата-анасына құрсақтағы баланың жағдайын толық түсіндіру керек. Мүгедек баланың ертеңі қалай болады, оған ата-анасы қалай дайын болуы керек, не істеуі керек, ең алдымен, осы мәселелердің бәріне ата-анасы дайын болғаны жөн. Кейбір балалардың миы дұрыс дамымайды. Микроцефалия диагнозындағы мұндай балалар ешқашан жазылмайды. Осы орайда құрсақтағы баланың толық жағдайын дәрігер жан-жақты түсіндіруі керек. Содан кейінгі соңғы шешімді ата-анасы қабылдап, соған сай шешім болуы тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста