«Алименттік қарыздарды борышкерлердің зейнетақы қорынан өндіріп алу керек» деген ұсыныс орынды ма?

«Алименттік қарыздарды борышкерлердің зейнетақы қорынан өндіріп алу керек» деген ұсыныс орынды ма?

Жақында Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Әділет министрлігі алименттерді төлемей жүргендерден қарыздарын зейнетақылық жинағынан ұстап қалуды ұсынды. ҚР Бас прокуратурасына қарасты төртінші департаменттің бастығы Әсет Шындалиев мырзаның айтуынша, аталған мәселенің өзектілігін ескере отырып, алимент бойынша борышкерлердің қарыздарын зейнетақылық жинағынан ұстап қалуға заңмен салынған тыйымды алып тастау мүмкіндігін қарастыру қажет. Әйтпесе, бүгінгі таңда алименттер бойынша қарыз мөлшері 3,5 млрд теңгені құрайды. Ал Бас прокуратураның мәліметтеріне сенсек, 2012 жылы ҚР Қылмыстық кодексінің 136-бабы бойынша тек 128 адам сотталған, ал алимент төлемей жүргендердің саны 80 мыңнан асып жығылады. Сол себепті аталған түзетулерді Бас прокуратура мен Әділет министрлігі дайындаған сот және мемле­кеттік органдардың шешімдерінің орындалу жүйесін жетілдіру тұжырымдамасы аясында ұсы­нылған еді. Алайда қоғамдық пікір екіге бөлінді. Бірі бұл ұсыныс орынды десе, бірі құқықбұзушылық деген баға беруде.


Арықбай АҒЫБАЕВ, заң ғылымының докторы, профессор:
иә
– Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Әділет ми­нистр­лігінің ұсынып отырған «али­мент­тік қарыздарды борышкерлер­дің зейнетақы қорынан өндіріп алу керек» деген ұсыныстарын толық­тай құптаймын. Бәлкім, бұл идеяны дұрыс түсінбей жатқандар да болар. Иә, келісемін ай сайын ең­бек етіп, зейнетақы төлемдерін ау­дарып жүрген азаматтардың бола­шақ­та алатын зейнетақысына қол сұға алмаймыз, еліміздегі заң та­лапт­ары да бұған жол бермейді. Бірақ бұл жердегі мәселе отбасы­мен ажырасып, баласын аналарына қалдырған ер-азаматтарды келе­шек­те ақшасыз қалдыру мақсатын көз­деп отырған жоқ.
Біз алимент төлеушінің де, алимент алушының да, баланың да құқығын жерге таптай алмаймыз. Қандай жағдай болмасын, әйелдердің, аналардың мүддесін төмендетуге болмайды. Ресми деректерге сүйенсек, елімізде ондаған мың алимент төлеуден бас тартып, жалтарып жүрген борышкер бар екен. Олардың көпшілігі жалдамалы жұмыс істейді. Айлық табысын жасырады. Сотқа барғанда да «қазір жұмысым жоқ, жұмысқа орналасып, ақша тапсам алиментті төлеймін» деп құтылып кете барады. Сонда жалғыз қалған ана мен бейкүнә бүлдіршіндер әкелерінің қашан жұмыс тауып, ақша беретінін күтіп жүрулері керек пе? Міне, осының салдарынан кейде жалғыз қалған жас аналар перзентін  балалар үйіне тапсырып, әлеуметтік жетімдер санын арттырып отыр. Ата-анасы тірі бола тұрып баланы жетім атандыруымыз қалай? Борышкер жұмыс тауып, алимент төлеймін деп жүргенде  бала 18-ден асып кетуі де мүмкін ғой. Одан да сол 18 жыл көлемінде зейнетақы қорындағы бар ақшасымен балаларына алимент төлеп, кейін сол қарызын қорға қайтарсын. Себебі кез келген азамат алименттен қашып құтыла алмауы тиіс. Сондықтан Қазақстан Республикасының «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына тиімді және жүйелі өзгерту мен толықтыру енгізу керек деп есептеймін. Сонда ғана ешбір қазақстандықтың құқы­ғы бұзылмайды.


Марианна ГУРИНА, «Ұлағатты жанұя» қоғамдық қорының президенті, Республикалық ата-аналар қоғамдық кеңесінің мүшесі:
жоқ
– Жоқ, Бас прокуратура мен Әділет министрлігінің бұл ұсы­ны­сы тіпті орынсыз, миға қонымсыз дү­ние ғой. Егер соңғы кезде ай­ты­лып жүрген ұсыныс қабылдан­са, борышкер ай сайын 4 мың тең­ге көлемінде алимент төлеуі ке­рек болады. Зейнетақы қоры­нан мұндай соманы өндіріп алу тиім­сіз және ешкімге де пайда әкелмейді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ана мен баланы ерекше қорғауға алуымыз керек деп тапсырып отырғанда бұл тиын-тебенмен қай жыртығы­мыз­ды жамамақпыз? Балаларын тірідей жетім ғып тастап кеткен әкелерге бұл жақсы болайын деп тұр. 
Онсыз да Қазақстанда ажырасқандар мен әлеуметтік жетімдер көбейіп барады. Бұл мәселеге біржақты көзқараспен қарай алмаймыз. Егер азаматтарымыз алимент төлеуден осылайша оңай құтыларын білер болса, бұл проблема одан әрі ушығып кетуі мүмкін. Қоғамдық ұйымдар бірлесіп Үкі­метке бірнеше рет Мемлекеттік али­мент­тік қор құруды ұсынып келеміз. Бірақ әзірге еш нәтиже берер емес. Біздің ел әдетте батыстық жүйе, шетелдік тәжірибе дегенге келгенде шапшаңдық танытып жатады. Бірақ оның басым бөлігі – біздің елдің әле­у­етіне, менталитетіне келмейтін реформа­лар. Неге екені белгісіз, ұтымды, жүйелі, ха­­­лық­­қа пай­­далы идеялар іске аспай қала­ды. Мы­салы, мемлекеттік али­менттік қор әле­м­­нің бар­лық елінде бар. Әсіресе дамыған ел­дер­де жақсы жұмыс істеп, оң нәтижелерін көр­­се­тіп келе жатқан оңтайлы тәжірибе. Ба­ла­сын өмірге әкелген ана мен кәмелет жа­сы­на да толмаған балғындар неліктен әке­лерін іздеп шарқ ұруы керек? Олар алимент тө­леу­ден қа­шып жүрген ер-азаматтарды іздеуге мін­­дет­ті емес. Елімізде бұл міндет­тер­ге жа­уап­ты прокуратура мен сот орындаушылары бар. Сонда олар қайда қарап отыр? Осы міндеттерді орындағаны үшін мемлекеттен жалақы алып отыр емес пе? Бұл жерде атал­ған қор «қандай жүйемен жұмыс істей­ді?» деген сұрақ туындайды. Егер мем­лекеттік алименттік қор құрылса, мем­лекет сол қорға қаржы аударып, алимент төлеуден қашып жүрген азаматты қолға түсіруді құзырлы органдарға тапсырып, қатаң бақылауға алуды табыстайды. Әйтпесе қаншама жалғызбасты әйелді көр­дік, тоздырмаған табалдырығы, қақпа­ған есігі қалмаған ана мен баланың қор­ғау­шы адвокаттарды жал­дау­ға ақшалары жоқ. Ерлерін қудалаудан шаршаған әйелдер еріксіз алименттен бас тартып, балаларын асырау үшін екі-үш жерде еден жуады, базарда сауда жасайды. Сонда әділ­дік қайда? Ана мен баланың құқығын қор­ғау­ға тиісті органдар неліктен осы жауап­кер­шіліктерді өз мойындарына алғылары келмейді? Адам­нан айла қалған ба, ешбір жерде жұ­мыс істемейді деген анық­таманы да жа­з­ды­рып алу қазір қиын емес. Егер, шыны­­мен-ақ, жетімдерді азай­тып, толық­қанды отбасы­лар­дың санын арт­тыру­ды көздесек, ең алды­мен, мемлекет ана­ларға қолдау көр­сетуі тиіс. 4 мың теңгені кім­нің ауызы­нан тап­пақ­пыз? Одан да бо­рыш­кер­леріміз қолға түс­кен­ше, мемлекеттің қорға бөлген қаржы­сы­на әкесіз қалған бүл­дір­шін­деріміз күнде­рін көрсін. Ал құзырлы орган­­дарымыз ол ада­мды анықтағаннан кейін толықтай тек­серіп, қордан оның бала­ла­рына беріл­ген ақ­шаны қарыз ретінде мой­ны­на ілсе, бел­гілі бір уақыт ішінде ол қар­жы мем­ле­кетке қайта қайтарылар еді. Мемлекет ке­йін жетімдер үйінің тәрбиелену­шісіне ай сайын 1006 АҚШ долларын төле­генше, ай сайын алимент төлегені әлдеқайда тиім­ді емес пе?!   

Бейтарап пікір
Қарлығаш БИМҰРЗАЕВА, Алматы қаласы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің әлеуметтік көмек және қолдау бөлімінің бастығы:
– Борышкер зейнетақы қорына ай сайын ақша аударған жұмысы бар азамат және қорда бір тиыны жоқ жұмыссыз азамат болуы да мүмкін. Сондықтан қорда қаржысы бар ер-азаматтардың төлеуі тиіс алиментін қордан алу керек деген пікірмен келісемін. Бірақ қылмыстық жауапкершілікке тартып, темір торға тоғыту – тым қатал жаза, жеке басым мұндай жазаға қарсымын. Өмірде әртүрлі жағдай болады. Одан да жұмыссыз азаматтардың мүлкін тәркілеп немесе алиментті борышкердің ата-анасына, туысына міндеттесек дұрыс болар еді деп есептеймін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста