«16 жастан заңды некеге тұруға рұқсат беру керек» деген пікірмен келісесіз бе?

«16 жастан заңды некеге тұруға рұқсат беру керек» деген пікірмен келісесіз бе?

Осы аптада жастар арасындағы жыныстық тәрбие мәселесі Мәжіліс қабырғасында қызу пікірталас тудыруда. Мәжіліс депутаты Надежда Петухова ханым «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау туралы» кодекске жыныстық және репродукциялық денсаулықты қорғау бойынша «ақпараттарға қолжетімділік нормасын енгізудің реті келіп тұр» деп санайды. Петухованың пайымдауынша, жасөспірімдерге ата-аналардың келісімінсіз-ақ репродукциялық денсаулық бойынша ақпарат алуға жүгінудің жасын 18-ден 16 жасқа дейін төмендету керек. Өркениетті елдерде бұл жас мөлшері біздің елден анағұрлым төмен екендігін алға тартқан ол: «Батыстан үлгі алсақ, бізде некесіз бала тууға қатысты келеңсіз деректер тізбектелмейді», – дегенді алға тартты. Надежда Петухованың осылай деуі мұң екен, өз кезегінде жыныстық тәрбиеге қатысты ақпараттық қолжетімділікті 16 жасқа дейін көтеруге қарсылық танытқан депутат Жұматай Әлиев «мұндай ақпарат алуды 16 жасқа төмендету үшін, бәлкім, заңды некеге де 16, тіпті 14 жастан тұруға рұқсат беру керек шығар» деген ойдың шетін шығарды. Осы тұста біз мұндай әрекет керек пе, жоқ па деген сауалмен мамандарға жүгіндік.


Дәурен АРЫН, заңгер:
иә
– Статистикалық деректерге жү­гін­­сек, соңғы жылдары кәмелет жас­­қа толмағандар арасында неке қию­ға өтініш білдіргендердің саны ар­­тып отыр.  Негізінен, Қазақстан Рес­­­пу­бликасының «Неке және от­ба­сы туралы» Заңына сәйкес, 18 жас­тан бас­тап некеге тұруға рұқсат етіл­ген. Ал қажет болған жағдайда бұл екі жас­қа дейін төмендетілуі мүмкін. Егер қыз бала 16 жасында жүкті бо­лып қал­са, өмірге келген бала ана­сының те­гіне жазылмауы үшін 16 жас­тан заң­ды некеге тұруға рұқсат берілуі тиіс. Та­ғы да сол  мәліметтерге сүйенсек, елі­мізде жылына 22 па­йыз­дан  астам ба­лалар некесіз туы­лады екен.  Сол 22 па­йыздың 12 па­йызы 16 жасқа дейінгі жас­өс­пі­рім­дердің жіберген қа­те­лік­те­рі­нен де болып жатады.
Демек, мұның өзі болашақта кеңінен белең алып, қоғамды дендеп кетпеу үшін «мұнымен келісу керек» деп ойлаймын. Мұндай шараны қолдаудың өзі белгілі бір жағдайда тұл жетімдердің көрсеткішінің өспеуіне, тастанды балалар санының артпауына септігін тигізеді. Мысалы, дамушы елдерде жыл сайын 10-12 млн бойжеткен кәмелеттік жасқа толмай отбасын құратын көрінеді. Тіпті Иордания, Араб Әмірліктері, Тунис, Йемен сияқты елдерде қыздарға 15 жастан бастап тұрмыс құруға рұқсат берілген. Мәжіліс депутаттары өзге елдердегі осындай жайттарды ескергендіктен, бұл мәселені қаузап отырған болар. Біздің елімізде де арнайы АХАЖ бөліміне бармай-ақ, Аллаһтың үйінде некесін қидырып, емін-еркін отбасын құрып жүрген жастардың бары жасырын емес. Мұндай жастарымыз отбасылық өмірдің қызығына батамыз деп, шыжығына түсіп жататын кездері көбірек. Бұған дәлел ретінде үйленген­деріне көп уақыт өтпей ажырасып жатқан­дарды айтуға болады. Осы тұрғыдан алғанда жастардың бойындағы жауап­кершілікті арттыру үшін де заңды некеге 16 жастан тұруға рұқсат беру қажет. Сондай-ақ жас қыздарымыздың шетел азаматтары­мен некеге тұруға асығуы да бізді бей-жай қалдырмауы тиіс. 16 жастағы өрімдей қазақ қыздарының шетелдік азаматтармен отау құруы қуантарлық әрекет емес. Жыл сайын қиылатын 100 мың некенің кем дегенде 20 мыңнан астамы аралас неке. Ал жастар арасындағы мешіттерде қиы­латын некенің өсіп кеткені де мұны заңдастыру қажеттігін айқындайды. Сондықтан келешекте демографиялық сая­­­сатымызды дамытуды ойласақ, бұған рұқсат беру керек. Аралас некеден туатын «дүбәра» балалар және некесіз туған тастанды балалар көбеймесін десек, бізге мұндай әрекетке көшу керек. Осы жағынан алып қарағанда мұны қолдаған жөн.


Оңғар қажы ӨМІРБЕК, «Иман» журналының бас редакторы:
жоқ
– Шариғат тілімен алғанда, балиғат жасы 13 жас екенін мен жақсы бі­ле­мін, бірақ нақ қазіргідей өрке­ниет­ті заманда мұндай ұсынысқа қарсымын.  Қазір қо­ғам­да көзі ашық, тәрбиелі, иманды, кө­регенді жастарды тәр­бие­леу үшін бізге  16 жастан бастап некені заң­дас­ты­­рудың қажеті жоқ. «Некені ерте заң­дас­­тырсақ, тастанды бала­лар­дың да қа­­расын азайтамыз» деген бос сөз. Бұл нағыз «суға кеткен тал қар­май­дының» әре­кеті. Жалпы, жастарды саналы аза­мат етіп қалыптастырғымыз келсе, біз мек­теп жасындағы балалар­дың сана­сы­на имандылық нұрын сі­ңі­ре біл­ге­ні­міз аб­зал. Күні кеше Мәжіліс депу­тат­та­рының біразы 3-сыныптың оқу­­шы­ларына валеология пәнін те­реңдетіп оқытуды, сол кішкене кезінен бас­тап баланың жыныстық сауатын ашу­ға талпынудың жөн екенін алға тарт­ты.
Бұл өзі не сандырақ?! Мектеп жасын­дағы бесіктен белі шықпай жатқан бала­лардың басын біз неге қатыра береміз осы?! Біздің балаларымыз түрлі реформа­лардан әбден шаршады. Енді сол басқасы-басқа, оқылмаған «Валеология» пәні қалды ма? Біз осындай ұсақ-түйек адам­ның күл­кісі келетін жайттарды сөз еткенше, неге мектеп жасындағы бала­ларды дін негіз­дерін оқыта отырып, имандылыққа тәр­бие­леуге ұмтыл­май­мыз?! Иманы мықты ұлттың ғана ұрпағы ибалы болады. Егер біз иманды, ибалы ұрпақ тәрбие­легіміз келсе, балалары­мыздың санасына ислами тәрбиені сіңір­геніміз абзал. Мұсылмандық парызын білетін, иманды бойына сіңірген ұрпақ қана жүгенсіздікке бармайды. Тәрбие тәлімді болса ғана тексіз бала өмірге келмейді. Осыны мықтап ұғынатын кезең жетті. Бізге батысқа еліктеудің еш қажет­тілігі жоқ. «Батыс 16 жастан заңды некеге тұрып жа­тыр екен» деп, біз де өре түрегелуіміз керек пе? Тал бесіктегі тәрбие мен мектеп қабырға­сындағы және отба­сындағы тәрбие иман­ды­лықпен ұштасса, ешқан­дай да бала жерге қаратпайды. Сондықтан елімізде жасөспірімдер жүгенсіз кетіп, мәртебемізді төменшіктетіп жатса, мәселе тек қана некені ерте заң­дастыру арқылы шешілмейді. Ұлттық мүд­демізді ойласақ, бұған қарсы болуымыз керек. Өз басым мұны қолда­маймын. Қажеті жоқ деп есептеймін. Ең бірінші кезекте қазақтың имандылық пайымы өсуі керек. Сонда қоғам ішінен ірімейді. Ал жоғарыда 16 жастан некені заңдастыру туралы ұсыныстар ешқандай мәселені шеше алмайды. Бұл әшейін «атың шық­паса, жер өрте» деген әрекет қой.
                                      Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бейтарап пікір
Ерболат МҰСАБЕКОВ, демограф ғалым:
– Әрине 16 жастағы қыз бала «өмірге бала әкелемін» деп тұрса, ол баланың әкесі жауапкершілікті сезініп тұрса, олардың некесін заңдастыруға рұқсат берілуі керек. Некесіз балалардың саны мен тастанды сәбилердің көрсеткіші артып кетпеуі үшін мұндай әрекеттер қажет. Бірақ сол 16 жастағы жас азаматтардың 70-80 пайызы бірден 16-ға тола салысымен отбасын құрып кетуге құлшынып тұрған жоқ. Сондықтан заңға мұндай түзетулер енгізгенімізбен, «ол заңның қолданыс аясы соншалық кең болады» дей алмаймын. Біз үшін қазірде бұдан гөрі, кәрі қыздар мен сүр бойдақтардың мәселесін қарастыру тиімді. Солардың есебінен демографиялық көрсеткішімізді біраз өсіріп алатын едік. Қазір жастардың басым бөлігі оқу-білімге аса қызығушылық білдіріп жатыр. Сондықтан бірді-екілі деректерді бадырайтып көрсету арқылы барлық жасөспірімдерді, жастарды қаралаудың қажеті жоқ. Ендеше, бұл біз өре түрегеліп, қоғам болып назар аударатын мәселе болмауы тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста