«100 аурухана, 100 мектеп» сияқты «100 мәдениет үйі» бағдарламасын қабылдау қажет пе?

Адамзатты алға сүйрейтін тек материалдық құндылықтар ғана емес, рухани жағынан да жетілу аса маңызды рөлге ие. Себебі адам қажеттілігі тек ақшадан тұрмайды. Руханият, мәдениеттің қоғамдағы маңыздылығы, міне, осы тұста айқындалады. Тәуелсіздік алғалы екі онжылдық тарихты бастан өткерген біздің елдің шүкір деуі керек, экономикалық, әлеуметтік ахуалы біршама жақсы. Алайда мәдени жағынан толыстық деп толығымен айта аламыз ба? Алматы, Астана сынды республикалық маңызы бар қалаларды былай қойып, ауылдардың жағдайына үңілейікші. Әлі күнге мәдениет ошағы жоқ ауылдар, тіпті білдей облыс орталығы, аты дырдай қалалар да бар. Ал мәдени ошақсыз, қандай концерт, қандай қойылым, қандай өнерпаз дами қойсын? Ендеше, мәселені шешу үшін, бәлкім, бізге  «100 мәдениет үйі» сынды бағдарлама қабылдау керек шығар?

Дулат ИСАБЕКОВ, жазушы
Иә

– Мұндай бағдарлама қазір өте қажет. Ауыл-ауылдар қа­ңы­рап қалды ғой, әйтпесе. Мі­не, қазір ауылда жүрмін. Мұнда жас­­тар қайда барарын білмей, сен­­деліп кеткенін көріп, жүре­гім ауырды. Бір мезгіл бас қоса­тын жерлері де жоқ. Баяғыда клуб болса да бар болатын. Қа­зір ол ғимараттардың барлығы же­­кеменшікке өтіп кеткен не қи­рап, жарамсыз күйге түскен. Со­дан кейін барар жері жоқ жас­­тар не істесін, жиналып кар­­та ойнайды, арақ ішеді. Ауыл­­да мәдениет деген атымен жоқ бүгінде: тас қараңғылық, бас қосатын жер­лері тек қана той-томалақ. Со­ларды мә­де­ниет­­ке сүйреу үшін ал­дымен бас­­тарын қосатын мә­дениет үйі болса.
Онда бір-бірімен танысатындай, пі­кір алмасып сөйлесетіндей, түрлі кеш­тер ұй­ымдастыратындай, бір мезгіл жігіт­терге бильярд ойнайтындай жері болса. Кітапханасы болса ішінде. Қазір мек­теп оқушыларының ішінде әнге, би­ге, сахнаға құмарлары өте көп. Солар өз қабілеттерін көрсете алатын, өз қабі­леттерін жетілдіре түсетін бір алаң, бір нүкте керек. Баяғыда соның бәрі бар еді ғой, соның бәрін бір заманда енді қайтып керек еместей сыпырып тастадық қой. Енді соны біртіндеп, бағдарлы түр­де, жоспарлы түрде қалпына келтірмесек болмайды. Мұны осындай арнайы бағдарлама аясында салиқалы түрде, жариялы түрде мемлекеттік тұрғы­дан қолға алып, жүзеге асыруымыз шарт.
«Дипломмен – ауылға!» деген бағ­дар­лама құрғанымыз болмаса, қазір ауылға баратын ештеңе де жоқ. Той мен төбелес қана. Қала өмірін көрген жас ауылдың әлгіндей қаңыраған кейпін көруге жылдар түгіл, ай да шыдамайды. Сондықтан біз шынайы өмірмен санаспай, әр қада­мымызды салмақтамай, бостан-босқа ұран көтеруге болмайды. Ауылдың өзінің жастарын көтереміз десек, олардың бойындағы қарым-қабілетін шыңдайтын орындарды көбейтуіміз керек. Қазір мен Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс ауданына қарасты Қара аспан деген ауылда жүрмін. Мұндағы жастар 100 шақырым қашықтықтағы Шымкентке қатынайды. Жастардың бәрінің бірдей көлігі жоқ қой, болғанның өзінде бірде бұзылады, тіпті бірде апатқа да ұшырап жатады. Мінеки, сондықтан сіздер көтеріп отырған «100 мәдениет үйі» деген бағдарламаны қолдаймын. Тіпті өзекті мәселені қозғап отырсыздар. Мұны жоғары жақтағы басшылар назардан тыс қалдырмай, қолға алса, керемет болар еді. Бұрын комсомол ұйымы неге көптің ықыласына ие болды, себебі олар ауыл жастарын белсенді­лендіріп, оларды жұмылдырып, өмірге құштарландырды. Осы қызмет жоқ қой қазір, неге соны бүгінде жергілікті әкім­шіліктегі Ішкі саясат бөлімі қолға алмайды? Шындап келгенде, солардың тікелей жұмысы бұл. Сеңдей соғылысып босқа жүрген жастарды көріп, жаным ашып кетті. Оларға қашанғы үйде отыр дей бересің. Мәдениет үйін салып берейік те. Тез арада осыны ел болып қолға алу керек.

Мақсат Жақауов, саясаттанушы
Жоқ

– Біз осы ұрандатып, ста­тис­тикаға ғана жұмыс істеу дегенді қой­май, ешқашан оңалмаймыз. Қандай стратегиялық бағдар­ла­ма жасамайық, мүмкін о баста оның идеясы дұрыс бо­латып шы­ғар, бірақ жүзеге асуы қар­ныңды аштырады. Неге? Се­бебі сан­ға жұмыс істейміз, бұл бі­­рін­ші деңіз, екіншіден, бө­лін­ген қар­жыны тиісті жұмысқа емес, та­лан-таражға айналды­ра­мыз, одан қалса, «бәлен уа­қытта бі­тіреміз» деп айтып ала­мыз да, сол уақытта бітпей қал­са, өтірік тұсаукесер жасап, бас­шы­ны да, елді де алдайтын жағ­дайлар аз ұшырасып жатқан жоқ. Бұған бір мысал айта кетейін. Мен өзім қазір ауылда тұрып, қалаға қатынап жұмыс іс­теп жатырмын.
Алматы облысына қарасты осы ауыл­да таяуда бұрын мәдениет үйі ме, клуб па, әйтеуір ескі ғимараттардың бірін кос­ме­тикалық жөндеуден өткізді де, ба­ла­бақ­шаға айналдырды. Оның іші­нің тар, бөл­мелерінің аз, балалардың сый­май­тын­дығын былай қойғанда, ол жерде маман деген мүлдем жоқ. Осы «Дипломмен – ауыл­ға!» деп келген бірде-бір жасты ең құ­ры­ғанда осы балабақшаға алғанын көр­генім жоқ. Қолында ешқандай дипломы жоқ біреулер әлгі жерде балаға қарап отыр. Таныс-тамырлықпен алынған. Негізі, жем­қорлық қой бізді қай жағымыздан бол­са да дамытпай отырған. Тек басшылар ғана емес, жалпы халықтың санасы қазір өз­ге­ріске ұшырап, жаңа қызмет орнына, сәл ақшасы бар орынға отырды ма, «қолда бар­да қоныштан басып қалайын» деуге көш­кен. Халыққа пайдам тисін, сапалы жұ­мыс істейін деген адам кемде-кем, оның өзін әлгіндей жаппай тобыр өзіне тартып ала­ды не ысырып тастайды. Мұнымен ме­нің айтпағым не, «100 мәдениет үйі» бағ­дарламасы қолға алынған күнде де дәл осы сана-сезімнің құрбаны болып кетпей ме деген қорқыныш. Басшылықтан дұрыс ой, жақсы идеямен бөлінгенімен, сол қар­жыны алушылар, тиісінше жұмсамай, ақы­ры талан-таражға салып жібермесіне кім кепіл?
Одан да, меніңше, осы мәдениетті шы­нында қолға аламыз десек, жергілікті жерлерде, әсіресе, ауылдардағы мек­теп­тің түр­лі үйірмелерін жандандырып, солар­ды мықтау керек сияқты. Мықты кәсі­би мамандарды сонда арнайы жібе­ріп, жала­қысын жақсартып, ән, би т.б үйір­мелерін қосымша аштыртып, кәдімгі пән­дерді балаларға жақсылап үйретуге, сабақтан тыс уақытта мәдени шараларға қатыс­тырып, жұмылдыруын қадағалау шарт.
«100 мәдениет үйі» бағдарламасын құптамай отыруымның тағы бір себебі ауылға қазір әнші, әртістер айына, жылына бір бас сұқпаса, қалған уақытта бармайды да. Ал солар бес-алты айда бір келеді екен деп, соларға жағдай жасау кімге пайда? Одан басқа мәдениет үйі, клуб дегеннің ауыл тұрғындары үшін керегі де жоқ. Одан қалса, партия жиналысы, сайлауалды науқанында жинауға ғана керек. Сон­дықтан бұған күш-қайрат пен қаржыны босқа шашқанша, одан да басқа жолын қарастыруымыз керек. Тиімді де тиісті шараларын.

Түйін
Қазақ айтады: «Ары тартсаң – арба сынады, бері тарсаң – өгіз өледі», – деп. Қайсысы қатардан қалса да, толыққанды жұмыс жоқ. Сол айтылғандай, мәдениет үйлерін бүтіндемей тағы болмайды, ал құр қалқайған ғимарат салдырып, оның дұрыс жұмыс істеуіне жағдай жасалмай тағы болмайды. Былайша айтқанда, «мешіт салып, имамсыз қалдырғандай» жартыкеш дүние тағы жыртыққа жамау болмасы анық. Алайда бізге осы тұста екі жауап иесінің де алға тартар дәйектерін сарапқа салып, қайткен күнде де мәдени ахуалды алға сүйрейтіндей қадам жасау керек!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста