Әйелді бастан...
Бір үлкен әжеге ауыл жастары:
- Апа, сізге таңданамыз! Осыншама жыл бойы атамызбен тату-тәтті өмір сүріп, бақытты отбасын құрадыңыз. Осының құпиясы неде екен? – деп сұрайды.
- Шырақтарым, сендерге құпияның мән-мағынасын қысқаша түсіндіруге тырысайын. Атаңызға жас болып күйеуге шығып, тұрмыс құрғанмын. Ол кездері автобус, жеңіл көлік деген атымен жоқ, сонда келіндерді жаңа мекендеріне атқа мінгізіп шығарып салатын еді. Мен бір атқа, аталарың да бір атқа мініп ауыл жаққа бет бұрдық. Аталарың алдында, мен оның артында келе жатырмыз. Бір кезде атым сүрініп қалды. Бұл жолы атаң артқа бұрылып, атыма «БІР» деді. Тағы біраз жүрген кезде атым қайта сүрінді. Бұл жолы да атқа қарап «ЕКІ» деді. Біраз жүрген соң бейшара атымның тағы да сүрінгенін қарашы, аталарың «ҮШ» деді де, мылтығын алып атымды атып тастады. Атым сол жерде өлді де қалды. Болып-біткенге сене алмай, ашуланып: «Еш жазығы жоқ сап-сау атты неге атып тастадыңыз?!» деп ренжіп, дауыс көтердім. Аталарың үндемей тыңдап алып маған қарай бұрылды да «БІР» деді. Сол күннен бері аталарыңа «ЕКІ-ні» айтқызбай келемін. Бақытты обасының құпиясы сол ғана, - деп әңгімесін аяқтапты.
P’S Өзімді көргендеймін Тойымыз жақындап қалғанда, байқаусызда отағасына “БІР” дегізіп қойып едік, енді осы апам сияқты, қалайда “ЕКІ-ні” айтқызбауға тырысу керек))
Фейсбуктегі парақшасынан