Ойбай, көтек, не дейт, қатында да туған күн бола ма екен?

БАС ПЕН МОЙЫННЫҢ ТЕҢДІГІ


Құдай берген он шақты баланың кезектісін үйлендіріп, кеңшар орталығына орналастырған Байғанин ауданының бір қазағы тойдан кейін бәйбішесін алып қойлы ауылға оралыпты. Екі аптадан соң үнді шайы мен кездеме алып жеткен автолавка шопыры отанасына балаларының сәлемін жеткізеді. «Апам тезірек жетсін, алдағы сенбіде келінінің туған күні болады» — депті жаңа үйленген ұл. Сонда әлгі анамыз сасқанынан:
— Ойбай, көтек, не дейт, қатында да туған күн бола ма екен?, — деген екен.
Мен осы әңгімені келіншегіме жиі айтамын. Көңілді отырған кезінде, әрине. Әйтпесе, гендерлік теңдік туралы әңгіме күшейіп тұрған кезде бұлай сөйлеу жүдә қауіпті...
Гендерлік саясат — бүгінгі БАҚ-тағы ең «модный» тақырыптың бірі болып тұр. Пікір екіге жарылып, еркектер мен әйелдер «қырылысуға» айналды. Заң жобасын тартпасына салған бұрынғы Парламент тарап кетті. «Бұдан гөрі екі әйел алу туралы заң жобасын талқылаған дұрыс еді...» деген Аманкелді Айталы әйәйлардың «қарғысына» ұшырады ма, депутаттықтан тыс қалды. Жаңа Парламент бұл мәселені бір жағына шығаруға тиіс. Ал оған дейін жарыссөз жалғаса береді...
Еркектер қауымының бұл заң жобасына үдірейе қарауына не себеп? «Соңғы қазақ» Герольд Бельгердің айтуынша, осы заң күшіне мініп тұрған Германияда неміс неміске үйленуден қалып барады екен.Өйткені неміс еркегіне ә десе мә дейтін қандасы ұнамайтын көрінеді. Одан да айтқанына көнетін орыс, латыш, ішінара қазақпен бас қосқанды тәуір көреді екен. Ал неміс қызы қайтеді? Америкалықтарға, эфиопиопиялықтарға, түріктерге шығады. Қорқыныштысы, көбі күйеуге тиюді артық санайды екен. Әйелдер бала туғысы келмейтіндіктен елде табиғи өсім тоқтаған. «Дәл осы жағдай қазақтың да басына келе ме деп қорқамын» дейді Герағаң.
Мұндай пікір айтқан бір Герағаң емес. Сарапшылардың барлығы да гендерлік теңдік орнаған елде бала туу азаятынына қол қойып отыр. Құдай сақтасын, бұл жері кең, халқы таздың шашындай аз Қазақстан үшін өте қауіпті. Шығысында кемерінен асып төгілгелі Қытай тұр. Түстіктегі өзбектің хотунлары да «итке көлеңке бермей» туып жатыр. «Әй, экономикамыз төмен ғой, тоқтай тұрайық» деп жатқан жоқ. Бірте-бірте жері тарылып келе жатқан ала шапандылар кең байтақ қазақ жеріне қызыға қарайды. Осындай кезде біздің келіншектер гендерлік теңдікті «көзір» ғып, бір баладан соң «хватить» десе, «Айттым сәлем, Қаламқас», бара бер...
Бұл мәселенің бір ғана жағы.Ертең біздің балаларымыз да көнбіс әйел іздеп іздеп, жаппай өзге ұлттың қыздарына үйленбесіне кім кепіл? Ол «келіндер» қазақ болуға ұмтылса жақсы. «Жуастан жуан шықса» тағы да қазақ сорлайды ғой. Пәленбай миллион бойдақ жігіті бар Қытай да Қазақстанға қарап емініп отыр. Ойлаудың өзі қорқынышты...
Жұмыс барысымен облыстық гендерлік саясат жөніндегі комиссияның мәжілісіне бір-екі рет қатысқанымыз бар. Ер-азамат сыйлап өскен қыз-келіншектер артық әңгімеге барған емес. Бірақ бұлар біздің замандастарымыз ғой. Ертең басқа ұрпақ, заңды үтір, нүктесіне дейін орындайтын заман келеді. Сонда...
Әңгімеңнің үш нүктемен аяқтала бергені жақсы емес. Аталған заң жобасын қабылдарда бір депутат қалжыңға сүйеп былай деді: «мына заң жобасы бойынша, әйелім түнгі сағат 12-де келсе, мен оның осы уақытқа дейін қайда жүргенін сұрауым әбестік саналады екен. Шай қой деп айту былай тұрсын...» Мүмкіндік барда қалжыңдап қалғанға не жетсін...
Гендерлік теңдік туралы заң бізге керек пе? Әрине, керек. Әйелді құрметтеген, оның құқығын қорғаған ел ұтылмайды. «Жұмақ — анаңның аяғының астында» —дейді пайғамбар. «Әйелді сыйлағаның — анаңды сыйлағаның» — дейді қазақ. Ендеше, оларды қолдайтын заңнан біз неге қашамыз? Бірақ ол заң — ұлттық салт-дәстүр ескеріле отырып, жасалуы керек. Сонда «бас жарып, көз шығаратын» сорақылықтар болмайды. Еркек отбасына, әйел ошағына ие болады. Парламент ұлтты осы мұратқа жеткізетіндей заң қабылдауы тиіс. «Құда да, құдағай да тыныш» болғанға не жетсін!
Р.S. «Еркек — бас, әйел — мойын» деген мәтел бар. Мойын қалай бұрылса, бас та солай бұрылады...
Медицинада «мойын остеохондрозы» деген термин бар. Мойын остеохондрозына шалдыққан кісінің басы қатты ауырады. Тіпті, құлап қалуы мүмкін. Сондықтан, мойынға үнемі массаж жасап тұрған дұрыс. Дәрігерлер солай дейді...

"Ақтөбе" газеті.2008 жыл


Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ.

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста