Қасымдағы құрбы-сіңілім бүгін бір күлдірді! "Күйеуім бұрын жай телефон ұстап жүретін еді. Жақында "крутой" телефон сатып алып, ватсабқа қосылдық. Содан телефонындағы "Макс","Сикош", "Баха", "Бека" деген нөмірлерге қарасам... бәрі қыздар екен!) Небір "Макстар" мен "Бахалар" шашын жайып, иығын ашып түскен суреттерімен шыға келгенде, мені қойшы, өзі талып қала жаздады! Сөйтіп күйеу балаңыздың арты бір ашылды!" дейді))))
Фейсбуктегі парақшасынан